Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01404 Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Визуалды өнер I Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдар

    Бейнелеу өнерінің көркемдік құралдары, классикалық өнердің үздік туындылары, бейнелеу өнері шығармаларын орындауда қолданылатын құралдарды практикада қолдану жолдары қарастырылады. Ақпараттарды визуализациялаудың көркем еңбек және сызуды оқытудағы рөлі, натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесім, әуе перспективасының өмірдегі орны сипатталады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салалық материалтану (қыздар) / Металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы (ұлдар)

    Пәнде тоқыма өндірісінде талшық түрлерінен негізгі маталарды, бейматериалдарды өндіру технологиясы, тоқылуы, құрылысы, қасиеттері, сәндеу материалдары, фурнитуралар, металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы, қасиеттері, физикалық құбылыстары, ассортименті, металл және металл емес материалдардың негізгі топтарын қысыммен құю әдістері қарастырылады. Ақпараттарды меңгеруде компьютерлік технологияны, зерттеу құралдарын қолдану, бағалау, пәнаралық білімді интеграциялау білігімен сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Костюм тарихы (қыздар) /Техника тарихы (ұлдар)

    Пәнде әлем халықтарының костюмдерінің тарихы, даму кезеңдері, стильдері, түстері, әшекейлерінің сән бағытына қарай тасымалдану ерекшеліктері, техника тарихы, өндіріс, тау-кен ісі, әскери және энергетика саласы, егін шаруашылығы, ғарыш техникаларының тарихы, даму кезеңдері кәсіптік оқыту саласы бойынша қарастырылады. Тарихи ақпараттарды практикада қолдану, костюм мен техниканың адам өміріндегі рөлін дәйектеумен сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дизайн және технология негіздері І Технология және техника негіздері (сала бойынша)

    Көркем еңбек және сызуды оқытуда тігін ісін жеңілдететін АКТ негізінде автоматтандырылған заманауи өндірістік, машиналарының негізгі жұмысшы органдары, механизмдері, базалық механизация бөлшектері, тігіс түрлері ағашты және темірді қол аспаптармен өңдеу тәсілдерінде, ағаштың темірдің қасиеттері, құрамы, құрылысы, ішкі және сыртқы контур арқылы көркем аралау, саздан, сымнан бұйымдар, музыкалық аспаптарды жобалау қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Визуалды өнер ІІ (Бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары)

    Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының кескіндеме, графика, мүсін өнері, натюрморт, портрет, пейзаж, дәстүрлі емес материалдардан тақырыптық композиция құрастыру, графика тәсілдері, мүсін құралдары жайлы білімдері қарастырылады. Берілген ақпараттарды визуализациялау идеяларын оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес практикада қолдану арқылы оқушының өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялау білігі сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Графика және жобалау негіздері

    Графика және жобалаудағы геометриялық проекциядағы нүкте, сызық, жазықтықтарды бейнелеу, сызық типтері, сызба шрифті, екі проекция арқылы үшінші проекцияны, бөлшектің сыртқы көрінісін тұрғызу, жазықтық бетіндегі нүктелер қарастырылады. Графиканың түйіндес өлшемдерін реттеу ережелерін практикада қолдану, пәнаралық білімді интеграциялау, АКТ-ны пайдалану арқылы оқушының графикалық қабілеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын арттыру, критералды бағалау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Визуалды өнер ІІІ Түстану, композиция негіздері

    Композиция негіздері, заңдылықтары, композицияның тәсілдері мен құралдары, үйлесімді композицияның қасиеттері, коллекцияны құру принциптері, түс сипаттамаларын өлшеу, заттардың түске әсері, түс шеңбері, текстурасы, фактурасы, жарық, түс, тон қарастырылады. Композициялық білімді практикада қолдану, графикалық бейнелерді саналы түрдегі көркемдік бейнелермен композиция құрастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сәндік қолданбалы өнер негіздері І(сала бойынша)

    Көркем еңбек және сызуды оқыту мазмұнындағы сәндік қолданбалы өнер түрлері, ұлттық нақыштар, өрнектер, батик, гжель, хохлама, қазақ халқының ұлттық ою-өрнегі, көркем күйдіру, композиция құрастыруға қажетті материалдары жайлы білімдері қарастырылады. Өнер туындыларын жоба жұмыстарының практикалық бөлімінде қолдану, мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдау, коммуникативтілік, ақпараттық мәдениетін көрсету, критериалды бағалау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дизайн және технология негіздері II Материалды өңдеу технологиясы (сала бойынша)

    Көркем еңбек және сызуды оқытуда материалдарды өңдеу технологиясындағы: сән индустриясы, стиль, образ, ұлттық бұйым элементтерін дайындау, бұйымды трансформациялау тәсілдері, бөлшекті визуалді түрде анықтау, өңдеу, мозаика техникасында бұйымдар жасау, қол құралдары, жабдықтары арқылы робот құрастыру, көлік моделін жасау, нобай құрастыру, макеттеуге және модельге қажетті материалдарды іріктеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жасерекшелік психологиясы

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Сәндік қолданбалы өнер негіздері ІІ (сала бойынша)

    Пәнді оқытуда киіз үйдің жабдықтары мен әбзелдері, ұлттық және басқа халықтардың тоқыма жұмыс түрлері, өрмек тоқу, құрақ құрау, жүннен жасалатын бұйымдар технологиясы, ағаштан, темірден, сымнан көркем-сәнді заттар жасау, түрлі қолжетімді материалдардан композиция құрастыру, көркем күйдіру тәсілдері, өру техникасы қарастырылады. Этномәдени білімдерін жоба жұмыстарын ұйымдастыруда қолданады, өнер туындыларының сапасын критериалды бағалау қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу (қыздар) / Ағаш өңдеу технологиясы (ұлдар)

    Бұйымды конструкциялау мен модельдеу әдістері, бұйымды жобалау, ағаш өңдеу технологиясы , технологиялық операцияларды орындау ,базалық негізге бағытталған модельдеу түрлері мен тәсілдері, жаңа үлгінің техникалық құжаттарын дайындау жолдары, критериалды бағалау қарастырылады. Конструкциялық білімін практикада қолдану тәсілдері, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шығармашылық керамика және мүсін

    Көркем еңбек және сызуды оқытуда керамика тарихы, керамика бұйымдарын жасау, мүсін өнерімен танысу, әртүрлі пластикалық материалдардан жұмыс жасау, адам денесінің статикасы, пропоциясы, динамикасы, керамиканың үй тұрмысында, құрылыста, техникада, су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде АКТ-ны қолдану қарастырылады. Керамиканы визуализациялау идеяларын критералды бағалауды, диагностикалауды практикада қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыра білу сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Үй мәдениеті (сала бойынша)

    Әртүрлі халықтардың мәдениеті, жеке бас гигиенасы, өз-өзіне күтім жасау, өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары, көктемгі жұмыстары қарастырылады. Тұрмыстық техниканы, интерьерге арналған сәндік бұйымдарды 2D/3D бағдарлама аясында жасалуы, ландшафт, өсімдіктердің қолданылуы, үйдегі мироклиматтық жағдай, жалпы мәдениет оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Пән педагогикалық ғылымның метапәндік идеялары негізінде оқу-тәрбие үдерісінің білімі мен түсінігін, тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын тәжірибеде қолдануды зерттейді. Кәсіби міндеттерді шешу жолдары, оқу-тәрбие процесінің ғылыми әдістерін меңгеру, пәнаралық білімдерді кіріктіру, Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тігін бұйымдарының технологиясы (қыздар) / Металл өңдеу технологиясы (ұлдар)

    Әртүрлі материалдардан тігін бұйымдарын өңдеу технологиясы, металл өңдеу технологиясы, бұйымның негізгі және сәнді бөліктерін өңдеудің технологиялық ерекшеліктері, заманауи ұлттық колоритмдегі бұйымдар өңдеу технологиясы, критериалды бағалау қарастырылады. Технологиялық білімін практикада қолдану тәсілдері, материалдарды өңдеу оперцияларын практикада орындауда, инновациялық технологияларды қолдануда пәнаралық білімді интеграциялай білу білігі, сыни ойлауы, креативтілігі сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Көркем еңбекті оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану

    Көркем еңбек және сызуды оқытуда АКТ-ның жетістіктерін қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері, электронды білім беру орталары, ЦБР түрлерін оқыту үдерісінде ұтымды қолдану жолдары, түрлі қолданбалы бағдарламасының мүмкіндіктерімен шетел тілін меңгерудегі рөлі қарастырылады. АКТ-ны дзайнерлік және визуалды оқытуда қолдану дағдыларын меңгеру арқылы ақпараттық мәдениетін көрсету, пәндік және пәнаралық білімдерін интеграциялау жолдарын жалғастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

    Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, пәнаралық білімді интеграциялай білу, инклюзивті білім беру жағдайында, оқу-тәрбие процесінде баланы әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, диагностикалау, коррекциялаудың әдістері қарастырылады, инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалай білу сипатталады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тамақтану мәдениеті (сала бойынша)

    Пәнде әлем халықтардың мәдениеті, тамақтану мәдениет әдебі, қазақ және түрлі халықтардың мәдениеті, тамақтанудың тәрбиелік мәні, дұрыс тамақтану негізі, дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтау, тағам әзірлеу технологиясы, Әлем халықтарының тағамдары. қарастырылады. Жалпы мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды, критериалды бағалау, диагностикалау, оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру сипатталады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Графика және жобалау негіздерін оқытудың инновациялық технологиялары

    Пәнді оқытуда сызу құрал жабдықтарымен жұмыс жасау, проекциялау, кескінді екі немесе үш жазықтыққа проекциялау әдістерін, белгісіз проекцияны табу, аксонометриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер салу әдістері қарастырылады. Қима мен тілік сызбаларын, аксонометриялық қиылысу сызбаларын, стандарттарды практикада қолдануда АКТ-ны және инновациялық технологияны пайдалану, критериалды бағалаумен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың заманауи технологиялары

    Пән бағалау саласында қолданылатын соңғы әдістер мен тәсілдерді зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ білім беру, психология, әлеуметтік педагогика сияқты әртүрлі салалардағы бағалауға қатысты аспектілерді қамтиды. Бағалау қағидалары мен теорияларын, бағалау әдістері мен құралдарын, бағалау деректерін талдауды және әділдікті қамтамасыз ету, біржақтылыққа жол бермеу, тест тапсырушының құпиялығын қорғау және бағалау әдістерінде адалдықты сақтау сияқты бағалауға қатысты этикалық мәселелер мен нұсқауларды зерттеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы электротехника және электроника негіздері

    Жалпы электротехникадағы электр тізбектері, электрлік өлшеулер ережелері, синусоидалық және тұрақты ток табиғаты, электр машиналарының автоматтандырылған басқару аппараттары, электрондық күшейткіштердің, генераторлардың, түзеткіштер мен стабилизаторлардың, сандық құрылғылары мен өлшеу аспаптарының құрылыстары қарастырылады. Электр құралдарын және электрониканы практикада қолдану, бағалау, диагностикалау, кәсіптік саласы бойынша өмір бойы білім алу қажеттілігі сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ауыл шаруашылығы техникасы және технологиясы

    Ауыл шаруашылығында қолданылатын техникалардың қолданылу мақсаттарына байланысты топқа бөлінуі (мақта, қызылша, картоп, көкөніс, мал шаруашылығы), дәнді дақылдарды себуге, өсіруге және жинауға арналған түрлері қарастырылады. Ауылшаруашылық техникасының түрлерін практикада қолдану, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Техникалық шығармашылық және ғылыми жоба

    Техникалық шығармашылық адамның жасына қарамастан шығармашылық әрекеті ретінде, ғылыми білімнің әртүрлі салаларын қарастырады. Техникалық қабілеттіліктерін дамытуға байланысты бірқатар ғылыми зерттеулер арқылы, барлық сала бойынша ғылыми жобалардың түрлері қарастырылады. Шығармашылық тапсырмалар орындау, бұйымдарға өзгерістер енгізу, ойша эксперименттеу, ақаулықтарды іздеу жəне жою жұмыстарын практикада қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесі

    Пән оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық түрде қабылдауларын метапәндік идея негізінде қалыптастыруға бағытталған. Оқу мақсаттарының жүйесін жүзеге асыру, өнердің негізгі түрлері мен жанрларын өнердің өмірмен байланысын, заттарды бейнелеудегі композиция заңдарын сипаттайды. Контент жинақтау, технологияларды қолдану, шығармашылық ойлауын дамыту, АКТ-ны пайдалану, инклюзивті білім беру жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Көркем шығармашылық талдау

    Көркем шығармашылық , бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін, зергерлік, сәндік қолданбалы өнері, композициялық ерекшеліктері, түстік үйлесімі көркем еңбек және сызуды оқыту мазмұнында қарастырылады. Ақпараттарды визуализациялау идеяларын, форманың құрылымын орындау техникасын, стильдік жүйелерін практикада қолдану, танымдық және жалпы мәдениет мәселелерін шешу жолдарын талдау, оқушының дизайнерлік қабілеттерін арттыруды ұйымдастыру негізінде сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Этникалық стильдегі бұйымдар әзірлеу

    Пәнді оқытуда этностильдік заманауи үлгіде ұлттық көп қырлы бұйымдардың (киім, жиһаз т.с.с) типтік ерекшеліктерін жаңғырту мүмкіндігі, ерекшеліктері, әр түрлі елдердің мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері, этносқа тән белгілері, сәнді бағыттың ежелгі тамырлары және өткеннің идеялары, заман келбетін анықтауға сыни тұрғыдан қарасырылады, көркем ағымдардың өмірдегі орны танымдық және жалпы мәдениет концепцияларымен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Сәндегі ұлттық реңк элементтері мен үрдістері (сала бойынша)

    Реңктердің үйлесу негіздері, даму теориясын зерттеу, түс табиғаты негізгі, құрама және қосымша түстер, түстердің араласуы, түс үйлесімі, түс тілі, түс үйлесімі және түс мәдениеті, ұлттық руханият, «қыстық – күздік тенденция» және «көктем – жаздық тенденция», алқызыл түстердің реңктері қарастырылады. Сәндегі ұлттық реңк элементтері мен үрдістерді ғылыми түрде жетілдіру үшін командаларда коммуникативтілік сипатталады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Визуалды арт

    Визуалды арт. Көркем өнерді иллюстрациялар, интерьер дизайнында қолдану, Киім дизайны. Бейнелеу өнерінде мүсіндер, модельдер және әртүрлі жасанды нысандарда қолдану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері бойынша білім алуға мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    «Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • танымдық және жалпы мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды
  • технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды
  • критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын пайдаланады
  • берілген ақпаратқа сүйене отырып оларға сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады
  • тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын, академиялық адалдық принциптері мен ақпараттық мәдениетін көрсетеді
  • оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай біледі
  • көркем еңбек және сызуды оқыту мазмұнындағы ақпараттарды визуализациялау идеяларына негізделген көркемдік білімі мен түсініктерін көрсетеді
  • инновациялық технологияларды, академиялық хатты оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады
  • көркем еңбек және сызуды, бизнес пен кәсіпкерлік негіздерін оқытудың нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектейді
  • көркем еңбек және сызуды оқытуда, бұйымдарды конструкциялауда, модельдеуде және бұйымдарды этникалық стильге жобалауда оқушының дизайнерлік қабілеттерін арттыру мақсатында АКТ-ны пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырады;
Top