Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01509 Физика-Информатика в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

  • Педагогтың сандық сауаттылығы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – мұғалімнің цифрлық сауаттылығын ең маңызды өмірлік және кәсіби дағды ретінде, құрамдас бөліктерді, көрсеткішті, стратегиялық тәсілдер, мұғалімнің цифрлық сауаттылығының қағидаттары, әлеуметтік сала және мобильді педагогика, сонымен қатар цифрлық құзыреттілік – өзіндік оқу мазмұнын, оқушылардың цифрлық қауіпсіздік мүмкіндіктері мен қағидаттарын құру сауаттылығына бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Бұлттық сервистер және технологиялар
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты – бұлттық есептеулер архитектурасын, жүзеге асыратын орталарды және аталған орталарды болашақта кәсіби қызметтерінде қолдана білуге үйрету. Мазмұны: курс білім алушыларды бұлттық технологиялардың негіздерімен, бұлттық технологияларды талдау, бұлттық технологиялар арқылы жоғары деңгейдегі бағдарламалар кешенін пайдалану жолдарымен, академиялық бұлт ұғымымен, бұлттық сервистермен айналысатын компаниялармен, бұлттық шешім түрлерімен таныстыруға және бұлттық қойма құруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Шағын жинақты мектепте физика бойынша есептерді шығарудан практикум
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты– шағын жинақты мектеп базасында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, физикалық есептерді шешу, жоспарлау және оларды өңдеу дағдыларын меңгеру. Пән физикалық есептерді шешудің тиімді әдістерді меңгеруге, олардың мазмұнын және формаларын таңдауға, физикалық формулалар мен заңдарды іс жүзінде қолдануға, есептердің түрлерін, физика есептерін шешудің әдістері мен тәсілдері туралы білімдерді меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Білім берудегі STEM тәсілі
    Несиелер: 7

    Курстың мақсаты – білім беруде STEM тәсіліне концептуалды көзқарас қалыптастыру. Пәннің мазмұны бірнеше білім беру салаларының қиылысында қалыптасатын құзіреттіліктерді зерттеуге бағытталған. STEM- аббревиатурасының мағынасын түсіндіріп, білім беру бағдарламасы мазмұнына қатысты пәнаралық байланыстарды қамтитін тапсырмаларды жасатып, тәсілдің тәжірибесін жинақтауға негізделген. Осы тәсілге қатысты білім беру бағдармала нәтижелері бойынша болжамдар жасалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Электр және магнетизм
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім алушыларды қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын, өткізгіштердегі зарядтардың қозғалысы және токтардың магнит өрістері туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады. Пән электр және магнит өрістерінің табиғатын, қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын, өткізгіштердегі зарядтардың қозғалыс ерекшеліктерін және токтардың магнит өрістерінің қасиеттерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Педагогтың электрондық портфолиосы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты мұғалімнің және оның кәсіби іс-әрекетін одан әрі жетілдіруде, ақпараттық сауаттылықты қалыптастыруда теориялық дағдыларды меңгеруде маңызды рөл атқаратын мұғалімнің электрондық портфолиосы туралы білім алушыларда білім жүйесін қалыптастыру. Басқа мұғалімдермен, білім алушылармен және оқу үдерісінің басқа қатысушыларымен желілік мәдениет, сонымен қатар практикалық құзыреттіліктерді меңгеру, шығармашылық жетістіктерін көрсету, мұғалімнің озық тәжірибесін тарату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Конденсиялық күйдегі физика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты-конденсацияланған күй физикасының іргелі негіздерін және конденсацияланған орталардың қасиеттерін практикалық қолдану тәсілдерін зерттеу. Пән конденсацияланған орталардың физикалық-механикалық қасиеттері мен зерттеу әдістерін, құрылымдық-фазалық күйлердің ерекшеліктерін, кристалдардың симметриясы мен тұрақты күйін, кристалдық тордың ерекшеліктерін, фонондардың тербелістерін, қатты денедегі электрондардың статистикасын, қатты денедегі оптикалық сіңіру ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Болашақ педагогты даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты заманауи мектептің өзгермелі жағдайларында білім алушыларды тәрбиелеудің нәтижелілігін, білім беру мен оқытудың сапасын қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттіліктерді жетілдіру, қалыптастыру болып табылады. Пән әртүрлі типтегі сабақтарды, сыныптан тыс іс-шараларды жоспарлауға, жобалауға, білім алушылардың субъективті іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу және тәрбие процесінің әртүрлі кезеңдерінде осы қызметті басқаруға, өз қызметін де, білім алушылардың қызметін де талдауға және бағалауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Экономика және кәсіпкерліктің негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты экономика және кәсіпкерлік негіздерін қалыптастыру болып табылады. Пән кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциясы мен рөлін, бизнесті жүргізудің ұйымдастырушылық және қаржылық негіздерін және кәсіпкерлікті аспаптық қолдауды, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді ашуға, өмірдің әртүрлі салаларында экономикалық білім мен экономикалық ғылым әдістерін қолдануға, кәсіпкерлік қызмет саласында оңтайлы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Біртұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - Қазақстанда және шет елде әртүрлі кезеңдерде білім беру жүйелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Пән тәрбие мен білім берудің әдістері, формалары, құралдары, принциптері, инновациялық технологиялары, стратегиялары, бағалау критерилері, ынтымақтастық ортасын құру тәсілдері, оқу және тәрбие қызметін модельдеу және басқару, оны әдістемелік сүйемелдеу, мониторингті жүзеге асыру туралы теориялық білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Математикалық талдау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – бір және көп айнымалылардан тәуелді нақты аргументті функциялардың қасиеттері және шектері, дифференциалдық және интегралдық есептеулері аймағындағы ұғымдарды бойынша, сондай-ақ қатарлар теориясы бойынша негізгі білім-біліктерді қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқыту нәтижесінде алынған білімдер басқа пәндерді меңгеруге, математикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашып, білім алушыларға жаратылыстану-ғылымилық дүниетанымды қалыптастыру және жүйелі ойлауды дамытуға, білім беруді іргелі етуге жәрдемдеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Астрофизика
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты: бізді қоршаған дүниенің құрылымы мен құрамын және Мегағарыш суреті туралы түсініктерді зерттеу. Пән астрофизика мәселелері мен физикалық зерттеулер,жұлдыз шамалары және негізгі заңдылықтар туралы түсініктер және жұлдыздардың спектрлік жіктелуі,Галактикалар әлемі және метагалактиканың іргелі қасиеттері туралы түсініктер,жұлдыздардың, күннің ішкі құрылысы теориясының дамуы туралы білімдерді қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Электрониканың физикалық негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттерді жартылай өткізгіш аспаптар жұмысының физикалық негіздерімен таныстыру, сондай-ақ білім алушылардың қазіргі заманғы электрондық және жартылай өткізгіш аспаптардың жұмыс принциптері туралы білімдерін қалыптастыру. Пән жартылай өткізгіш аспаптардың, диодтардың, транзисторлардың жұмысының физикалық негіздерін зерттеуге, электрониканың физикалық негіздерінің басты принциптерін, типтік электронды аспаптардың жұмыс принциптері мен құрылымын игеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ақпараттық қауіпсіздік тақырыптарын оқытуда әдістемелік ресурстар жасау. Пән ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін қарастыруға, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты оқу материалдарын жүйелеуге, ақпараттық жүйеге төнетін қауіптер түрлерін ажыратуға, компьютерлік тазалық ережелерін орындауға, жеке меншік ақпаратқа қорғау құралдарын қолдануға,ақпараттық қауіпсіздікті басқару тәжірибесін, қорғау объектілерінің жіктелуі мен қасиеттерін, қазіргі заманғы қорғаныс құралдарының негізгі сипаттамаларымен танысуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Атом және атомдық ядро физикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: білім алушыларда физика пәнінен атомдық-молекулалық деңгейде базалық білімді қалыптастыру. Пән атомдық физика мен атом ядросы физикасының негізгі ұғымдарын, заңдары мен принциптерін игеруге, физиканың осы бөлімі туралы жалпы түсінік алуға және оның қазіргі физикадағы рөлін түсінуге, атомдар физикасы саласындағы теориялық және практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Педагогтың әдістемелік қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мұғалімнің әдістемелік мәдениетін және кәсіби құзыреттілігін, өз бетінше ойлануын қалыптастыру. Пән жаңартылған білім беру бағдарламасын, білім беру ортасын ұйымдастыру әдістерін, білім алушылардың дамуының психикалық және психофизиологиялық ерекшеліктері негізінде оқу және тәрбие процесін жүзеге асырудың әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық педагогикалық технологияларын пайдалануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: мектептегі жалпы білім берудің әртүрлі кезеңдерінде информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында болашақ мұғалімдерді дайындау. Пән мектептегі жалпы білім берудің әртүрлі кезеңдерінде информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын қалыптастыруға, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің жалпы мәселелерін, информатиканы оқытуды реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды, жалпы білім беретін мектептегі информатика пәнінің мемлекеттік стандартын зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Математикалық физиканың әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: математикалық физика есептерін құрастыру кезінде туындайтын дербес дифференциалдық теңдеулерді шешу үшін физикалық процестерді математикалық модельдеу әдістерінің негіздерін оқу. Пән функциялар және шекаралық есептер, математикалық физика теңдеулері және гиперболалық, параболалық, эллиптикалық типті теңдеулерді және Гельмгольц теңдеулерін шешу бойынша білім алуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Элементарлық математика
    Несиелер: 6

    Пәнді игерудің мақсаты математикалық деңгейді арттыру арқылы басқа байланысты пәндерді игеру үшін қажетті математикалық дағдыларды қалыптастыру және дамыту болып табылады. Пән білім мен дағдыларды дамытуға, мектеп математикасының белгілі мәліметтерін жалпылауға, практикалық есептерді шешу үшін осы материалдарды қолдануға, сондай-ақ логикалық ойлауды дамытуға, қарапайым математиканың басқа пәндермен байланысын түсінуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Оперциялық жүйелер және сервистік бағдарламалар
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты операциялық жүйелердің теориялық негіздерін, олардың құрылымдық ұйымдастырылуын, сипаттамаларын, есептеу жүйесінің аппараттық құралдарының логикалық мүмкіндіктері мен пайдаланушылардың бағдарламалары арасындағы байланысты қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арналған жұмыс принциптерін зерттеу болып табылады. Пән операциялық жүйелердің дамуының қысқаша тарихын, негізгі анықтамалары мен түсініктерін, ОЖ үзілістерінің механизмін, есептеу жүйесінің аппараттық құралдарының логикалық мүмкіндіктері мен пайдаланушылардың бағдарламалары арасындағы байланысты қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арналған жұмыс принциптерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Информатиканың теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Мақсаты: информатиканың фундаментальды ұғымдарын: ақпараттар теориясының негізін, алгоритмдердің тиімділігіне талдау жасау, математикалық модельдеу және информатиканың семантикалық негіздерін оқып үйрену болып табылады. Пән ақпараттық процестерді жоғары деңгейде қалыпқа келтіруге қажетті теориялық негіздерді және математикалық модельдерді оқытуға, оқылатын әдістер аясында ақпаратты өңдеудің практикалық дағдыларын меңгеруге және кәсіби қызметте пайдалануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Физика пәнінен инновациялық зертханалық практикум
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімалушыларға қазіргі заманғы АКТ құралдарын қолдана отырып, физика бөлімдері бойынша зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге, физикадан жаңа инновациялық зертханалық жұмыстарды әзірлеудің негізгі идеялары мен әдістерін іздеуге бағыттау. Пән еліміздің заманауи мектептерінде физика мұғалімдерін кәсіби даярлау сапасын қамтамасыз етуге, инновациялық технологиялардың жаңа тәсілдерін және сабақта практикалық қолдануды іздеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларда ғылыми зерттеулердің негіздері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін қажетті ғылыми танымның негізгі тәсілдері мен әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыру. Пән ғылыми зерттеулердің принциптерін, заңдарын, нысандарын зерделеуге және зерттеу әдістерін таңдау, іске асыру, зерттеу процесін ұйымдастыру технологияларын қолдану, талдау, жалпылау, ғылыми зерттеу нәтижелерін ресімдеу дағдыларына бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-қазіргі заманғы объектіге бағытталған бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, объектіге бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптерін зерттеу, көпфункционалды қосымшаларды құрудың негізгі әдістерін үйрету, Заманауи бағдарламалау технологияларының даму жағдайын түсіндіру. Пән бағдарламалау жүйелері, алгоритмдік тілдің негізгі элементтері, блок-схемалар, символдық айнымалылар мен жолдарды өңдеу айнымалыларының түрлері және динамикалық жад, динамикалық деректер құрылымдары, модульдік бағдарламалау туралы жалпы ақпаратты зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Интернет технологияcы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ретінде білім алушыларда әлемдік ақпараттық желінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету технологиялары мен әдістері туралы, Интернет желісінде ақпаратты сақтау мен ұсынуды ұйымдастыру кезінде интернет технологияларын қолдану теориясы мен тәжірибесінің негіздері туралы білім жүйесін қалыптастыру, клиенттік бағдарламалаудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалана отырып Интернет-қосымшаларды жобалау дағдыларын қалыптастыру. Пән стильдердің каскадтық кестелерін, HTML тілін және дизайн элементтерін қолдана отырып, өзінің web-беттерін құру дағдыларын үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Мәліметтер қоры
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты болып ақпараттық жүйелерде мәліметтер базасын жобалау негіздерін, мәліметтерді іздестіру және өңдеу әдістерін меңгеру, мәліметтер базасын басқару жүйелермен жұмыс ұйымдастыру. Пән деректер қорының ақпараттық моделін және реляциялық деректер қорының құрылымдарын жобалауды, SQL тілінде деректер қорына интерактивті режимде және жоғары деңгейдегі бағдарламаларда сұраныстарды қалыптастыруды, объектіге бағытталған тілдердің деректер қорына қол жеткізуді бағдарламалауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
  • Оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – инновациялық технологиялармен, құралдармен, нысандармен, жолдармен, әдістермен, әдістемелермен, стратегиялармен және оқыту құралдарымен, сапалық және сандық бағалау көрсеткіштерімен, инновациялық бағалау тенденцияларымен және оларды оқу-тәрбие қызметінде практикалық қолданумен таныстыру. Пән іс-әрекеттің мазмұны мен түрін дамытуға, бағалау нәтижелерін қадағалауға, талдауға, рефлексия жүргізуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Академиялық жазу негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың академиялық жазу саласындағы білім жүйесін, академиялық жанрлардың ерекшеліктерін, ғылыми мәтіндерді жазу ережелері мен принциптерін қалыптастыру. Пән әртүрлі көздерден алынған ақпаратты синтездеу және талдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға, өз идеяларын құрылымдық түрде баяндауға, ғылыми жұмыстың ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми және академиялық жанрдың әртүрлі мәтіндерін құра білуге ​​бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәнді оқытудың мақсаты: білім алушыларды физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесімен таныстыру. Пән болашақ педагогтарды кәсіби қызметке дайындауға, олардың өз пәнін оқытудың негізгі әдістері мен әдістерін игеруге және білім алушылардың физика сабағында тәрбие жұмысын ұйымдастыруға; заманауи педагогикалық технологиялардың негіздерін, оқытудың жаңа стратегияларын, сондай-ақ мектептің физика курсының бағдарламаларын білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Мектеп информатикасының мазмұндық тараулары әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерін зерттеу. Пән орта мектепте информатиканы оқытудың теориялық және практикалық негіздерін, информатика мектептегі ғылым және оқу пәні ретінде, информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері, формалары мен әдістерін, бөлімдерді оқыту әдістемесін, информатиканы қосымша оқыту формалары және оның мектептегі қосымшаларын оқыту нысандарын үйретуге бағытталған. Оқыту нәтижесінде білім алушылар орта білім берудің барлық сатыларын оқытудың интеграциясы мен сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып оқу сабақтарын жоспарлайтын болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Жартылай өткізгіштер және диэлектриктер физикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: заманауи физикадағы жартылай өткізгіш және диэлектриктердің теориясы мен әдістерінің негізгі идеялары және түсініктері туралы студенттердің білімін қалыптастыру. Пән жартылай өткізгіштер мен диэлектриктер физикасының негізгі түсініктерін, жартылай өткізгіштердегі тең электрондар мен саңылауларының статистикасын, сыртқы өрістердегі заряд тасымалдаушылардың қасиетін, төмен өлшемдегі жартылай өткізгіштер жүйесін зерттеуді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Кванттық механика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушылардың релятивистік емес кванттық механиканың негізгі ережелерін игеруі, кванттық процестерді материалистік позициядан түсіндіру. Пән кванттық механиканың негізгі постулаттары мен принциптерін зерттеуге, релятивистік емес кванттық механиканың негізгі ұғымдарын қолдануға бағытталған. Кванттық механикалық есептерді шешу және компьютерлік, цифрлық технологиялардың көмегімен зертханалық жұмыстарды орындау үшін жалпы және жуықтап шешу әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 1
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 5

