6B02203 Теология в «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Теология саласында білімді, білікті, шет ел білім беру тәжірибелерімен салыстыра қарастырып, этикалық, құқықтық, тұлғалық мәдениет қалыптастыру. Теориялық білім мен практикалық дағдыға ие, аналитикалық шолу, каузалды талдау, салыстыру сияқты заманауи әдістерін қолдануға құзіретті мемлекеттік-діни-конфессионалдық қатынастарда білікті, үйлесімді қызмет ете алатын мамандарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B033 Дінтану және теология
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті
Пән тарихта болған Темір империясы, Мамлюк Египеті, Ұлы Моғолстан мемлекеті, Осман империясы сияқты мұсылман түркі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетін қарасырады. Бұл ұлы түркі мемлекеттерінің бір бөлігі ғана. Пән оқу арқылы білімгерде Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетіне қатысты талдау жасай алатын қабілет қалыптастыру. Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесіне ғылыми негізде баға бере алу.
Несиелер - 5
-
Шешендік өнер
Дін және дәстүрдің арақатынасын зерттейді. Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. «Дін» және «дәстүр» ұғымдарына анықтама бере отырып, өзара байланысын қарастыру. Өзара байланысы барысындағы ықпал ету процесстерін көрсету. Дәстүр мен оның құндылықтық ұғымдарының діни-тарихи процестегі орны мен рөлін анықтау.
Несиелер - 3
-
Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы
Бұл пән ойшыл, ойшылдық, даналық, данышпан ұғымдарын ашып көрсетеді. Қазақ ойшылдарының діни ой-пікірлерінің қалыптасуы мен ой-тұжырымдарының ерекшеліктеріне тоқталып, алғышарттарымен таныстырады. Қазақ топырағынан шыққан ортағасырлық ғұламалар мен хандық кезеңдегі жыраулар поэзиясы, зар заман ақындары мен соңғы ғасырдағы ойшылдардың шығармаларын негізге ала отырып діни дүниетанымдарының қалыптасуын қарастыру, астарына үңіліп, талдау жасау.
Несиелер - 5
-
Еркін ойлау тарихы
Пән болашақ мамандардың дінге қатысты еркін ойдың қалыптасуы мен даму кезеңдері, адамзат рухани мәдениет тарихындағы еркін ойдың алуан түрлі формалары туралы ой-танымдық мәдениетін қалыптастыруды өз алдына мақсат етіп қояды. Еркін ой тарихы, еркін ойдың түрлі формаларын айқындап көрсетеді. Адамзат тарихындағы еркін ойдың қалыптасуы, даму кезеңдері мен ерекшеліктері; еркін ой рухани мәдениеттің құбылысы ретінде дінге сыни көзқарас екендігін ашып зерттейді.
Несиелер - 5
-
Ислам этикасы
Мұсылмандық этика мейірімділік пен қайырымдылыққа ерекше мән беріп, оларды адамды адамгершілікке тәрбиелеудің және әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы, әртүрлі этностар мен діндерге жататын адамдардан тұратын қоғамды топтастырудың ең маңызды құралы ретінде қарастырады. Исламда мейірімділік пен қайырымдылыққа қатысу Алланың алдындағы парыз деп жарияланған. Исламдағы мораль мәселелерін қарастырып, негіздері мен жолдарын меңгереді, ислам этикасындағы негізгі категориялар мен шарттарды, индивиттің тұлға болып қалыптасуындағы ислам этикасының ролі мен әсерін қарастырады.
Несиелер - 5
-
Діни фундаментализм және модернизм
Курста студенттерге діни фундаментализм және модернизм ұғымы, басты ерекшеліктері, діни фундаментализм және модернизмге қатысты дін әлеуметтануы зерттеулеріндегі теориялар, тарихи бастаулары ұсынылады. Әлемдік діндердегі діни фундаметализм және діни модернизм құбылыстары талданады. Діни фнудаментлаизм исламофобияны күшейтуші фактор ретінде сараланады. Секуляризация және діни модернистік құбылыстар қарастырылады. Религия и модернизация
Несиелер - 4
-
Орта Азиядағы ислам тарихы
Пән Орта Азиядағы ислам тарихын және қазіргі мәселелерін оқып-зерттеу негізінде ислам дінінің аталған аймаққа таралу ерекшеліктерін кең көлемді қарастырады. Ислам дінінің Орта Азияға таралуын кең көлемді түсіндіру арқылы исламның аталған аймаққа таралу кезіндегі ерекшеліктері мен мәселелерін оқу арқылы талдау қабілетін меңгерту. Орта Азиядағы ислам дінінің, қалыптасуы және таралуына тоқталу барысында исламның осы географиялық аймаққа тән ерекшеліктерін көрсету.
