Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B05206 Табиғи-техногенді қауіпті-қатерлер в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Геоэкология
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты-Жердің географиялық қабығының даму заңдылықтарын, аймақтық және жергілікті аумақтардың ерекшеліктерін түсіну; геоэкологиялық мәселелерді шешу жолдарын анықтау тетіктерін талдау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Курс географиялық ортаның табиғи дамуы мен антропогендік әсерінің нәтижесінде өзгеруін зерттеуге негіз болады. Курс аймақтық және жергілікті геоэкологиялық проблемаларды анықтауға негізделген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын жетік білетін, құқық қолдану тәжірибесінде қолдана алатын, сыбайлас жемқорлықты дұрыс саралайтын жоғары білікті мамандарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі, жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар, оған қарсы саясат, жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын; ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беруге, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Абай ілімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білімін, түсінігін, қабілетін елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер:Абай ілімі туралы түсінік; Абай ілімінің қайнар көздері; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімінің өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әл-Фараби және қазіргі заман
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Геоморфология және геодинамика
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – жер бедері қалыптасуының заңдардын мен геодинамикалық үрдістерді бағалау және дамуын болжайтын заңдылықтарын түсіндіретін қабылетін қалыптастыру. Курста геоморфологияның концепциялары, геоморфологиялық зерттеу әдістері, жер бедерінің қалыптасу физикалық-географиялық факторлары, жер пішінінің морфологиялық, генетикалық ерекшеліктерін және олардың жіктелеуін, эндогенді және экзогенді үрдістердің типтері, геоморфология-лық картографиялаудың қағидалары мен әдістері зерттеледі

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Табиғи және техногендік үрдістердің гидрометеорологиялық факторы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – табиғи және техногендік қауіптерді қалыптастыру факторлары ретінде гидрометеорология заңдылықтарын анықтау қабілетін қалыптастыру. Курс климат пен гидрографияның факторлары мен заңдылықтарын, гидрометеорологиялық жүйелерге антропогендік және техногендік әсерді, климаттың жаһандық өзгеруін, оның дамуын және ықтимал экологиялық және әлеуметтік-экономикалық қауіптері мен салдарын; өзендердің гидрологиялық режимін, оның климаттың өзгеруіне реакциясын және геожүйелердін өзеруін зерттейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қоршаған ортаның физикалық және химиялық процестері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты қоршаған ортадағы табиғи процестер туралы түсінік қалыптастыру. Пән кинематиканың элементтерін; сұйықтықтар мен газдардың механикасын; молекулярлық физиканы; термодинамиканы; тербелістер мен толқындар физикасын; қоршаған ортада жүріп жатқан негізгі химиялық құбылыстар мен процестерді; электролит ерітінділеріндегі алмасу реакцияларын; тотығу-тотықсыздану реакцияларын; химиялық процестердің жүру заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Топография негіздерімен картография
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты- жалпыгеографиялық карталарды құрастыру үшін картографиялық нысандарды жобалау қабылетін қалыптастыру. Курста топографиялық және географиялық карталардың типтері, картаның математикалық негізі және картографиялық бейнелеу тәсілдері, картадағы шартты белгілердің түрлері, картографиялық жалпылауды жүргізу әдістері, географиялық карталарды талдау және бағалау әдістері, картографиялық зерттеу әдістері, карталарды жобалау, құрастыру, редакторлеу және жаңарту қағидалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • ГАЖ-ға кіріспе
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – табиғи-техногендік жүйелерді зерттеу және картаға түсіру үшін ГАЖ-і негіздеу, жобалау, құру және пайдалану қабілетін қалыптастыру. Курс геоақпараттық технологиялардың дамуын, ГАЖ қолданудың қолданбалы аспектілерін, кеңістіктік деректерді өңдеуді, көрсетуді және таратуды, оның интеграциясын, инвентаризациямен, талдаумен, модельдеумен, болжаумен және қоршаған ортаны басқарумен және қоғамның аумақтық ұйымдастырылуымен байланысты ақпаратты зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қауіпті табиғи процестер
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – бедер түзуші қауіпті және қолайсыз үрдістер туралы, олардың қалыптасу факторларының себептерін және экологиялық мәнін анықтау үшін теориялық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста табиғи қауіпті процестер мен құбылыстардың дамуының негізгі факторлары, ерекшеліктері мен заңдылықтары, оларды картографиялау принциптері мен әдістері, қауіпті процестерді зерттеу және мониторингілеу оқытылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Антропогендік табиғи-аймақтық кешендер және оларды картаграфиялау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – адамның экожүйелер эволюциясындағы рөлін анықтау үшін табиғи аумақтық кешендердің құрылымы мен қызметін зерттеу бойынша теориялық білімдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс табиғи-территориялық кешендердің кеңістіктік дифференциациясының табиғи факторларын; ТАК антропогендік формаларының түрлері мен классификациясы; геожүйелердің жұмыс істеуі, динамикасы және экологиялық қауіп-қатерлердің тұрақтылығы; ТАК ұйымдастырудың экологиялық аспектілері және картаға түсіру әдістерін зерттейді;

