Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы (ағылшын) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Латын әліпбилі қазақ жазуы

    Латын әліпбиі негізінде қазақ жазуының теориялық аспектісі; латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі мен орфографиясының ерекшеліктері; жазу теориясының негізгі санаттары; латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобасы; ұлттық әліпби құрудың негізгі алғышарттары; жаңа орфография ережелерінің негізгі принциптері;графикамен және алфавитпен арақатынасы; қазақ графикасы мен орфографиясы,сингармонизм заңы.

    Несиелер - 2
  • Оқу практикасы

    Педагогикалық ұжымның қызметі және мектеп жасына дейінгі балалармен, балабақша топтарының материалдық базасымен танысу. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын зерттеу үшін тәрбиешінің қолданатын педагогикалық зерттеу әдістері. Құжаттармен және оларды жүргізу тәртібімен танысу. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің педагогикалық қызметінің құрылымын зерттеу. Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынас стилін анықтау және бақылау.

    Несиелер - 2
  • Жобалық іс-әрекет негіздері

    «Жобалау әрекетінің негіздері» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Жобаның мәнін анықтау. Жобалау әрекетінің түрлері мен типтерін жіктеу. Жоба тақырыбын таңдауға қойылатын талаптар. Жобаның тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау. Жобаның ғылыми аппараты. Жобаның жоспарын жасау. Жобалау әрекетінің тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерттеу. Ақпаратты жинау және талдау тәсілдері. Ақпарат көзімен жұмыс істеу әдістері. Интернетте ақпаратты іздеу. Жобаны рәсімдеуге және қорғауға қойылатын талаптар.

    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балаларда карапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі

    Мектеп жасына дейінгі балаларда ҚМҰҚ әдістемесі курсының теориялық негіздері. Мектеп жасына дейінгі балаларды математикаға оқытуды ұйымдастыру. Әртүрлі жастағы балаларды жиынмен таныстыру. Балаларда сандар туралы түсінік қалыптастыру. Балаларда заттардың көлемі, оларды өлшеу туралы түсінік қалыптастыру. Заттардың формасы, кеңістік, уақыт туралы түсініктерді қалыптастыру. Балабақшада балалардың математикалық түсініктерін дамыту бойынша жұмысты жоспарлау. Балаларда математикалық түсініктерінің дамуын диагностикалау.

    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар

    Педагогикалық технологияның мәні мен даму кезеңдері. Педагогикалық технологияның жіктелуі. Жобалық оқыту технологиялары. Жоба әдісі және жобалық оқыту технологиясы туралы түсінік. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) оқу үрдісін технологияландыру құралы ретінде. Интерактивті оқыту бағдарламалары. Оқу сабағында мультимедиа технологиясын пайдалану (слайд-шоу, интерактивті тақта, аудио және бейне файлдар). Ойын технологиясы. ТРИЗ. Денсаулық сақтау технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы. М. Монтессори технологиясы.

    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілі В1-В2 (арнайыландырылған)

    Абстрактілік, нақты тақырыптағы, кәсіби күрделі мәтіндердің жалпы мазмұнын, кәсіби пікірталастарды түсіну. Көркем фильмдерін, заманауи мәтіндерін, ақпараттарын, әдеби прозаны егжей-тегжейлі түсіну. Шетелдіктермен еркін ауызша қарым-қатынас іскерлігі. Өзекті мәселелерде өз ойын, көзқарасын дәйекті түрде дәлелдеу. Әртүрлі тақырыпқа эссе, баяндама, нақты хабарламалар, хат жазу, негізгі мәселеге қатысты басқалардың ойларын көрсетіп, өз көзқарасын білдіру.

    Несиелер - 5
  • Өндірістік (Педагогикалық) практика

    Балабақша тәрбиешісінің қызметін толық көлемде орындау: практикадан өту кезеңінде циклограммаларды әзірлеу және жоспарлау; барлық оқу пәндері бойынша технологиялық карталарды әзірлеу, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін жоспарлау және өткізу, тәрбиешілер мен студенттердің ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысу және талдау жасау; тәрбие іс-шараларын жоспарлау және өткізу; педагогикалық ұжымның қызметіне қатысу; ата-аналармен жұмыс жүргізу. Өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметтері мен тәрбиелік іс-шаралардың өзіндік талдауын жүзеге асыру. Практика қорытындысы бойынша есеп дайындау.

