Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01503 Информатика в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

  • Білімді бағалау мен бақылаудың заманауи әдістері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқыту барасында білім беру жүйесінде бақылау сапасындағы педагогикалық тестілеудің ролі мен педагогикалық тестілеудің классификациясымен таныстырады, білімді бақылау мәселелеріне шолу жасайды. Сонымен бірге тест жасау, тестілеудің моделі мен тест тапсырмаларының құрамы мен сипаттамасын оқып үйренеді. Тест тапсырмаларын құрастыру мәселелері мен тест тапсырмаларының түрлерін, типтерін және тест тапсырмаларын талдайды үйренеді. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар көмегімен тест бағдарламаларын құрастырудың мүмкіндіктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Курстың мазмұны басқару психологиясының тәсілдері мен бағыттарын, басқарудың психологиялық заңдылықтарын, басқару мәселелерін жоспарлау мен шешу ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Білім алушылар конфликттік жағдайларды шешудің психологиялық әдістерімен танысады, жұмысты ынталандыру тәсілдерін, басқарудың тиімді стильдерін қолдану әдістерін меңгереді. Басқару процесінің тиімділігінің төмендеуінің негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Электронды білім беру ресурстары мен интернет-ресурстарын дайындау және қолдану
    Несиелер: 5

    Бұл курс электронды білім беру басылымдары мен интернет-ресурстарымен жұмыс істеу және білім беру басылымдары мен интернет-ресурстарын жасаудың дидактикалық негіздері мен білім беруде қолданылуы қарастырылады. Сонымен бірге Электрондық білім беру ресурсы – ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру және білім алушыға ақпаратты дайындау және беру идеяларын әзірлеу процесінде пайдалануға арналған электрондық материалдар әзірлеуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Желілік қосымшаларды программалау әдістері мен жабдықтары
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде OSI модельдері деңгейлеріне сәйкес хаттамалар, TCP/IP хаттамалары және желілік алмасу, электрондық поштамен жұмыс жасауды үйретеді. Сонымен бірге желілік басқарудың желілік қосымшалары мен программаларын құруға арналған жабдықтармен танысады. Желілік қосымшалар үшін программалау тілдері мен жүйелері, қолданушының аспаптық ортасымен танысып, жұмыстар жасайды. Сол ортадағы программалау әдістерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқыту нәтижелерін бағалауда АКТ-ды пайдалану
    Несиелер: 5

    Осы пәнді оқу барысында білім беру процесінің сапасын бағалаудың өзекті мәселелері, білім беру мақсаттары мен оқыту нәтижелерінің таксономиясы, сондай-ақ бағалауға объективті көзқарас және тест құрудың негізгі кезеңдері қарастырылады. Тестілеу нәтижелерін орындау және өңдеу процесін автоматтандырудың бағдарламалық құралдарын, тест тапсырмаларын дайындау және қолдануға арналған әмбебап бағдарламалық жүйелерді, тестілеу нәтижелерін масштабтау және түсіндіру әдістерін қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми ойлау мәдениетін зерттеуге бағытталған, аналитикалық мүмкіндіктер мен зерттеу дағдыларын қалыптастырады, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білім береді. Ғылымның тарихи эволюциясын және олар қалыптастыратын философиялық перспективаларды зерттейді. Қазіргі ғылымның пайда болуы, оның әлеуметтік және институционалдық байланыстары сипатталған. Ойлау эксперименттеріне, теорияларды растау мен теріске шығаруға, сандық және жоғары сапалы зерттеу әдістерінің пайда болуы мен қолданылуына байланысты жалпы философиялық мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Курс жоғары білім берудің негізгі бағыттарын, қағидаттары мен заңдылықтарын зерделеуге бағытталған. Курсты оқу барысында қазіргі педагогиканың базалық ұғымдары, оқыту мен тәрбиелеудің тұжырымдамасы мен теориясы, жоғары мектептің дидактикасы қарастырылатын болады. Магистрант білім беру процесін ұйымдастыруды жобалау дағдыларын, жеке және топтық рефлексия тәсілдерін меңгереді, педагогикалық мақсаттарды сауатты тұжырымдай алады, білім беру технологияларын оқу үрдісінде қолдана алады, пәндердің жұмыс бағдарламаларын құрастыра алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ЖОО-да Информатика пәні мұғалімінің әдістемелік дайындығы
    Несиелер: 5