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Табиғи экожүйелерді қорғау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – экожүйенің бұзылуын болдырмау үшін қоршаған ортаны қорғау шараларын әзірлеу үшін геожүйелерге негізгі антропогендік әсерлерді талдау қабілетін қалыптастыру. Курс қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін, табиғи құрамдастарды, олардың ресурстық және әлеуметтік-экономикалық қызметтерін, табиғи және антропогендік объектілерді талдау, ластаудың негізгі көздерін анықтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау принциптерін зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Аэроғарыштық зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – жер бедерін зерттеудегі практикалық міндеттерді шешу үшін әртүрлі тасымалдаушы-лардан арақашықтықтан зерделеу мәліметтерін алу қабылеттін қалыптастыру. Курста суреттерді алу техникалық құралдар мен технологиясы, суреттердің фотограмметриялық қасиеттері, суреттен қажетті ақпаратты алу тәсілдер, ғарыштық суреттерді дешифрлеу әдістер, практикалық мақсатта қолданатын замануи ғарыштық жүйелер қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қоғам және қоршаған орта
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – аумақтың табиғи жағдайын сипаттайтын ұғымды түсіндіре білу, оның экологиялық жағдайын анықтау қабылетін қалыптастыру. Курс аумақтың табиғи жағдайларын, оның жергілікті және жаһандық экожүйелерінің жағдайын, соның ішінде техникалық жүйелерді және олардың адаммен өзара әрекеттесуін, табиғи экожүйелердің, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, қоршаған ортаны қорғау стандарттары мен рұқсат етілген әсер ету стандарттарын зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Табиғи-техногендік жүйелер және экологиялық қауіпті-қатерлер
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – қауіпті-қатерлерді төмендету бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін экологиялық қауіптерді зерттеу әдістері туралы алынған білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста төтенше жағдайларға әкелетін қауіпті табиғи құбылыстардың көздері мен параметрлерін; техногенді жүйелер және олардың қоршаған ортамен әсерін; табиғатты пайдаланудың әртүрлі типтеріндегі қауіп сипаттамасын; қоршаған ортаның мониторингісін зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Геожүйелерді ГАЖ бағдарламалау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – ГАЖ-ортада кеңістіктік мәліметтермен жұмыс істеу үшін бағдарламалау тілін білу қабылетін қалыптастыру. Курс бағдарламалау тілде ГАЖ-ортада, оның түсінік-терминологиялық аппаратын және бағдарламалау негізін, геомәліметтерді бағдарламалау жұмысын және ГАЖ-ортада геоөндеу құралдарын, бағдарламалау тілін қолданып ГАЖ-ортада жұмысты ойталандыру әдістерін және ГАЖ-ортада арнайы міндеттерді орындауын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Табиғи-техногендік жүйесіндегі ГАЖ-технологиялар
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – табиғи және техногендік жүйелерді зерттеуге арналған ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі принциптерін дәлелдеу қабілетін қалыптастыру. Курс ГАЖ құрылымының теориялық негіздерін, олардың құрамдас бөліктерін, жұмыс істеудің негізгі принциптері мен қазіргі замануи ГАЖ технологияларының мүмкіндіктерін, геодеректерді алу, сақтау, өңдеу тәсілдері, геоөңдеу құралдары мен құралдарын, деректерді талдау және практикалық қолдану үшін нәтижелерді ұсыну тәсілдерін зерттейді;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Табиғи-техногендік геожүйлерді болжау және модельдеу негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – табиғи және техногендік геожүйелерді бағалау, модельдеу және болжау үшін алған білімдерін негіздеу қабілетін тұжырымдау. Курс табиғи және техногендік жүйелердің қалыптасу және қызмет ету принциптерін, қауіп-қатерлерді модельдеу және болжау әдістерін; табиғатты табиғи және техногендік процестер мен қауіптерден қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау шараларын қабылдау бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуді зерттейді;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ғарыштық суреттерді дешифрлеу
