6B01402 Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпы мәдени және кәсіби құзіреттіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті дене шынықтыру пәнінің мұғалімін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Валеология және сауықтыру технологиялары
Валеология—дені сау адамдардың саулығы туралы ғылым. Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің біріне халық денсаулығына қоршаған орта факторлары әсер етеді. Білімгерлердің тұлғалық дамуын қалыптастырады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайларда халық денсаулығының қалыптасуы тенденциясы мен заңдылықтарын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жеңіл атлетиканы оқыту әдістері
Жеңіл атлетиканың жаттығулар мен дене шынықтыру сабақтарын өткізу мүмкіндігі, отандық, шетелдік жүйедегі жаттығуларды жүргізудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы, оларды мектеп бағдарламасына енгізу жолдары, оқу жаттығу процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде ғылыми негізделген тәсілдер, олардың практикалық қолданулары қарастырылады. Спорттық бағдарлау жүйесін критериалды бағалау, тұлғааралақ қарым-қатынаста коммуникативтілік таныту, инновациялық технологияларды пайдалану жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
Таңдаған спорт түріндегі іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесін іске асыруда спорт саласының негізгі бөлімдерінің теориясы, оқу -жаттығу процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер, спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелері, басқару құрылымы, білімгерлердің физиологиялық ерекшеліктерінің тұжырымдамалары қарастырлады. Командалық, оқу-жаттығу жиындарын, жарыстарды өткізу, отандық, шетелдік спорт түрлері бойынша іскерліктер мен дағдылар қалыптастыру жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Қозғалыс ойындар оқыту әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша)
Қозғалыс ойындарының негізгі ерекшелігі дене жаттығуларының көп жақтылығынан көрінеді. Қозғалыс ойындары ақыл-ойды дамытады, қабылдауды жетілдіреді, қимылды басқару мен психикалық қабілетін дамытады. Мектепке дейінгі мекемелер мен орта оқу орындарында дене шынықтыру бойынша білім беруде инновациялық технологияларды қолданады. Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жылжымалы ойындардың қазіргі заманғы теориялық ғылыми-әдістемелік құралдарын пайдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Анатомия, спорттық морфология негіздері
Білімгерлердің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес адам денесінің құрылысы мен қызметі, өсу мен дамудың негізгі заңдылықтары, балалар мен жасөспірімдердің антропометриялық, физикалық, психологиялық параметрлерін анықтау бойынша заманауи әдістемелер мен диагностика, спортшы ағзасының морфологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Физикалық жүктемелерге бейімделу мен физиологиялық қайта қалыптасу жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дене шынықтыру тарихы, олимпиадалық білім
Дене шынықтыру тарихы, олимпиадалық білім қоғам өмір сүруінің әр түрлі кезеңдеріндегі дене тәрбиесі саласындағы құралдар мен әдістерді, идеялары мен теориялардың пайда болуын, адамдардың мәдениеті, тәрбиесі мен білімінің құрамдас бөлігі ретінде оларды өндірістік әскери қызметке дайындауды қарастырылады. Отандық және шетелдік дене шынықтыру және спорт жүйелерінің өзара байланысын тәжірибеде қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасерекшелік психологиясы
Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Гимнастика оқыту әдістемесі
Гимнастикалық жаттығуларды практикада қолдану жолдары, спорт түріне іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесін іске асыруда отандық және шетелдік жүйедегі байланыстар, дене жаттығуларын үйренуші білімгерлердің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес икемділігін, ептілігін, төзімділігін дамыту жолдары қарастырлады. Спорттық іріктеу жүйесін іске асыруда критериалды бағалаудың инновациялық технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Күрес түрлері
