Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Балалар әндерін үйрету әдістемесі
    Несиелер: 5

    Балалар әндерін үйрету әдістемесі музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әдемілігін, сұлулығын, өнермен үйлесімді сезінуін, сабаққа деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып білу, оны өмір қажетіне айналдыру және әнге деген қызығушылығын тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты ынталандыру, студенттердің оқу сабақтарына саналы көзқараспен қарауына, сондай-ақ кәсіби білім алудың заманауи тәсілдеріне ықпал ететін дүниетанымды қалыптастыру. Міндеттері: - студенттердің қазіргі жоғары кәсіби білім беру жүйесі және оның даму тенденциялары туралы түсініктерін қалыптастыру; - ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтің ерекшеліктерін игеру; - оқу орнының негізгі ұйымдастырушылық құжаттарымен танысу; - таңдалған мамандық туралы білім алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгі гигиена
    Несиелер: 3

    Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас физиологиясының, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерімен, бала іс-әрекетінде оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін нормативпен, балаларды күту ережелерімен, органдар қызметінде болатын аурулар, кемшіліктер және жетіспеушіліктермен таныстыру. Пәннің құзыреттілігі: мектеп жасына дейінгі балалардың жас физиологиясының ерекшеліктерін зерделелейтін, балалардың зияткерлік даму деңгейлерін игерген, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тазалық сақтау мен денсаулықты нығайту талаптарына сай ортаның жағымсыз ықпалдарынан қорғану ережелерін ұстануға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге тілдің фонетикасынан, лексикологиядан, сөзжасамнан және синтаксистен жүйелі білім беру мақсатын көздейді. Пәнді оқу барысында студент: тіл дыбыстарын және олардың түрлерін, дыбыстардың үндесу заңдылықтарын, орфоэпиялық және орфографиялық ерекшеліктерді анықтайды. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін, тыныс белгілерінің түрлерін және олардың қойылатын орындарын түсіндіреді. Қазіргі қазақ тілінің нормаларын (орфоэпиялық, акцентологиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық, орфогафиялық және пунктуациялық) қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жаратылыстану негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушыларға тірі азға ретінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, олардың дене құрылысы мен даму ерекшеліктері, алуан түрлілігі туралы ғылыми ұғым беру. Өсімдік, жануар, адам, қоғам туралы теориялық білім бере отырып, олардың арасындағы байланысты ғылыми тұрғыдан ұғындыру. Өлі және тірі ағалар арасындағы өзара байланысты ұғындыру негізінде дүниенің біртұтастығы туралы дүниетанымдық ғылыми көзқарас қалыптастыру. Тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдайлар мен оны анықтаудың жолдарын түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жас ерекшелік психологиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттерге тұлғаның психикалық даму ерекшеліктерін, тұлғаның әрбір даму кезеңдеріндегі психикалық даму заңдылықтары жайлы білім беру. Бала психологиясының әртүрлі жас дамуының кезеңдерінің айрықша ерекшеліктерін, іс-әрекеттің әртүрлілігін, жеке адамды қалыптастыратын психикалық қалыптар мен мінез-құлықты, баламен жұмыс істеу барысында берілген заңдылықтарды есепка алу туралы студенттердің түсініктерін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттерге мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін меңгертіп, кәсіби дағдыландыру қалыптастыру және мектеп жасына дейінгі балалардың санау, есептеу, пішін, заттың көлемі, кеңістіктегі орын және уақытты қатынасымен таныстырудың әдістемелік жүйесін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: Көркем сөз өнерінің бір саласы балалар әдебиетінің ерекшеліктерімен танысу арқылы студенттердің әдеби теориялық білімдерін шыңдау. Білім алушыларды халық ауыз әдебиетінің (бесік жыры, төрт түлік мал туралы өлеңдер, өтірік өлеңдер, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер) бала тәрбиесіндегі алатын орнымен, балалар әдебиетінің бай жанрымен, отандық және шетелдік, классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру.Балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен қаруландыру. Әдебиет теориясы негіздерін практикалық қолдану деңгейінде меңгерту және заманауи балалар әдебиеті туралы мағлұмат беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Балалардың графикалық машықтарын жетілдіру әдістемесі
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: графикалық жаттығуларды орындауға қызығушылықты қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: көркем жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Көркем жазуға үйретудің мақсат-міндеттері. Көркем жазуға үйретудің оқу-әдістемелік жағына сипаттама. Әріп кескіні үйлесіміндегі күрделілік. Әріптерді тұтастай бағдарлауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі мекемедегі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың денесін тәрбиелеудің, оның қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың теориясы мен технологиясын меңгерту. Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің ерекшеліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғұрлым тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - мектепке дейінгі мекемелерде музыка әліппесінің алғы шарттарын үйрету. Нота сауатын игеру арқылы музыкалық аспапқа саусақ қолымен, ойнау техникасын игеру. Балаларға арналған әндерді нотамен ойнай білуге үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты: студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, адамның жеке ерекшеліктері туралы оның оқу және кәсіби қызметін табысты игеру және жүзеге асыру факторы ретінде тұтас түсінігін қалыптастыру, оқудың, ақыл-ой еңбегінің мәдениетінің және өзін-өзі білім берудің біліктерін және педагогикалық білім негізінде тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Робототехника (minor)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерге мектепке дейінгі ұйымдардағы робототехниканың мақсаты, міндеттері, ерекшелігі жайлы негізгі түсініктерді беру. Курс барысында білім алушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктері де дамиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: студенттерге мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері: - ойынның теориялық негіздері туралы білім меңгерту; - ойын әрекетінің психологиялық негіздерін үйрету; - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын игерту. Бұл курста студенттер осы сала бойынша бүгінгі өмірдегі маңызды элементтерден тұратын ақпараттарға және нақты түсініктемеге жауап алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әрекеттер мен дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика және кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс экономика мен кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Балалардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың бос уақытын ұйымдастырудың маңызын, түрлерін жан-жақты қарастыру. Балабақшада мәдени бос уақытты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, әдістері, сонымен қатар көңіл көтеру, мейрамдар, ертеңгіліктер және т.б. қызықты іс- шараларды өткізу әдістемесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі мекемедегі отбасы қарым-қатынасының этикасы мен психологиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттерде қарым-қатынас психологиясының заңдылықтары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, осы құбылысты зерттеуде толықтай бағдарлық негіздерін жасау, басшы іс-әрекетіндегі қарым-қатынас туралы психологиялық білімдердің қолданылу ерекшеліктерін ашу; тыңдаушыларда басқару тиімділігінің факторы ретінде коммуникативтік құзіретінің төмендеуі мен өсуіне негізіндегі психологиялық себептерін талдау дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі инклюзивті білім берудің мақсаты ерекше қажеттіліктері бар баланың өміріндегі алғашқы қоғамдық білім беру жүйесіне – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға кіруі болып табылады. Бұл курс ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарының заманауи нысандарымен, әдістерімен және технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдістері мен тәсілдерімен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Курсты меңгерудің мақсаты: жалпы менеджмент теориясы саласындағы және оны білім беру салсында қолдану ерекшілігі бойынша білім деңгейін көтеру. Курсты оқып-үйрену білім берудегі инновациялық басқару тәжірибесінің тиімділігімен танысады, білім берудегі менеджменттің озық және инновациялық тәжірибесін зерттеуге шығармашылық ғылыми көзқарас қалыптастырады, басқарудың білім берудегі озық және инновациялық тәжірибесін практикалық қолдануға әдістемелік және технологиялық дайындауды қамтамасыз етеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қазіргі экология ғылымының мақсаты мен міндеттері, қалыптасу кезеңдері, заңдылықтары, организм мен орта, табиғи бірлестіктер, экожүйелер Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар, антропогендік факторлар және табиғат қорғаудың экологиялық негіздері, болашақ ұрпақтарға экологиялық білім мен тәрбие берудің бүгінгі кезеңдегі мәселелері терең талданады. Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: студенттердің коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мәдени және әлеуметтік-қызметтік құзіреттілігі дамиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы
    Несиелер: 3

    Бұл пәнді оқыту барысында студенттер мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық диагностикалаудың ерекшеліктерімен, психодигогностикалық әдістермен және әдістемелермен танысып, ғылыми теориялық білімді меңгереді, практикалық іскерліктері мен дағдылары қалыптасады. Мектеп жасын дейінгі балалар психологиясы, жас ерекшелік психологиясы пәндері бойынша берілген білімді жүйелеу, тереңдету, нақтылау міндеттері шешіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі педагогика
    Несиелер: 3

    "Мектепке дейінгі педагогика" пәнін меңгеру мақсаты: мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде, оның өзекті мәселелері мен оларды мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде шешу тәсілдері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өндірістегі еңбек қорғау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты өндірістік ортаның жағымсыз факторларын анықтау, адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғау, еңбек қызметінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау, кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздері мәселелері бойынша білім алушыларды даярлау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектепалды даярлық топтарында сауат ашу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты – білім алушыларды мектепалды даярлық топтарында жүргізілетін «Сауат ашу негіздері» пәнін оқытуға кәсіби дайындау. Мазмұны: сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері. Сауат ашу үдерісі. Сауат ашу кезеңдері бойынша ұйымдастырылатын сабақтар және өткізу ерекшеліктері. Сауат ашу әдісі. Сауат ашу әдістерін қолдану ерекшеліктері. Бастапқы жазуға үйрету. Жазу дәптерлерін талдау, сипаттама жазу. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары. Сауат ашудың әр кезеңі бойынша тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлері. Сауат ашу сабақтарының жоспарларын талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім берудегі интернет-технологиялар (minor)
    Несиелер: 5

    Мақсаты - білім беруде SMART технологияларын қолданудың тиімділігін көрсету. Қоғамның әлеуметтік жағдайында электронды оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану, қашықтықтан және желілік технологияларды оқу үдерісіне енгізу тәжірибесі мен мүмкіндіктерін меңгеру, қолдану дағдыларын үйрету. Болашақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мамандарын дайындау сапасын жақсартуда SMART технологияларының мүмкіндіктері кеңінен қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: студенттерге жаратылыстану ғылымдары негіздерінен теориялық білім берумен қоса болашақ мамандардың практикалық іс-әрекетін дамытып, біліктері мен педагогтық дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәннің құзыреттілігі: бұл курсты меңгерген мамандар мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әртүрлі жастағы топтар балалармен жұмыс істеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің оқу-әдістемелік жұмысы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - әр педагогтің кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға, педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін жалпылауға және дамытуға бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттер туралы білім жүйесін қалыптастыру. Міндеттері: - студенттерді мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің кәсіби қызметінің мәні мен ерекшелігі туралы бастапқы білімдермен және дағдылармен қаруландыру; - шығармашылық қызметтің, педагогикалық техниканың мотивтерін дамытуға ықпал ету; - кәсіби дайындық сапасын арттыру үшін студенттерді өздігінен білім алу процесіне белсенді қосуды ынталандыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп жасына дейінгі баланың білік дағдыларына мониторинг жасау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – болашақ тәрбиешілерге жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау бойынша индикаторлар жүйесінің ерекшелігін, маңызын түсіндіру. Тақырыптары: «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдері», «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін есептеу әдістемесі», «Индикаторлар көрсеткіштер ретінде».

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдебиеттік оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктерін оқып-үйрету. Әдебиеттің теориялық ұғымдарын қалыптастыру. Әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
    Несиелер: 3

