6B01406 Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты кәсіби білім беру және кәсіпкерлік саласында заманауи технологияларды меңгерген, еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкес келетін, ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті білікті мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Үй мәдениеті және тағам даярлау технологиясы
Пәннің мақсаты-қажетті практикалық дағдылар мен үйдің ішкі көрінісін, көркем безендіру, сәндік гүл өсіру, ландшафтық дизайн, киімді күту және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптармен жұмыс істеу тәсілдерін, тағамдарды дайындаудағы практикалық дағдылар, дұрыс тамақтану негіздері, әлем халықтарының тағамдарын жасап үйрету. Студенттер шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін көрсетуде (презентация) пікір алмасу, талдау, және сыни тұрғыдан бағалау барысында сөйлеу дағдылары, пәнге қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді, сонымен қатар басқалардың жұмыстарын түсіндіру, нәтижелерін сауатты бағалау, іскерліктерін жүзеге асыру, әдіс-тәсілдерінің даму процесінен теориялық білімдерін түсіндіре алады.
Несиелер - 5
-
Тұрмыс және сервис мәдениеті мен технологиялары
Пән қызмет көрсету мәдени құбылыс ретінде адамның күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын материалдық, эстетикалық, этикалық құндылықтар жүйесі мен мәдени тәжірибенің әртүрлі аспектілерімен - халықтың өмірі мен шаруашылығымен, мемлекеттік-саяси құрылыс тәжірибесімен, әлеуметтік топтармен, тәрбиемен тығыз байланысты,бақыланатын қызмет көрсету мәдениетіне қойылатын бірыңғай талаптар кешені болып табылады. Студенттер жөндеу жұмыстарының технологиясы: тұсқағаз, сылақ, сырлау, қаптау, қалалық және ауылдық үйлерді жылумен энергиямен жабдықтау, шкафты және жұмсақ жиһазды жөндеп үйренеді.
Несиелер - 5
-
Эмоционалды интеллект
Пән Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағдарлары мен басым бағыттары контекстіндегі педагогтың тьютор рөлін игеруіне бағытталған. Студенттер қазіргі мектептің білім беру процесіндегі эмоционалды интеллекті мен икемді құзыреттіліктердің орнын анықтайды. Икемді дағдыларды, соның ішінде оны цифрлық ортада дамытуды ескере отырып, білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын қолдана алады. Әртүрлі жастағы оқушылардың эмоционалды интеллектісін бағалау мен дамытудың технологияларын меңгереді.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Курс құқықтық сауатты, заңға бағынатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттерін біледі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытады. Студенттер өз қызметінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларын қолдана алады. Курс заңдылық түсініктерін, этикалық қағидалары мен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаларын дамытады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Машинатану негіздері және салалар бойынша материалтану
Пән материалдар өндірісінде қолданылатын шикізаттың шығу тегі, ассортименті, тоқыма өндірісінің негіздері, маталардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеуге бағытталған. Студенттер машинатану негіздері және тұрмыстық техниканы жөндеу, күнделікті өмірде және жұмыста қолданылатын тігін және кесте машиналарының, ылғалды-термиялық өңдеуге арналған үтіктердің, престердің түрлерін меңгеру және жөндеу, өндірісте қолданылатын құрылымдық және шикізаттық қасиеттерді (қасиеттері, құрамы, мақсаты мен әдісі, сыртқы түрі, жіктелуі, шығу тегі бойынша), тігін жабдықтары мен тоқыма өндірісі, жұмыс процестері, жұмыс механизмдерінің жіктелімдері туралы білімдердің тұтас жүйесін қалыптастырады.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады. Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық статистика негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерді жүйелі ойлаудың формалары мен заңдылықтарымен таныстыру, студенттерді жүйелі ойлауға үйрету, оларда негізделген дәлелдеу дағдыларын дамытуға көмектесу болып табылады. Студенттер деректерді жинау, өңдеу және идеялар ұсыну процесін түсінеді, қарастырылатын объектінің немесе құбылыстың жағдайын бағалауда деректерді сандық және сапалық талдауды қолдану дағдылары қалыптасады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуалды өнер
Студенттерге композицияның негізгі элементтері туралы түсінік беріліп, әлеуметтік желілік байланыстарды білімді тәжірибеде қолдануға үйретеді, әр түрлі техникалармен және материалдармен таныстырылып ой мен қиялды дамытып, көру жадын, ассоциативті және бейнелі ойлауды дамытады
Несиелер - 5
-
Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
Пән студенттерде ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімн қалыптастырады, кәсіби қызмет саласында ақпарат пен деректерді жинаудың, сақтаудың және өңдеудің заманауи әдістерін меңгертеді, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің оқу, сөйлеу, сөйлеу. жазу, тыңдау сияқты төрт түрі бойынша академиялық байланыс дағдыларын дамытады.