Спорттың базалық түрлерінде спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті физикалық қасиеттерді дамытуға, спортшылардың жеңіл атлетика, гимнастика, даулы ойындар бойынша спорттық дайындығын үйретуге; күрес түрлерін жетілдіру, қозғалыс ойындарының әдістері мен ерекшеліктері мен бағыттарына оқыту. Дене шынықтыру сабақтарында пульсометрия және хронометраж жүргізу мүмкіндігін зерттеу. Спорт құрылыстарының қарапайым әдістерін жоспарлау, салу әдістерін меңгеру, спорт түрлері үшін кешендердің теориялық негіздерін жоспарлап, орналастыру есептері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесі
Пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша қозғалмалы ойындар мен ұлттық спорт ойындарын ұжымдық, топтық және жеке оқыту нысандары қарастырылады. Ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесі білімгерлерді сыни тұрғыдан ойлауға, командада өз бетінше тұлғалық дамуын, кәсіби деңгейде қалыптастырады. Бұл жеке тұлғаның оң қалыптасуына және қарым-қатынаста коммуникативтілікке мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
Дене шынықтыру пәнін жүргізудің теориясы мен әдістемесі, пәндік және пәнаралық салалар, олардың ерекшеліктерінің негізгі концепциялары қарастырылады. Дене тәрбиесінің отандық, шетелдік жүйесінің өзара байланысын, дене шынықтыруда оқу-жаттығу процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру мен спорттағы ғылыми тәжірибенің қазіргі отандық жетістіктерін зерделеуде кәсіби ойлау мен шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастырады. Критериалды бағалау технологиясы пайдаланылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Балалар-жасөспірімдер және кәсіби спорт теориясы мен әдістемесі
Балалар мен жасөспірімдердің спорттық іс-әрекеттерінің теориясын, әдістемесін және мазмұнының негіздерін, сонымен қатар балалар денесінің жас ерекшеліктерін, дененің психологиялық, функционалдық мүмкіндіктерін және әртүрлі спорт түрлерінде оқу процесінде физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Спорттық ғимараттар мен тренажерлер
Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша, емдеу және сауықтыру құрылыстарында кең ауқымды спорттық-бұқаралық жұмыс үшін спорт ғимараттарын жобалаудың, салудың, жөндеудің және пайдаланудың теориялық негіздерін зерделеу. Тренажерлердің түрлерін және олардың бағытын білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы мен психологиясы
Болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімі және спорт түрлері бойынша жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық құзіреттілігін қалыптастырады.Дене шынықтыру мен спорт саласында жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін үйретеді. Мектепте және спорт мекемелерінде өткізілетін кәсіби практиканың мазмұнымен тығыз байланыстылығын айқындайды. Дене шынықтыру және спорт саласында өтетін педагогикалық (оқу-тәрбие) процесін ұйымдастыруда отандық және шетелдік білімді қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Базалық спорт түрлеріндегі физиологиялық жас ерекшеліктері
Әртүрлі спорт түрлері мен спорт пәндеріндегі спорттық дайындықтың негізгі физикалық қасиеттерін, физиологиялық, педагогикалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін ескере отырып, спорт топтарының қалыптасуына негізделген. Спорттық даярлық бағдарламалары мен дене шынықтыру және спорт саласындағы қосымша білім беру бағдарламалары шеңберінде шұғылданушылардың дене дайындығы деңгейіне қойылатын талаптарды қалыптастыру кезінде, сондай-ақ бастапқы спорттық іріктеу шеңберінде жекелеген спорт түрлеріне бейімділікті айқындау кезінде пайдаланылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Таңдаған спорт түріндегі спорттық-педагогикалық шеберлік
Таңдаған спорт түрінің педагогикалық шеберлігі - ұйымдастырушылық, ғылыми, әдістемелік, жаттықтырушылық, оқытушылық және басқа да жұмыс түрлерін тиімді орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілік жиынтығының қалыптасуы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Баскетбол мен гандболды оқыту әдістемесі
Баскетболды,гандболды оқыту әдістемесі - Баскетбол мен гандболды оқыту теориясы мен әдістемесі мәселелерін зерделеуді, техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды, терминологияны,спорттық жарыстарды төрешілік ету дағдыларын меңгеруді, жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істеу үшін дене шынықтыру оқытушысын, ұйымдарда баскетбол мен гандбол бойынша жаттықтырушыны даярлау үшін қажетті практикалық және кәсіптік-педагогикалық дағдылар мен іскерліктерді игеруді көздейді. әр түрлі контингентпен сабақ өткізу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Дене шынықтыру мен спортты оқытудың инновациялық және компьютерлік технологиялары