    Курсты игерудің мақсаты: білім алушылардың педагогикалық дизайн құралдары мен әдістері туралы түсінігін қалыптастыру. Курс барысында: педагогикалық дизайнның негіздері, принциптері, ұйымдастырушылық схемалары мен сценарийлері, педагогикалық дизайн схемаларын көрсетудің мәтіндік және көрнекі тілдері қолданылуын зерделенеді; дизайн және мета-дизайн кейстері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сауат ашудың психологиялық-педагогикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - білім алушыларды мектеке дейінгі мекемелерде жүргізілетін «Сауат ашу және жазу» пәнін оқытуға кәсіби дайындау, болашақ тәрбиеші-педагогтерді балаларға тілдің фонетикалық жəне графикалық жүйесін игерту, оқылым мен жазылым дағдыларын меңгертуге даярлау. Мазмұны: оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру үдерісіндегі дыбыстық талдау – жинақтау жұмысы. Сауат ашу сабақтарында байланыстырып сөйлеуді дамыту. Сауат ашу кезеңдері. Әр кезеңнің құрылымы мен мазмұны. Сауат ашу сабақтарының негізгі түрлері. Оқу мен жазуға үйретудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі мекемеде көркем әдебиет үлгілерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ тәрбиешілерге жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін көркем әдебиет үлгілерін оқыту әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйрету. Қысқаша мазмұны: кәсіби-педагогикалық және әдістемелік дағдылар, студенттерде отандық және әлемдік мәдениет, әдебиет, сонымен қатар педагогикалық ой дамуының жалпы тенденцияларын көрсететін дербес тарихи-әдеби құбылыс ретінде көркем әдебиет туралы тұтас түсінік қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Табиғатпен таныстырудың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: студенттерге мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру жұмысын ұйымдастыру түрлері мен меңгерген тәрбиешілерді даярлау. Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: мектепке дейінгі балалардың табиғатты тану деңгейін диагностикалау, мектепке дейінгі балалардың табиғатты тануда іс-әрекеттік және биоэкоцентрикалық тәсілдерін іске асыру, баланың табиғатпен дұрыс қарым-қатынас жасауға дайындығын қалыптастыру, балалардың табиғатпен қарым-қатынасының эмоциялық-жағымды тәжірибесін жинақтауды ұйымдастыру, ұсынылған әдебиеттермен сауатты жұмыс істеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: студенттерге мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетін дамыту, психикалық процестер мен сапалардың сипаттамаларын қалыптастыру. Міндеттері: дамудың әр жас кезеңіндегі тұлғаның психикалық дамуындағы жеке айырмашылықтарды зерттеу; жас ерекшеліктерімен, олардың онтогенездегі даму процесінде кездесетін себептерімен танысу; мектеп жасына дейінгі балалар психологиясының курсы бойынша әлемдік және отандық психологиядағы теориялар мен эмпирикалық зерттеулерді талдау, бағыттар мен идеялармен танысу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көркем жазуға үйрету әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты - мектеп алды даярлық тобы балаларының графикалық-каллиграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процесінің психологиялық, физиологиялық негiздерiн ашу, каллиграфиялық дағдыны қалыптастырудың әр түрлі әдістерін тиiмдi қолдана бiлуге үйрету. Мазмұны: Жазу сауаттылығы мен каллиграфиясы. Графикалық және каллиграфиялық қателерді болдырмау. Жазуға үйретудің сөздік, практикалық әдістерін үйлестіріп қолдана білуге үйрету. Жазуға үйретуде қойылатын гигиеналық талаптар. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі әдістемесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Конструктивті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: тұлғаның педагогикалық процесте тиімді дамуына ықпал ететін педагогикалық білім мен біліктер жүйесімен қаруландыру. Курс орта білім беру жүйесінде жоғары әлемдік деңгейге жету мақсатында сындарлы оқыту әдістерін меңгеруге және педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру және оқытудың заманауи технологияларын енгізу дағдыларын игеруге бағытталған

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • HR менеджмент (minor)
    Несиелер: 5

