Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01703 Орыс тілі мен əдебиеті в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жоғары білім берудегі математикалық, жаратылыстану пәндерін оқып-үйрену барысында алған білім әлеуетін, тәжірибесі мен жеке қасиеттерін көрсетеді; әдістерді анықтайды, кәсіби мәселелерді шешуді, математикалық және табиғи ойлауды дамытуды бақылайды және бағалайды.
  • Қазіргі заманғы ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын қызметінде, демалыста және қарым-қатынаста сенімді және сыни пайдалана алады, компьютер арқылы ақпаратты пайдалану, , кәсіби қызмет саласында интернет арқылы бірлескен желілерге қатынасу және қатысу, қалпына келтіру, бағалау, сақтау, шығару, ұсыну және бөлісу дағдыларын меңгереді.
  • Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың дамуының перспективалық бағыттарын біледі; нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, оқу процесін жобалайды; оқу жетістіктерін, студенттердің негізгі білім беру бағдарламасын игеруінің ағымдық және қорытынды нәтижелерін ұйымдастырады және бақылайды; орыс тілі мен әдебиетін оқытуда қазіргі педагогикалық технологияларды қолданады.
  • Экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы саласындағы білім негіздерін меңгерген, оларды инновациялық идеяларды әзірлеуде және стандартты емес шешімдерді іздеуде қолданады.
  • Академиялық жазуды және ғылыми зерттеу әдістерін біледі, филология және әдебиеттану саласында зерттеулер жүргізеді; озық тәжірибені шығармашылықпен қолданады, өз білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының деңгейін сын тұрғысынан бағалайды, жеке тұлғаны жетілдіру бойынша үнемі жұмыс істейді; жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің міндетіне шығармашылықпен қарайды, қалыптасатын зерттеу және оқу жағдайларында еркін бағдарланады және оңтайлы шешімдер табады.
  • Оқушылардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісін ұйымдастырады; волонтерлік іс-шараларға қатысады; парасаттылық пен академиялық адалдық принциптерін біледі және сақтайды; мәдени мұраны түсінеді және құрметтейді, әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып пікірлер қалыптастыру үшін ақпарат жинайды және түсіндіреді; сөйлеу жағдайының тез өзгеретін жағдайларына бейімделеді.
  • Тілдік қажеттіліктерді және көп мәдениетті қоғамды ескеріп, ынтымақтастық дағдыларын қолдана отырып, әр түрлі формадағы қарым-қатынастың кәсіби және этикалық нормаларына ие болады; ана тілі, екінші, шетел тілдерін қолданады; оқу материалының мазмұнын талдау негізінде оқу сабақтарын құрастырады, қойылған мақсаттарға сәйкес оқыту әдістерін іріктейді.
  • Ынтымақтастық пен командалық жұмыс істеуге негіз болатын жалпыадамзаттық құндылықтар, көшбасшылық қасиеттер мен зерттеу дағдыларына ие; жан-жақты физикалық және рухани дамуға, салауатты өмір салтына қол жеткізуге қабілетті; үздіксіз оқыту қажеттілігін ұғынады, қолжетімді мүмкіндіктерді таба алады; кәсіби және жеке өсуге ұмтылады, күнделікті кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа білім алу дағдыларын меңгереді.

Ұқсас БББ

Top