Инновациялық білім беру және компьютерлік технологиялар дене шынықтыру және спорт бойынша болашақ мамандардың ақпараттық құзыреттілігін ұйымдастыруға және қалыптастыруға ықпал етеді. Дене шынықтыру және спорт қызметін ақпараттандыру-дене шынықтыру саласын оқытудың, тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған және қолайлы және денсаулық сақтау жағдайларында пайдаланылатын қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды әзірлеу, ұтымды пайдалану әдіснамасымен және практикасымен жабдықтау процесі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дене шынықтыру және спорт менеджменті
Пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша студенттерге нарықтық экономикадағы дене шынықтыру және спорт ұйымдарын отандық , шетелдік жүйеде басқару теориясы, тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілікті көрсете білу мен еңбек ресурстарын пайдалануда ұйымдардың экономикалық механизмін жетілдіру, экономикалық дұрыс басқару шешімдерін қабылдау, қаржылық білімді практикада қолдану мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бағалаудың заманауи технологиялары
Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жүзуді оқыту теориясы мен әдістемесі
Студенттерге жүзудің спорттық тәсілдерін, әдістерін үйретеді. Бассейнде, табиғи су қоймаларында қауіпсіздік ережелерімен таныстырады. Тұлғааралық қарым қатынаста физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жүзумен шұғылданушылардың эстетикалық тәрбиесіне қолайлы жағдай жасайды. Әр түрлі жастағы топтармен жүзу дағдысын меңгеру, жүзу тәсілінің жеке элементтерін игеру, күштің, жылдамдықтың, төзімділіктің, икемділік пен ептіліктің дамуын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім берудеге арнайы педагогикалық технологиялар
Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шахмат ойынының теориялық және практикалық негіздері
Пән шахмат ойынын оқытудың құралдары мен әдістерін жүйелейді, шахмат ойыны теориясы бойынша ақпаратты жасауға, алуға, өңдеуге, түсіндіруге және сақтауға байланысты ұғымдардың бірыңғай жүйесін қалыптастырады. Шахмат ойнаудың негізгі әдістерін тиімді пайдаланудың негізгі тәсілдерін көрсетеді; ойынның практикалық дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Емдік дене шынықтыру
Дене жаттығуларын емдік, профилактикалық және оңалту мақсатында қолданатын пән. Жаттығу терапиясында қолданылатын физикалық жаттығулар аурудың түріне және науқастың жағдайына байланысты арнайы таңдалады. Жаттығулар анатомиялық принципі мен белсенділік дәрежесі бойынша ерекшеленеді. Жаттығулар кешені дененің жалпы жағдайын нығайтуға, ағзадағы белгілі бір органның немесе жүйенің жұмысындағы бұзылуларды жоюға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Футбол мен кіші футболды оқыту әдістемесі
Спорттық ойындардың әдістері мен тәсілдері, оқушылардың жалпы физикалық қасиеттерін дамыту, арнайы дене даярлығын ұйымдастыру; техникалық тәсілдерді зерделеу, оларды ойын қызметінде пайдалана білу; дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру; жеке-дара түрлерін оқыту құралдары мен әдістері; жастарды еңбекке дайындауда және оқушыларды дене тәрбиесінде қорғауда спорттық күрестің рөлін анықтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикалық қасиеттерді жетілдіру
Физикалық қасиеттерді жетілдіру, қимыл-қозғалыс, қозғалыс біліктіліктері мен дағдылардың өзара байланысы туралы түсінік береді. Ағзаның морфологиялық, функционалдық қасиеттерінің жиынтықты жетілдіру процесі индивидтің антропомертриялық, физикалық, психологиялық параметрлерін анықтау бойынша (өсу жылдамдығы, дене салмағының өсуі, дамудың белгілі бір кезеңінде әртүрлі органдар мен жүйелердің жетілуі), тұқым қуалаушылық жағдайында белгілі бір жоспар бойынша іске асырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Шахмат стратегиясы мен тактикасы