    Бұл курс кадрлық менеджменттің негізгі принциптерін, жеке жоспарлау мен басқарудың әдістері мен әдістерін меңгеруге, менеджмент пен адам ресурстарын басқару саласындағы теориялық білімдерді жүйелеуге, басқарудың заманауи әдістерін меңгеруге негізделген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орыс тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – болашақ тәрбиешілерге мектепке дейінгі мекемеде орыс тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін меңгерту. Қазіргі қоғамның саналы және жоғары білімді мүшелерін қалыптастырудағы орыс тілінің оқу пәні ретіндегі маңызын көрсету. Әдістеме саласында жеткен жетістіктермен әдістемелік ойдың үздік өкілдерімен таныстыру. Республиканың мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік тәрбиешілерінің жұмыс тәжірибесімен таныстыру, заманауи әдістеме мен озық тәжірибенің жетістіктерін көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жазуға үйрету әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: балаларды тілдің фонетикалық және графикалық жүйесін меңгеру процесінде оқу және жазу дағдыларын игеруге дайындау. Мазмұны: көркем жазу мен жазуға үйретудің тарихымен таныстыру. Жазуға үйрету әдістемесінің білім, білік, дағды жүйесін қалыптастыру. Фонематикалық есту , қабылдауды дамыту. Сөздің дыбыстық құрамымен таныстыру, сауат ашу негіздеріне үйрету және дыбыстық талдау әрекеттерін қалыптастыру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Монтессори педагогикасы
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты - Монтессори теориясы мен әдістемесін терең білетін мектепке дейінгі білім беру педагогтерін даярлау, студенттерде педагогикалық жүйе туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Курстың міндеттері: - студенттерді Мария Монтессоридің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; - М. Монтессоридің негізгі теориялық ережелері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру; - Монтессори жүйесіндегі педагогтың рөлін, оның педагогикалық тәсілдерінің ерекшелігін көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы валеология
    Несиелер: 3

    Мақсаты: балаларды "салауатты өмір салты" ұғымымен таныстыру, ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу; жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру; адам денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Мазмұны: орналасуы, ішкі ағзалардың функциялары, баланың туылуындағы әке мен ананың рөлі; есту,көру органдарының ауруларына қатысты қарапайым алдын алу шаралары, жағымсыз эмоциялардан арылу тәсілдері, үйде өзін-өзі ұстау ережелері, орманда, өзенде өзін-өзі ұстау ережелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі мекемедегі инновациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Болашақ тәрбиешілерді мектепке дейінгі мекемеде қолданылатын инновациялық технологиялардың ерекшеліктерімен және олардың алгоритмімен таныстыру. Пәннің мазмұны:Мектепке дейінгі мекемедегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде.Қазіргі мектепке дейінгі мекемедегі инновациялық технологиялар. Дамыта оқыту технологиясы.Мектепке дейінгі мекемеде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.Денсаулық сақтау технологияларының ерекшеліктері.Ойын технологиясы.Портфолио технологиясы.Буккросинг технологиясы. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары.Зерттеу әрекеті технологиясы.ТРИЗ технологиясы.Проблемалық оқыту технологиясы.Жобалар технологиясы.М.Монтессори технологиясы.Тәй–тәй технологиясы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – болашақ тәрбиешілерге жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеу арқылы тілін дамытудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйрету, олардың тілін дамыту әдістемесінің мазмұны мен мақсаттарын қарастыру. Студенттердің сөйлемдерді байланыстыра сөйлеуіне, грамматикалық формада дұрыс сөйлеуіне, сондай-ақ тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге баулиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі көркем шығармаларды, даналық сөздерді мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың ерекшеліктерін түсіндіру. Қазақ ауыз әдеби үлгілерін оқыту негізінде студенттің қазақтың ертегілері мен мақал-мәтелдері туралы нақты түсініктері молаяды және мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу процесінде шебер қолданудың жолдарын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Курс мақсаты: болашақ мамандардың мектепке дейінгі балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу саласына кәсіби құзыреттілігін, тәрбиеленушілермен өзара іс-әрекетінде тұлғаға бағдарланған позициясын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепалды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері
    Несиелер: 3

