Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01404 Дене шынықтыру және спорт в Mardan Saparbaev Instityty

  • Таңдаған спорт түрінің теориясы
    Несиелер: 5

    Спорттық дайындық, жаттығу, бәсекелестік жүйелер теориясы мен әдістемесін зерттейді. Қазақстандағы спорт түрлерінің даму тарихын қарастырады. Спорт түрлеріндегі жарыстық қызметтің техникалық, тактикалық шеберлігін сипаттайды. Инновациялық технологиялық ғылыми білімді педагогикалық бейімдеу жүйесін талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттану адамның адаммен, қоғаммен, қоршаған ортамен қарым-қатынасын реттейтін этикалық және заңнамалық нормаларды білуге, қоғамдық және жеке құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікке қатер төндіретін қоғамға қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесі мен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән білім алушының экологиялық дүниетанымын және тіршілік қауіпсіздігі бойынша зиянсыз, әрі қауіпсіз өмір сүрудің негізгі білімдерін қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы қауіпті және төтенше жағдайларда адамның қауіпсіз іс-әрекетін, азаматтық қорғаныстың мақсатын, құрылымын, міндеттерін білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дене шынықтыру және спорт тарихы
    Несиелер: 6

    Дене шынықтыру мен олимпиадалық спорттың негізгі кезеңдерін, даму тарихын баяндайды. Дене шынықтыру мен спорттың теориялық аспектілерін тарихи тұрғыдан түсіндіреді. Тарихи тәжірибені практикалық қолдануға үйретеді. Халықаралық спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына сыни талдау жасайды. Дене тәрбиесінің отандық және шетелдік жүйесінің дамуының негізгі кезеңдерін тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік дағдылары
    Несиелер: 5

    Курс бизнесті жүргізу дағдыларын теориялық зерделеуге және практикалық қолдануға, студенттердің жалпы экономикалық және басқарушылық дайындығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік қызметтің мәні мен ұйымдастырушылық аспектілері және оның экономиканы дамытудағы мақсаты туралы білімді қалыптастыруға, нарықтық қатынастарға сәтті қатысу мәселелері бойынша кәсіпкерлік қызмет тәсілдерін зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жалпы және спорттық гигиена
    Несиелер: 5

    Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын ағзаның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуін зерттейді. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға байланысты түрлі факторлардың денсаулыққа әсерін: сыртқы орта жағдайлары; дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру мен мазмұны; дене шынықтыру жаттығуымен айналысу процесіндегі дене белсенділігінің көлемі мен қарқындылығы; тамақтану сипаты; спортшыларды техникалық жарақтандыру және жабдықтауды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Анатомия және спорттық морфология
    Несиелер: 5

    Адам ағзасының пішінін, құрылысын және дамуын, анатомия мен спорттық морфологияны зерттейді. Дене тәрбиесі бойынша педагогтердің медициналық-биологиялық дайындығын қарастырады. Әртүрлі мамандандырылған спортшылардың дене пропорциясын, конституциясын және морфологиялық өзгерістерді анықтауға қажетті практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік Ел идеясы және рухани жаңғыру
    Несиелер: 3

    Пән қазақ халқының зияткерлік Күшін, қазақстандық мәдениеттің қуатын өзін - өзі ұйымдастыруға, ұлт пен елдің рухани, ғылыми-зияткерлік ғылыми-шығармашылық және көркемдік әлеуетін жаңартуға негізделген, Қазақстанның азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлігін, адамгершілік-рухани жаңғыруын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі рухани сабақтастығы
    Несиелер: 3

    Курс Қазақстан халқының өркениеттік және дүниетанымдық тамыры мен руханиятына қызығушылықты қалыптастыруға және жандандыруға, этностың мәдени тарихының құрамдас бөлігі ретінде дүниетаным мен философия тарихын білуге, қазіргі қоғамдық сұраныс пен контекстке қарамастан халық ойшылдарының мұрасын зерттеуге, қазіргі заманғы қоғамдық сұраныс пен дүниетанымдық түсінігі контекстінде дәстүрлі бастауларға жүгінуге, этностың өмірлік перспективаларын түсінуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 5

    Онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін, өсу және даму барысындағы мүшелер жүйесінің және жалпы организмнің қызметтерін, әрбір жас кезеңіндегі осы қызметтердің өзіндік ерекшелігін зерттейді. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің физиологиялық-гигиеналық негіздеріне, оқушылардың еңбек және демалыс режимін оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Спорттық морфология
    Несиелер: 5

    Адам анатомиясының морфологиялық ерекшеліктерін, спорттық жаттығулардың тірек-қимыл аппаратына тигізетін әсерін сипаттайды. Спортшыға сыртқы ортаның, еңбектің, әлеуметтік жағдайлардың тигізетін әсерін қарастырады. Спортшылардың жаттығу деңгейіне морфологиялық бақылауды жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Курс оқыту мен тәрбиелеу саласындағы педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары туралы ұғымдарды қалыптастыруға, кәсіптік педагогикалық қызметтің жалпы сипаттамасы, педагогиканың пәні, әдіснамасы және құрылымы, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі туралы, кәсіптік шеберлік пен педагогикалық технологиялар, мектепте білім беру процесін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті дағдылар туралы білімді меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорт психологиясы
    Несиелер: 5

    Спорттық психологияның даму заңдылықтары мен негіздерін анықтайды. Спорттық психология саласындағы теориялық білімді зерттейді. Спортшының жеке ерекшеліктерін бағалау мақсатында психодиагностиканы таңдау дағдыларын қалыптастырады. Арнайы психологиялық дайындық формасын ұсынады. Спортшының жарыстарға жауынгерлік даярлығын қалыптастыруда жекелеген техникаларды пайдалануға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Пән дамуы қалыпты және ауытқитын балаларды бірлесіп оқыту идеясын дамыту туралы теориялық білімді қалыптастыруға, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің міндеттері мен мазмұнына, студенттерді дамуы бұзылған оқушыларға білім берудің педагогикалық жүйелері саласында қажетті біліммен жарақтандыруға және интеграция жағдайында түзету-дамыту оқу процесін ұйымдастыруға даярлауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Әртүрлі спорт түрлерімен айналысатын спортшылардың қаңқа бұлшықеттерінің функционалдық ерекшеліктерін, тыныс алу, қан айналымы, жүйке және басқа да жүйелерінің физиологиялық өзгерістерін зерттейді. Физикалық қасиеттерді арттыру мақсатында физиологиялық көрсеткіштерді, спортшылардың психологиялық бейімделу мәселелерін ескере отырып, физикалық белсенділікті ұйымдастыруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биомеханика
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларда адамның қозғалыс әрекеттерінің негіздері туралы биомеханикалық білімді қалыптастырады. Биомеханиканың төрт негізгі бөлімін қарастырады: спорттық қозғалыстардың кинематикасы, спорттық қозғалыстардың динамикасы, моториканы оқытудың биомеханикалық заңдылықтары және қозғалыс қасиеттерінің биомеханикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән болашақ мұғалімнің оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және техникасы саласындағы кәсіби-педагогикалық құзыретін қалыптастыруға, студенттерді диагностикалық, мақсатты болжау, жобалау, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, талдамалық іскерліктермен қаруландыруға, оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге, білім алушылармен өзара іс-қимылға жауапты және шығармашылық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру және спорт саласындағы маманның жан-жақты кәсібилігін, жалпы кәсіптік міндеттерді шешуге дайындығын сипаттайды. ZOOM, WEBEX платформаларында қашықтықтан білім беру технологиялары мәселелерін қарастырады. Дене шынықтыру саласындағы жалпы теориялық бағдарларды, ұйымдастыру және басқару мәселелерін қарастырады. Дене шынықтыру саласына негізделген педагогика мәселелері бойынша инновациялық педагогикалық идеяларды талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Гимнастика
    Несиелер: 5

