6B01506 География мұғалімін даярлау в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабылетті география пәнінің мұғалімін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Картография, топография негіздерімен
Географиялық карта туралы жалпы түсінікті, масштабты, карталардың математикалық негізін, картографиялық проекциялар, карталардың жіктемесін, географиялық картадағы жазулар, тақырыптық карталар, атластар, ұсақ масштабты карталарды пайдалануды, топографиялық карта және оны пайдалану, топографиялық картадағы географиялық және тік бұрышты координаттарды, топографиялық карталар бетінде географиялық объектілерді кескіндеуді, географиялық картамен жұмыс жасауды меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жалпы жертану
Геосфераның құрамдас бөліктері, құрылымы, даму заңдылықтары, динамикалық ерекшеліктері іс әрекеті мен дамуы, біртұтас ғаламдық табиғат кешені ретінде қарастырылады. Табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен өзара үйлесімділігін, физикалық географияның теориялық тұжырымдарын, заңдылықтарын, географиялық қабықшаның дамуын, табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін талдайды. Күнделікті өмірде жаратылыстану-ғылыми білімді пайдалану, ғылыми ұғымдарды меңгеріп, жаратылыстану-ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Геология, геоморфология негіздерімен
Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы, геохронологиялық кесте, геологияның салалық құрылымы, геологиялық процесстер жайлы терең және жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды, рельефтің қалыптасуында эндогендік және экзогендік үрдістердің ролін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Метеорология және климатология
Атмосфераның құрамы мен құрылысын, негізгі атмосфералық процестерді, жердің сәуле және жылу тепе-теңдігін, жер бетіндегі радиацияны және жылу балансын, атмосферадағы ылғал айналымын, атмосферадағы циркуляцияны қарастырып, метеорологиялық бақылау әдістерін қолдана алады. Жер бетінің климатын, климат түзуші факторларды, климаттың географиялық таралу ерекшеліктерін және климаттық белдеулер сипаттамаларымен танысады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Географиялық зерттеу әдістері
География ғылымында ақпарат алудың әртүрлі тәсілдері, олардың ерекшеліктерін қарастырады. Географиялық зерттеу әдістері - табиғат пен қоғамдағы процестер мен құбылыстардың аймақтық ерекшеліктерін және кеңістіктік-уақыттық үлгілерін анықтау үшін географиялық ақпаратты талдау әдістері. Жалпы ғылыми және пәндік-географиялық, дәстүрлі және заманауи әдістер.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы гидрология
Гидросферада болып жатқан процесстермен, су объектілерінің ерекшеліктерімен, олардың қоршаған ортамен өзара байланысымен таныстырады. Географиялық ортамен тікелей байланысты гидрологиялық құбылыстар мен процесстер туралы түсінік береді және табиғаттағы суды географиялық ландшафттың ажырамас бөлігі ретінде, Жер бетіндегі су қоры, құрлық сулары, мұхит сулары, олардың ерекшеліктері, гидрологиялық режимін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Жасерекшелік психологиясы
Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Жер шары қабықтарының жалпы заңдылықтарын зерттеу, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны мен табиғат жағдайлары, материктер мен мұхиттар табиғатының кеңістіктікте жіктелуі мен физикалық географиялық аудандастырылуы сипатталады. Түрлі аумақтардың ашылу және зерттелу тарихын, жердің аумақтық жіктелу заңдылықтарын, табиғат объектілерінің географиялық сипаттамасы мен орнын, материктер мен мұхиттардың номенклатура жиынтығын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ландшафттану және физикалық-географиялық аудандастыру
Жердің ландшафттық сферасының барлық табиғи компоненттерінің біртұтас бірлігі туралы түсінік беретін географиялық пән болып табылады. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын табиғи жүйелердің құрылымын, эволюциялық даму ерекшелігі мен динамикалық өзгерістерін, қоныс және фация, биіктік белдеулер мен ендік зоналылықты, физикалық-географиялық аудандастыру туралы түсінік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Геоэкология және табиғатты қорғау
Экологиялық факторлар және олардың геожүйеге әсері, Қазақстанның жеке аймақтарының экологиялық проблемалары, табиғат қорғаудың қазіргі кезеңдегі міндеттері, геожүйенің антропогендік әсерге тұрақтылығын қарастырылады. Экожүйе мен геожүйе арасындағы географиялық айырмашылықтарды, ландшафттардың экологиялық қасиеттерін, Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру, геоэкологиялық болжам, геожүйенің экологиялық деңгейін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дүние жүзінің табиғи ресурстар географиясы