    Мектепалды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін теориялық-практикалық тұрғыдан сараптау. Таным процесінің жасқа байланысты және өзіндік дара айырмашылықтары баланың мінезінің қалыптасу ерекшеліктерін ұғыну. Балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, әдіс тәсілдерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ауызекі сөйлеу тілін дамыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту әдістемесі курсы мектепке дейінгі педагогтарды даярлаудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту әдістемесі - келешек жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу құралы. Пәннің мақсаты - болашақ маман кадрларға жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеу арқылы тілін дамыту, студенттердің теория білімдерін практикамен байланыста жүргізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектеп жасына дейінгі балаларда драмалық дағдыларды қалыптастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты - студенттерге мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған әрекеттердің алуан түрлерін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін меңгерту. Пәннің міндеттері: - мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған әрекеттерін дамытуға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру; - ойын, ән және биді ойдан шығарып орындау арқылы балалардың сөйлеу белсенділігін арттыруға ықпал ету; - драмалық ойынның теориялық негіздері туралы білім меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде шетел тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде шетел тілін оқыту әдістемесін үйрету, әдістемелерін беру. Қысқаша мазмұны: мектепке дейінгі мекемелерде шет тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Шет тілін оқытудың мазмұны. Шет тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары және құралдары. Ағылшын тілін оқыту құралдары. Тыңдауға және сөйлеуге үйрету. Жазуға және оқуға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дефектология негіздері және логопедия
    Несиелер: 3

    Курсты оқу барысында білім алушылар дефектология ғылымының қысқаша тарихымен, арнайы білім беру мен тәрбиелеуді қажет ететін балалар топтарымен танысады және оларға арналған арнайы мекемелер жүйесі туралы білімдермен қаруланады. Сондай-ақ аталған пәнді оқудың нәтижесінде әртүрлі ауытқулары бар балаларды топтастыру типтерін ажырата алады, арнайы мекемелердің жұмыс істеу бағыттарын меңгереді және әртүрлі ауытқулары бар балалардың психолого-педагогикалық мінездемесімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көрнекілік жасау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Көрнекіліктерді жасау әдістемесі пәні көрнекіліктердің әдістемелік мақсатын жетілдіруді көздейді. Курс соңында студент дидактикалық материалдардың және көрнекіліктің түрлерін, дидактикалық материалдарды қолданудың әдіс-тәсілдерін дайындау үлгілерін біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Педиатрия негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - болашақ тәрбиешілерге баланың денесінің даму ерекшеліктері мен заңдылықтары, сыртқы ортаның мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен денсаулық жағдайына әсері туралы білім беру. Пәннің қысқаша мазмұны: балалардың денсаулығы мен физикалық дамуы. Балалар ауруларының алдын алу және жазатайым оқиғалар мен жарақаттар кезіндегі алғашқы көмек. Балалардағы ауру мен жарақаттың себептері, олардың ағзаға әсері.. Мектепке дейінгі мекемелердегі аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары. Балаларды гигиеналық тәрбиелеу, ата-аналар мен қызметкерлерді санитарлық ағарту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік қабілетін қалыптастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты- мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу іс-әрекеттерін анықтау. Бұл мақсатқа жету барысында келесі міндеттерді шешу керек: -мектепалды даярлық топтағы тәрбиеленушілердің зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру; - зерттеу бағытындағы ұйымдастырылған оқу — қызметінің құрылымын құрастыру; - мектепке дейінгі балалардың зерттеу — іздену жұмыстарының түрлері, т.с.с.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Арттерапия
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттерді арттерапия бағытының теориясы мен тарихымен, курстың әдіснамалық негіздерімен таныстыру. Студент меңгереді: психолог – арт-терапевт жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін, міндеттері мен принциптерін, арт-терапияны дамытудағы отандық және шетелдік мектептердің негізгі тәсілдерін, сурет салу мен сурет салу тестінің диагностикалық мүмкіндіктерін, суретпен (суретпен) жұмыс істеудің топтық және жеке әдістерін, арт-терапия түрлері, ертегі терапиясы, библиотерапия, драмалық терапияны.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 4