    Ғылыми жұмыстың негізгі шарттарын, педагогикалық зерттеулердің жіктелуін, зерттеу тақырыбын таңдауды, зерттеудің тақырыбы мен пәнін, сонымен бірге ғылыми зерттеулердің қарама-қайшылықтары мен зерттеу мәселелері, мақсаты мен міндеттері және ғылыми зерттеулер, зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері үйренеді. Информатиканы оқыту және ақпараттандыру теориясы мен әдістері саласындағы ғылыми зерттеулерді талдауды, педагогикалық зерттеулер тәжірибесін, педагогикалық зерттеу практикасының нәтижелері және математикалық өңдеу әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 3

    Тиісті білім саласының түпнұсқа әдебиетін шет тілінде еркін оқуға оқытуды көздейтін кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттерді меңгеру; мамандық бойынша монологиялық және диалогтік нысанда ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамыту; магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты тақырыптарда жазбаша ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нысандары мен түрлерімен танысу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектепте информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Ғылыми жұмыстың негізгі шарттарын, педагогикалық зерттеулердің жіктелуін, зерттеу тақырыбын таңдауды, зерттеудің тақырыбы мен пәнін, сонымен бірге ғылыми зерттеулердің қарама-қайшылықтары мен мәселелері, мақсаты мен міндеттері және ғылыми зерттеулер, зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістерін үйренеді. ЖОО-да информатиканы оқыту және ақпараттандыру теориясы мен әдістері саласындағы ғылыми зерттеулерді талдауды, педагогикалық зерттеулер тәжірибесі мен педагогикалық зерттеу практикасының нәтижелерін, оларды өңдеу әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқу үрдісінде АКТ қолдану әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл пән ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен таныстырып, оларды қазіргі ақпараттық, коммуникациялық және білім беру технологиялары саласында өздерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін педагогикалық бағыттағы мамандық магистранттарын оқытуға бағытталған. Оқыту бағдарламасы бірнеше модульден тұрады және модульдер бір-бірінен тәуелсіз құрылымы бар. АКТ қашықтан оқытуда, тәрбие жүйесінде пайдаланудың әдістерін, олардың түрлерін, мүмкіндіктерін де қарастырылады. Компьютерлік техниканы оқу құралы ретінде көп мақсатты пайдалануға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалауды ақпараттандыру әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқуда педагогикалық тестердің нақтылығы мен сенімділігін бағалау әдістерін және тестік бақылаудың тарихи аспектілеріне шолу жасап, бақылау-өлшеу материалдарын жасау алгоритмдері мен кезеңдері және тестілеу нәтижелерін шкалалау әдістерін, білімді бақылаудың ақпараттық жүйелеріне талдауды үйренеді. Сонымен қатар оқу процесінде оқу нәтижелерін бағалауды бақылаудың дәстүрлі және жаңа әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы түрде талдап қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мультимедиялық орталардағы бағдарламарды жасау және пайдалану
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқуда мультимедиа технологиялардың, аудио, видео, анимациялар, жазықтықтықтағы, үшөлшемді компьютерлік графикадағы және оларды қолданбалы информатика саласы мамандарының барлық қызмет салаларында пайдаланудың теориялық және практикалық мәселелерін, әдістемелерін оқып-үйренеді. Сонымен бірге қолданбалы информатика мен ақпараттық технологиялар саласында оперативті және стратегиялық жоспарлау принциптерінде қарастырады. Мультимедиалық орталарда бағдарламалар жасап, оны пайдалануды жүзеге асыруды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Медиа құралдары, ғылыми визуализация және виртуалды шынайылық
    Несиелер: 5

    Бұл пән цифрлық бейне және бейнекамера технологиясы, бейнекамераның рұқсаты мен бейнелеу сапасын, бейнекамераны автоматты баптауға келтіруді үйренеді. Үшөлшемді бейнелеу бойынша қайта қалпына келтіру мен машиналық оқыту әдістерін және бейнелеудегі сегментация, бейнелеудегі объектілерді тану, бейне сапасын фильтрлеу және жақсартуды қарастырады. Бейне мәліметтерін жоғалтып және жоғалтпай сығуды, бейнекодектерді өңдеуді, бейнекодектерді салыстыруды, бейнелеудің фотореалистикалық синтезін жасауды, үшөлшемді пайдаланушы интерфейсімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Электрондық оқулықтарды жасау әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын қолдану мен оқытудың компьютерлік құралдарын әзірлеу әдістемесі қарастырылады. Сонымен бірге электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері, оның тиімділігі, электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар мен электронды оқулықтың құрылымы мен сабақта электронды оқулықтарды қолдану ерекшеліктерін үйренеді. Электронды оқулықтар жасауға арналған программаларға шолулар жасалып, олардың тиімділерін анықтауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Информатика бойынша оқушылардың зерттеу қызметі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда оқушылардың информатика пәні бойынша жобалық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізі туралы және жобаға тақырып таңдау мен оны жасаудың әдістерін үйрету болып табылады. Мұнда жеке тұлғаға бағытталған технологиялар, жоба мақсаты мен міндеттерін шешуге бағытталған, проблемалық тәсілдер, топтық, рефлексивті, презентациялық, зерттеу, іздеу және басқа әдістерді біріктіретін оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастырады. Болашақ маманның даму, оқыту, тәрбиелеудің дидактикалық құралдарын пайдаланудағы дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарды автоматтандыру құралдары
    Несиелер: 5

    Бұл пән ғылымда нәтижелі жұмыс жасау үшін методологиялық-мәдениетті меңгертеді және теория мен практикада қандайда бір ғылыми мәселерді шешумен айналысушылар ғылыми зерттеулерге қажет дағдыландырады және нәтижесіз ізденулер мен қателесулерді максимальды қысқартуды үйретеді. Осы мәдениетті анықтаушы элемент болып диалектикалық-материалистік түсініктерін қалыптастырады. Сондықтан бұл пән магистранттың диссертациясының теориялық және практикалық бөлімдерінің сауатты, талаптарға сай жазылуына көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Бұл пән ғылым түсінігі, ғылым және өнер, ғылымды талдау, ғылым этикасы, ғылыми критерий және ҚР ғылымын ұйымдастыру, Академиялық және ЖОО ғылымы, ғылым және ғылыми зерттеулер, Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмысының кезеңдері карасырылады. Сонымен бірге ғылыми-педагогикалық зерттеу жүргізу алгоритмі, ғылыми-педагогикалық зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми зерттеулер ұғымы және әдістемесі, зерттеудің негізгі әдістері, зерттеу әдістерін таңдау бағыттарын, ғылыми-оқу жұмысының құрылымы туралы да қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеулерде ақпараттарды өңдеудің анализі және қолданбалы әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда әлеуметтік зерттеулерде кездесетін және өлшеу шкалаларының әртүрлі түрлерінде ұсынылған деректерді өңдеу мен талдаудың қолданбалы статистикасының заманауи әдістерін зерттеуді және магистранттарда нәтижелерді мазмұнды түсіндіру дағдыларын қалыптастыру қарастырылған. Сонымен бірге белгілі бір әдісті қолдану танымдық немесе практикалық іс-әрекеттің мақсатымен бірге зерттеу тақырыбымен немесе іс-әрекетімен және іс-әрекет жүзеге асырылатын жағдайларды анықтауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бұлтты есептеулер
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда «Бұлтты» есептеулер, масштабтау, «Бұлтты» ауысудың алғышарттары, «Бұлтты» архитектураға шолу, виртуализация модельдері қарастырылады. Сонымен бірге IaaS байланысты артықшылықтар мен қолдану аймағы мен Software-as-a-Service (SaaS) шешімдер, артықшылықтары мен қолдану аймағы да қарастырылады. Негізгі платформалар: Amazon EC2, Google Apps, Windows Azure танысады. Басқа платформалар: SAP Cloud Computing, IBM Cloud Computing қолдану аймағы мен «Бұлтты» сервистердің желілік модельдерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда информатика және педагогикалық қызмет бағытында білім алушылардың теориялық және практикалық дайындығын күшейту, олардың құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамытуға бағыттап, ғылыми және ғылыми-практикалық ойлауын қалыптастыру мен білім берудің қазіргі ғылыми және тәжірибелік мәселелерін шешу қабілетін дамыту, жеке ғылыми бағытты таңдауды қамтамасыз ету, информатика мен басқа да ғылымдардың түйіскен жерінде іргелі білімдерін қалыптастыру мен дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құзыреттілік деңгейін электронды бағалау жүйесі
    Несиелер: 5

    Бұл пән магистранттарды заманауи білім беру технологияларын қолдану жағдайында электрондық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқу қызметінің нәтижелерін бағалаудың әртүрлі түрлерін қолдану білігін қалыптастыруға бағытталған. Ұсынылған пән магистранттарды оқу қызметінің нәтижелерін бағалаудың жалпы тәсілдерімен және бағалаудың жекелеген түрлерімен таныстырады және оқу іс-әрекетінің нәтижелерін электронды бағалау жүйесінің әртүрлі тәсілдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпараттандырудың құқықтық мәселелері
    Несиелер: 3