Несиелер - 5
-
Ислам тарихы
Ислам тарихы пәні ислам дінінің пайда болуынан бастап әлемге таралуы кезіндегі ерекшеліктерді кезеңдерге бөліп қарастыра отырып, ислам тарихында династиялық басқару кезеңдері, олардың мемлекеттік құрылымдары мен мәдени деңгейлеріне, таралған аймақтардағы жергілікті мәдени географиялық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан ислам дінінің тарихын зерттейді. Исламның таралу тарихын оқу барысында ислам тарихында орын алған елеулі оқиғаларға кеңінен тоқталып талдау жүргізіледі.
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Академиялық жазылымдарды жазудың тәртібі мен талаптарын меңгере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің және рәсімдеудің негізгі талаптарын, тәсілдерін үйрету. Академиялық жазу және оның ерекшелігі, қалыптасуы, кәсіби құзыреттілік және коммуникативтілікті кеңейту, аналитикалық мәтіндік әрекетке байланысты құзыреттер қалыптасыру. Студенттердің лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Ғылыми басылымдарға зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялаудың жолдарын, талаптарын, кезеңдерін қарастыру.
Несиелер - 5
-
Сопылық ілімі мен философиясы
«Сопылық ілімі мен философиясы» пәнін меңгерудің мақсаты студенттерді сопылық ілімнің пайда болу және даму тарихымен таныстыру. Курс дүние жүзіндегі сопылық ілімнің даму тарихын, сопылық ілімнің көрнекті тұлғалары ұсынған философиялық білімдерді, сондай-ақ кітап дәстүрі, сәулет өнері, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ислам институттары сияқты мәдени құбылыстарды тереңдетіп оқытуға бағытталған. Сопылықтың тарихи даму курсы аясында зерделеу ислам тарихындағы сопылық рөлін неғұрлым толық және объективті бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда сопылық дәстүрдің маңызды бөлігі болып табылатын ислам мәдениетінің сындарлы қағидаттарына көңіл бөлу мұсылмандардың әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесіне объективті баға беруді қалыптастыруға ықпал етеді.
Несиелер - 4
-
Дінтанулық сараптама
Дінтанулық сараптама – діни сенім туралы ақпаратты зерттеу, сонымен қатар даулы мәтіндердің, ғибадат ету объектілерінің және діни рәсімдер мен рәсімдердің орындалуының діни аспектілерін талдауды қарастырады. Дінтанулық сараптама діни ұйымды анықтауға, оның мазмұнын сипаттауға мүмкіндік береді. Дінтанулық сараптама дін саласын ғылымы саланың қазіргі кезеңдегі мәселелерін, даму бағыттарын зерделеу арқылы маман ретінде дінтанулық сараптама жасау әдістері мен тәсілдерін қарастыру.
Несиелер - 5
-
Ислам құқығы
Ислам құқығы құқықтық пәндердің құрамдас және ажырамас бөлігі болып табылады. Ислам құқығының бастауы, қалыптасуы мен негіздері құқықтық мектептер мен олардың әдіснамасына қатысты білімге ие болу. Білімгер құқықтық мектептер қарастырған тақырыптар бойынша заманауи мәселелер төңірегінде зерттеу жасау арқылы өзіндік ой қалыптастыра алу. Ислам құқығындағы проблемаларды талдаудың шешудің жолдарын салыстыру арқылы шешу жолдарын меңгеру.
Несиелер - 5
-
Постсекулярлы қоғамдағы дін
Пән діннің мазмұны мен функцияларының постсекулярлылы қоғамның жаңа жағдайында қалай өзгеретінін зерттейді. Одан әрі жаһанданудың сакральды қоғамдық кеңістікке қайта оралуына және бір мезгілде өзгеруіне де әсері талданады. Діннің бұрынғы формалары тығыз ынтымақтастық үлгілерінің көрінісі болғанын қаратырады. Қазіргі қоғамдағы діннің орны мен азаматтардың діндарлық деңгейіне қатысты дін әлеуметтануындағы жаңа зерттеулер арқылы Қазақстан қоғамындағы діннің орны мен рөлін анықтау.