Бұл пән стратегиялық және тактикалық ойлауды дамытады, дебют теориясымен егжей - тегжейлі танысады және ойынның негізгі принциптерін қарастырады, миттельпильдегі ойын заңдарын зерттейді, шахмат күресіндегі негізгі оқиғалар-шабуыл мен қорғаныс, позициялық маневр, комбинациялар мен құрбандар дамиды. Ол көптеген фигуралармен және нақты нұсқалардың жоспарлары мен есептеулеріне негізделген ойын жоспарларының әртүрлілігімен сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Адаптивті дене шынықтыру
Бейімделетін дене шынықтыру мүгедек балаларды оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағытталған спорттық — сауықтыру сипатындағы шаралар кешенін қамтиды. Толыққанды өмір сүру сезіміне кедергі келтіретін психологиялық кедергілерді еңсереді. Адаптивті дене шынықтыру сабақтардың қатаң жеке сипатына ие және күн сайын әр баламен жеке өткізіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі шахматтың логикасы
Бұл пән логикалық ойлаудың пайда болуына ықпал етеді, табандылыққа, зейінділікке, ойлауға, берілгендікке тәрбиелейді, сонымен қатар есте сақтауды үйретеді; оқиғаларды одан әрі дамытудың мүмкін нұсқаларын болжау дағдыларын дамытады; жеңіске бағытталған өз іс-әрекеттерінің стратегиясын ойлауға мәжбүр етеді; алға қойылған мақсаттарға жетуге үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қолданбалы дене шынықтыру және спорт
"Қолданбалы дене шынықтыру" пәні дене шынықтыру дайындығының жетілуіне, оқу іс-әрекеті жағдайында, сондай-ақ белсенді демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру формаларын білуіне бағытталады. Студенттер дене шынықтыру-сауықтыру іс-әрекетінің денсаулығын нығайту бойынша өз бетінше жұмыс жүргізеді. Командада, тұлғааралық қарым- қатынаста тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік дағдылары қалыптастырылады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Волейболды оқыту әдістемесі
Спорттық ойындардың әдістері мен тәсілдері, оқушылардың жалпы физикалық қасиеттерін дамыту, арнайы дене даярлығын ұйымдастыру; техникалық тәсілдерді зерделеу, оларды ойын қызметінде пайдалана білу; дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру; жеке-дара түрлерін оқыту құралдары мен әдістері; жастарды еңбекке дайындауда және оқушыларды дене тәрбиесінде қорғауда спорттық күрестің рөлін анықтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- білім берудің жаңартылған мазмұнының негізгі бөлімдері бойынша білім беруді, түсінуді және интеграциялауды көрсетеді
- оқылатын саладағы өзара байланыс және өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне сүйене отырып, дене шынықтыру мен спорттың отандық және шетелдік жүйелерінің білімін практикада қолданады
- оқу-жаттығу процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде ғылыми негізделген тәсілдер мен білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің әдістерін белсенді қолдана біледі;
- таңдаған спорт түрінде іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесін іске асыруда критериалды бағалау технологиясын қолданады;
- спорттық-кәсіптік қызметте АКТ-ны және сандық білім беру ресурстарын пайдаланады;
- білімгерлердің физиологиялық ерекшеліктеріне және оқытудың мақсат-міндеттеріне сәйкес инновациялық технологияларды пайдаланады;
- индивидтің антропометриялық, физикалық және психологиялық параметрлерін анықтау бойынша заманауи әдістемелер мен диагностиканы қолданады;
- Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетіне сүйене отырып, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілікті, командалық жұмыста және ақпараттық мәдениетте дағдыларды көрсетеді
- білімгердің тұлғалық дамуын қалыптастыру мен өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға мән береді;
- оқушыларды сыни ойлауға, мәселелерді шығармашылық және бірлесіп шешуге тарту үшін пәнді және академиялық хатты зерттеудің құрылымын, негізгі концепциялары мен құралдарын анықтайды
Ұқсас БББ
6B01402 Дене шынықтыру және спорт
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01402 Дене шынықтыру және спорт
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01402 Дене шынықтыру және спорт
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01402 Дене шынықтыру және спорт
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01402 Дене шынықтыру және спорт (IP)
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01402 Дене шынықтыру және спорттық менеджмент
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті