6B01404 Визуалды өнер, көркем еңбек және графика в Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау саласындағы оқу-тәрбие міндеттерін шешуге қабілетті жаңа формациядағы маманды, педагогты қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Перспектива
Курстың мақсаты кеңістіктегі шынайы бейне нысандарының адам қабылдауындағы өзгеріс күйлерінің заңдылықтарын ұғындыруға және бейне кескінін орындауда перспектива заңдылықтарын сауатты қолдану тәжірибесіне дағдыландырады. Курстың барысында білім алушылар түзу мен нүкте перспективасын, түзудің кескіндеудегі ереше жағдайларын, бұрыштық перспективаны, жазық фигуралардың перспективасын, шеңбер перспективасын қарастырады. Сонымен бірге, нысандардың перспективасын құру тәсілдерін, интерьер перспективасын құру, интерьердің фронтальды, бұрыштық перспективасын, көлеңкелердің перспективасын бейне кескіндерінде қолдану тәжірибелеріне дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Академиялық сурет 1
Студенттерді суреттің негізгі категорияларымен таныстыру, графикалық материалдарды қолдана білу, көрнекілік бейнелеудің әдістерімен құралдарын қолдана білу, жазықтық бетінде үшөлшемді көлемнің сызықты- құрылымдық және жарықты- көлеңкелі пішінін көрсете білу болып табылады. Әртүрлі пішіндердің құрылысың кеңістіктік пішінінің қозғалысын, әртүрлі элементтердің пропорционалдық қатынас түсініктерін дамытуға көмектеседі. Геометриялық фигураларды жазу арқылы жарық пен көлеңке арасындағы қатынасты табу. Тұрмыстық заттарды бейнелеу мен зерттеу негіздерімен таныстырып, көлемді-кеңістікте натюрморттарды орындау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Түстану
Курстың мақсаты білім алушылардың түстану саласының ұғымдық аппаратын, түс туралы түсініктерін, түстің пайда болуы мен дамуын, түстің адам өміріндегі мәнін ұғындырады. Оқу курсы барысында түстің физикалық негіздерін, түсті қабылдау ерекшеліктерін меңгертеді. Тәжірибелік сабақтарда түстер шеңберін, түстер үйлесімділігін анықтауға, колориметрия негіздерін түсіндіруге, түс және жасанды орта арасындағы байланыстарын, ерекшеліктерін айқындауға, жарықтандыру кезіндегі түс өңінің өзгері күйлерін ажырата алуға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Академиялық кескіндеме 1
Сурет пішіннің конструкциясы, заттардың құрылған формасы туралы жалпы түсініктер. Пропорциялар. Заттардың шамалас формаларының қатынасы. Сәуле мен көлеңке және түстік перспектива заңдылықтарын орындау. Түске, оның табиғатына, спектріне, түсті қабылдаудың жарық түсіру әсері туралы түсінік беру. Академиялық кескіндеменің түрлі техникаларымен таныстыру және қолдану, кескіндеменің эстетикалық мәнін ашуды білу. Кезеңдермен жұмыс жасауды үйрету. Суретті компановка жасауды, түрлі формадағы заттарды, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,)
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Композиция
Курста білім алушылар композицияның ұғымдық аппаратының түсініктерін, түрлері мен типтерін, композицияның заңдылықтары мен принциптері, композиция ережелері мен техникасын қарастырады. Оқу барысында ырғақ. контраст, нюанс, сәйкестік, пропорция, масштаб элементтерінің ерекшеліктерін бейне кескінінде қолдануға үйренеді. Фронтальды, көлемдік және тереңдік-кеңістіктік композицияларды орындауға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Пластикалық анатомия
Курстың мақсаты білім алушыларды адам скелетінің құрылымы, оның бейнелеу өнеріндегі танымдық мәнін ұғындырады. Пәнді оқу барысында омыртқа бағанасы, кеуде клеткасы, жамбас, қол сүйектері, иық белдеуі, бас сүйегінің құрылысындағы ерекшеліктерін, скелет пен бұлшық массивтеріне негізделе фигураны кескіндеуге, дене мускулатурасы, жамбас, жіліншек бұлшық еттері орналасуын, мойын, бас, бет бұлшық еттері, дене пропорциясы, ауырлық орталығы, жануарлар мен құстардың тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы анықтауға үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Қоршаған орта мен тірі табиғаттың негізгі заңдары мен ресурстарын, ластану көздері мен зиянды факторлардың адам ағзасына әсерін зерттейтін пәні болып табылады сонымен қатар, адамның тіршілік ету ортасымен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз өзара әрекеттесу тәсілдері мен жағымсыз факторлардан қорғау, табиғи және техногендік төтенше жағдайларың алдын алу мен салдарын жою жолдарың қарастырады. Пәнінде экологиялық қауіпсіздік мәселелері оны мемлекетпен қорғалатын құқықтық нормалар түріндегі басқару механизмдері және алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету ұжымдық түрде зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Академиялық кескіндеме 2
Пигменттердің калористикалық араласу қабылдамаларын және олардың мүмкіндіктерін, түстердің сәйкес мінездемелерін және оларды адаммен қабылдауын білу, Төтр, бес заттардан құрылған натюрморт жазу арқылы түстермен заттардың көлемі мен пішінін кескіндеуді, жобалық жұмыста түсті-әуе перспективасын қолдануды білу, кескіндемедегі перспективалық негіздерді және түзу-сызық кескін пішінін үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Академиялық сурет 2
Адамның қаңқасы пропорциясының ерекшеліктерін, оның фигураларын, тірі табиғатын, адамның негізгі қозғалыстарын, пропорцияларын, адам фигурасының кеңістіктікте орналасуын, олардың жас ерекшеліктерін сәби, жас кезен, орта кезен, қарттық кезеңді зерттеп бейнелеу, олардың әрқайсысы алдыңғысымен қисынды байланысқан және бұрын алынған дағдыларды дамытады немесе сурет техникасы мен оның қасиеттерін меңгеруде жаңа тәжірибе береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Сызба геометриясы және инженерлік графика
Курс білім алушылардың кеңістіктегі және жазықтықтағы бейне кескіндерінің орналасуын, өзара орналасуын және қилысу ерекшеліктері туралы білімі қалыптасып, оларды жазық бетте орындау тәжірибесіне дағдыланады. Курстың барысында сызба кескіндерін орындаудың нормаларын ескере, проекциялық сызба: пішін, қәріп, сызықтар, шеңберді бөлу, түйіндесу, қима, тілік, көріністер, оларды орындау тәсілдеріне, машина жасау, құрылыс, топография сызбаларын орындау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Робототехника АКТ негіздерімен
Курстың мақсаты роботтардың түрлері, олардың дамуындағы модификациялары, роботтардың жіктелуі, LEGO конструкторлары, қауіпсіздік ережелері, Lego - роботтарының құрылысының ерекшеліктері, Lego Mindstorms стандартты модельдері туралы білімдерін қалыптастырады. Бағдарламалық жасақтаманы, бағдарламалау мен басқару ортасын, NXT және EV3 интерфейсін, NXT немесе EV3 блогын пайдаланып роботты бағдарламалауға үйренеді. Датчиктердің түрлері мен параметрлерін, нұсқаулыққа сәйкес робот моделдерін құрастыруға, роботтарды жобалауға, компьютерлік қосымшаның көмегімен роботтарды бағдарламалауға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Академиялық кескіндеме 3
Студенттерді айналадағы іс-әрекеттерді, архитектуралық ортаны заттардың көрермендік қабылдау мәдениетін үйретіп, дамыту. Адамдардың фигураларын және заттарды бейнелеуді үйрету, көрермендік есте сақтауды дамыту, есте сақтау бойынша жұмыс жасауды үйрету. Палитрадағы әрбір бояудың мүмкіндіктерін терең зерттеуіне мүмкіндік жасау, түс табудағы студенттердің шеберліктерін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі 2
Оқып үйрену білім алушыға тақырып бойынша өзінің көзқарасын және өз пікірін негіздеуін айтуға бағытталған; мәтіндердің нақты мазмұнын жеткізу, олардың тұжырымдамалық ақпараттарын тұжырымдау; берілген тақырып аясында монологтық мәлімдеме құру; сөйлеу тілінің әртүрлі жағдайларда таныс тақырып бойынша негізгі ойлардың тұжырымдамаларын, әртүрлі өмірлік жағдайларда туған тілділермен сөйлесу кезінде қолдану. әр түрлі тақырыптағы хабарламалар түрінде ұсынылатын, әдетте жұмыста, оқуда, бос уақытта және т.б. туындаған ақпараттың мағынасын түсіну.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби табыстылық менеджменті
Студенттерге кәсіби жетістіктің теориялық және қолданбалы модельдерінің тетіктерін жан-жақты түсінуге, жеке компанияларда да, қоғамда да қолдануға болатын іскерлік жазбаша бизнес және мансаптық коммуникация стратегияларын, кәсіби көшбасшылық және тиімді командалық жұмыс дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі таныстырудың, идеяларды қалыптастырудың және іскер адамның имиджін қалыптастыруға бағытталған шығармашылық ойлаудың маңызды дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
IT және цифрлық мәдениет
Цифрлық мәдениет феноменін сыни тұрғыдан түсінуді қалыптастыру, заманауи ақпараттық технологиялар және олардың функционалдығы туралы білімді жүйелеу. Операциялық жүйелермен жұмыс, сандық қауіпсіздік, электрондық кестелер, мәліметтер базасы, мультимедиялық технологиялар, графикалық редакторлармен жұмыс, заманауи интернет кеңістігінің негізгі қызметтері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жас ерекшеліктер физиологиясы, психологиясы және мектеп гигиенасы 1
Курстың мақсаты болашақ мамандардың балалар мен жасөспірімдер денесінің анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады. Оқу үдерісі барысында білім алушылар әртүрлі жастағы оқушылармен оқу-тәрбие жұмысының үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және еңбек тәрбиесі бойынша мектеп жұмысына белсенді қатысу үшін дағдыларға ие болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пәнді оқу аясында кез-келген қызметтегі эстетикалық ұғымдар, кәсіби этиканың категориялары мен ерекшеліктері қарастырылады, кәсіби қызметтегі моральдық жанжалды жағдайларды шешудің мүмкін жолдары, моральдық деформацияның мәні және оның алдын-алу жолдары анықталады, кәсіби міндеттерді адал орындау және парасаттылық принциптерін сақтау үшін жеткілікті құқықтық сананың белгілі бір деңгейіне қол жеткізіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Жас ерекшеліктер физиологиясы, психологиясы және мектеп гигиенасы 2
Куртың мақсаты психикалық даму процесі, оның қозғаушы күштері мен заңдылықтары, өмірдің әртүрлі жас кезеңдеріндегі адам психикасының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; денсаулықты сақтау және нығайту. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушыларда бір жастан екінші жасқа өту кезінде балалардың психикалық даму ерекшеліктері, оның заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктері туралы терең және тұрақты білім қалыптасады. Бұл оларға кәсіптік білім беру процесінде білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін түсінуге және алған білімдерін кәсіптік педагогикалық қызметте қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Пәннің мақсаты білім саласында болашақ педагогтың кәсіби міндеттерін жүзеге асыруға дене шынықтыру педагогикасы негізі бойынша теориялық білімін қалыптастыруға бағытталған. Оқу курсында дамыту, тәрбиелеу және білім берудің теориялық және тұжырымдамалық негіздерін, оқу-тәрбие процесінің әдіснамасын, білім беру мазмұнын, формаларын, әдістерін және құралдарын, мектепішілік бақылауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Материалтану негіздері мен материалды өңдеу технологиясы
Курста білім алушылардың конструкциялық материалдардың түрлері, құрылысы, физикалық-техникалық және технологиялық қасиеттері және олардың өңдеу барысындағы құрылымдық өзгеруі күйлері туралы білімдері қалыптасады. Оқу барысында конструкциялық-технологиялық материалдар және олардан жасалған бұйымдардың негізгі түрлері, материалдарды технологиялық өңдеу түрлерін қарастырады. Білім алушыларды әр түрлі конструкциялық материалдарды қолмен және механикалық өңдеу құралдарын, олардың түрлерін, қолдану тәсілдерін, техника қауіпсіздіктерін, жұмыс орнын ұйымдастыру, жоспарлау, бұйым жасаудың технологиялық процестерін орындау дағдыларына үйретеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Бұйымдарды модельдеу,жобалау және тігу
Курс өнеркәсіптік бұйымдарды инженерлік-көркемдік жобалау принциптерін, бұйымдарды эскиздік жобалауын, бұйымның базалық конструкцияларының модельдік түрлендіру алгоритмдерін, модель конструкциясына қойылатын талаптарын, бастапқы конструкцияның силуэтті пішінінің өзгеруімен және өзгертусіз конструктивтік модельдеу әдістерін, бұйым бөлшектерінің конструкциясын модельдер мен үлгілер бойынша әзірлеуін, әдістерін қарастырады. Тігін машинасына арналған жұмыс орнын ұйымдастыру, тігін машинасының құрылысы мен жұмыс жасау принциптері, техника қауіпсіздігі, машиналардың ақаулары және оларды жою тәжірибелеріне үйренеді. Бұйымды пішу және тігу технологиялық процестерді орындау тәсілдері бойынша тәжірибеге дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Визуалды өнері 2
Студенттердің мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту, Пластикалық пішін өнері туралы ұғым қалыптастыру. Студенттердің көлемді бейнелерді салумен, мүсіндік бейненің түрлерімен, көлемнің кеңістікпен, жарықпен байланысты, мүсінде қолданылатын көркемдік материалдармен, олардың қасиеттерімен таныстыру. Шығармашылық жұмыс, визуалды элементтерді дербес таңдауға мәнерлі құралдары және олардың комбинациялары, ең тиімді техникасын орындау үшін шығармашылық жұмыс таңдауда бағыт бағдар беру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дизайн негіздері
Курстың мақсаты білім алушылардың дизайн ұғымдық аппаратымен және оның мәнін ұғындырады. Курстың оқу барысында дизайн түрлері және олардың ерекшеліктерін, көркемдік технологиялардың негізгі түрлері, дизайн объектілерін дайындауға арналған функционалдық және эстетикалық талаптарын, дизайн объектілерінің түсі және безендірілуін қарастырады. Бұйым дизайнының моделдеу және жобалау кезеңдеріне үлгілі бұйымдар жасау тәжірибесіне үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Компьютерлік графика
Курста білім алушылар компьютерлік графика курсының негізгі терминдері, мәні мен рөлі, оның негізгі заңдылықтарын қарастыра отырып, замануи КОМПАС 3D және AutoCAD оқу бағдарламалымен сызба кескіндерін орындауға дағдыланады. Оқу барысында сызба бағдарламаларының опцияларын меңгере сызба кескіндерін екі, үш өлшемді сызбаларды орындау моделдерін оқып үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Оқу шеберханасының практикумы
Курс білім алушылардың оқу шеберханасын ұйымдастыру, оның құралдары, жабдықтары, материалдары, қауіпсіздік техникалары, лауазымдық тұлғаның міндеттері, материал дардың құрылымы және қатты материалдардың физикалық-механикалық қасиеттері, материалдарды қолмен және механикалық өңдеудің технологиялық операциялары. туралы білімдерін қалыптастырады. Оқу курсы барысында конструкциялық материалдардан шеберханаға қажетті аспаптарды дайындауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру, олардың әдістерін ғылыми және тәжірибелік негіздерін қарастырады. Аталған оқу пәні экономика жыне экономикалық қатынастардың әр түрлі деңгейдегі әмбебап білім, базалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырады, нарықтың негізгі көрсеткіштерін үйретеді: сұранысын, ұсыныстарын, нарықты бағалар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалдарды көркем өңдеу бойынша практикум
Курстың мақсаты шеберхананы ұйымдастыру, аспаптар мен жабдықтар, техника қауіпсіздігі, көркем бұйымдар жасаудың көркем әрлеу техникасы, декоративті мотивтері, әр түрлі материалдардан бұйымдар жасау тәсілдері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Соның аясында жұмыстарды көркем өңдеу мен әрелу, бағалау тәсілдеріне дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты болашақ мұғалімдерді көркем еңбек оқу пәні бойынша жаңартылған білім беру аясындағы форматта сабақтардың оқыту әдістемесін жасаудың теориялық негіздерін ұғындырады. Курстың оқу барысында көркем еңбек бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау, олардың: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді түрлерін құрудың әдістемелік тәсілдеріне, белсенді әдістерді, кері байланыс және рефлексия әдістерін, критериалды бағалау механизмін, қалыптастырушы бағалауға тапсырма құру, оны бағалау тәжірибелеріне үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу
Курстың мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің негізгі формаларына, әдістеріне, құралдарына және технологияларына үйретеді. Балалармен өткізілетін тәрбие жұмысының сценарийлерін құруға дағдыландырады. Оқу барысында білім алушыларды ерекше білімге қажеттілігі бар балаларға визуалды өнер саласындағы бейнелеудің түрлері мен жанрлары, оларды орындау техникаларымен, тәсілдерімен танымдық және түлғалық қасиеттерін дамытудың тәсілдерін тәжірибеде қолдануға дағдыландырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Инклюзивті білім берудің негіздері
Курс студенттерді мүгедектерге арналған инклюзивті білім берудің заңдылықтары мен мүмкіндіктері туралы теориялық негіздері туралыы білімі қалыптасады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-танымдық және тәрбие жұмыстарды жүргізудің формаларын, әдістерін және құралдарын, әдістемелік тәсілдерін тәжірибеде қолдануға үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Визуалды өнері 3
Сәулет өнері қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының әр түрлі типтеріне қойылатын талаптардың кешенін анықтау, адамның, ғимараттардың және әр түрлі динамикалық қызметгік процестер жағдайындағы өзара әрекетінің технологаялық, физиологаялык және психологиялық параметрлерін анықтау. «Құрылым» («конструкция», материялтану) — ғимараттардьң және қызметгерінің уақыт бойынша және пайдалану процесіндегі өзгерістеріне сейкес құрылымдық жүйесін әзірлеу, берілген қасиеттермен казіргі жоғары тиімді жобалар жасау «Үйлесім» («композиция») — қазіргі архитектуралық үйлесімнің жене оның принциптерінің табиғатьн анықтау, архитектураның эстетикасын қабылдау психологаясының ең жаңа деректерін пайдалану арқылы әзірлеу, лондшафты дизайн өнерін үйрету. Графикалық дизайн үлгісін дайындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Бизнес жоспарлау
Оқу барысында бизнес - жоспарлаудың мәні, мақсаттары мен міндеттері; бизнес-жоспардың мақсаты мен мазмұны қарастырылады. Бизнес - жоспарды дайындау әдістемесі: кәсіпорын мен саланы сипаттау; тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері және тауарларды өткізу нарықтары; өткізу нарықтарындағы бәсекелестік; маркетинг жоспары; өндіріс жоспары; ұйымдастыру жоспары; қаржылық жоспар; бизнесті инвестициялау; тәуекелді бағалау; кәсіпкерлердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Графика және жобалауды оқыту әдістемесі
Курста білім алушылар графика және дизайн курсы бойынша білім беру мазмұнын, жоспарлау түрлерін: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді, оның әдістемелік тәсілдерін, үйретудің белсенді әдістерін, оқытудың белсенді әдістерін қолданудың әдістемелік тәсілдерін үйрене, АКТ-ны қолдану арқылы графикалық жұмыстарды орындау мен оқыту әдістемесіне, АКТ пайдалану арқылы жобалауды оқыту әдістемесіне, критериалды бағалаудың механизміне, қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша тапсырма құрастыру тәжірибесіне үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сәндік-қолданбалы өнер
Курстың мақсаты білім алушылардың сәндік-қолданбалы өнердің даму тарихы, оның тарихи құндылықтары, түрлері, бұйым үлгілеріндегі декоративтік мотивтері мен оның композициялық ерекшеліктері, жасау тәсілдері туралы білімін қалыптастыру. Курстың оқу барысында сәндік-қолданбалы өнердің жеке түрлері бойынша бұйымдарды жобалау мен жасау тәсілдеріне және бұйым жасау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тағам дайындау технологиясы мен үй мәдениеті
Курста білім алушылар шикізат пен полуфабрикатты алғашқы өңдеудің технологиялық процессі, азық түлікті жылы өңдеу, дәмхана өнімдерін дайындаудың технологиялық процессі, суп, соус, көкөністер мен қозқұйрықтан тағам мен гарнир жасауу, түйіршік азықтардан тағам мен гарнир дайындау, еттен тағам дайындау, тәтті тағамдар дайындау, сусындар, қамырдан тағамдар жасауға үйренеді. Оқу курсының барысында электр аспаптары мен тұрмыстық техниканы пайдалану және жөндеу, жөндеу және тұрмыстық жұмыстар, интерьерді ұйымдастыру және жоспарлау, үй экологиясы, ландшафты дизайн, жеке гигиена, киімді күту және сақтау оқу материалдары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Білім беру менеджменті
Курстың мақсаты болашақ педагогтардың білім беру мекемесінде басқарудың педагогикалық менеджменттің құрылымы мен мазмұны, принциптері, функциялары мен формалары, әдістері мен құралдары туралы білімі қалыптасады. Курсты оқу барысында оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару, оның технологиясы, білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік қолдау, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын басқару, педагогикалық менеджмент жүйесіндегі жеке тұлғаның және ұжымның рөлі, ұжым дауларын шешу тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық дизайн
Курста білім алушыларға педагогикалық дизайн ұғымдық аппараты мен оған түсінік, мәнін ұғындырады. Курстың оқу барысында пәннің оқу процесін жобалау, оның принциптері, білім беру дизайнерлерінің мақсаты мен міндеттері, педагогикалық дизайн түрлері: ADDIE, SAM, SMART, LA, олардың кезеңдері мен ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен бірге, білім алушылар әр түрлі формалы және мазмұнды контенттер жасауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана сабақққа қажетті демосабақ, дидактикалық материалдарды әзірлеуге дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи оқыту технологиялары
Көркем еңбек пәні бойынша инновациялық сабақтар дайындаудың тұжырымдамалық және технологиялық негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Курсты үйрену барысында оқу пәндеріне бейімді инновациялық оқыту технологияларының тұжырымдамасы негізінде, ол технологиялардың ерекшеліктерін айқындай, түсіндіреді, сабақтарды замануи технологияларды қолдануды жобалау мен құрастыру, қысқа мерзімді жоспарды жасауға, оны бағалау мен рефлексиялауға үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуалды өнері 1
Білім алушылардың графика бойынша бейнелеу өнері сауаты негіздерімен таныстырады, өмір шындығы көріністерін, табиғатты және өнердегі бояу түстерін оның сезімдік әсерін студенттердің көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде қалыптастыру. Жалпы өнер тарихын меңгеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогикалық ғылыми зерттеудің негіздері
Курс білім алушылардың ғылыми-зерттеу әдіснамалық мәдениетін қалыптастыруға бағыттайды. Курс аясында олар ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру қағидаларын, зерттеу әдістерін, формалары мен құралдарын қарастырады. Курс барысында педагогикалық экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру, алған мәліметтерді өңдеу тәсілдеріне үйренеді. Статистикалы-математикалық әдістерді мәліметтерді өңдеуге қолдану дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Компьютерлік жобалау
3D дүниесі бойынша тұжырымдаманы, қолданбалы бағдарламалары, Edit Mesh модификаторы, ArchiCAD тұжырымдамасын оқып үйренеді, қолданбалы бағдарламалармен визуалды моделдерді жасау тәсілдерін орындайды, АКТ ның қолданбалы бағдарламаларымен үш өлшемді нысандардың бейнелерін тұрғызуға дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұйым дизайны (сала бойынша)
АКТ қолданбалы бағдарламаларын қолдана отырып киімнің үлгілерін көркем жобалау дағдыларына баулу болып табылады. Оқу барысында нысанды формалау, киімді құрудың композициялық құралдарын, киімді жасау қағидалары мен стилдерін, шығармашылық дизайн жұмысның әдістері мен тәсілдеріне үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- кәсіби міндеттерді шешуге ғылыми зерттеу әдістерін қолданады
- оқу шеберханасын құру және жабдықтауда технологияларды реттеу мен пайдалануда оқытушылық және оқу-тәрбие қызметін көрсетеді
- нақты жағдайды ескере отырып, кәсіби мінез-құлықтың оңтайлы моделін таңдайды және жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясын әзірлейді
- педагогикалық іс-әрекеттегі көркем білім берудің, психологиялық және әдістемелік ерекшеліктердің, тұлғаның психикалық дамудың негізгі заңдылықтарын және ережелерін жалпыламалайды
- сыни ойлау үшін дағдыларын: байқаушылық, түсіндіру, талдау, қорытындылар шығару, баға беруге оқу-тәрбие үдерісінде қолданады
- білім алушыларды тәжірибеге даярлау үшін визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау іс-әрекеттерін жасайды, баяндайды, бағалайд
- креативтілік сапасы, бір аспектіден екіншісіне өту, идеяларды ұсыну, мәселенің мәнін көру қабілеті бар, академиялық адалдықтың қағидалары мен мәдениетін түсінеді
- белсенді өмірлік позицияны жүргізу тәсілдерін қолданады, командаалық жұмысты істейді, өз көзқарасын дұрыс негіздеуге жаңа шешімдер ұсынады
- көркем-технология және педагогикалық шығармашылықты дамытуға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекеттегі әдіснамалық және көркем-технологиялық білім меңгерген
- кәсіби педагогикалық іс-әрекетте қолдануға, оқу үдерісінде дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған визуалды, көркем және технологиялық ойлау дағдыларын пайдаланады
- заманауи техникамен жұмыс істейді, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады
- кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми , экономикалық пәндер саласында базалық білімге ие болу
Ұқсас БББ
6B01404 Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01404 Кәсіптік оқыту
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01404 Бейнелеу өнері және көркем еңбек
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01404 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP)
Астана халықаралық университеті
6B01404 Кәсіптік оқыту
Шымкент университеті