    Берілген пәннің мақсаты ретінде компьютерлік графиканың әдістері мен құралдарын меңгеру, бейнемонтаж бағдарламалары, векторлық және растрлық графика редакторлары көмегімен екіөлшемді және үшөлшемді геометриялық үлгілерді тұрғызу технологиялары болып табылады. Пән студенттерді компьютерлік графика тарихымен, оның негізгі түсініктерімен, CorelDraw-мен жұмыс істеу тәсілдерімен, үшөлшемді графиканың негізгі осьтерімен, 3D MAX жұмыс істеу әдістерімен, бейнемонтаж рөлдерімен, PhotoShop-та жұмыс істеу тәсілдерімен, креативті жобаны әзірлеу жолдарымен таныстыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты: техника және технологиялық бағытындағы оқитын білім алушыларға ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерінің теориялық негіздерімен таныстыру. Пән ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерінің теориялық негіздерін,ақпаратты қорғау мәселелерінің өзектілігін, криптографиялық жүйелердің математикалық негіздерін,криптографияда модулярлық арифметиканы қолдануды,шифрлеудің дәстүрлі жүйелерін,симметриялық және асимметриялық жүйелерді, құпия хабарламалармен алмасу кезінде криптографиялық хаттамаларды,тэлектрондық цифрлық қолтаңба алгоритмдерін оқытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Компьютерлік жүйелерінің сәулеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларға заманауи компьютерлер мен компьютерлік жүйелердің сәулеттік қабілеттерін, функционалды түйіндерді жобалау негіздерін, есептеу кешендерін ұйымдастыру негіздерін үйрету болып табылады. Пән компьютерлерді ұйымдастыру принциптерін зерттеуге және олардағы деректерді, компьютерлердің жадын ұйымдастыру принциптерін, интерфейс жүйелерін, компьютерлік жүйелер архитектурасының заманауи түрлерін, компьютерлерді ұйымдастыру принциптерін, компьютерлік технологияның даму тарихын, компьютер буындарын және олардың жіктелуін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Астрономия
    Несиелер: 6

