Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01506 География мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Географиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    География ғылымында ақпарат алудың әртүрлі тәсілдері, олардың ерекшеліктерін қарастырады. Географиялық зерттеу әдістері - табиғат пен қоғамдағы процестер мен құбылыстардың аймақтық ерекшеліктерін және кеңістіктік-уақыттық үлгілерін анықтау үшін географиялық ақпаратты талдау әдістері. Жалпы ғылыми және пәндік-географиялық, дәстүрлі және заманауи әдістер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы жертану
    Несиелер: 7

    Геосфераның құрамдас бөліктері, құрылымы, даму заңдылықтары, динамикалық ерекшеліктері іс әрекеті мен дамуы, біртұтас ғаламдық табиғат кешені ретінде қарастырылады. Табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен өзара үйлесімділігін, физикалық географияның теориялық тұжырымдарын, заңдылықтарын, географиялық қабықшаның дамуын, табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін талдайды. Күнделікті өмірде жаратылыстану-ғылыми білімді пайдалану, ғылыми ұғымдарды меңгеріп, жаратылыстану-ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Картография, топография негіздерімен
    Несиелер: 6

    Географиялық карта туралы жалпы түсінікті, масштабты, карталардың математикалық негізін, картографиялық проекциялар, карталардың жіктемесін, географиялық картадағы жазулар, тақырыптық карталар, атластар, ұсақ масштабты карталарды пайдалануды, топографиялық карта және оны пайдалану, топографиялық картадағы географиялық және тік бұрышты координаттарды, топографиялық карталар бетінде географиялық объектілерді кескіндеуді, географиялық картамен жұмыс жасауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы гидрология
    Несиелер: 6

    Гидросферада болып жатқан процесстермен, су объектілерінің ерекшеліктерімен, олардың қоршаған ортамен өзара байланысымен таныстырады. Географиялық ортамен тікелей байланысты гидрологиялық құбылыстар мен процесстер туралы түсінік береді және табиғаттағы суды географиялық ландшафттың ажырамас бөлігі ретінде, Жер бетіндегі су қоры, құрлық сулары, мұхит сулары, олардың ерекшеліктері, гидрологиялық режимін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Метеорология және климатология
    Несиелер: 6

    Атмосфераның құрамы мен құрылысын, негізгі атмосфералық процестерді, жердің сәуле және жылу тепе-теңдігін, жер бетіндегі радиацияны және жылу балансын, атмосферадағы ылғал айналымын, атмосферадағы циркуляцияны, метеорологиялық бақылау әдістерін оқытады. Жер климаты, климат қалыптастырушы факторлар, климаттың географиялық таралу ерекшеліктері, климат түрлері және климаттық аймақтар қарастырылады. Жердің қазіргі климаттық өзгеруі мен тарихымен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Геология геоморфология негіздерімен
    Несиелер: 5

    Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы, геохронологиялық кесте, геологияның салалық құрылымы, геологиялық процесстер жайлы терең және жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды, рельефтің қалыптасуында эндогендік және экзогендік үрдістердің ролін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ландшафттану және физикалық-географиялық аудандастыру
    Несиелер: 5

    Жердің ландшафттық сферасының барлық табиғи компоненттерінің біртұтас бірлігі туралы түсінік беретін географиялық пән болып табылады. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын табиғи жүйелердің құрылымын, эволюциялық даму ерекшелігі мен динамикалық өзгерістерін, қоныс және фация, биіктік белдеулер мен ендік зоналылықты, физикалық-географиялық аудандастыру туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
    Несиелер: 6

    Жер шары қабықтарының жалпы заңдылықтарын зерттеу, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны мен табиғат жағдайлары, материктер мен мұхиттар табиғатының кеңістіктікте жіктелуі мен физикалық географиялық аудандастырылуы сипатталады. Түрлі аумақтардың ашылу және зерттелу тарихын, жердің аумақтық жіктелу заңдылықтарын, табиғат объектілерінің географиялық сипаттамасы мен орнын, материктер мен мұхиттардың номенклатура жиынтығын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Географияны оқыту әдістемесінің проблемалары, географияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен: география, дидактика, психологиямен байланысын, географияны оқытудың әдістері мен зерттеудің теориялық және эмперикалық зерттеу әдістерін біле отырып практикамен байланыстырып оқиды. Географияны оқытудың заманауи әдістері, Қазақстандағы оқыту әдістемесін жетілдіру. Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытудың мәселелері мен артықшылықтары. Бағалау критерийлері, әдістері, формалары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)
    Несиелер: 6

    Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) - кеңістіктік (географиялық) деректер мен нысандарды ақпаратты графикалық визуализация жүйесі, географиялық мәліметтерді жинап, деректерді бағдарламалық – техникалық кешенде сақтап, өңдеп, қайта қолдану, тұжырым жасау, ақпараттарды шығару үшін қолданылады. Қоршаған ортада табиғи құбылыстармен қатар антропогендік процестерді зерттеуде автоматтандырылған программалық өнімдер арқылы зерттеп, болжам жасап, алдын алуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстанның физикалық географиясы
    Несиелер: 7

    Қазақстанның физикалық географиялық жағдайын алуан түрлі екендігін, оларды қалыптастырудағы географиялық заңдылықтарды, табиғи ерекшеліктерін қарастырып, республикамыздың табиғат кешендерінің таралу заңдылықтарын зерттейді. Жекеленген аймақтардың физикалық-географиялық ерекшеліктерін, табиғат кешендерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді, Қазақстан аумағының ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарын зерттеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дүние жүзінің табиғи ресурстар географиясы
    Несиелер: 6

    Табиғи ресурстардың географиясы табиғи ресурстардың жекелеген түрлерінің және аумақтық бірлестіктерінің орналасуын және құрылымын, оларды экономикалық бағалау және ұтымды пайдалану проблемаларын зерттейді. Табиғи ресурстардың географиясы жер қорлары; орман және басқа да өсімдік ресурстары; климаттық ресурстар; жер ресурстарын; жануарлар дүниесі; жер қойнауының ресурстары; мұхиттық ресурстар және т.б. қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстанның киелі жерлер және туризм географиясы
    Несиелер: 6

    Қазақстан туризмінің географиясы, туризм географиясының негізгі категориялары мен тұжырымдамалары, туристік ресурстар, аумақтың рекреациялық ерекшеліктерін және оның туристік тартымдылығын бағалау критерийлері, туристік әлеует ұғымдары, туристік инфрақұрылым, оның құрамдас бөліктері, Қазақстанда туризмді дамыту мәселелері зерттеледі. Қазақстанның киелі жерлер географиясының объектілері, олардың түрлері, орналасқан жері, шығу тарихы, зерттеу және пәнаралық байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Табиғатты пайдаланудың экономикасы мен экологиясы
    Несиелер: 6

    Бұл курс студенттердің экологиялық көзқарастарын қалыптастырып, оларды жалпы экологияның әдіснамалық негіздерімен және табиғатты тиімді пайдалануды басқарудың әдістемелік құралдарымен таныстырады, табиғи ресурстарды экономикалық бағалауға, өндірістің экологиялық шығындарын есепке алу мен талдау дағдыларын игеруге, қоршаған ортаны қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтауға және т.б. мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 4

    Пән бағалаудың заманауи технологиялары туралы мағлұмат беріп, оқу барысында оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи үлгілерін қолдану, бағалау жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Рекреациялық география
    Несиелер: 6

    Рекреациялық география физикалық және рухани күштерді қалпына келтіруге (сауықтыру, туризм және т.б.) бағытталған халықтың аумақтық (географиялық) орналасуы мен ерекшеліктерін зерттейтін географияның ғылыми бағыты. Рекреациялық ресурстарға жалпы түсінік береді, олардың әлемдік елдердегі географиясын сипаттайды. Рекреациялық ресурстардың түрлері, ерекшеліктері, аумақтық мәселелері, табиғат пен қоғамның компоненттерімен өзара әрекеттесуін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Геоэкология және табиғатты қорғау
    Несиелер: 4

    Экологиялық факторлар және олардың геожүйеге әсері, Қазақстанның жеке аймақтарының экологиялық проблемалары, табиғат қорғаудың қазіргі кезеңдегі міндеттері, геожүйенің антропогендік әсерге тұрақтылығын қарастырылады. Экожүйе мен геожүйе арасындағы географиялық айырмашылықтарды, ландшафттардың экологиялық қасиеттерін, Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру, геоэкологиялық болжам, геожүйенің экологиялық деңгейін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Өлкетану және туризм негіздері
    Несиелер: 6

    Туризмнің шығу тарихы және оның қоғамдық мәні. Туристік нысандар және оларға қойылатын талаптар. Әлемдегі туристік аймақтар мен нысандар географиясы. Туризмді дамыту алғышарттары мен мәселелерін қарастыру. Туристік инфрақұрылым түсінігі. Өлкетану жұмыстары және оның тәрбиелік мәні. Өлкетану бұрыштары мен мұражайларды ұйымдастыру әдістері. Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде алған білімдерін қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Географияны оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Оқытудың инновациялық технологиялары және мектепте оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырады. География сабақтарында білім берудің тиімділігін арттыруда оқытудың инновациялық технологияларын, сондай-ақ қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану жолдарын зерттеу. Инновациялық технологиялардың теориялық және практикалық негіздері, инновациялық технологиялардың түрлері, әдістері, функциялары, олардың оқу процесіндегі тиімділігі; инновациялық технологиялардың оқушыларды ынталандыруға әсері оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Геоэкономика және интеграциялық процесстер
    Несиелер: 6

    Әлемдік экономикалық жүйе бірлігі. Геоэкономикалық кеңістіктегі тауарлық өндірістің өзгеріс бағыттары. Интерұлттық және ұлтттық экономика түсінігі. Геоэкономикалық жүйедегі әлемдік еңбек бөлінісінің қазіргі құрылымы. Олардың көптүрлілігі және стратегиялық тұрғыдан әрқилы әрекеті. Интеграциялық процесстер мен халықаралық экономикалық байланыстармен таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 6

    Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясына жалпы шолу, географиялық орны, шекарасы, табиғи ресурстық әлеуеті және әкімшілік-аумақтық бөлінуі; халқы және ұлттық құрамы, шаруашылық кешенінің құрылымы және оның салалары. Қазақстанның экономикалық аудандарына сипаттама. Экономикалық аудандарының табиғат ресурстары мен шаруашылық географиясының ерекшелігін, халқы мен еңбек ресурстарын, экологиялық ахуалын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
    Несиелер: 7

    Дүние жүзінің саяси картасын, табиғат жағдайлары мен ресурстарын, халқын, шаруашылығын, өнеркәсібін, еңбек ресурстарын, халықаралық экономикалық байланыстарын қарастырады. Дүние жүзі аймақтары бойынша мемлекеттердің құрамы мен құрылымын, негізгі даму бағыттарын, сыртқы экономикалық байланыстары мен ішкі айырмашылықтарын, геосаяси жағдайларын, ғаламдық мәселелермен таныстырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жер кадастры
    Несиелер: 6

    Жер кадастры жұмыстары және оның маңызы туралы, әрбір жер туралы ақпараттың толықтығы, көптеген пәндер негізінде жер-кадастрлық жұмыстарды (топырақтану, геоботаника, геодезия және жерге орналастыру, экономика, жер құқығы, т.б.), жер учаскелерін сәйкестендіру және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жұмыстары, сондай-ақ жер кадастры туралы бірыңғай ақпарат жүйесін енгізу және оны жетілдіру жұмыстарымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON7

    табиғат пен қоғамның өзара байланысына, осы қарым-қатынастардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды саралайды;

  • Код ON10

    пәндер бойынша таңдалған мақсаттарға, оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалау мен диагностикалауды қолданады;

  • Код ON1

    академиялық адалдық принциптері мен мәдениетіне сүйене отырып, толеранттылық, басқа мәдениет пен көзқарасқа құрмет, жауапкершілік, көшбасшылық, креативтілік, ашықтық, патриотизм көрсетеді;

  • Код ON6

    кеңістіктік ойлау мен картографиялық, геоақпараттық дағдыларды пайдаланып, географиялық білімді практикада қолданады;

  • Код ON2

    коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін, соның ішінде тілдік дағдыларды, топта және жеке жұмыс істей білу, сыни ойлау дағдыларын, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолданады;

  • Код ON11

    білім беру концепцияларын, кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдайды; рефераттау мен өмір бойы білім алу дағдыларын практикада қолданады.

  • Код ON4

    қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен рационалды пайдаланудың жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-экономикалық негіздерін түсіндіреді;

  • Код ON5

    зерттеудің әртүрлі әдістерін қолданады; деректерді жинайды, өңдейді; пайымдауларды қалыптастырады және дербес шешімдер қабылдау үшін әртүрлі ақпарат көздерін (АКТ және т. б.) пайдаланады;

  • Код ON3

    географиялық білімді көрсетеді, фактілерді, процестерді, құбылыстарды, сондай-ақ олардың байланыстары мен себептерін түсінеді;

  • Код ON9

    білім берудің жаңартылған мазмұнының мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің инновациялық технологияларын (оның ішінде ҚБТ) қолданады;

  • Код ON8

    табиғи және антропогендік объектілерді, құбылыстар мен процестерді, қоршаған ортаның аумақтық айырмашылықтарын қамтитын әлемнің географиялық бейнесін бағалайды;

Top