    Несиелер - 7
  • Отбасы педагогикасы

    Отбасы - әлеуметтік феномен және әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық зерттеу пәні. Отбасындағы қарым-қатынас құрылымы. Балалар мен ата-аналардың қарым- қатынастары. Ата-аналар ұстанымын қалыптастыру. Қазіргі ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы. Отбасы -тәрбие институты және педагогикалық жүйе. Отбасында дене және психологиялық денсаулықты сақтау. Отбасына психологиялық-педагогикалық көмек.

    Несиелер - 3
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту әдістемесі

    Сөйлеуді дамыту әдістемесінің пәні. Балабақшада сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс жүйесі. Байланыстырып сөйлеуді дамыту әдістемесі. Сөздікті дамыту әдістемесі. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру әдістемесі. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі. Көркем әдебиетпен жұмыстың әдістемесі. Сауат ашуға дайындық. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуінің дамуын диагностикалау. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың сөйлеуін дамыту жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау.

    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі педагогика

    Мектепке дейінгі педагогиканың қалыптасуы мен дамуы. Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мазмұны, әдістері, құралдары және формалары. Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-кеңістіктік дамытушы орта. Балаларды мектепте оқуға дайындау.

    Несиелер - 5
  • Педагогикалық анимация

    Педагогикалық анимациялық технологиялар негіздері. Анимациялық қызметтің құралдары, формалары және әдістері. Театр педагогикасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері. Тынығу драматургиясының негіздері. Педагогикалық режиссура - мәдени бос уақыттың өзараәрекетінің логикасын құру үдерісі. Қызығушылығы бойынша клубтық қызмет, ұйымдастыру әдістемесі мен технологиясы. Анимациялық жобалау әрекетінің құрылымы мен технологиясы. Әлеуметтік-қорғау және оңалту технологиялары және анимация. РR технологиясы - заманауи анимациялық практикадағы коммуникациялық технологиялардың бір түрі.

    Несиелер - 5
  • Ойын іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі

    Ойын-мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті. Адамзаттың даму тарихында ойынның қалыптасуы. Балалар ойынының әлеуметтік сипаты. Мектепке дейінгі тәрбиенің қазіргі теориясы мен тәжірибесіндегі балалар ойынының мәселесі. Ерте жастағы балалардың ойындарын басқару. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойындарын басқару. МДҰ-да әртүрлі ойын түрлерін ұйымдастыру. Сюжеттік-рөлдік ойындар. Дидактикалық ойындар. Театрландырылған ойындар. Құрылыс ойындары.

    Несиелер - 4
  • Балалар әдебиеті

    Балалар әдебиеті жалпы әдебиеттің бір бөлігі ретінде. Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктері. Көркем мәтіннің құрылымы мен мазмұны. Балалар оқуы. Фольклор және оның дидактикалық әлеуеті.Ертегілердің, эпикалық шығармалардың, әндердің, мақал-мәтелдердің ерекшеліктері. Қазақ және орыс әдебиеті. Балаларға арналған кеңес әдебиеті. Балаларға арналған поэзия. Шетелдік балалар әдебиеті. Балаларға арналған заманауи әдебиет.

    Несиелер - 3
  • Балалар психологиясы

    Балалық шақтың феномені психологиялық мәселе ретінде. Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын дамытудағы іс-әрекеттің рөлі. Мектепке дейінгі жаста танымдық процестер мен қабілеттерді дамыту. Мектепке дейінгі балалық шақта тұлғаның дамуы. Баланың мектепте оқуға дайындығы. Мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің психологиялық ерекшеліктері. Балалардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтары (оның мақсаты, мазмұны және әдістері). Білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық саласын дамыту.

    Несиелер - 5
  • Балабақшадағы әдістемелік жұмыс

    Әдіскер жұмысының ұйымдастыру-теориялық негіздері. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың маңызы. Әдістемелік кабинет жұмысының бағыттары. Әдістемелік жұмыстың формалары. Педагогикалық кеңес. Мектепке дейінгі балалар ұйымында әдістемелік жұмыстың жетекші формалары. Консультациялар. Семинар. Тәрбиешімен әңгімелесу. Тәжірибелі педагогтардың жұмысын ұжымдық қарау. Әдістемелік жұмыста тәрбиешілерді белсендіру әдістері.