Табиғи ресурстардың географиясы табиғи ресурстардың жекелеген түрлерінің және аумақтық бірлестіктерінің орналасуын және құрылымын, оларды экономикалық бағалау және ұтымды пайдалану проблемаларын зерттейді. Табиғи ресурстардың географиясы жер қорлары; орман және басқа да өсімдік ресурстары; климаттық ресурстар; жер ресурстарын; жануарлар дүниесі; жер қойнауының ресурстары; мұхиттық ресурстар және т.б. қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақстанның киелі жерлер және туризм географиясы
Қазақстан туризмінің географиясы, туризм географиясының негізгі категориялары мен тұжырымдамалары, туристік ресурстар, аумақтың рекреациялық ерекшеліктерін және оның туристік тартымдылығын бағалау критерийлері, туристік әлеует ұғымдары, туристік инфрақұрылым, оның құрамдас бөліктері, Қазақстанда туризмді дамыту мәселелері зерттеледі. Қазақстанның киелі жерлер географиясының объектілері, олардың түрлері, орналасқан жері, шығу тарихы, зерттеу және пәнаралық байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Географияны оқыту әдістемесі
Географияны оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары, проблемалары, географияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен: география, педагогика, дидактика, психологиямен байланысын, географияны оқытудың әдістері мен зерттеудің теориялық және эмперикалық зерттеу әдістерін, мультимедиялық құралдармен жұмыс істеуді біле отырып практикамен байланыстырып оқиды. Командада жұмыс істеу дағдыларын, оқушы бойында көшбасшылық қасиетті дарытуды түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қазақстанның физикалық географиясы
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайын алуан түрлі екендігін, оларды қалыптастырудағы географиялық заңдылықтарды, табиғи ерекшеліктерін қарастырып, республикамыздың табиғат кешендерінің таралу заңдылықтарын зерттейді. Жекеленген аймақтардың физикалық-географиялық ерекшеліктерін, табиғат кешендерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді, Қазақстан аумағының ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарын зерттеуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Географиялық есептерді шығарудың әдістемесі
Аталған курс студенттердің географиялық пәндерден алған теориялық материалдарын терең әрі толық меңгеруге және алған білімдерін практикада қолдану қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді. Географиялық есептерді шығара отырып, білімалушылардың логикалық ойлау дағдысын дамытуға, жаратылыстану бағытындағы пәндердің біртұтастығын меңгеруге және география мұғалімінің болашақ кәсіби қызметіне дайындауға бағытталған. Сонымен қатар, географиялық есептерді шығаруда физикалық-математикалық формулаларды қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) - кеңістіктік (географиялық) деректер мен нысандарды ақпаратты графикалық визуализация жүйесі, географиялық мәліметтерді жинап, деректерді бағдарламалық – техникалық кешенде сақтап, өңдеп, қайта қолдану, тұжырым жасау, ақпараттарды шығару үшін қолданылады. Қоршаған ортада табиғи құбылыстармен қатар антропогендік процестерді зерттеуде автоматтандырылған программалық өнімдер арқылы зерттеп, болжам жасап, алдын алуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Рекреациялық география
Рекреациялық география физикалық және рухани күштерді қалпына келтіруге (сауықтыру, туризм және т.б.) бағытталған халықтың аумақтық (географиялық) орналасуы мен ерекшеліктерін зерттейтін географияның ғылыми бағыты. Рекреациялық ресурстарға жалпы түсінік береді, олардың әлемдік елдердегі географиясын сипаттайды. Рекреациялық ресурстардың түрлері, ерекшеліктері, аумақтық мәселелері, табиғат пен қоғамның компоненттерімен өзара әрекеттесуін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Табиғатты пайдаланудың экономикасы мен экологиясы
Бұл курс студенттердің экологиялық көзқарастарын қалыптастырып, оларды жалпы экологияның әдіснамалық негіздерімен және табиғатты тиімді пайдалануды басқарудың әдістемелік құралдарымен таныстырады, табиғи ресурстарды экономикалық бағалауға, өндірістің экологиялық шығындарын есепке алу мен талдау дағдыларын игеруге, қоршаған ортаны қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтауға және т.б. мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясына жалпы шолу, географиялық орны, шекарасы, табиғи ресурстық әлеуеті және әкімшілік-аумақтық бөлінуі; халқы және ұлттық құрамы, шаруашылық кешенінің құрылымы және оның салалары. Қазақстанның экономикалық аудандарына сипаттама. Экономикалық аудандарының табиғат ресурстары мен шаруашылық географиясының ерекшелігін, халқы мен еңбек ресурстарын, экологиялық ахуалын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
Дүние жүзінің саяси картасын, табиғат жағдайлары мен ресурстарын, халқын, шаруашылығын, өнеркәсібін, еңбек ресурстарын, халықаралық экономикалық байланыстарын қарастырады. Дүние жүзі аймақтары бойынша мемлекеттердің құрамы мен құрылымын, негізгі даму бағыттарын, сыртқы экономикалық байланыстары мен ішкі айырмашылықтарын, геосаяси жағдайларын, ғаламдық мәселелермен таныстырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Саяси география геосаясат негіздерімен
