Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02301 Филология в QYZPU

Пәндер

  • Академиялық хат

    Пәнде ғылыми мәтіннің құрылу принциптері мен тәсілдері, әр түрлі жанрдағы (ғылыми, ғылыми-оқу және т.б.) ғылыми мәтіндерді құру ережелері, ғылыми мәтіндерді жариялау үшін құру және редакциялау, белгілі бір ғылыми қызмет саласындағы академиялық дәстүрдің ерекшеліктері қарастырылады. Докторанттардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде жеткізе білу, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық мәтіндеді құру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Методы научных исследований

    В ходе изучения дисциплины, докторант, используя опыт и знания, накопленные до этого периода в зависимости от его области исследования, сможет разработать и составить план исследования, который он считает приемлемым, а такжевозможностьвыбора темы диссертационной работы, как подойти к выбору отечественных и зарубежных научных руководителей. Кроме этого, будет дана достаточная информация о видах исследований, содержащихся в дизайне исследовательской работы. Таким образом, докторанту будет дана возможность систематизировать написание исследовательской работы и познакомиться с другими методами научных исследований. Будут совершенствоваться знания о применении количественных, качественных, смешанных методов исследования, способах сбора данных, исследовательской этике, информации, необходимой для процесса исследования, таких, как анализ данных.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді коммерцияландыру

    Ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастырудың принциптері мен нысандары, оның нәтижелері, технология және технологиялар трансфері ұғымдарының мазмұны. Педагогикалық технологиялардың коммерциялық әлеуетін, оның пайдалылығы мен әлеуетті құнын бағалаудың негізгі әдістерінің мазмұны. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру кезеңдері, ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру модельдері. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру процесінде зияткерлік меншік объектілерін және оларды пайдалану құқықтарын қорғау. Ғылыми зерттеулер мен педагогикалықәзірлемелер нәтижелерін коммерцияландырудың бизнес-жоспарын құрудың теориялық және әдіснамалық аспектілері. Технологиялар трансфері. Мемлекеттік құрылымдармен, компаниялармен, ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл ғылымындағы антропоөзектік парадигма

    Пәннің мақсаты докторанттардың тіл жүйесі мен тілдің антропоөзектік идеясы аясында дербес ізденуі мен зерттеу жүргізуін қамтамасыз ету. Ғылыми парадигмалар тұрғысынан қазіргі тіл білімі. Полипарадигмалық зерттеулер. Антропоөзектік парадигманың мәні. Қазіргі тіл біліміндегі антропоөзекті парадигма және осы ғылыми пәннің категориялық аппаратын құрайтын ұғымдар. Антропоөзектік парадигманың төрт бағыты.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдебиеттанудың жаңа тенденциялары мен бағыттары

    Әдебиеттану ғылымының бүгінгі келелі мәселелерін жан-жақты талдау, түсіндірумен қатар, оларды соңғы жылдары жарық көрген монографиялармен, зерттеу мақалалармен таныстыру, мәнді, маңызды еңбектерді конспектілеу, бүгінгі әдебиеттану бағытын аңғартатын пікірлермен, негізгі идея, басты ағымдарды түсіндіру, өзара салыстыру, алда тұрған өзекті мәселелерді айқындау, зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін іздестіру болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеулердегі сандық-сапалық анализдер

    Бұл пән бойынша білім алушы сандық және сапалдық зерттеу әдістерінің түрлерін толыққанды меңгеріп шығады. Деректерді жинау әдістері; деректерді жинау этикасы; терең сұқбат, жартылай ресми сұқбат, сараптамалық сұқбат, фокус-топтық пікірталастар, бақылау, эксперимент; ғылыми зерттеулердегі сандық және сапалық зерттеу әдістерінің қолданылуы мен айырмашылығы; сапалық зерттеулердегі кейс-стади; сандықзерттеу әдістері; Jamovi, SPSS қосымшасымен жұмыс жасау; Т-тест, корреляция, дескриптивтік талдау, регрессия, Linear регрессия, факторлы анализ, АНОВА, парето анализі т.б. тақырыптар қамтылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелері

    Пән мақсаты докторанттардың әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық ұстанымдары мен ғылыми негіздері аясында зерттеу жүргізуін қамтамасыз ететін құзыреттіліктер қалыптастыру. Әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылыми критерийлері. Географиялық, тарихи, тарихи-салыстырмалы, аналитикалық тәсілдер. Әдебиет тарихын дәуірлеудің гетерогенді, тарихи-азаматтық, хронологиялық ұстанымдары. Жанрлық принциптер. Дәуірлерді бағыттар мен ағымдар тұрғысынан жіктеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Әртүрлі ғылым шеңберінде алған білімдерін кіріктіріп, зерттеушілік, эмоционалды және әлеуметтік интеллектісін, кәсіпкерлік дағдыларын дамытады;
  • Тұлғааралық коммуникация, лингвистикалық және әдеби мәтінді талдауға байланысты білім негіздерін тәжірибеде қолданады.
  • Жаһандану мен интеграция жағдайында отандық ғылым дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын, ғылыми танымның әдіснамасын, әлемдік және қазақстандық ғылым жетістіктерін сараптайды.
  • Академиялық мәтінді дайындау, жазу және редакциялаудың негізгі қағидаларын, ережелерін, нормаларын біледі..
  • Өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында іргелі отандық және шетелдік ғылым жетістіктеріне талдау жасап, қолданады.
  • Филология ғылымындағы концепция, теория мен бағыттарға, құбылыстар мен үдерістерге сыни тұрғыдан талдау жасай алады.
  • Ғылым дамуының негізгі принциптерін, тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттарын біледі
  • Ғылыми жұмыс жүргізу әдістері мен құралдарын біледі, зерттеу жұмыстарын дайындауда және оның нәтижелерін өңдеуде қолданады.
Top