    «Гимнастика» пәні студенттердің гимнастика саласындағы арнайы білімін қалыптастырады, күрделілігі әртүрлі гимнастикалық жаттығуларды сәтті меңгеру үшін қажетті қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту және жетілдіру үшін қозғалыстардың жаңа түрлеріне, гимнастика сабағына саналы қатынасты үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Футбол
    Несиелер: 5

    Спорттық жаттығулардың практикалық негіздерін үйретеді. Футболшының жүктемесінің көлемін жасына байланысты, қатысушылардың техникалық, тактикалық және физикалық дайындығына қойылатын талаптардың сақталуын анықтайды. Ұйымдастырушылық және төрешілік шеберліктерін жетілдіреді. Ойын әдістерін меңгеруге үйретеді және біліктіліктің жоғары деңгейін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қозғалыс ойындары
    Несиелер: 5

    Жас ерекшеліктеріне байланысты оқу процесінде қозғалыс ойындарының әдістері мен әдістерін үйретеді. Қозғалыс ойындарының дене шынықтыру көрсеткіштерін жақсартуға әсерін бағалайды. Қозғалыс ойындарының ережелерін, принциптерін, әдістерін үйретеді. Топта жұмыс істеудің іскерлік дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Балалар мен жасөспірімдер спортын оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіби қызметті анықтайтын іргелі білім жүйесін қалыптастырады. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кезіндегі бейімделу процестерін, балалар мен жасөспірімдер ағзасының функцияларын реттеудің негізгі физиологиялық механизмдерін зерттейді. Балалар мен жасөспірімдер спортының жалпы және арнайы дене шынықтыру принциптерін, жас спортшыларды дайындауды ұйымдастыруды, жоспарлауды және бағдарламалауды түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектепте ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Ұлттық спорт түрлерін оқытудың әдістемелік негіздерін қарастырады. Қазіргі кезеңде елімізде ұлттық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін талдайды. Балалар мен жасөспірімдерді дамыту мен тәрбиелеуде тиімді пайдалану жолдарын ұсынады. Ұлттық спорт түрлерінің әдістемесін әзірлеуге және жетілдіруге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ұлттық спорт түрлері
    Несиелер: 5

    Ұлттық спорт ойындарын жіктейді. Тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, ұлттық ойындарды талдайды. Ұлт денсаулығын жақсарту, ұлттық-мәдени құндылықтарды Қазақ ұлттық ойындары арқылы қалыптастыру үшін қозғалмалы ойындар технологиясын қолдануға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорттық медицинасы және массаж
    Несиелер: 5

    "Спорттық медицина және массаж" пәні дене шынықтыру мен спорттың денсаулыққа, дене дамуының функционалдық мүмкіндіктеріне әсерін зерттейді. Дене тәрбиесінің міндетті бағдарламаларының медициналық-биологиялық негіздемесін, дене шынықтырумен айналысу процесінде дәрігерлік бақылау әдістерін жетілдіруге; дене шынықтырумен және спортпен жөнсіз айналысумен байланысты патологиялық жағдайлардың алдын алу және емдеу мәселелерін әзірлеуге ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздерін анықтайды. Дамудың негізгі кезеңдерін мен тарихын түсіндіреді. Спорттық көрсеткіштерді анықтайтын жаттығулардың негізгі кезеңдері мен мерзімдерін қарастырады. Жарыстардың түрлері мен ережелерін жіктейді. Түрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Емдік дене тәрбиесі және массаж
    Несиелер: 5

    Онтогенездің әр кезеңінде балалар, жасөспірімдер мен ересектер денесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, функционалдық бұзылуларды және оларды түзету әдістерін зерттейді. Ағзаның жай-күйіне медициналық-биологиялық және психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізу; ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; жарақаттанудың алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шағын комплекті мектепте гимнастиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Әр түрлі жастағы контингенті, саны және дене дайындығының әртүрлі деңгейлері бар білім беру мекемелерінде гимнастиканы оқытудың кәсіби-педагогикалық әдістемелерін қарастырады. Гимнастикалық снарядтардағы жаттығуларды оқыту әдістемесін орындау және қолдану дағдыларын жалпы білім беретін мектептің талаптары, оқушыларға сараланған көзқарас және ұйымдастырудың әртүрлі әдістері мен оларды біріктіруді қолдану көлемінде қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі және критериалды бағалау
    Несиелер: 5

    "Критерий", "бағалау", "білім беру нәтижесі" ұғымдарын зерделейді, тұрған міндеттерді нақты түсіну негізінде білім алушымен жұмыс істеу әдістемесін меңгереді. Сабақ өткізу кезінде білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескереді. Білім алушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы білімдерін көрсетеді. Оқытудың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың практикалық дағдыларын тұжырымдайды. Білім алушылардың үлгеріміне мониторингті жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Базалық спорт түрлерін оқыту әдістемесі (мектеп бағдарлама бойынша)
    Несиелер: 4

    Спорттың базалық түрлері бойынша сабақтарды ұйымдастыру әдістері мен өткізу әдістемелерін зерделейді. Спорттың негізгі түрлерінде дене қасиеттерін дамыту әдістемесін меңгеру, кәсіби маңызды қозғалыстар техникасын меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Спорттың базалық түрі бойынша төрешілік негіздерін, спорт ғимараттары мен сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Үстел теннисі
    Несиелер: 5

    Халықты сауықтыру және дене тәрбиесі жүйесіндегі үстел теннисінің рөлін қарастырады. Үстел теннисінің пайда болуы мен даму кезеңдерін сипаттайды. Спортшыны оқытудың тиімді тактикасы мен әдістемесін зерттеу әдістерін, дайындықтың бастапқы кезеңінде теннисшінің негізгі физикалық қасиеттерін жіктеуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спорттық құрылыстар
    Несиелер: 5

    Спортшылардың жасына, физикалық дамуына байланысты санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес спорт ғимараттарын жоспарлау, салу және пайдалану ережелерін зерттейді. Спорт ғимараттарын тазалау, жөндеу және пайдаланудан шығару, шұғылданушылар арасында аурулардың таралуының алдын алу бойынша нормативтік нұсқаулықтар туралы білімді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Волейбол
    Несиелер: 5

    Волейболшыларды дайындаудағы спорттық жаттығулардың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздерін баяндайды. Спорт командасын қалыптастырудың техникалық және тактикалық әдіс-тәсілдерін жіктейді. Волейболшылардың жеке ойыны мен команданың ойынын талдайды. Болашақ мамандардың біліктілігін бағалай отырып, ұжымды және спорттық дайындықты басқару дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бейімдеуші дене шынықтыру
    Несиелер: 5

    Әртүрлі жастағы және нозологиялық топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеу үшін қажетті білімді, іскерлікті қалыптастырады. Бейімдік дене тәрбиесін ұйымдастырудың әдістері, құралдары мен нысандары мазмұнының ерекшеліктерін; ҚР Бейімдік дене тәрбиесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спорттық метрология
    Несиелер: 5

    Спорттағы метрология, стандарттау және бақылау негіздерін үйретеді; метрологиялық нормативтермен және өлшеу құралдарын аттестаттаумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады; физикалық жай-күй көрсеткіштерін, техникалық-тактикалық шеберлік пен жаттығу жүктемелерін өңдеу мен талдауды тіркеу тәсілдерін метрологиялық қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Паралимпиадалық ойындары
    Несиелер: 5