Несиелер - 5
-
Діни насихат және оның әдіс-тәсілдері
Білім алушы пәнді игеру нәтижесінде Діни уағыз айтудың негіздері мен әдіс-тәсілдерін меңгереді. «Діни уағыз» курсты оқудың нәтижесінде студент діни уағыз жайлы жалпы түсінікке ие болып, хұтпалар мен уағыз-насихат айтудың жолдарын, уағызшының қоғамдағы рөлін және уағызшыға қойылатын талаптарын, діни уағыз мәтіндерінің ерекшеліктерін үйреніп, сондай-ақ ислам дініне қатысты алуантүрлі мәселелерге сараптама жасай білуге құзіретті болады. Діни насихат және оның әдіс-тәсілдері
Несиелер - 5
-
Араб тілі
«Араб тілі» курсы кәсіби, жалпы білім беретін, тәрбиелік және дамытушылық компоненттерді қамтиды. Араб тілін оқыту практикалық, тәрбиелік, тәрбиелік және кәсіптік-педагогикалық мақсаттарды жан-жақты жүзеге асыруды көздейді. Бұл мақсаттардың барлығына шет тілін практикалық меңгеру процесінде қол жеткізіледі. Тәжірибелік мақсат – лингвистикалық, коммуникативтік және лингвистикалық-мәдени құзыреттілігі жоғары деңгейдегі студенттерді қалыптастыру. Жаттығудың бұл кезеңінде тыңдау, оқу, сөйлеу дағдылары бекітіліп, жетілдіріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Курс бағдарламасы жоғары оқу орнының құрылымымен және оқу үдерісінің технологияларымен, талапкердің меңгеретін мамандығы мен кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен және жоғары оқу орны түлегі дайындық деңгейіне қойылатын талаптармен танысуға мүмкіндік береді. Теологияның тарихы мен салаларын, маңыздылығын, қоғамда алатын орнын, дәстүрлі діндерден саяси және экстремистік діни топтардың аймашылығын зерттейді. Теолог маман ретінде қоғамда орын алып жатқан діни мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Экология және өмір қауіпсіздігі бұл адамның қоршаған ортамен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз әрекеттесуі және төтенше жағдайлардың теріс факторларынан қорғану мәселелерін біріктіретін элективті пән. Адам өміріндегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын игереді. Табиғи және техногенді апаттардан қорғанудың негізгі тәсілдерін біледі; қазіргі заманғы зақымдану құралдары мен олардың зардаптарын жою шараларын ұйымдастыра алады, сондай-ақ тіршілік қауіпсіздігінің шарттарын бағалауды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Араб тілі
Арабша сөйлемдерге грамматикалық кешенді талдау жасап, сөйлем құрылымының мағынасын араб тілінде түсіне үйрету. Пәндік тарихты игеріп, пәннің жаңашыл заманауи даму барысын қадағалай алу. Бұл пәнді меңгеру аясында студенттер классикалық араб тілінің грамматикасы мен лексикасы туралы терең түсінік алады, осы тілдегі мәтіндерді (Құран, классикалық поэзия және проза) оқуға қажетті дағдыларды меңгерту. Сондай-ақ қазіргі әдеби араб тіліне көп көңіл бөлу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ислам теологиясы
Ислам теологиясы ислам қағидаларын ақылмен түсіндіретін, сенім негіздеріне қатысты сұрақтарды ақыл қолдана отырып қарастыратын пән. Бұл ғылымның мақсаты ислам дінінің сенім негіздерін, ислам теологиясына қатысты негізгі мәселелерді теориялық тұрғыдан қарастыру. Ислам теологиясының пайда болуына түрткі болған себептер мен қалыптасу тарихын, қарастырған мәселелері және ислам теологиясының қарастырған мәселелерін және оны шешудің жолдарын қарастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Эстетика және діни өнер
Эстетика және діни өнер ғылымының хронологиялық шекарасы бастапқыда 1-2ғғ. 7-8 ғасырлар аралығын қамтыса, бүгінде қазіргі діни өнерді де қамтиды. Пәнді діни тәжірибеге эстетикалық тәсілді қолдану ерекшеліктерін түсіну үшін қалыптасқан әдістемелерді қолдануды қарастырады. Білім алушыға діни өнер туындыларын қабылдап, оны интерпретациялауға қабілетті болуды үйрету. Әлемдегі діндердің түрлі өнер салаларына әсерін, ықпалын зерделеп, соның негізінде өнер туындыларындағы діни мотивтерді айқындап, сипаттау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дін және өнер