    Несиелер - 5
  • Балаларды мектепалды даярлау

    «Балаларды мектепалды даярлау» түсінігі мазмұнының теориялық негіздері. Мектепке дайындық - күрделі көп компонентті ұғым. Дайындық түрлері. Қазіргі баланың мектепке дайындығы- балабақша мен мектептің сабақтастық жүйесінің базалық буыны. Баланың мектепке бейімделуі мәселесі. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың мектепке оқуға қызығушылығын тәрбиелеу. Ынтымақтастық - мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты жүзеге асыру шарты. Педагогтер мен ата-аналар ынтымақтастығының қазіргі формаларының сипаттамасы.

    Несиелер - 5
  • Ерте балалық шақ педагогикасы

    Ерте жастағы балаларды дамыту және тәрбиелеу негіздері. Ерте жастағы балалар дамуының психофизиологиялық ерекшеліктері. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы жағдайында ерте жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің заманауи мәселелері: балаларды дамытудың негізгі міндеттері; ерте жастағы балалар дамуының өзіндік жағдайлары. Ерте жастағы топтарда психологиялық-педагогикалық диагностика. Ерте жастағы балалармен бірлескен заттық-ойын

    Несиелер - 4
  • Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық диагностика

    Педагогикалық диагностиканың теориялық және әдіснамалық негіздері: «педагогикалық диагностика» ұғымының мәні, педагогикалық диагностиканың функциялары, принциптері мен жүргізу ережелері, МДҰ-да педагогикалық диагностиканы жүргізудің нормативтік-құқықтық негіздері, педагогикалық диагностиканы әзірлеу және жүргізу алгоритмі. Педагогикалық диагностика әдістері (бақылау, сауалнама, әңгімелесу, сұхбат). Байқау педагогтың кәсіби сапасы ретінде. Педагогикалық диагностика мектеп жасына дейінгі баланы тану құралы ретінде. Білім беру жағдайларының педагогикалық диагностикасы.

    Несиелер - 3
  • Мектеп жасына дейінгі балаларда драмалау дағдыларын дамыту

    Мектеп жасына дейінгі балаларда драмалау дағдыларын дамыту бойынша бастауларды қалыптастыру (коммуникативті - тілдік, ойын, артикуляциялық дағдылар). Адамгершілік нормалары туралы түсінік. Балаларды театр мəдениетіне баулу. Театрландырылған əрекеттің алуан түрлі тəсілдерін жəне жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, клоун жəне тағы басқа) меңгерту. Мектеп жасына дейінгі балаларда драмалау дағдыларын дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларда драмалау дағдыларын дамыту бойынша жұмысты жоспарлау.

    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекетінің әдістемесі

    Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу іс-әрекетіне үйретуді ұйымдастыру. Әртүрлі жас топтарында балаларды сурет салуға үйрету. Әртүрлі жас топтарында балаларды мүсіндеуге үйрету. Әртүрлі жас топтарында балаларды аппликация жасауға үйрету. Әртүрлі жас топтарында балаларды құрастыруға үйрету. Балабақшада бейнелеу іс-әрекеті бойынша жұмысты жоспарлау.

    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгі гигиена

    Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының жалпы заңдылықтары Физиология, нерв жүйесінің гигиенасы, жоғарғы нерв қызметінің жас ерекшеліктері. Физиология, сенсорлық жүйелер. Ішкі секреция бездерінің физиологиясы, жыныстық тәрбие. Жас ерекшеліктері, тірек-қимыл аппараты, вегетативтік жүйелердің ерекшеліктері. Балабақша ғимараттарына, топтарына, ауа ортасына, жарықтандыруға және жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері.

    Несиелер - 3
  • Өндірістік (Педагогикалық) практика

    Балабақша тәрбиешісінің қызметін толық көлемде орындау: практикадан өту кезеңінде циклограммаларды әзірлеу және жоспарлау; барлық оқу пәндері бойынша технологиялық карталарды әзірлеу, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін жоспарлау және өткізу, тәрбиешілер мен студенттердің ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысу және талдау жасау; тәрбие іс-шараларын жоспарлау және өткізу; педагогикалық ұжымның қызметіне қатысу; ата-аналармен жұмыс жүргізу. Өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметтері мен тәрбиелік іс-шаралардың өзіндік талдауын жүзеге асыру. Практика қорытындысы бойынша есеп дайындау.