    Білім алушылардың білімін кеңейтеді, жоғары оқу орнында оқу пәндерін табысты игеруге жәрдемдеседі. Әлемдегі және ҚР-дағы паралимпиада қозғалысының тарихын; жазғы және қысқы Паралимпиада ойындарын өткізу хронологиясын; қазақстандық мүгедек спортшылардың паралимпиада ойындарына қатысуын қарастырады. Спортшыларды мүгедектігі бойынша жіктелуін және оларды сыныптарға бөлуді зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеулер және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің өз ғылыми жобаларын жүзеге асыру және халықаралық академиялық қоғамдастықтың нормаларына сәйкес өз нәтижелерін жазбаша түрде ұсыну, зерттеу әдістерін қолдану, өз зерттеулерінің ережелерін дәлелді ұсыну және өз ғылыми жобасын жүзеге асыру үшін тиісті құралдарды таңдау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дене шынықтырудың ақпараттық технологиялары
    Несиелер: 3

    Дене шынықтыру және спорт саласында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды құру және пайдалану бойынша іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Дене шынықтыру және спортта АКТ қолданудың негізгі бағыттарымен; ақпараттық технологиялардың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен; спорт саласындағы кәсіби қызметпен байланысты мультимедиа және Интернет-технологиялармен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бокс
    Несиелер: 5

    Бокстың теориялық және практикалық негіздерін анықтайды. Бокстың дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын қарастырады. Техникалық және тактикалық дағдыларды тәжірибеде қолдануды үйретеді және оларды оқу процесінде қолдануға бағыттайды. Бокстан жалпы және арнайы дене жаттығуларын жоспарлау және өткізу мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ауыр атлетика
    Несиелер: 5

    Ауыр атлетиканың жалпы негіздері мен даму кезеңдерін сипаттайды. Жас санаттарын, салмақ санаттарын, спорттық даярлықты топтастырады. Дене күшін дамытудың жаңа элементтерін қарастырады. Жеке әдістер мен спорттық жаттығулар көмегімен практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру мен спортты ұйымдастыру және басқару
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру және спорт басқармасының негізгі және арнайы функцияларын, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мәселелерін зерделейді. Спорттық жарыстарды ұйымдастыру және оқу-жаттығу процесін басқару дағдыларын қалыптастырады. Дене шынықтыру және спорт қозғалысының әртүрлі құрылымдарында дене шынықтыру мен спортты дамытуды есепке алуды және перспективалық жоспарлауды қарайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Дене шынықтыру және спорттың білім беру бағдарламасын оқытуда кәсіби терминдер мен түсініктерді меңгеруге үйретеді. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің коммуникативтік кәсіби құзыреттілігін анықтайды. Іскерлік этикет нормаларын тұлғааралық қатынастарда сауатты қолдануға баулиды. Оқыту мен тәрбиелеуде көптілді тәсілді жүзеге асырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби-коммерциялық спорт пен СӨС ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Спорттың коммерциялық сегменттеріндегі спорттық менеджменттің ерекшеліктерін, спорттық және ойын-сауық компоненттерінің, спорттың сауықтыру және мәдени-демалыс функцияларының арақатынасын зерттейді. ҚР кәсіби, коммерциялық спорттың қалыптасу және даму тенденцияларын, заңдылықтарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорт менеджменті
    Несиелер: 5

    Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, дене шынықтыру және спортты басқару функцияларын анықтайды. Оқыту кезінде қолжетімді ортаны және жайлы эмоционалды-психологиялық климатты сақтау дағдыларына бар. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарын басқару жүйесін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Баскетбол
    Несиелер: 5

    Баскетболшыларды дайындауда спорттық жаттығудың теориялық-әдістемелік және практикалық негіздерін түсіндіреді. Әр түрлі жастағы баскетболшылардың дене жаттығуларының ерекшеліктері мен бейімделуін ескере отырып, спорттық дайындықты басқарудың әдістемесі мен құралдарын анықтайды. Баскетбол ойынының жоғары шеберлігіне қол жеткізудің техникалық және тактикалық әдістері мен тәсілдерін ажыратады. Әр түрлі спорттық санаттағы спортшылар үшін жаттығу процесін қалыптастыруға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гандбол
    Несиелер: 5