Ұзақ тарихи дәуірден өнер дінмен тығыз байланысты болғаны белгілі. Дін мен өнер контекстіндегі эстетиканың негізгі категорияларын меңгереді, өнердің негізгі түрлерінің діндегі көрінісі, діни өнердегі дəстүрлік жəне жаңашылдық, өнер генезисі, дiни-көркемдiк бiртұтастық мәселесi сияқты тақырыптарды қозғап, олардың түрлерін зерттейді. Дін мен өнердің табиғатын, ерекшеліктерін жəне қызметтерін қарастырады. Діни өнердегі канонның орнын ажыратады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Құран Кәрім
Құран Кәрімді түпнұсқадан оқуға және қырағатқа қатысты, әуезді оқуға қабілет қалыптастыру. Құран оқу қағидалары мен ережелерін үйрету; тәжуид қағидаларына сәйкес құран оқуды игерту. Сонымен қоса құран тарихын қоса оқытып, құрандағы аяттардың түсу себептерімен Меккелік және Мәдиналық аяттардың ерекшеліктерін оқыту. Құран Кәрімнің өнегелік қасиеттерін үйреніп, құрандағы моралдық этикалық қасиеттерді оқып үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діндер тарихы
Діндер тарихы діндердің даму және өзгеру процестерін зерттейтін білім саласы. Бұл саланың мақсаты әртүрлі діндердің пайда болуын, дамуын және қызметін талдау, сондай-ақ олардың адамзат тарихындағы орнын анықтау. Сонымен қатар наным-сенім түрлері мен құлшылық формаларын зерттеу пәні ретінде қарастырады. Тарихта болған және қазіргі діндер туралы мәліметтерді жинақтау және сақтау болып табылады. Зерттеулер діннің жалпы тарихына, діндер мен конфессиялардың аймақтық тарихына сәйкес жүргізіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дін әлеуметтануы
Дін социологиясы дін мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін әлеуметтанудың саласы. Дін социологиясы діни тәжірибелерді, дін мен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи тәжірибесін, әмбебап тақырыптарды және діннің әлеуметтік процестердегі рөлін зерттейді. Қазіргі дін социологиясын үш білім деңгейінің қосындысы ретінде көрсетуге болады: әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық. Дін социологиясы діннің классикалық және қазіргі теорияларын, эмпирикалық зерттеулердің әдістері мен маңызды нәтижелерін қарастырадыі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Араб тілі 2
Араб тіліндегі мәтіндерді сараптау барысында араб тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін игеріп, сөз мағынасын ажырата біледі. Тілдік шеберліктерді пән ретінде таңдаудың мақсаты мен міндеттерін игереді. Араб тіліндегі арнайы мәтіндерге практикалық талдау жасай алады. Тәжірибелік мақсат – жоғары деңгейлі студенттерді дамыту, лингвистикалық, коммуникативті және лингвомәдени құзыреттілік. Осы кезеңде тренинг тыңдау, оқу, сөйлеу дағдыларын бекітеді және жетілдіреді, жазбаша сөйлеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ислам философиясына кіріспе
Ислам философиясы – ислам дәстүрінен шыққан философиядағы даму. Ислам әлемінде дәстүрлі түрде қолданылатын екі термин кейде философия деп аударылады – фәлсафа, ол философиямен қатар логика, математика және физикаға да қатысты; және Ислам теологиясының рационалистік формасын білдіретін калам. Ислам өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін ғылыми негізде бағалау . Ислам философиясы қарастырған кәләм ілімі, сонымен қатар перипатетикалық идеяларды пайымдау негізінде қалыптасқан сенім мәселесіне қатысты ілімдерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Исламдағы құлшылық мәселелері
Исламның негізгі тіректерінің бірі ретінде намазға қатысты сұрақтар әрқашан өзекті болып келді. Бұл пән исламдағы құлшылыққа қатысты сұрақтарды қарастырады. Білім алушы пәнді игеру нәтижесінде шариғат талаптарына сай тазалану жолдары мен тәсілдерін, намаз құлшылығын дұрыс атқару тәртібін меңгереді. Тазалық пен намаз құлшылығына қатысты сұрақтардың үкімдерін арнайы кітаптарға сүйене отырып баяндауға, дәрет, ғұсыл, таяммум, намаз құлшылығына қатысты мәселелердің үкімдерін түсіндіріп беруге үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Дін психологиясы
Дін психологиясының қалыптасуы мен қарастыратын сұрақтарын, оның объектісі, пәні, негізгі ұғымдарын, өзге ғылымдар жүйесіндегі орыны мен мәнін қарастырады. Діни сана, діни тәжірибе мен дінді ауыстыру мәселелеріне қатысты психологиялық талдау жасау осы ғылымның басты қарастыратын мәселелері болып табылады. Дін психологиясы әртүрлі діни дәстүрлерге, руханияттың формаларына, діндар және дін ұстанбайтын тұлғаларға психологиялық зерттеу әдістері мен түсіндіру үлгілерін қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым және дін
Пән ғылым мен діннің байланысының негізгі формаларын белгілейді, ғылымның діни-философиялық және теологиялық концепцияларымен таныстырады, ғылыми және экзистенциалдық құбылыстарды салыстыру дағдысын қалыптастырады. Ғылым мен діннің әлеуметтік функциялары мен перспективаларын айқындайды. Ғылымның мәнділігі және прагматикалық құндылығынан аспайтын мәдени парадигма ретінде діни рефлекцияны сыни қабылдауды үйретеді. Ғылым мен діннің мәдени феномендерінен тыс философиялық-аксеологиялық рефлексияны қалыптастыруды мақсат етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Христиан теологиясы
Бұл пән теологияның генезисін және оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасу және даму тарихына қатысты мәліметтерді қарастырады. Христиан теологиясы өзінің тарихи қалыптасуы мен өмір сүруінде еуропалық философия тарихымен тығыз байланысты. Бұл әсіресе осы теологияның «спекулятивтік» құрамдастарына қатысты. Бұл философиямен байланыс қажеттілігі мен мүмкіндігін жоққа шығаратын христиандық теологияның әртүрлілігіне де қатысты. Христиан сенімі туралы мәліметтерді қазіргі заман талабына сай зерттеуге бейімделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Күнделікті өмірдегі ағылшын тілі
Студенттерді шет тілінде оқыған материалдарын толық түсініп, талдай алуға, естіген материалдарын тыңдау арқылы түсініп, ойын еркін жеткізіп, жүйелі түрде монолог, диалог түрінде жеткізе алуға үйрету. Ағылшын тілінде сауатты жаза білуге үйрету. Ауызекі тілде сөйлесу кезінде және баспасөзде жарияланған материалдарды оқу барысында жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді меңгеру арқылы жылдам әрі нақты сөйлеуге машықтандыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дін және әлеуметтік конфликт
Дін қақтығыстар тудыруы және қоғамның әртүрлі деңгейлерде, соның ішінде макросоциологиялық деңгейде ыдырауына ықпал етуі мүмкін. Діннің конфликтологиялық теориялары Маркс ілімінен бастау алады. Таптық қоғамда дін әлеуметтік антагонизммен қоректенеді. Билеуші азшылық пен қаналған, құқықтарынан айырылған көпшілік арасындағы таптық күрес мұндай қоғамдар өмірінің барлық салаларын қамтиды. Пән діннің әлеуметтік конфликтіні қоздырушы және тоқтатушы қырларын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Яһудилік және христиандық тарихы
Діндер тарихының бір саласы ретінде яһудилік пен христиандық тарихы осы аты аталған екі діннің пайда болуы мен таралуын, осы діндердің құлшылығын, бағыттары мен ағымдаррын қарастырады. Діндер тарихындағы зерттеу әдістерін қолдана отырып яһудилік пен христиандық тарихын егжей-тегжейлі қарастырады. Яһудилік пен христиандықтың даму кезеңдерін әлеуметтік, мәдени, саяси, діни факторлар негізінде қарастырады. Аталған екі дінді салыстыра оқып, айырмашылық пен ұқсастықтарды салыстыра зерттей алу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған шет тілі
Шет тілін кәсіби деңгейде меңгеруге күш салу. Текстерді оқу түсіну және аудару барысында кездесетін қиыншылықтарды шешудің жолдарын үйрету. Білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдай және пайдалана алу. Әртүрлі тақырыптар аясында коммуникативтік біліктіліктер қалыптастыру арқылы, шет тілін кәсіби түрде сауатты сөйлеуге және тілдік шет тілінің стандарттық ерекшеліктерін меңгеруге бағыттау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Хадистанушылардың әдістері
Хадис ғалымдары хадистердің сенімділігі дәлелдеу үшін көп күш жұмсады. Осы мақсатқа жету үшін «хадис жеткізушілер», «хадис жеткізушілер тізбегі», «хадис берушілердің сыны», «хадис жеткізушілердің анықтығы мен әділдігі» және т.б. әдістерін жасады. Бұл ғылым пайғамбардан жеткен хадистердің дұрыстығына көз жеткізу үшін маңызды. Өйткені пайғамбардың өзі хадистердің жалған жеткізілу мүмкіндігін ескерткен. Бұл пән хадис ілімінде қолданылған әдіс-тәсілдерді оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер
Бұл пән дәстүрлі діндерден бөлінген немесе синкреттік жолмен қалыптасқан салыстырмалы бертін қалыптасқан діни топтар мен культтерді зерттеу пәні ретінде қарастырады. Білім алушыға жаңа терминдерді біліп, жаңа діни ағымдарға классификация жасауды үйрету . Сонымен қатар жаңа діни ағымдарды зерттей отырып, әлемдік және ұлттық діндердің қоғамдағы рөліне бағалау; Жаңа діни культтерді топтастыра отырып, діндерді «секта», «деноминация», «конфессия» сияқты категорияларға бөліп қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ханафи мәзһабының фиқһ негіздері
Бұл пән негізгі мәзһабтардың бірі болып табылатын Ханафи мәзһабының негізгі фиқһ қайнар көздерін, мәзһабтың негізгі мәселелерін қарастырады. Пәнді оқыту арқылы білімгерде осы мәзһабтың фиқһ негіздеріне қатысты пікір қалыптастыру. Курсты сәтті аяқтап, игерген білім алушы Ханафи мәзһабының фиқһ негіздерін толық меңгеріп, ерекшеліктерін ажырата алады; Ханафи мазһабының іліміне қатысты алдыңғы қатарлы еңбектерді талдап, мазһаб үкімдерінің қайнарларымен таныс болу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Радикалды сана психологиясы
Радикалды сана психологиясының өзге ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен мәнін, оның объектісі, пәні, негізгі ұғымдарын қарастыру. Дін психологиясында радикалды сананың қалыптасуын, осы сана негізінде жаңа мәселелер шешу жолдарын қарастыру мен жағдайларды креативті ойлау арқылы шешуге қабілетті болу. Психология саласындағы әлемдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, радикалды сананың сипаттарын, ерекшеліктерін, өзгерістерін анықтауға біліктілік қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мазһабтар тарихы
Бұл пән Исламда сенімдік, құқықтық, саяси мәзһабтардың пайда болуын, қалыптасуын, дамуын қарастырады. Құқықтықтық және доктриналдық мазһабтар арасындағы пайда болу себептері мен қалыптасып дамуы кезеңіндегі ерекшелік пен аймашылықтарды зерттейді. Бұл пән білімгерге исламдағы құқықтық, кәләмдық және саяси мәзһабтардың ілімдік ерекшеліктерін ажыратуға үйретеді. Мазһабтардың қалыптасуына түрткі болған әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени алғышарттарға тоқталады. Мазһабтар арасындағы ерекшеліктерді ажыратып талдауды меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Орталық Азиядағы суфизм
Бұл пән сопылықтың ислам мәдениетінің үстемдік етуші факторлары – араб тілі мен дінінің әсерінен түрлендірілген негізгі дәстүрлерді, құндылықтарды, дүниетанымдық нұсқауларды қарастырады. Сонымен бірге этникалық жадты сақтау қызметін атқарады. Бұл сопылықтың Орталық Азияда кең тарағанын, олардың исламды қабылдап, жаңа шындықты – ислам мәдениеті әлемін тудыратынын түсіндіреді. Қазіргі Орталық Азия елдеріндегі сопылық тариқаттарының қалыптасуы мен қазіргі жағдайына қатысты ақпарат жинап, салыстырмалы талдау жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы ислам
Қазақ жеріне ислам дінінің келу, таралу және орнығу кезеңдері мен қазақ топырағындағы мұсылманшылықтың ерекшеліктеріне қатысты зерттеулерді оқыту. Ислам дінінің таралуы барысында қалыптастқан жергілікті мәдениетті талдай отырып қарастыру. Қазақ топырағына исламның таралуы кезеңіндегі ерекшелігіне егжей-тегжейлі түсіндіру, діни үкімдердің дәстүрге айналу кезеңдеріне мән беріп, астарын ашу; исламның дінінің таралу ерекшелігіне, тарихи кезеңдеріне мән бере отырып оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құран Кәрімдегі мораль мәселелері
Бұл пән Құран Кәрімдегі негізгі моралдық мәселелерді тақырыптарына қатысты ғылыми негізде қарастырады. Құран Кәрімдегі моралдық-этикалық, ахлақтық құндылықтарды насихаттайтын аяттарды талдай отырып, құран аяттарының астарын ашуды мақсат тұтады. Құранның ислам ғалымдары мойындаған тәпсірлерін негізге ала отырып, ондағы моральдық құндылықтарға талдау жасау. Ислам дінінің қасиетті кітабындағы негізгі тәрбиелік ахлақтық құндылықтарды талдау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Конфликт және стресс психологиясы
Барлық адамдар стресске ұшырайды, бірақ оған реакция әртүрлі. Кейбіреулер мұны өте ауыр сезінеді. Басқалары стреске жақсы ұйқымен, серуендеумен және тәбетінің жоғарылауымен немесе алкогольді ішімдікпен жауап береді. Бұл пәнде қоғам ішіндегі конфликт пен стресстік жағдайларға жеткізетін мәселелердің психологиясы оқытылады. Әлемдік психологтардың конфликт пен стресс жайлы еңбектеріне негізделе отырып, осылардың психологиялық сипаттарын қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәпсір іліміне кіріспе
Тәпсір ғылымының қалыптасу мен тәпсір ілімінің негіздерін оқыту. Осы салада зерттеу жүргізген үлкен тәпсір ғалымдарының өмірбаяндары және еңбектерімен таныстыру. Қажетті мәтіндерді шарттарға сәйкес өз бетінше талдауға машықтанып шығу. Тәпсір саласындағы негізгі еңбектермен таныс болады. Діни мәтіндерге тәпсір жасау әдістерін қарастыру және меңгеру. Жасалған тәпсірлердің мәнін түсініп, тәжірибелік маңыздылығын анықтай алуға бейімдеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақидаға қатысты қазіргі мәселелер
Ақида ілімінің қалыптасуы, доктриналық мектептердің пайда болу тарихы мен себептерін айқындайды. Ислам сенім мектептерінің негізін қалаушы және қалыптастырушы имамдардың өмір тарихымен таныстыру негізінде дәстүрлі доктриналық мектептердің қалыптасу кезеңі мен негізгі ұстанымдары мен бағыттарын меңгереді, сол арқылы діни салада дәстүрлі ислам мен жат ағымдар арасындағы айырмашылықты оңай анықтаудың жолдарын үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Хадис іліміне кіріспе
Хадис ілімінің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қарастырады, хадистерді бекіту және жүйелеу ерекшеліктерін зерттейді, иснадтар мен мәтіндерді талдайды. Хадис ілімінің мәні мен маңызын, құрылымын оқып, құран мен сүннетті түсіну мен түсіндіруде хадистің маңыздылығын зерттейді. Хадис мәтіндерінің мәні мен ерекшеліктерін, хадис мәтіндерін зерттеу мен түсіндірудің негізгі тәсілдерін, мәтіндерді түсіну үшін қажетті терминологиялық аппаратты қалыптастырады. Хадис жинақтарын жіктейді, көрнекті мухаддистердің өмірбаяндарын зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орта Азиядағы христиандық тарихы
Пән Христиандық тарихының бір саласы ретінде Орта Азиядаға христиандық алғаш келуін, таралуын, оның бағыттардың, олардың миссионерлік қызметін, басқа діни топтар мен саяси-әлеуметтік және діни миссионерлік тартысқа түсу тарихын зерттейді. Орта Азиядағы ерте христиандықтың басқа діндермен арасында болған байланысын, осы топрақтарда құрылған митрополияларын қарастырады. Отарлау саясаты кезіндегі христиандықтың мақсат міндеттерін салыстыра отырып оқып, салыстырмалы талдау жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы діни басылымдар
Пәнді діни басылымдардың қызметі мен мәнінен хабардар ету, діни басылымдардағы мақалаларды еркін талдап, автордың мақсатын көрсетуге қабілет қалыптастыру. ҚР діни басылымдар және олардың әлеуметтік, мәдени қызметімен таныстырады. Қазіргі таңда діни басылымдарда жарық көрген материалдардың діни басылымдардағы жарияланған мақалаларды жан-жақты саралау, тарихи тұрғыда талдау жасау әдістері, бүгінгі діни идеологияның қазақ қоғамында қалыптасуы мен дамуына тигізген әсерлер сынды тақырыптарды қозғайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құран ілімдеріне кіріспе