    Несиелер - 8
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесінің әдістемесі

    Музыкалық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері, музыкалық даму деңгейлері. Балалардың музыкалық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Балалардың музыкалық тәрбиесінің әдістері мен тәсілдері. Музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдар. Ән айту. Ритмика. Балалар музыкалық аспаптарында ойнау. Музыкалық шығармаларды қабылдауды белсендіру әдістері мен тәсілдері. Музыкалық іс-әрекеттің әрбір түрлерін ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдану. Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесі мен дамуының диагностикасы.

    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілі В1-В2 (салалық)

    Мамандық бойынша арнайы мәтіндерді пікірталаста түсіну. Оқу, жұмыс орны, үй, ойындар кезіндегі лингвистикалық өзара іс-қимыл. Биология бойынша сөйлеу тілін, терминологияны қолдану, ақпараттық көздерін пайдалану дағдыларын тыңдау. Оқылатын тілдерді кенеттен меңгеруді өте еркін қатысуға диалогта баяндау, өз көзқарасының артықшылықтары мен кемшіліктерінің негізгі проблемаларын көрсете отырып басқа да пікірлер айту.

    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілі С1 (салалық)

    Сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша С1 деңгейін оқыту мақсатында коммуникативтік біліктілік, тарих, тіл оқытатын елдің тарихын түсіну, өзге елдің мәдениетімен салыстыру сауалнама, пікірталас, контекстінде идиоматикалық сөйлемнің орынды қолданылуымен; бағалау және оқиғаны түсіндіру болып табылады. Сөйлеу дағдыларын тиімді көрсету. Мәселелерді талқылау дағдылары. Жазбаларды жүргізудің тиімді стратегиялары. Дәріс жазбаларды құру.

    Несиелер - 5
  • Педагогикалық өлшемдер

    Оқу нәтижелерін бағалаудың қазіргі заманғы құралдары. Бағалау мәселесі. Критериалды бағалау технологиясының моделі. Бағалау қағидаттары. Кезеңдер және бағалау құралдары. Критериалды кестелер - рубикаторлар. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық (ішкі және сыртқы) бағалау. Жиынтық бағалау нәтижелерінің модерациясы. Білім беру нәтижелерін бағалаудың жас ерекшеліктері.

    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру

    Әлеуметтік және білім беру саясатындағы мектепке дейінгі инклюзивті білім берудің рөлі. Мектепке дейінгі инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі, модельдері, формалары, түрлері. Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелері. Мүмкіндігі шектеулі балалармен және олардың отбасыларымен жұмыстың психологиялық-педагогикалық технологиялары. Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру ұйымдарында педагогтармен және психологтармен өзара іс-әрекет жасау.

    Несиелер - 5
  • Педиатрия негіздері

    Мектеп жасына дейінгі бала дамуының морфо-функционалды ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды күту және сыртқы ортаны ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Бала денсаулығының негізгі факторлары. Балалардың демалысын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың рационалды тамақтану негіздері, балалар диетологиясы. Балалардың психикалық денсаулығының негіздері. Күн тәртібінің және дене белсенділігінің мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуына әсері. Мектеп жасына дейінгі балаларда жиі кездесетін аурулар.

    Несиелер - 3
  • Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау

    Теориялық және практикалық бөлімді қамтитын, арнайы пәндердің таңдалған тақырыбы бойынша дипломдық жобаны орындау. Бұл ретте білім алушы оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық және педагогикалық технологияларын қолдана отырып, мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістерін меңгереді. Дипломдық жұмыс бөлімдерін орындау кезінде өзінің кәсіби сауаттылығын көрсетеді.

    Несиелер - 12
  • Ағылшын тілі В1-В2

    Таныс тақырыптардағы толыққанды баяндамалар мен дәрістер. Ағымдағы оқиғалар жайлы жаңалықтар мен репортаждар. Заманауи проблематикалар бойынша мақалалар мен хабарламалар, заманауи көркем проза. Таныс мәселе бойынша пікірталастарда ой-пікірін түсіндіріп, белсенді қатысу. Өзекті мәселе тұрғысында пікірлер бойынша дәйектемелер келтіру. Аса мән беруге тұрарлықтай оқиғалар мен пікірлерді анықтай отырып, эссе, баяндамалар, хаттар жазу.

    Несиелер - 5
  • Педагогикалық практика

    Мектепке дейінгі ұйымдағы күнтізбелік жоспарды, циклограммалар мен дәптерлерді зерттеу және талдау, тәрбиешінің мектеп жасына дейінгі балалармен оқу жұмысын жоспарлау жүйесін зерттеу. Балалардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың әр түрлі кезеңдерінде тәрбиешінің оқыту әдістерін қолдануына бақылау жүргізу, ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау. Мектепке дейінгі білім берудің барлық пәндері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізу, мәдени бос уақыттарын ұйымдастыру, оларды өзіндік талдау. Педагогикалық тәжірибе қорытындысы бойынша есеп дайындау.

    Несиелер - 4
  • Арт білім беру

    Отандық өнер мен көркем мәдениеттің ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы базалық білім. Курс өнердің барлық түрлерін қамтиды, бұл қазақтардың адамгершілік-эстетикалық әлемі эволюциясының жалпы көрінісін, әдет-ғұрып элементтерін және қазіргі қазақстандық келбетін қалыптастыру үшін олардың маңызын құруға мүмкіндік береді.

    Несиелер - 5
  • Жаңа формация педагог-тәрбиешісі

    Педагогикалық мамандық: мәні, ерекшеліктері, қазіргі даму тенденциялары. Педагогтың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігі: біліктілік түсінігі, педагогтың біліктілігіне қойылатын талаптар, біліктілік санаты. Кәсіби құзыреттілік түсінігі, кәсіби міндеттердің тізімі. Педагог-тәрбиешінің кәсіби қызметі, педагогикалық қызметтің құрылымы. Педагогтың кәсіби қызметін жүзеге асыру шарттары. Педагогтың педагогикалық тәжірибесі мен зерттеу қызметінің ерекшеліктері.

    Несиелер - 3
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар

    Білім беруді ақпараттандыру. Заманауи цифрлық технологиялар және олардың білім беруде қолданылуы. Мультимедиялық технологиялар. Білім берудегі 3D технология. Сандық білім беру ресурстарының классификациясы. Жоғары сапалы цифрлық білім беру ресурстарын дамыту. Виртуалды шындық Сандық робототехника. Оқу үрдісінде сандық білім беру ресурстарын пайдалану әдістері.

    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі

    Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің даму тарихы. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда табиғатты пайдаланудың міндеттері, принциптері, формалары, әдістері мен тәсілдері. «Мен және қоғам», «Менің туған өлкем» оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінің мазмұны. Табиғат бұрышы және балабақша учаскесі мектепке дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің негізгі базасы ретінде. Дамытушы экологиялық орта- тәрбие әдісі. Экологиялық тәрбие әдістері. Балалар эксперименті. Балалардың экологиялық тәрбиесінің формалары.

    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі педагогика тарихы

    Мектепке дейінгі педагогиканың пайда болу тарихы. Құл иеленушілік, феодалдық құрылыстағы мектепке дейінгі тәрбие. Я.А.Коменскийдің педагогикалық көзқарастары. XVII-XVIII ғғ., XVIII – XIX ғғ. бірінші жартысындағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының дамуы. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық қызметі мен мұрасы. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мектепке дейінгі педагогика. Кеңестік мектепке дейінгі педагогика. Тәрбиеші мамандығының пайда болу тарихы. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламалары. Қазақстандағы балабақшалардың даму тарихы.

    Несиелер - 5
  • Ұлттық тәрбие

    Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің мәні; қазақ халқының тарихы, тілі, әдет - ғұрыптары мен дәстүрлері, өзіндік ерекшеліктері; ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, қазақ халқының, бүкіл Қазақстан халқының құндылық бағдарларының мәні; этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық диалог; Жалпыадамзаттық құндылықтар- «Мәңгі» Мейірімділік, Ақиқат, Сұлулық идеалдарын тіркейтін, бейбітшілікті, тыныштықты сақтауға ықпал ететін өмір.