    Гандбол бойынша теориялық-әдістемелік, кәсіби-педагогикалық, жаттықтырушылық жұмыстарды меңгеруге үйретеді. Гандбол ойынының техникалық элементтерін және гандболды оқыту әдістерін зерттейді. Дайындық барысында команда мен жоғары дәрежелі гандболшылардың көрсеткіштерін салыстыру дағдыларын қалыптастырады. Жоғары шеберлікке жетудің техникалық және тактикалық әдістері мен тәсілдерін ажыратады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Таңдаған спорт түрінің техникалық-тактикалық дайындығы
    Несиелер: 5

    Техникалық және тактикалық жаттығуларды жоғары деңгейде қолдануды түсіндіреді. Әдістерді орындау кезінде көрсетілген қателерді анықтайды. Жаңа элементтердің тіркесімін, әдістердің комбинациясын талдайды. Тактикалық әдістерді, олардың комбинацияларын және басқа да нұсқаларын меңгеруді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу
    Несиелер: 5

    Студенттердің техникалық және тактикалық дайындығының негізгі теориялық білімдерін практикалық қолдануға үйретеді. Оқу - жаттығу жиындарының жүйесін, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуді, жоғары спорттық разрядтары бар спортшылардың және ісін жаңа бастаған спортшылардың жаттығуларын көздейді. Оқу - жаттығу сабақтарын өткізуге, спорттық жарыстарда команданы басқаруға, таңдаған спорт түрі бойынша жарыстарды ұйымдастыру әдістемесін игеруге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби спорт
    Несиелер: 5

    Кәсіби, әуесқой, олимпиадалық спорт түрлерін және олардың даму кезеңдерін, кәсіби спорттың теориялық және әдістемелік негіздерін зерделейді. Кәсіби спорттық жаттығулардың қағидалары мен заңдылықтарын меңгеруге үйретеді. Кәсіби спортшыны даярлау жүйесінде басқару, жоспарлау және бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Күрес
    Несиелер: 5

    Күрестің дамуы туралы тарихи мәліметтерді халықтардың этникалық дәстүрлеріндегі дене шынықтыру нысаны ретінде қарастырады. Палуандардың спорттық жетістіктерінің қозғалыс-психологиялық факторларын; жаттығу және жаттығудан тыс іс-шаралар шеңберінде балуандарды даярлау ерекшеліктерін; балуандарды дифференциалды даярлауды қарастырады. Дене шынықтыру және спорт бойынша мұғалімнің кәсіби дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шығыс жекпе-жегі
    Несиелер: 5

    Қазіргі уақытта қолданылатын негізгі шығыс жекпе-жегінің терминологиясымен таныстырады. Дене тәрбиесі жүйесіндегі жекпе-жек спортының орны мен қызметін анықтайды, даму тарихын жіктейді. Шығыс жекпе-жегін дамыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерге шолу жасайды. Шығыс жекпе-жегі жарыстаран жоспарлау мен ұйымдастыруға үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON13

    Спорттық жаттығу процесін, оның тиімділігін бақылауды және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, дене шынықтыру және спорт қызметі арқылы спортшының жеке басын қалыптастыруды жүзеге асырады. Кәсіби қызметте шет тілінің лексикалық және грамматикалық минимумын қолданады.

  • Код ON6

    Білім берудің интеграциясы мен сабақтастығы принциптерін ескере отырып оқу сабақтарын жоспарлайды, білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау құралдарын пайдалана отырып, педагогикалық іс-әрекетте оқыту мен диагностиканың жаңа технологияларын пайдаланады.

  • Код ON10

    Дене шынықтыру сабағында, ұлттық, қозғалмалы ойындар мен таңдамалы спорт түрлері жаттықтыруларында қолданылатын әдіс-тәсілдерді көрсету, талдау, оқыту әдістерін, дағдыларын меңгереді. Әртүрлі жас топтарындағы тұрғындарды дене шынықтыру-спорттық іс-шараларға және спортпен шұғылдануға ынталандырады. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын орындарды және спорт ғимараттарын жайластыру мен пайдалануды ұйымдастырады.

  • Код ON1

    Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін, атап айтқанда, дене шынықтыру және спорт саласындағы тарихи процестер мен шындықты философиялық түсіну ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы рөлі контекстінде сипаттайды.

  • Код ON11

    Сабақтарды, жарыстарды, бұқаралық спорттық іс-шараларды материалдық-техникалық жарақтандыруға қажетті негізгі құжаттарды құқықтық және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес ресімдейді. Дене шынықтыру мен спортта өлшеу және бақылаудың метрологиялық негізделген құралдары мен әдістерін қолданады.

  • Код ON5

    Оқу-тәрбие процесінде тұлғалық, сараланған және даралық тәсілдерді қолдана отырып, бала тұлғасын дамыту мен қалыптастыруда оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін таңдайды және қолданады.

  • Код ON9

    Медициналық-физиологиялық зерттеулердің сапалы және сандық әдістері арқылы әртүрлі жастағы және жыныстағы білім алушылардың физикалық даму диагностикасын қолданады. Емдік дене шынықтыру жүктемелері кезінде ағзаның жай-күйін физиологиялық, психологиялық және педагогикалық бақылауды ұйымдастыру дағдыларын меңгерген. Оқу-жаттығу процесінде, зерттеу қызметінде физиологиялық білімді пайдалану қабілетін көрсетеді.

  • Код ON7

    Дене шынықтыру және спорт тарихы бойынша білімге ие. Таңдалған дене шынықтыру және спорттық іс-әрекет түрінің әлеуметтік және тұлғалық маңыздылығын дәлелдейді, әлеуметтік-мәдени аспектіде оның даму шарттары мен бағыттарын түсіндіре алады.

  • Код ON12

    Жалпы дамытушылық, техникалық-тактикалық және дене жаттығуларының кешендерін әзірлейді, адам құрылымының биомеханикалық ерекшеліктері, адам қозғалысын басқару негіздері, адам қозғалысының кинематикасы мен динамикасы туралы білімді меңгереді. Спорттық құрал-жабдықтарды биомеханикалық талдау және бағалау әдістерін, есептеу және графикалық жұмыстарды орындау үшін көмекші және емдік жаттығуларды таңдауды меңгереді. Бұқаралық дене шынықтыру және спорттық ойын-сауық іс-шараларының материалдық-техникалық, құқықтық және қаржылық аспектілеріне талдау жасайды.

  • Код ON3

    Тұрақты азаматтық ұстанымын, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықты ұнатпайтынын, кәсіпкерлік қабілеттерін, құқықтық сауаттылығын, көшбасшылық қасиеттерін және сыни ойлау қабілетін көрсетеді. Адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын дәлелдейді, жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік және кәсіби белсенділікті қамтамасыз ету үшін қауіпсіз және саламатты өмір салты құндылықтарын жүзеге асырады.Адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасты дәлелдейді, жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік және кәсіби белсенділікті қамтамасыз ету үшін қауіпсіз және салауатты өмір салты құндылықтарын жүзеге асырады.

  • Код ON8

    Психикалық және психофизиологиялық дамудың жалпы заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, әртүрлі жас деңгейіндегі адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеу ерекшеліктерін пайдаланады. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі ағзаның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыра алады. Оқу-тәрбие үрдісінде және сабақтан тыс жұмыстарда оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге дайын.

  • Код ON4

    Оқыту теориясы мен әдістемесін , сондай-ақ кәсіби салада ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолданады, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін сақтайды, формальды және бейресми білім беру шеңберінде одан әрі оқытуды жобалай отырып, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін дамытады.

  • Код ON2

    Ақпаратты жинау және түсіндіру үшін қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік-этикалық нормалар мен ғылыми идеяларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастырады. Нақты және виртуалды салада мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын көрсетеді.

6B01404 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01404 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01404 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01404 Дене шынықтыру және спорт-Бастапқы әскери дайындық
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top