    Пән магистранттарды құқықтық ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, сақтау, тарату және жүйелеуге жаңа компьютерлік ақпараттық технологияларды білім алуға пайдалану саласында дағдыландырады. Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының білім саласына қатысты нормативтік құқықтық актілерімен танысуды және сараптауды, ақпараттық ресурстарды магистрлік диссертацияларын жазуда тиімді қолдану мен ұйымдастыруды үйретеді. Ақпараттарды пайдалануда құқықтардың сақталуы ережелерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мультимедиялық білім беру құралдарын құру
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда мультимедиялық технологиялар көмегімен білім жүйесіне арналған виртуалды мультимедиа-қосымшаларды құру бағдарламаларын қолданудың кәсіби жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Мультимедиялық технологиялардың көмегімен анықтамалық, оқу-әдістемелік, виртуалды интерактивті ғылыми-зерттеу және жарнамалық-көркем қосымшаларды құрудың әдістері мен арнайы тәсілдерін үйретеді. Сонымен бірге білім беру саласына арналған мультимедиялық виртуалды өнімдерді компьютерлік өңдеу тәсілдерін меңгеруге бағытталған қызметті ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мобильді оқыту және виртуалды шындық
    Несиелер: 5

    Пән виртуалды шындық, мобильді құрылғылар, классификациясы, смартфондарға арналған жаңа қосымшалар мен үрдістер, операциялық жүйелер, GPS негізгі қосымшаларымен жұмысты қарастырады. Оқу үрдісіне мобильдік құрылғыларды кірістіру мен білім беруде пәндік саланы көпөлшемді ұсыну жүйесін және білім беруде «виртуалды шындықты» қолданудың қауіпсіздігін, техникалық құрылғылар кешенің адаптациялауын, контент құру мен лицензиялық немесе еркін программалық жабдықтармен білім беру және зерттеу жобаларын үйлестіруді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Икемді интернет оқыту үшін әлеуметтік медиалар
    Несиелер: 5

    Пәнді оқуда әлеуметтік медиа, әлеуметтік-мәдени үрдістер мен әлеуметтену, эмоционалдық даму және әлеуметтік медианың мүмкіндіктері, шектеулері, қауіптері қарастырылады. Әлеуметтік медиа - білімалушылар мен оқытушылар қауымдастығын құру үшін негіз ретінде, әлеуметтік медиа қоғамдастықтарының социограммасымен жұмысты үйретеді. Әлеуметтік медиа өзін-өзі таныту және өзін таныстыру құралы ретінде, топтық өзара іс-қимыл және оқу үдерісінде әлеуметтік медианы пайдалануды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жоғары білім беруде құзыреттілік-бағдарлы оқыту
    Несиелер: 5

    Білім беру мазмұнын қалыптастыру және оқыту сапасын бағалау. Бағалау объектісі және оның өлшемдері. Құзыреттілікті бағалаудың интегративті моделі және магистранттардың ІТ-құзыреттілігін қалыптастыру деңгейі. Инновациялық бағалау Құралдары. Жобалар әдісі. Бағалау құралдарын әзірлеу және сараптау тәртібі. Құзыреттілікті меңгеру деңгейінің дескрипторлары. Электрондық оқыту жүйесіндегі оқушылардың құзыреттілігін бағалау әдістері. Сабақта критериалды бағалау жүйесі. Курс осы тақырыптар бойынша магистрантардың арнайы білімдерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқытудың инновациялық интерактивті әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқуда білім беру саласында қолданылатын инновациялық әдістердің негізгі түсініктерінің маңыздылығын ашумен қатар, магистранттарда білім беру саласында болып жатқан инновациялық үрдістер туралы түсініктерін дамыту және іске асу стратегияларын білу және олардың жіктелуі, мектептерге енгізілген әр түрлі жаңалықтармен және инновациялық тәжірибелерімен таныстыру, оларды білім саласында қолдану дағдылары мен біліктіліктерін арттыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білімдер инженериясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім инженериясына негізделген бағдарламалық жүйелерді құрудың ғылыми, технологиялық және әдіснамалық мәселелерін қамтитын ғылыми пән. Мұнда білімді алудың, пайдаланудың, ұсынудың және құрылымдаудың негізгі модельдері мен құралдарын қарастырады. Сараптамалық жүйелердің архитектурасы және оларды дамыту технологиясының практикалық маңыздылығы, оларды құрудың принциптерін оқытады. Сонымен бірге жасанды интеллект модельдері, әдістері мен жүйелерін зерттеу ұсынылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпараттық білім беру желілерін әкімшіліктендіру
    Несиелер: 5