    Несиелер - 3
  • Мектепке дейінгі ұйымның дамытушы ортасын жобалау

    «Заттық-кеңістіктік дамытушы орта» ұғымының мәні мен мазмұны. Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның сипаттамалары. Заттық орта мектеп жасына дейінгі балалардың позитивті әлеуметтенуінің шарты ретінде. Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар топтарында заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның ерекшеліктері. Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құрастыру принциптері. Балалар іс-әрекетінің түрлерін және балалар мен ересектердің өзара іс-әрекетін дамыту үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру. Орта баланың қозғалысқа, қарым-қатынасқа, танымға деген қажеттілігін қамтамасыз ету құралы ретінде.

    Несиелер - 3
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әдістемесі

    Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі дене тәрбиесі. Дене тәрбиесі құралдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың моторикасының даму ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің формалары, мазмұны және әдістері. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды негізгі қозғалыстарға үйрету әдістемесі. Қозғалыс ойындары. Спорттық ойындар және жаттығулар. Мектепке

    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім берудегі менеджмент және электронды құжаттандыру

    Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырудың міндеттері мен принциптері. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Балабақшалар және оларды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін қаржыландыру. Мектепке дейінгі ұйымдағы менеджмент негіздері. Әдіскер- мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымын ұйымдастырушы. Мектепке дейінгі ұйымды басқару әдістері. Мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жоспарлау. Ұйымдастырылған оқу қызметтерін жүргізуді есепке алудың электрондық журналы, ұйымдастырылған оқу қызметтерін автоматты түрде бөлу, толтырылған құжаттар мен есептер, тәрбиешілер мен балалардың қатысуын бақылау

    Несиелер - 5
  • Оқу практикасы

    Педагогикалық ұжымның қызметі және мектеп жасына дейінгі балалармен, балабақша топтарының материалдық базасымен танысу. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын зерттеу үшін тәрбиешінің қолданатын педагогикалық зерттеу әдістері. Құжаттармен және оларды жүргізу тәртібімен танысу. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің педагогикалық қызметінің құрылымын зерттеу. Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынас стилін анықтау және бақылау.

    Несиелер - 2

Оқыту нәтижелері

  • - мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын, кәсіби этиканың ұстанымдарын түсінеді, педагогикалық қызметте пәндік сала бойынша білімін, педагогикалық өлшемдерді, білім беру жүйесінің даму тенденциялары, нормативтік құқықтық актілер мен электронды құжаттарды жүргізу негіздерінен білімдерін пайдаланады;
  • - білім беру үдерісіндегі барлық субъектілердің (тәрбиешінің, балалардың және олардың ата-аналарының) қызметін, мектепке дейінгі білім беру саласындағы оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын талдайды, өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге дайын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті бар зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеуге мақсатты орната отырып, оқу-тәрбие үдерісін модельдейді;
  • - психикалық, психофизиологиялық дамудың жалпы, өзіндік және жеке ерекшеліктері мен инклюзивті білім берудің құндылықтарын есепке алу құралдарын пайдаланады, әртүрлі жас деңгейлерінде мінез-құлық пен іс-әрекетті реттеу ерекшеліктерін біледі;
  • - психологиялық және педагогикалық зерттеу әдістерін меңгереді, өнім, болжам жасау, құбылыстың немесе оқиғаның жүйелі түсіндірілуі үшін әр түрлі көздерден ақпаратты талдайды, жинақтайды, шығармашылықпен түрлендіреді, педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік тұғыр танытады);
  • - әртүрлі жастағы балалардын дамуын диагностикалау әдістерін, оқыту мен тәрбиелеуде білімнің әртүрлі теорияларын пайдаланады, оқыту мен тәрбиелеуде балаларда субъектіні, коммуникативтілікті, гуманизм мен толеранттылықты, ынтымақтастық пен сыни ойлау қабілеттерін дамыту үшін әдіснамалық тұғырды қолданады;
  • – балалар іс-әрекетінің әрбір түрлерін ұйымдастыру тәсілдерін меңгереді, балалардың зерттеу және жобалау іс-әрекетімен байланысты ойын әрекетін ұйымдастыру әдістерін, мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (SMART және STEM технологиялары) қолданады;
  • - этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды, қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін, ұлттық тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдарын ескере отырып, көпмәдени ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдерін меңгереді;
  • - кәсіптік міндеттерді шешуде пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-әрекетке қатысады, балаларды өзгермелі еңбек нарығына бейімдеуде қажетті құзыреттілікті дамыту үшін оқуға және ұтқырлыққа қабілетті болады;
Top