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - аэроғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуде практикалық жұмыс дағдыларын алу үшін ЖҚЗ материалдарын өңдеудің базалық негіздерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән ғарыштық суреттерді компьютерлік өңдеу және дешифрлеудің теориялық негіздерін, аэроғарыштық суреттерді өңдеу және интерпретациялаудың заманауи технологиялары мен әдістерін, аэроғарыштық суреттерді дешифрлеуге арналған қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етуді, дешифрлеуді автоматтандыру әдістерін оқытады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Геожүйелердің экологиялық қауп-қатерлерін геоақпараттық картографиялау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – экологиялық қауіп-қатерлердің цифрлық және электронды карталарын құрастыру үшін геоақпараттық картаграфиялаудың қазіргі даму тенденцияларын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Курс экологиялық қауіп-қатерлер карталарын жобалау, құрастыру және редакциялаудың теориялық, әдістемелік тәсілдерін, автоматты картографиялау принциптері мен әдістерін, цифрлық деректер қорын құрастыру, экологиялық мәселелерді шешуде цифрлық және электронды карталарды пайдалануын зерттейді;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Табиғи-техногендік жүйелерді экологиялық бағалау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - қоршаған ортаның сапасын басқару шешімдерін қабылдау және табиғатты тиімді пайдалану үшін табиғи-техногендік жүйелердің шаруашылық қызмет түрлерінің әсерін экологиялық бағалау бойынша теориялық білім негіздерін қолдану қабілетін қалыптастыру.Курс ҚОБӘ дамуының теориялық және құқықтық негіздерін, табиғи-техноегндік жүйеге әсерді бағалау әдістерін, экологиялық сараптама және ҚОБӘ процедураларын нормативті-құқықтық қамтамасыз етуді зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстанның табиғи ресурстарын экологиялық бағалау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – Қазақстанның табиғи ресурстарының аумақтық таралуын олардың экологиялық сараптамасы үшін талдауға мүмкіндік беретін теориялық білімді меңгеру қабілетін қалыптастыру. Курс табиғи ресурстардың әдістемелік негіздерін, таралу және таралу заңдылықтарын; ғылыми-практикалық мәселелерді шешуде табиғи ресурстарды экологиялық бағалау әдістерін, Қазақстанның аймақтық және жергілікті геожүйелерінің ресурстық әлеуетін зерттеу әдістерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Табиғи-техногендік жүйелерді зерттеудің инновациялық әдістері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - табиғи-техногендік жүйелерді зерттеу кезінде қазіргі замануи географиялық, физикалық, математикалық, ақпараттық, геологиялық және экологиялық әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста табиғи-техногенді жүйелерді зерттеудің негізгі инновациялық әдістері; жүйелік тәсіл әдісі; табиғи-техногенді жүйелерді статистикалық және динамикалық талдау және ұйымдастыру; табиғи-техногенді жүйелердің мониторингі үшін ақпаратты өңдеу; түзету іс-шаралары мен бағдарламаларын әзірлеу оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Шөлдену және геожүйелердің деградациясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – табиғаттағы және адам өміріндегі экологиялық рөлін анықтау мақсатында геожүйелердің шөлейттену және деградация процестерінің себептерін анықтау қабілетін тұжырымдау. Пән қазіргі геожүйенің құрамдас бөліктерін, геожүйелердің деградациясының пайда болуына және шөлейттену процесінің дамуына әсер ететін факторларды, техногендік апаттарды, қоршаған ортаны қорғау және шиеленіс мәселелерін, геожүйелердің ластануының алдын алу шараларын зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қоршаған ортаны медициналық-географиялық зерттеу
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – адам денсаулығын жақсарту саласында медициналық-географиялық зерттеу әдісін қолдану үшін ғылым ретінде медициналық география туралы түсініктерді талдау қабілетін қалыптастыру. Пән халықтың денсаулығының әлеуметтік қауіп-қатерін қалыптастырудағы табиғи факторларды, аурудың пайда болу көздері мен әлеуметтік жағдайларын, генетикалық факторлардың қоршаған орта факторларымен әрекеттесуін, медициналық-географиялық зерттеулердің принциптері мен әдістерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Селтану
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты сел ағындары және сел бассейндері ұғымдарын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Курс сел ағынының қалыптасу себептері мен механизмдерін, динамикасын; сел бассейндерінің геологиясы мен геоморфологиясын; математикалық моделдеу, картографиялау; сел құбылыстарының географиясын, болжамдау; селден қорғау принциптері мен әдістерін зерттейді