    Бұл пән магистранттардың заманауи жүйелерді басқару, желілерді басқару және заманауи ақпараттық құралдарды пайдалану бойынша міндеттерді орындау үшін заманауи бағдарламалық жабдықты орнату және күйге келтіру, жүйелік құралдар мен қызметтердің нақты мысалдарында теориялық білімді жалпылау, жобалаудан бастап пайдалануға дейінгі кезеңдерде ақпараттық жүйелерде заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін білімді қалыптастыру саласында арнайы білімін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудағы негізгі ұғымдар: ақпараттық технологиялардың жіктелуі, даму кезеңдері, өмірлік циклі және жүйе ретінде қарастырылуы. Ақпараттық технологиялардың бағдарламалық құралдары мен деректер қорының технологиясы, білім базасының технологиясы, желілік технологияларды пайдаланудың ерекшеліктері, маңыздылығы, қолайлығы түсіндіріледі. Қосымшаларды тез өңдеу құралдары. Автоматтандырған жүйелік жобалау. Түрлі пәндік салалардағы ақпараттық технологияларды қолданудағы білім, білік, дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпараттандырудың әлеуметтік-гуманитарлық аспектілері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту білім алушыларды рухани мәдениет әлеміне енудегі және осы ортада адаспаудың жолдарын олардың бойына сіңіреді. Пәнді оқуда білімалушылар ақпараттандыру үрдісінің белсенді қатысушыларының бірі ретінде мемлекеттің рөлін және қолданылатын ақпараттық технологиялар басқару қызметінің технологиясына, кәсіпорындардың, мемлекеттік және муниципалдық басқару органдарының ұйымдастырушылық құрылымдарына әсері оқытылады. Сонымен қатар ақпараттандыру бойынша кәсіби қызмет үрдісінде әлеуметтік-психологиялық факторларды есепке алуды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқытудың құзыреттілікке бағытталған нәтижелерін бағалау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқуда мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес құзыреттілік тәсілін жүзеге асыруда білім алушылардың оқу нәтижелерінің сапасын бағалаудың әдістері мен құралдары туралы мәселе қарастырылады. Құзыреттілік пен бағалау тәсілдерін байланыстыруға мүмкіндік беретін бағалау формалары мен әдістері ұсынылады. Бағалаудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін қолдану қажеттілігіне негізделген білім, білік және дағдыларын толықтырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON4

    Білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

  • Код ON5

    Отандық және шетелдік зерттеушілердің нәтижелерін қорытындылау және сыни бағалау, перспективалық бағыттарды анықтау, зерттеу бағдарламасын құру қабілетін меңгеру.

  • Код ON6

    Бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең ғылыми білімді меңгеру.

  • Код ON10

    Мобильді технологияларды пайдалана отырып, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру. Білім беру саласындағы кәсіби міндеттерді қою және шешу үшін қажетті ақпаратты іздеуді, талдауды және бағалауды жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер саласындағы кәсіби қызметте жоспарлау технологияларын меңгеру.

  • Код ON1

    Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.

  • Код ON7

    Қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттың мәні мен маңызын түсіну.

  • Код ON8

    Ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын меңгеру.

  • Код ON3

    Информатиканы және АКТ оқытудың теориялық негіздері мен технологияларын білуін қолдану

  • Код ON9

    Өзінің кәсіби қызметінің міндеттерін қазіргі деңгейде шешу, ақпаратты баяндау қабілетін көрсету, ғылыми дәлелдеу және өзінің ғылыми көзқарасын қорғау.

  • Код ON2

    Мотивацияға заманауи тәсілдердін қолдана отырып, мультимәдени топтарды басқару, дағдарыс жағдайында коммуникацияларды жүзеге асыру, сапаны бақылау және жан-жақты басқару.

7M01503 Информатика 1 г.о.
Магистратура

Алматы менеджмент университеті (AlmaU)

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01503 Информатика
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01503 Информатика педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01503 Информатика (бейіндік)
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01503 Информатика (1.5)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01503 Информатика (1)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01503 Информатика педагогтарын даярлау
Магистратура

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01503 Информатика
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01503 Информатика
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01503 Информатика
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01503 Информатика
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01503. Информатика
Магистратура

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01503 Информатика педагогтарын даярлау
Магистратура

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: M012 Информатика педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top