Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B04109 Цифрлық экономика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Отандық және жаһандық еңбек нарығының өзекті талаптарына сәйкес экономика саласында терең дағдылары бар, цифрлық экономиканы, электрондық бизнесті және цифрлық ресурстарды пайдалана отырып коммерцияны дамыту саласындағы міндеттерді шешуге қабілетті кәсіби кадрларды сапалы даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Кәсіпкерлік
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Экономикадағы математика
Ғылыми зерттеудің әдістері
Абай ілімі
Әл-Фараби және қазіргі заман
Экономикалық теория
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Микроэкономика
-
2 Оқу жылы
Маркетинг
Менеджмент
Макроэкономика
Қаржы
Логистика
Бухгалтерлік есеп
Экономикалық ілімдер тарихы
Экономикадағы статистикалық әдістер
Экономиканы мемлекеттік реттеу
-
3 Оқу жылы
Цифрлық экономикаға кіріспе
Институционалдық экономика
Бизнестегі цифрлық трансформация
Мемлекеттің экономикалық саясаты
Цифрлық мемлекеттің әлеуметтік негіздері
Цифрлық экономикадағы еңбек нарығы
Цифрлық экономикадағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігі
Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу технологиясы және заманауи бағдарламалау тілдері
Эконометрика
Қаржы-цифрлық ортаны нормативтік реттеу
Бухгалтерлік есеп пен аудиттегі цифрлық технологиялар
Экономиканың цифрлық трансформациясындағы үлкен деректермен жұмыс істеу принциптері
Цифрлық қаржылық активтер
Төлем жүйелері және цифрлық технологиялар
Цифрлық бизнес-аналитика
Экономикадағы деректерді талдау және болжау
Экономиканы цифрландыру жағдайында құқықты дамыту
-
4 Оқу жылы
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау
Цифрлық экономикалық қауіпсіздік
Блокчейн технологияларының бизнес-процестерге интеграциялануын талдау
Халықаралық экономика
Цифрлік бизнес модельдеріндегі патенттеу
Академиялық жазу
Халықаралық инновациялық (R&D) бизнес
Цифрлік экономика жағдайында венчурлік бизнес және стартаптар
Электронды бизнес және интернет-жобаларды басқару
Желілік экономика
Оқыту нәтижелері
- кәсіпорындардың (ұйымдардың) бизнес-процестерін стратегиялық басқару үшін және цифрлық экономика саласы мен сыртқы саудада олардың қызметінің жаңа форматын құру үшін инновациялық технологияларды және ЕАЭО кеңістігінде, әлемдік экономикада халықаралық бизнесті жүргізу кезінде электрондық коммерцияның, төлем жүйелерінің және электрондық транзакциялардың нысандары мен жүйелерін пайдалануға қабілетті;
- эконометрикалық, микро-және макроэкономикалық модельдерді қолдана отырып, цифрлық экономиканың дамуын оның технологиялық, мінез-құлық, институционалдық-құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып модельдеу, жалпы Қазақстан экономикасының даму перспективаларын болжау үшін модельдеу негізінде талдамалық есептер жасауға қабілетті;
- цифрлық экономикадағы электрондық үкіметтің рөлін талдау, ол үшін оның «мемлекет-азаматтар» (G2C), «мемлекет-бизнес» (G2B) сияқты халықпен және бизнеспен өзара әрекеттесу секторларында қолданатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігін бағалай отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және елдегі бизнесті дамыту мәселелерінің инновациялық шешімдерін анықтауға қабілетті;
- кәсіби міндеттерді шешу үшін әртүрлі ақпарат көздері мен құралдарын пайдалана отырып, іскерлік қарым-қатынас, ақпараттық мәдениет негізінде кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шеше отырып, командада тиімді жұмыс істей отырып, жеке және көшбасшылық дағдыларды, жүйелі қолданбалы ойлауды дамытуға қабілетті.