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Техногендік жүйелер және техногендік қауіп-қатерлер
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты техногендік қауіптің жаһандық салдарын анықтау үшін қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде техносфера туралы түсінік қалыптастыру. Курс табиғи ортаның сапасын, әлеуметтік және табиғи объектілерді, техногендік шыққан жағымсыз оқиғаларды, технологиялық процестерді пайдалану және жүзеге асыру кезінде авария немесе апат ықтималдығын, жалпы қатерлі мәселелерін, техногендік қауіпті төмендету бойынша басқару іс-әрекетін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Урбоаймақтардағы экологиялық қауіп-қатерлер
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - қазіргі қалалар мен қалалық агломерациялардағы экологиялық қауіптердің себептерін анықтау және қалалардың қоршаған ортасының жағдайына мониторингті ұйымдастыру үшін жеке экожүйе ретінде урбанизацияланған аумақтар туралы алынған теориялық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс урбандалған аумақтардың қалыптасуын; қалалар мен қалалық жүйелердің дамуын; қазіргі қалалар мен қалалық агломерациялардың сипаттамалары мен мәселелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Табиғатты пайдалану міндеттеріндегі ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – заманауи компьютерлік технологиялар мен жүйелерді қолдану арқылы экологиялық жағдайды бағалаудың теориялық негіздері мен практикалық технологияларын меңгеру қабілетін қалыптастыру. Курс экологиялық ақпараттың негізгі түрлерін, жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді және ұсынуды ұйымдастыруды; перспективалы компьютерлік технологиялар, оларды қолданудың мақсаттылығы табиғатты пайдалануда; экологиялық проблемаларды шешуге арналған заманауи бағдарламаларды оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON9

