Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • -оқыту және тәрбиелеу процестерінде балалардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті ;
  • - заманауи білім беру әдістемесін және технологиясын қолданып, оқу-тәрбие үдерістерін жоспарлайды;
  • - әріптестерімен әрекеттесе отырып, мектепке дейінгі білім беру сатысында оқыту сабақтастығы мен кіріктіру қағидаттарына сәйкес оқу-әдістемелік материалдарын әзірлейді;
  • - мектеп жасына дейінгі балалардың оқу жетістіктерін диагностикалайды, мониторингті жүзеге асырады;
  • - мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша білім ортасының зерттеулерін жоспарлайды және жүргізеді.
  • - кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады;
  • - оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық әдеп ережелерін сақтай отырып, гуманистік педагогика идеяларын қолданады;
  • -мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады;
  • - оқыту мен тәрбиелеу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, балаларды тілдік және интеллектуалдық дамытуда пәнді оқытудың, ұйымдастырылатын іс-әрекеттің түрлі педагогикалық құралдары мен тәсілдемелерін қолданады;
  • - көптілді ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады;
  • - командада жұмыс жасау қабілеттігін көрсетіп, кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады;
  • - мектепке дейінгі білім саласында мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы кәсіби қабілетті қалыптастырады;
Top