Саяси география геосаясат негіздерімен әлемдік және аймақтық саяси мәселелердің өзара әрекеттесуін зерттеу, саяси іс-әрекеттердің елдер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық географиясының дамуына әсерін қарастырады. Мемлекеттердің саяси, экономикалық, әлеуметтік, әскери, стратегиялық, халықаралық байланыс пен сыртқы саясатқа қатыстылығын қарастырады. Мемлекеттің геосаяси жағдайының оған көрші жатқан елдермен аймақтарға әсері. Геосаяси жағдайлар (макрожағдай, мезожағдай, микрожағдай) түсіндіріледі
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Географияны оқытудағы инновациялық технологиялар және бағалау әдістері
Мектепте географияны оқытудағы инновациялық технологиялар мен бағалаудың жаңа тәсілдері пәні оқыту процесінде білім алушылардың білім мен білік, дағдыларын қалыптастыру үшін қолданылатын оқытудың инновациялық технологиялары мен бағалаудың жаңа тәсілдерін қарастырады. Курс студенттердiң педагогикалық ғылымға, методикалық ойлауға, оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері бойынша әдiстемесi педагогикалық еңбектi дұрыс ұйымдастыра бiлуге қызығушылығын қалыптастыруға және география мұғалімінің болашақ кәсіби қызметіне дайындауға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Елтану
Елтану курсы негізінде елдердің типологиялық ерекшеліктері, қазіргі заманғы әлемдік дамудың күрделі мәселелері, үшінші ҒТР және постиндустриалды өркениет қоғамының қалыптасуының өзекті мәселелермен таныстырады. Әлемдік экономикалық қатынастардың ғаламдану жолына түсуі және өзара байланыстарын , посткеңестік Орталық Азия мен Қазақстан елдерінің тәуілсіздік жолындағы даму қайшылықтарын саралауға мүмкіндік беретін қоғамдық географиялық ғылымдар арасындағы маңызды курстардың бірі болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жер кадастры
Жер кадастры жұмыстары және оның маңызы туралы, әрбір жер туралы ақпараттың толықтығы, көптеген пәндер негізінде жер-кадастрлық жұмыстарды (топырақтану, геоботаника, геодезия және жерге орналастыру, экономика, жер құқығы, т.б.), жер учаскелерін сәйкестендіру және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жұмыстары, сондай-ақ жер кадастры туралы бірыңғай ақпарат жүйесін енгізу және оны жетілдіру жұмыстарымен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін, соның ішінде тілдік дағдыларды, топта және жеке жұмыс істей білу, сыни ойлау дағдыларын, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолданады;
- кеңістіктік ойлау мен картографиялық, геоақпараттық дағдыларды пайдаланып, географиялық білімді практикада қолданады;
- пәндер бойынша таңдалған мақсаттарға, оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалау мен диагностикалауды қолданады;
- табиғи және антропогендік объектілерді, құбылыстар мен процестерді, қоршаған ортаның аумақтық айырмашылықтарын қамтитын әлемнің географиялық бейнесін бағалайды;
- табиғат пен қоғамның өзара байланысына, осы қарым-қатынастардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды саралайды;
- білім берудің жаңартылған мазмұнының мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің инновациялық технологияларын (оның ішінде ҚБТ) қолданады;
- білім беру концепцияларын, кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдайды; рефераттау мен өмір бойы білім алу дағдыларын практикада қолданады.
- академиялық адалдық принциптері мен мәдениетіне сүйене отырып, толеранттылық, басқа мәдениет пен көзқарасқа құрмет, жауапкершілік, көшбасшылық, креативтілік, ашықтық, патриотизм көрсетеді;
- зерттеудің әртүрлі әдістерін қолданады; деректерді жинайды, өңдейді; пайымдауларды қалыптастырады және дербес шешімдер қабылдау үшін әртүрлі ақпарат көздерін (АКТ және т. б.) пайдаланады;
- географиялық білімді көрсетеді, фактілерді, процестерді, құбылыстарды, сондай-ақ олардың байланыстары мен себептерін түсінеді;
- қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен рационалды пайдаланудың жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-экономикалық негіздерін түсіндіреді;
Ұқсас БББ
6B01506 География
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01506 География
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01506 География
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01506 География мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01506 География
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01506 География
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01506 География мұғалімдерін даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01506 География
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01506 География
Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті