Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Кәсіптік білім берудегі лидерлік (2 жыл) в Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамасын анықтау және қолдану, зерттеу қызметін басқару, ғылыми нәтижелерді бағалау және негіздеу
  • Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және кәсіби өсу үлгілерін құру және оларды кәсіби қызмет этикасының нормаларымен сәйкестендіру
  • Мұғалімнің көшбасшылық және іскерлік қасиеттерін көрсету, команда құру білімін тәжірибеде пайдалана отырып, дау-дамайды тиімді шешу, білім берудегі көшбасшылық әлеуетті дамыту бағдарламаларын жасау. Кәсіби принциптерді талдау, бағалау және академиялық адалдық мәдениетін қорғау.
  • Жоғары кәсіптік білім берудің пәнаралық контекстінде философиялық, педагогикалық, психологиялық және басқарушылық ғылымның тұжырымдамалық ережелерін анықтау, сипаттау және талдау
  • Шетел тілінің академиялық жазу дағдыларын кәсіби мақсатқа сәйкес оқу үрдісінде қолдану
  • Кәсіптік білім берудің инновациялық процестерін зерттеу, оқу орындарында және өндірісте дуальды оқытуды басқару, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, цифрлық кеңістікте инновациялық қызметті болжау және жобалау
  • Кәсіптік қызметті ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау, пәндік оқытуды жобалау, кәсіптік білім беруде тұлғаға бағытталған технологияларды пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастыру.
Top