- кәсіпорынның (ұйымның) байланыстарын қосылған құн тізбектерінің ғаламдық желісіне енгізу арқылы және олардың елдің макро - және микроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесін талдай және анықтай отырып, сондай-ақ, бизнес-процестердің циклділігін, жаһандануын және цифрлануын ескере отырып, оның цифрлық трансформациясына қажетті инфрақұрылымды ұйымдастыруға қабілетті;
- бағдарламалау тілдері мен әдістерін, экономикадағы АКТ мен жүйелердің жаңа түрлерін қолдана отырып, «толассыз» цифрлық технологияларды (үлкен деректер, блокчейн, жасанды интеллект, кванттық және жаңа өндірістік технологиялар, өнеркәсіптік Интернет және т.б.) дамытудағы трендтерді талдай отырып, кәсіпорында (ұйымда) ресурстарды/процестер мен тәуекелдерді бөлу және пайдалану жөніндегі жаңа міндеттерді модельдеуге қабілетті;
- ұлттық криптовалютаны, қаржылық және төлем жүйелерін, қызметтерді және цифрлық ортадағы бизнес-процестерді дамытудың жаңа модельдерін әзірлеу, оларды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып, әлемдік криптовалюталар нарығы мен ICO нарығының қазіргі тенденциялары мен ерекшеліктерін талдау, салыстыруға қабілетті;
- виртуалды саладағы кәсіпорындар (ұйымдар) үшін қаржылық және экономикалық есептеулерді жүргізіп және экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік есеп деректері негізінде бизнес-талдау құралдарын қолдана отырып, бизнес-процестердегі тәуекелдер мен өзгерістерді бағалап, экономикалық жоспарлар мен бюджеттерді құруға қабілетті;
- электрондық коммерцияны дамыту үшін экономиканың жаңа нарықтары мен секторларын маркетингтік зерттеу барысында B2C тиімді сату арналарын анықтау, HTML/CSS, JavaScript, Python және т.б. бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, веб-сайттары мен мобильді қосымшалары бар электронды дүкендерді құру, олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін бағалау және талдау негізінде кәсіпорындарға (ұйымдарға) арналған бизнес-жоспарлар мен ақылды келісімшарттар құрастыруға қабілетті;
- бухгалтерлік есеп пен аудитте, қаржы мен маркетингте сандық құралдарды, логистика мен электрондық коммерцияда блокчейн технологияларын қолдану, сонымен қатар олардың нақты және виртуалды ортадағы кәсіпорын (ұйым) қызметіне әсерін бағалай және талдай отырып, бизнес-процестердің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оларды қолданудың жаңа тәсілдерін анықтауға қабілетті;
- экономикадағы ғылыми, жобалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып, үлкен деректермен жұмыс істей отырып, цифрлық құралдар мен бағдарламалық өнімдердің көмегімен қолданыстағы әдістерді, технологияларды, сату арналарын жетілдіру және өндірістің немесе бизнестің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға қабілетті;
- халықаралық венчурлық қаржыландыру және инновациялық (R&D) бизнес модельдерін зерттеу және сандық ортадағы тәуекелдер мен қауіптерді анықтау, талдау, жіктеу және оларды азайту бойынша іс-шаралар кешенін әзірлей отырып, саланың, аймақтың және тұтастай алғанда ұлттық экономиканың цифрлық инновациялық дамуы үшін жаңа шешімдерді ұсыну негізінде кәсіпорындар (ұйымдар) үшін аналитикалық шолулар (есептер) жасауға қабілетті;
Ұқсас БББ
6B04109 Мемлекеттік қаржы
Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B04109 Қаржы
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
6B04109 Қаржы
Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B04109 Бағалау (салалар бойынша)
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)
6B04109 Сандық экономикадағы қаржылық технологиялар
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
6B04109 Экономика және басқару
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B04109 Қаржы нарықтары және корпоративтік бизнес
Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B04109 Бағалау
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті