Жаңа білім беру бағдарламасы

8D02302 Аударма ісі в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Философия ғылымдарының докторларын (PhD ) – кәсіби қызметінде заманауи әлемдік аударматанудың жаңа идеялары мен жүйелі білімдерін кіріктіре алатын, жаңа білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми-педагогикалық жоспарларда толық көлемде кәсіби аударма мен аударманы жүзеге асыру; аударматанудың қазіргі метатілі негізінде өзіндік ғылыми еңбек жасау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D060 Филология
  • Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет

Оқыту нәтижелері

  • терминологиялық эквиваленттілігін толық сақтай отырып, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ғылыми талқылаулар мен басылымдарда заманауи аударматану метатілімен жұмыс істеу.
  • әлемдік аударматану ғылымының жаңа және күрделі идеяларын сыни тұрғыдан талдау, бағалау, синтездеу және оларды кәсіби қызметінде қолдану.
  • жоғары оқу орнында аударматану пәндері бойынша сабақтар өткізу, дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу, оқу үдерісінде аударма теориясы мен тәжірибесінде заманауи оқу және ақпараттық технологияларды пайдалану.
  • аударматану саласында өзіндік ғылыми жұмыс жасау; өзіндік және басқа да ғылыми қызметтің белгілі бір өнімінің маңыздылығын сыни тұрғыдан бағалау және анықтау; ғылым мен білім саласына қосқан үлесі үшін әлеуметтік жауапкершілікті түсіну және мойындау.
  • лингвопрагматикалық, коммуникативті және функционалдық мақсатын ескере отырып, әртүрлі жанрдағы күрделі мәтіндерді кәсіби интерпретациялау және аудару.
  • толық көлемде шет тілінде ауызша және жазбаша кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру, шет мемлекеттердің кең ғылыми қауымдастығымен кәсіби пәндік саласының тақырыбы бойынша ғылыми пікірталастарда және жарияланымдарда өз ұстанымын таныстыру.
  • кәсіптік-педагогикалық сала мен аударматану пәндік саласын жүйелі түсінуді көрсету, болжау және жоспарлау әдістерін тәжірибеде қолдану, ғылыми-зерттеу және практикалық мәселелерді шешу үшін мамандық бойынша білім мен пәнаралық білімдерді синтездеу.
  • ХХІ ғасырдағы аударманың жаңа түрлерін меңгеру және оларды университетте оқыту әдістемесінде іс жүзінде қолдану, студенттер орындаған аудармалар сапасын бағалау.
Top