    Мақсаты:студенттерді″ ғылым″, ″ғылымтану″ ұғымдары мен таныстырып, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерту. Студенттерге педагогика ғылымының зерттеу нысаны, заңдылықтары туралы білім беру, ғылыми зерттеу әдістерін практикалық түрде қолдана білуін дамыту; ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру. Өзін қызықтырып мәселені теориялық материалдармен толықтырып, практикалық тұрғыда тәжірибе жинауға үйрету. Өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз ету, зерттеудің әдіснамасын меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі мекемедегі шығармашылықпен жұмыс (аппликация,мүсіндеу,сурет салу) әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты - болашақ тәрбиешілерге мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін шығармашылық жұмыстарыдың түрлерімен, ерекшеліктерімен таныстыру. Бейнелеу өнері негіздерінен шығармашылық жұмыс арқылы (аппликация, мүсіндеу, сурет салу) – болашақ тәрбиешілерді жүйелі білім беру, сабақ жүргізуге кәсіби даярлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби орыс тілі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты болашақ мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласында орыс тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру. Пәннің міндеттеріне мыналар жатады: - орыс тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру; - кәсіби мәтіндермен жұмыс істеуге, оны тілдік-жағдаяттық негізде меңгеруге дағдылану; - тілдік тұлғаның қатысымдық құзіреттілігін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Балалардың есту қабілетінің жоғалуы (Coursera)
    Несиелер: 3

    Бұл курс қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін есту қабілетінің төмендеуі, жоғалуы туралы, есту және вестибулярлық жүйелер жұмысының негіздері туралы толық ақпарат беріледі және студенттерге медициналық, білім беру және үй жағдайларының кең ауқымында дереу қолдануға болатын негізгі білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON12

    Инклюзивті білім беру жағдайында түзету-педагогикалық қызметті жүзеге асырады.

  • Код ON5

    Мектепалды даярлықтың психологиялық-педагогикалық диагностикасының әртүрлі тесттік бағдарламалары мен әдістемелерін талдайды.

  • Код ON7

    Педагогтың кәсіби қызметінің ғылыми негіздерін, педагогикалық мамандықтың ерекшелігін, мектепке дейінгі ұйымдар педагогының жұмысындағы зерттеу әдістерін анықтайды

  • Код ON6

    Кәсіби міндеттерді орындаудың типтік әдістері мен тәсілдерін таңдауда, олардың тиімділігі мен сапасын бағалауда өз қызметін ұйымдастырады

  • Код ON1

    Cаяси үдерістерді дамытудың негізгі түсініктері мен ғылыми білім кешендерін біледі және меңгерген, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың жаңа философиясын, кәсіпкерлік және инновациялық - инвестициялық қызметті біледі және рационалдылық мәдениетін түсінеді.

  • Код ON9

    Ақпараттық орта мүмкіндіктерін пайдалану арқылы кәсіби білім мен іскерлікті жетілдіреді

  • Код ON4

    Педагогикалық қызметте мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тиімді технологияларын, қоршаған орта мен айналаны танудың түрлі тәсілдерін қолданады.

  • Код ON11

    Мектепке дейінгі жастағы балалар мен оқушылардың денсаулығын сақтау және тәрбиелеуде, оқыту және тәрбиелеу процесін ұтымды ұйымдастыру үшін анатомия, физиологиядағы білімдерін және денсаулық сақтау технологияларын пайдаланады.

  • Код ON10

    Білім беру мекемесін басқаруда жүйелілік, гумандылық, адамгершілік, құзіреттілік және технологиялық ыңғай дағдыларын сипатттайды.

  • Код ON2

    Мектепке дейінгі білім берудің жоғары деңгейіне жетудегі кәсіби қызметті, психологиялық-педагогикалық білім бойынша іздеу, құрылымдау және жүйелеу дағдылары мен іскерліктерін меңгерген

  • Код ON8

    Оқыту мен тəрбиелеуде тұлға дамуының психологиялық заңдылықтары жөніндегі білімдерді қолданады

  • Код ON3

    Тіл терминдері мен ұғымдарын, тіл мен тіл дыбыстарының айтылу заңдылықтарын, сөз мағынасының түрлерін меңгерген және оларды сөйлеуде дұрыс қолдану,өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін білдіреді.

6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01202 6B01202 -Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогы және мектепке дейінгі ұйымдағы психологы
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01202 6B01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Бакалавриат

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Бакалавриат

Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы (ағылшын)
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, педагогикалық анимация
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top