Құран ілімдеріне кіріспе пәні құранға қатысты ғылым салаларын қарастырады. Құранның түсу себептерін, аяттардың мағынасы мен мақсатына қарай бөлінуін, құранның жинақталуын және құранға қатысты жазылған ғылыми еңбектермен танысу. Құран ілімдеріндегі ерекше маңызды мәселелермен таныстыру, әрбір салаға қатысты классикалық еңбектерге сүйене отырып, жалпы түсінік қалыптастыру. Құран ілімдерінің негіздерін меңгерту. Құранға қатысты ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай қажетті жағдайда қолдана білу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Матуриди ақидасы
Матуридия исламдағы догматикалық-философиялық бағыт, оныншы ғасырдың басында пайда болған калам сүнниттік мектептерінің бірі. Ақидалық мектептің негізін қалаушы Әбу Мансур әл-Матуриди мутазилиттермен және жахмиттермен ақидалық пікір таластарда ақыл дәлелдері мен кәламдық дәлелдерді пайдаланған. Матуриди ақидасы Ислам сенім негіздерін және ислам теологиясына қатысты негізгі мәселелер мен олардың көріністерін талдайды. Сенімдік мәзһабтардың негізгі ұстанымдары мен бағыттарын терең меңгеріп, дәстүрлі ислам бағытындағы мәзһабтары талдай біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни мәтін герменевтикасына кіріспе
Теологиялық герменевтикада Қасиетті Жазбалар конфессиялық позициялардан қарастырылады. Оның өкілдері, шын мәнінде, өз методологиясы бойынша теологиялық дискурстан философиялық дискурсқа көшті. Олардың концептуалды зерттеулерінің құндылығы олардың қасиетті мәтіндердің қасиетті символизмнің жалпыадамзаттық экзистенциалдық тәжірибемен, адам тәжірибесінің алуан түрлілігімен, адам болмысының өзекті мәселелерімен байланысы сияқты аспектісін зерттейді. Әлемдік және дәстүрлі діндергі діни мәтіндерді салыстыру арқылы анализ жасай алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҚР Дін туралы мемлекеттік заңдар
Адамзат тарихында мемлекет пен діни құрылымдардың қарым-қатынасы, құқық пен діннің арақатынасы сияқты күрделі болды. Дін мен құқық басқа қызметтермен қатар адам мінез-құлқының қуатты реттеушісі қызметін атқарып келеді. Пәннің зерттеу нысаны ҚР діни сенім бостандығын жүзеге асыру теориясы және практикасын, аналитикалық зерттеулерді камтиды. Білімгерге түрлі діни топтардың заң аясындағы қызметі мен заңдық және заңнан тыс құқықтарын талдау қабілетін меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы дінтану
Діндердегі сенім,құлшылық, құқық, этика, дүниетаным, діни мәтін түсініктеріне салыстырмалы түрде талдау жасай алады. Әр діннің өзіне тән маңызды ерекшеліктерін, құндылықтарын, өзгешеліктерін ашып көрсетеді. Ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірінен саналатын аналогиялық әдіске мән беру арқылы, білім көкжиегін кеңейте түседі. Студент діни салалардың айырмашылығы мен өзіндік ерекшеліктерін саралай алуға қабілетті болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Қазақстандағы исламның дамуын, тарихын, тұрақтылығын түсіндіру.
- Алған білімін мемлекет және дін қарым-қатынасын нығайтуда пайдалану
- Діндер дамуының ортақ заңдылықтарын сипаттау, статистикалық мәліметтерді құру, өңдеу.
- Қоғамның рухани сұранысын көрсету, рухани сұранысты қанағаттандырудың тиімді әдістерін сипаттау.
- Салауатты өмір салтының маңыздылығын сипаттау, кроссфункционалдылықты және пәнаралық қабілетін көрсету.
- Заманауи ақпарттық кеңістікте діни бағыттағы жағдаяттық үрдістің белгілерін анықтау, АКТ құзыреттіліктерін мәселелерді шешуде ұтымды қолдану.
- Теология саласындағы кәсіби қызметін жүзеге асыруда ғылыми мақалаларды, зерттеулерді пайдалану.
- Кәсіби қызметін жүзеге асыруда шет тіліндегі әдебиеттерді қолдану, шет тіліндегі түпнұсқа дереккөздерді пайдалану.
- Теориялық және практикалық білімді кәсіби салада қолдану, қоғамдағы теологиялық мәселелер бойынша консультациялық қызметтің маңыздылығын түсіндіру.
- Өзін-өзі дамытуға ұмтылысты көрсету, топпен ынтымақтастықта қызмет атқару, өз ойын нанымды дәйектеу және жеткізу.
- Алған білімін Қазақстандағы діни жағдайды түсіндіру арқылы діни экстремизм мен терроризмді, конфессия аралық және конфессия ішілік қақтығыстарды алдын алуда қолдану.