    Карталардың деректер қорын, қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу және геоақпараттық картаға түсіру негізінде геожүйелерді модельдеу және болжау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде ГАЖ бағдарламалық құралдарын, ғаламдық және жергілікті желілерде ақпаратты іздеу және алмасу әдістерін пайдалана алатын дағдыларын көрсету;

  • Код ON2

    Табиғи-техногендік жүйелерді зерттеу және ГАЖ жобалау және бағдарламалау үшін мәліметтерді өңдеу, сондай-ақ картографиялық материалдарды құрастыру және оларды дамытудың экологиялық болжамдарын бағалау кезінде аэроғарыштық әдістердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіну;

  • Код ON3

    Қашықтықтан зондтау деректері мен карталарды талдау негізінде әлеуметтік және экологиялық қауіп-қатерлерді алдын-алу, табиғи процестер мен құбылыстардың өзара байланысын талдау және олардың дамуындағы гидроклиматтық және физикалық-химиялық факторлардың рөлін анықтау үшін жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары мен жер қыртысының геодинамикасы туралы теориялық білімге ие болу;

  • Код ON5

    Тәжірибелік міндеттерді шешуде пәнаралық білім мен картографиялық әдістерді біріктіріп қашықтықтан зондтау мен ГАЖ технологиялары арқылы қазіргі процестердің дамуын және техногендік жүйелердің қалыптасуын бақылау;

  • Код ON12

    Моральдық-этикалық нормаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық жағдайларын бағалау үшін заңнамалық және құқықтық базаны пайдалану, инновациялық ғылыми жобаларды іске асыруға бағытталған экономикалық және экологиялық ойлау тәсілін меңгеру; әл-Фараби мен Абай идеяларының қоғамдық сананы жаңғырту процестеріне әсер ету сипатын көрсету

  • Код ON11

    Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу және жер бедерінің, оның геодинамикасының қалыптасу заңдылықтарын талдау, картографиялау және моделдеу негізінде табиғи процестердің табиғатта және адам өмірінде экологиялық ролін анықтау үшін замануи процестердің белсенділенетін себептерін талдау;

  • Код ON4

    Қоршаған ортаны зерттеу, геоэкологиялық мәселесін шешу және табиғатты қорғау кешенді схемасы құрастыру және ақпараттық картографиялау мақсатында физикалық және химиялық процестер туралы білімдерді талдау негізінде табиғи және техногендік жүйелерді зерттеудегі жаратылыстану ғылымдарының салаларының рөлін анықтау;

  • Код ON7

    Ақпараттық технологиялар негізінде қазіргі бедертүзуші процестерді, табиғи және техногендік жүйелерді бақылау, болжау және картаграфиялау үшін қашықтықтан зондтау деректерін жинау, сақтау, өңдеу және бақылау бойынша ғылыми және зертханалық зерттеулер жүргізу;

  • Код ON10

    Экожүйенің бұзылуын болдырмау және экологиялық, техногендік және әлеуметтік қауіп-қатерлерді азайту жөніндегі экологиялық шараларды әзірлеу мақсатында антропогендік фактордың қоршаған ортаға әсерін және қолайсыз табиғи және техногендік процестер мен құбылыстардың дамуының экологиялық бағалау жүргізу.

  • Код ON8

    Инновациялық зерттеу әдістері негізінде аймақтық және жергілікті геожүйелердің ресурстық әлеуетін экологиялық бағалауды анықтау үшін салалық географиялық білімді пайдалану және табиғи ресурстардың орналасу мен таралу заңдылықтарын және оларды ұтымды пайдалануды негіздеу.

  • Код ON1

    Бақылауды реттеу, адамның шаруашылық қызметін жоспарлау және антропогендік және табиғи-техногендік жүйелерді қалыптастыру үшін экологиялық тәуекелдерді бағалау, болжау және геоақпараттық карта жасауда этикалық және экологиялық принциптерді пайдалану;

  • Код ON6

    Геодеректерді өңдеу және картографиялаудың инновациялық әдістері арқылы адам өмірінің қауіпсіздігін және табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында экологиялық және техногендік қауіптерді бағалау үшін қолайсыз процестердің дамуынан қоршаған ортаны қорғау шараларын әзірлеу.

Top