    Мақсаты: аспан денелерінің табиғаты, олардың қозғалысы, шығу тегі және дамуы туралы жалпы түсініктерді зерттеу Пән аспан денелері мен жалпы Ғаламның табиғатының іргелі заңдарын, Күн жүйесінің құрылысын, Күн жүйесі денелерінің табиғатын, Күн мен жұлдыздарды, әлемнің құрылысы мен эволюциясын, даму тарихын, әлемнің құрылысы туралы түсініктерді дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Молекулалық физика
    Несиелер: 5

    Пәнді игерудің мақсаты: білім алушыларды молекулалық физиканың негізгі бөлімдерімен таныстыру. Пән газ бен сұйықтықтардың қозғалысының молекулалық-кинетикалық теориясының негіздерін, нақты және идеал газдардың заңдылықтарын зерттеуге, алған білімдерін есептерді шешуге қолдануға, зертханалық құралдармен және әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, зерттеудің негізгі физикалық әдістерімен танысуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Термодинамика және статистикалық физика
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты: макроскопиялық жүйелердің болуы мен өзгеруінің термодинамикалық және статистикалық заңдылықтарының негіздерін зерттеу. Пән термодинамика шеңберінде сипатталған құбылыстарға қатысты мәселелерді статистикалық тәсіл арқылы, олардың тәжірибелік техникалық қолдану салаларымен зерттеуге, термодинамиканың негізгі заңдары мен әдістерін, квазистатикалық және статикалық емес процестерді, тепе-теңдік және тұрақтылық шарттарын игеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Кәсіби қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-болашақ мамандардың құқықтық мәдениеті мен саналы парасаттылығын қалыптастыру. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білімді және болашақ кәсіби қызметтегі осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру дағдыларын қалыптастыруға, білім алушыларды әлеуметтік процестерді құқықтық реттеудің негізгі жолдарымен, мемлекеттік басқарудағы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтың рөлімен таныстыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Оптика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-жарықтың таралу заңдарымен және оның затпен өзара әрекеттесуімен байланысты физикалық құбылыстардың негіздерін зерттеу. Пән толқындық құбылыстар мен процестер арасындағы өзара әрекеттесулер мен заңдылықтарды зерттеуге, толқындық және тербелмелі құбылыстар және олардың оптикамен байланысы туралы білімді қалыптастыруға, оптикалық кескіннің геометриялық теориясымен танысуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Педагогикалық бағдарламалық құралдардың дизайны және құрылымы
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты білім алушыларды педагогикалық дизайн технологиясын қолдану барысында жоғары тиімділікті электронды оқыту үшін оқу материалдарын жобалау, студенттерді заманауи компьютерлік графика негіздерімен, даму үрдістерімен таныстыру, студенттерді кәсіби қызметінде қолданбалы кәсіби бағдарламаларды қолдануға үйрету. Пән болашақ мұғалімдерді педагогикалық бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуге дайындауға және оқу құралдарының дизайнын жасау үшін технологияларды меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Физиканы ағылшын тілінде оқытудың әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімалушыларды физика мұғалімінің кәсіби қызметіне дайындау, оның барысында мұғалім оқу-тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық функцияларды жүзеге асырады. Пәнді оқу білім алушыларды Қазақстан Республикасындағы көптілді білім берумен байланысты жалпы орта білім беру мекемелерінде бейіні бойынша одан әрі өз бетінше жұмыс істеу кезінде қажетті практикалық және теориялық білімді игеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушыларда экология негіздері және қауіпсіз тіршілік ортасы туралы білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пән халықты табиғи және техногендік сипаттағы қауіптердің ықтимал салдарларынан қорғау бойынша экологиялық ойлау, болжау және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешімдер қабылдау дағдыларын, адам қызметінің қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету әдістері мен құралдары туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Механика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімалушылырға механиканың негізгі ережелерінің ұғымдары, заңдылықтары және әдістері туралы білімдерді меңгерту. Пән статиканың, механиканың, кинематиканың, динамиканың негізгі түсініктерін, заңдары мен модельдерін, энергияның механикалық жұмысқа айналуын, материалдық нүктенің, қатты дененің және механикалық жүйенің қозғалысын оқып-үйренуге сонымен қатар алған білімдерін механика есептерін шығаруда қолдана білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Физикалық процессерді компьютерлік үлгілеу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімалушылардын физикалық процестерді модельдеудін негізін түсіну. Пән компьютерлік бағдарламаларды зерделеуге бағытталған, оның көмегімен физикалық процестерді модельдеуге, эксперимент немесе зерттеудің күтілетін нәтижесінің моделін құруға, объектіге бағытталған бағдарламалаудың негізгі әдістері туралы білім алуға, қосымшаларды құрудың заманауи технологияларын игеруге және ғылыми эксперимент нәтижелерін жоспарлау мүмкіндігіне ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Инклюзивтті білім беру
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты –білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту туралы түсініктерді, диагностикалық технологиялар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Пән білім алушының ерекше қажеттіліктерін ескеретін кедергісіз дараланған білім беру инклюзивті ортасын құру үшін ұйымдастырушылық-басқару, тәрбиелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық дағдылар мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
  • Патенттану, инновациялар және технологиялар трансфері
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты білім алушылардың технологиялар трансфері саласындағы ұйымдардың құжат айналымы саласында дағдыларын игеру болып табылады. Пән патенттік құқықтың негізгі ережелері мен анықтамаларын зерделеуге, білім алушының инновациялық техникалық шешімдерді, пайдалы модель туралы түсініктерді және зияткерлік қызмет нәтижелерін кейіннен коммерцияландыру стратегиясын ескере отырып, құқықтық қорғау әдісін дұрыс таңдау қабілетін игеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Код ON3

    Орта білім беру бағдарламасы және мектеп дидактикасын қолдану аясында физика және информатиканың даму тарихын, негізгі заңдылықтарын, фактілерін, технологиялары мен құбылыстарын түсіндіру;

  • Код ON11

    Физика және информатика бөлімдеріндегі, оның ішінде стандартты емес және күрделілігі жоғары есептерді шешу;

  • Код ON4

    Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың әдістемелері мен әдістерін, зияткерлік меншік құқығын және кәсіпкерлік дағдыларды қорғау әдістерін пайдалана отырып, білімалушылардың оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру.

  • Код ON1

    Экология және тіршілік қауіпсіздігі, экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, зерттеу әдістері салаларында жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға ретінде білімін көрсету.

  • Код ON6

    Физика мен информатиканы оқыту саласындағы педагогикалық қызметте әртүрлі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, бағдарламалау және ақпаратты өңдеу әдістерін қолдану;

  • Код ON7

    Білім берудегі жаңа трендтер, физика және информатика пәндері бойынша заманауи білім беру мазмұнының қағидаттарын, сабақты зерделеу әдістерін және білім беру үдерісін жаңғырту үшін оқушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалауды жүйелеу;

  • Код ON12

    Зертханалық жұмысты орындау барысында демонстрациялық тәжірибелер мен эксперимент қою.

  • Код ON8

    Орта білім берудің мемлекеттік білім беру стандартына және ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес пәнаралық байланыстарды және оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып физика және информатика бойынша оқу процесін жобалау;

  • Код ON10

    Аралас және қашықтан оқыту жағдайында пәндердің мазмұнын сапалы аудару мақсатында компьютерлік дизайн және ІТ технологиялар дағдыларын пайдалана отырып, әртүрлі оқу, электронды және ақпараттық ресурстарды әзірлеу.

  • Код ON2

    Жеке тұлғаның үйлесімді дамуының құндылықтарын, белсенді азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін, өзін-өзі дамыту принциптерін, толеранттылық пен кәсіби мәселелерді шешу, тұлғаның үйлесімді дамуын сипаттау.

  • Код ON9

    Физика және информатика курстарын оқытуды оқу мақсаттарына сәйкес, саралап және кіріктірілген білім берудің белгілі педагогикалық технологияларын, дамыта оқыту, инклюзивті білім беру және құзіреттілік тәсілін, критериалды бағалау стратегияларын пайдалана отырып жүзеге асыру;

  • Код ON5

    Педагогикалық әдеп ережелерін сақтай отырып, дүниетанымы кең, ойлау мәдениеті қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға бағытталған физика және информатика пәндерін оқытудың бағдарламалары мен әдістерін қолдану;

6B01509 Физика және информатика
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01509 Физика-Информатика
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01509 Физика және информатика пәнінің мұғалімі
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01509 Физика-Информатика
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
Top