Несиелер - 5
-
Тігін бұйымдарының технологиясы
Курстың мақсаты тігін бұйымдарының көркем-конструкторлық жобаларын әзірлеудің негізгі заңдылықтарын ашады; тігін бұйымдарын моделдеуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану; тігін бұйымдарын сыртқы безендірудің негізгі формалаушы және әрлеу материалдары мен бөлшектерін шешудің ең тиімді нұсқаларын іздеуге бағытталған. Студенттер киім туралы жалпы мәліметтермен, әйелдер мен балалар фигураларының жіктелуімен, халықтың мөлшер типологиясымен, бел және иық киімдеріне арналған сызбалардың құрылысымен, модельдеу техникаларымен, сондай-ақ балалар киімдерінің жаңа дизайнын және дизайн ерекшеліктерін жасау әдістерімен танысады.
Несиелер - 6
-
Өнер және костюм тарихы
Пәннің мақсаты өнер мен костюм тарихының дамуының негізгі кезеңдерімен, әлемдік мәдениет құндылықтарын игеру барысында отандық және шетелдік өнер және дизайнерлерлік шығармашылық туындыларымен танысуға, мәдениеттегі көркем шығармашылықтың шыңдары, олардың өзіне тән ерекшеліктерін ажыратуға бағытталған. Студенттер әр ұлттың костюм тарихын ажырата біледі, жобаланған объектілерінің көркемдік экспрессивтілігін іздеуде пропорция сезімін түсіне алады.
Несиелер - 5
-
Педагогикалық психология
Пәннің мақсаты әр түрлі жас кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу психологиясы саласындағы білімді қалыптастыру болып табылады. Оқушыларды мектепте жетістікке жетуге ынталандырудың психологиялық жолдары туралы нақты түсінік қалыптасады және танымдық процестердің сапасын бағалайды. Студенттер мұғалім-оқушы-ата-ана жүйесінде сындарлы қарым-қатынас үлгілерін ассимиляциялау арқылы коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытады. Курстың соңында олар білім берудегі психологиялық-педагогикалық тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгереді.
Несиелер - 6
-
Киімді көркем құрастыру және модельдеу
Пәннің мақсаты: тігін бұйымдарының көркем-конструкторлық және модельдеу жобаларын әзірлеудің негізгі заңдылықтары, базалық конструкциялау негізінде үлгілерді әзірлеу әдістері, киімдерді үлгілеу, лекалоларды дайындау және градациялау, пішудің ерекшеліктері, өлшеулерді жүргізу тәртібі және бұйымды отырғызу ақауларын жою, пішудің ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика және дидактика
Пәннің мақсаты ғылым ретінде педагогика туралы жалпы түсінік пен зерттеуге бағытталған оқыту концепцияларын қалыптастыру. Студенттер педагогика ғылымының дамуының тарихи алғы шарттарын меңгереді, дидактиканың негізгі заңдылықтары мен қағиаларын түсінеді. Студенттер цифрлық құралдарды пайдалана отырып, өзекті ғылыми ақпараттарды іздеуді және талдауды жүзеге асырады, педагогика мен дидактиканың іргелі негіздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын білдіруге қабілетті.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дизайн негіздері
Пәннің мақсаты әртүрлі шығармашылық түпнұсқалар көмегімен көркем дизайн, дизайн обьектілерін құру принциптерін, жобалау объектілерін жоспарлауға бағытталған. Студенттер дизайн бағыттары: өндірістік, графикалық, арт-дизайн, фитодизайн, интерьер, киім дизайны және т.б., дизайн объектілерінің негізгі категориялары: образ, функция, морфология, техникалық форма, эстетикалық құндылық, заманауи дизайн жүйесі, дизайндағы экология проблемалары мен дизайнның рухани және материалдық мәдениеттегі орнын туралы білімін қалыптастырады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы сурет және композиция
Арнайы сурет және композиция пәніннің мақсаты көркем білім мен дағдыларды құрастыруды дизайнерлік композицияларында қолдана отырып, шығармашылық ойлауды қалыптастыру, дизайндағы композиция негіздерімен композициялық құралдардың типологиясын және олардың өзара әрекеттесуін меңгереді, барлық зат әлемін бейнелеу және адамның кеңістіктегі көрінісінің конструкциялық құрылымын бейнелеу болып табылады. Студенттер әртүрлі техникалар мен материалдарды пайдалана отырып, композициялар жасай алады, көлемді бейнелерді модельдеу және әртүрлі материалдарда жұмыстарды орындау кезінде негізгі әдістер мен тәсілдерді меңгереді.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржы негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс білім алушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Оқу процесінде студенттер қаржылық тұжырымдамалармен танысады, қаржыға деген дұрыс көзқарасты, қаржы ұйымдарымен (банктер, салық органдары және т.б.) өзара әрекеттесуді, қаржы ағымдарын жоспарлау мен есебін жүргізуді, пайдалы қаржылық әдеттер мен қаржылық мақсаттарды қалыптастыруды үйренеді. Сонымен қатар, олар әртүрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, қаржы нарықтарының жағдайын талдай алатын болады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Пән студенттердің әрбір мүшесі өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін инклюзивті қоғам қағидалары туралы түсінігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияны, анатомияны жақсы біледі, жасерекшелік физиологиясы туралы терең білімге сүйене отырып, танымдық дағдылардың қағидаларын түсінеді, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасай алады, инклюзивті білім беру ортасын құрудың стратегияларын біледі және оны жүзеге асыра алады.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Киім дизайнындағы компьютерлік графика
Пән екі өлшемді және үш өлшемді бейнелерді, векторлық және растрлық бейнелерді құру әдістерін, полиграфияға арналған компьютерлік графиканы меңгертеді. Студенттер сурет салуға арналған компьютерлік графика (2D), презентацияға арналған бағдарламалар, екі өлшемді анимация, модельдеу (2D және 3D) бағдарламалармен жұмыс істеуді үйренеді
Несиелер - 5
-
Жеңіл өнеркәсіптегі ақпараттық технология
Пәнді игерудің мақсаты жеңіл өнеркәсіпті дамытудың барлық бағыттарында инновациялық технологияларды ілгерілету және енгізу саласында білім, білік және дағды жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделген инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттерге ие болады.
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
Курсты зерттеу кәсіпкерлік қызметтің мәні мен ерекшеліктері туралы жүйелі түсінік қалыптастырады және кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың негіздерін, формалары мен әдістерін зерттейді. Оқу процесінде білім алушы алған білімдерін меншіктің кез-келген түріндегі кәсіпорындағы экономикалық қызметті оңтайландыру үшін пайдаланады. Басқару қызметінің заңдылықтары мен заңдылықтарын жіктейді. Тәуекел мен тиімділіктің ең жақсы үйлесімін қамтамасыз ететін оңтайлы экономикалық шешімді таңдауды негіздейді. Бизнес жобаларды әзірлейді, оларды бағалауды жүргізеді.
Несиелер - 5
-
Адам ресурстарын басқару
Пәнді оқу барысында адам ресурстарын басқару, бейімделу, ынталандыру және персоналды бағалау мәселелері қарастырылады. Оқу процесінде студент жұмысқа орналасу туралы хабарландыру жасайды, үміткердің күшті жақтарын және оның алға жылжу перспективаларын анықтайды. Кадрлардың ауысу себептерін талдайды, түйіндеме дайындайды және жұмысқа қабылдау туралы сауалнаманы толтырады; жұмысқа қабылдау кезінде тестілеу және әңгімелесу өткізеді, ұйым қызметкерлері мен бөлімшелерінің жұмысын бағалайды.
Несиелер - 5
-
Кәсіби этика және сәйкестік
Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби педагогикалық ортада қабылданған көзқарастармен, құндылықтармен, білімдермен, сенімдермен және дағдылармен таныстыру. Студенттер педагогикалық немесе басқа да қызмет аясында көшбасшылық және белсенділік дағдыларын, Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілігін дамытады, кәсіби этикамен танысады, оны құндылық ретінде қабылдай отырып, қатаң сақтауды үйренеді. Студенттер мансап жолын жоспарлай отырып, өзін-өзі талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады.
Несиелер - 6
-
Кәсіптік оқытудың заманауи технологиялары
Пән кәсіби дайындықтың сапасын арттыру, оқытудың белсенді әдістерін енгізу, білім берудің ғылыми-әдістемелік жүйесін толығымен жаңарту, білім беру саласындағы инновациялық тәсілдерді қолдану болып табылады. Студенттер білім беру жүйесіндегі технологиялардың генезисі мен тарихи дамуы мен педагогикалық технологиялардың терминологиялық аппаратын, педагогикалық технология түрлерін, оны сабақта қолдану әдіснамасын меңгереді.
Несиелер - 5
-
Көркем еңбек және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Курс шығармашылық педагогикалық қызметке, оқу үдерісін жобалау мен жүзеге асыруға, шығармашылық және кәсіби жақындауға қабілетті, балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін білімді, практикалық іскерлікті және қажетті дағдыларды меңгеруге дайындайды. Мектептер мен колледждерге арналған білім беру бағдарламасының бөлімдерінде тақырыптарды оқытудың әдістері мен принциптері қарастырылады
Несиелер - 5
-
Кәсіптік білім және кәсіпкерліктегі Менеджмент
Кәсіптік білім және кәсіпкерліктегі менеджмент теориялық және практикалық негіздерге сүйеніп, өнерді ғылыммен сабақтастырады, менеджмент тәжірибесін ғылыми ұсынымдармен қамтамасыз етеді, білім берудегі менеджмент қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ кәсіпті игеру мен білім алуға, өнерге деген қызығушылық дағдыларын қалыптастыру. Студенттер өнер мен білім саласында өзін көрсету мүмкіндігі- экономикамен, бизнеспен, психологиямен байланысты дұрыс түсініктерді меңгеру, қазіргі заманғы ұйымдастырушылық жұмыстың уақытпен үндес әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген, қосымша қаржы көзін таба алатын және тұрақты кәсіби байланыс орната алатын шығармашылық дағдысын қалыптастыру.
Несиелер - 5
-
Көркем білім берудегі Стартап және инновациялар
Пәннің мақсаты: стартаптың мәні мен негізгі сипаттамаларын, оның өмірлік циклінің кезеңдерін, көркем білім беруде стартап-жобаларды әзірлеудің перспективалы салаларын, білім беру саласындағы инновациялық қызмет саласында шешімдер қабылдаудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларының жүйесін қалыптастыру.
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Киім жобалаудағы ою-өрнек композиция және дизайн негіздері
Халық шығармашылығын зерттеу контексінде ою-өрнек тарихы, ою-өрнек өнерінің қалыптасуы саласындағы білімді, композициялық құрудың негізгі принциптері, стилизация тәсілдері, белсенді шығармашылық ортадағы шеберлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер дизайнның негізгі платформалары қарастырылады-жобалау, бұйымдарды сәндеу және қызмет нәтижесі, ою-өрнекті практикалық салу мен сәндеуді үйренеді.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Этностилдегі интерьер дизайны
Пәндік-кеңістіктік ортаны, қоғамдық интерьерді құрастыру және жобалау бойынша білімді, дағдыларды қалыптастыру. Интерьердегі және сыртқы көріністегі ландшафттың сәнді элементтері, интерьер дизайнын дамытудың көркемдік бағыттарымен, заманауи технологияларды қолдана отырып, оларды жобалау ерекшеліктерімен және дизайнмен таныстыру, алынған білімді практикалық қолдану.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гобелен және қазіргі заман интерьері
Гобелен тоқу өнерімен танысуға бағытталған практикалық курс. Заманауи технологиялар мен өнердегі ғылыми жетістіктер негізінде эксперименттік өнер туындыларын орындау, заманауи интерьер дизайнын дамытудың көркемдік бағыттарымен, олардың дизайн ерекшеліктерімен және жобалау дизайнымен танысу.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кілем тоқу технологиясының негіздері
Курс кілем тоқу тарихымен, құрамымен және түсімен, кілем үлгісін құру принциптерімен, тоқу әдістерімен, эскиздерді орындаумен, құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындаумен және жақтаумен, материалдарды таңдаумен, матаны және бұйымды жасау үшін әрлеумен таныстырады.
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Сәндік-қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясы және дизайн негіздері
Сәндік-қолданбалы өнерде ұлттық ою-өрнекті пайдаланудың практикалық дағдылары, дизайнның негізгі платформалары, ою-өрнектердің әр түрін композициялық құрудың негізгі принциптері, сәндеу әдістері, тапсырмаларды орындау тәсілдері, сонымен қатар жеңімпаз шешімдерді іздеу жолдары көрсетілген.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сәндік-қолданбалы өнер және кілем тоқу
Курс кілем тоқу және сәндік өнердің білімі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Студенттер сәндік өнер мен кілем тоқыманың қалыптасуы мен дамуының тарихы мен негізгі кезеңдерін, сәндік өнердегі негізгі ұғымдар мен терминдерді өңделетін материалдар бойынша түрлері, жіктелуі туралы білімін қалыптастырады.
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қазақ ұлттық көркем қолөнері
Қазақстанның көркем-мәдени мұрасының тарихы туралы тұтас түсінік қалыптастыру, ұлттық қолөнердің даму кезеңдерімен таныстыру. Қолөнер түрлерінің ерекшелігі мен әртүрлі қолданылатын материалдың, техниканың және көркемдік өңдеу технологиясының сипатымен анықталады. Көркем қолөнерді зерттеу ұлттық мәдени құндылықтарды жаңа әлеуметтік жағдайларда сақтауға және пайдалануға ықпал етеді.
Несиелер - 5
-
Қазақ ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімдері мен бас киімдерінің тарихын зерттеу және практикалық дайындауға бағытталған. Студенттер этникалық жағдайларды ескере отырып, киімдерді заманауи әдіспен және ежелгі дәстүрлерге сәйкес жасауды, жібек түсті жіптермен, моншақтармен, інжу-маржандармен, асыл тастармен, жылтырақтармен, монеталармен және т.б. кестелерді қолдана отырып, ұлттық стиль ел дизайнының ерекшеліктерін ашады.
Несиелер - 5
-
Дизайндағы сәнді аксесуарлар
Киімдегі стильдер мен оның әшекейлерінің нұсқалары туралы түсінік қалыптастыру. Оқылатын курс аясында көркем бұйымдар жасау бойынша теориялық білім мен практикалық іскерлікті қалыптастыру. Өнер туындыларын көркем-эстетикалық дамыту, құндылық-мағыналық қабылдау және түсіну
Несиелер - 5
-
Дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдарды жобалау технологиялары
Дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдармен таныстыру және жобалау, экологиялық дизайнның принциптері мен мүмкіндіктерін зерттеу, әртүрлі материалдарды өңдеудің құралдары, тәсілдері, әдістері туралы білімді қалыптастыру. Студенттер түрлі материалдардан көркемөнер бұйымдарын жасау технологиясын, көркем бұйымдарды дайындау және өңдеу үшін әртүрлі технологияларды қолдану тәсілдерін меңгереді.
Несиелер - 5
-
Салық және салық салу
Курс білім алушыларда салық салу саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқу процесінде студенттер салықтардың мәнімен, әлеуметтік маңыздылығымен және түрлерімен танысады, салық төлемдерін есептеуді, салық заңнамасының нормаларын қолдануды, салық жеңілдіктерін пайдалануды үйренеді, сондай-ақ салық тәуекелдерін анықтап, салық салудың қазіргі заманғы мәселелері бойынша қорытындылар жасай алатын болады.
Несиелер - 5
-
Шығармашылық жобалау іс әрекеті
Курстың мақсаты адам қызметі саласында қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстары мен идеялар, әзірлемелер мен инновациялық өнімдер негізінде шығармашылық жобалау қызметі. Студенттер белгілі бір өнімді жасау, кезең-кезеңімен әзірлеу және шығармашылық жобаларды орындайды.
Несиелер - 9
-
Бизнесті жоспарлау және маркетинг
Курс студенттердің бизнесті жоспарлау және маркетинг саласындағы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушылар бизнес-жоспарлау ұғымымен, бизнес-жоспардың құрылымымен танысады; бизнес-идеяны табуға және тұжырымдауға, әртүрлі бизнес-модельдерді қолдануға, негізгі көрсеткіштерді есептеуге үйренеді; бизнес-жоспарлау әдістемесін меңгереді. Сонымен қатар, олар жобаның инвестициялық тартымдылығын бағалауды және бизнес-жобаны презентациялауды үйренеді.
Несиелер - 5
-
Дизайн және шығармашылық жобалау жұмыстары
Шығармашылық жобалардың үндестік және түстік шешімін графика құралының бағдарламасында (PhotoShop) пайдалана отырып жүзеге асырады. Студенттер шығармашылық ізденісте барлық элементтерді және олардың көздерімен жұмыс істеуді меңгереді. Жобалау құжаттамасын ресімдеуге қойылатын талаптар, таныстыру мен қорғауды жүргізу қағидалары қаралады.
Несиелер - 9
-
Педагогикалық зерттеулер негіздері
Пән педагогикалық зерттеу саласында зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған. Студенттер зерттеудің негізгі сапалық және сандық әдістерін біледі, ғылыми әдебиеттерді талдай алады, Action research, lesson study әдістемелерін, бақылау мен рефлексияны меңгерген. Студенттер деректерді өңдей алады және көпшілікке ұсыну үшін зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде құрастыра алады.
Семестр - 1
Несиелер - 10
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тоқыма материалдарының фурнитуралары мен қасиеттерін, талшықтардың құрамын, астар материалдарын, станоктық жабдық элементтері мен құралдарын жұмыс процесінде, қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтай отырып, тұрмыстық техника туралы практикалық білім мен дағдыларды игеріп пайдаланады
- Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
- Кәсіпкерлік саласында тігін бұйымдары технологиясы, сәндік-қолданбалы өнер, компьютерлік графика және басқа да автоматтандырылған бағдарламалар дағдыларын меңгере отырып, кәсіби білімдерін практикада талдайды.
- Кәсіпкерлік бизнес-идеяларды пайдалана отырып, нормативтік-құқықтық базаны, экономикалық және құқықтық білімді, салық жүйесін біле отырып және нарық құрылымы мен кәсіпорын бөлімшелерін талдау әдістерін пайдалана отырып, кәсіптік және өзге де міндеттерді шешу кезінде стартап-жобаларды әзірлейді және іске асырады;
- Инновациялық технологияларды, функционалдық және заманауи материалдарды пайдалана отырып, көркемдік мақсаттар үшін объектілерді жобалайды;
- Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
- Әр түрлі материалдарды көркемдеп өңдеу кезінде киімнің негіздерін және технологиялық операцияларды жобалау, модельдеуде АКТ пайдалану кезінде дизайнерлік дағдыларды қолданады
- Кәсіби білім берудің әртүрлі деңгейлік жаңартылған бағдарламалары бойынша білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау мен бағалаудың, қызметті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын қолдану дағдыларды меңгерген;
- Педагогикалық менеджмент принциптерін, құрылымын, моделін талдай отырып, кәсіби оқыту жүйесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, технологияларын компьютерде жұмыс жасаудың дағдыларын меңгерген;
- Тігін бұйымдарының құрастыру технологиясы негізінде жасалған материалдарды және сәндік бұйымдар мен шығармашылық туындыларды жасау үдерісінде визуалды өнерінің теориялық және практикалық білімін қолдана отырып, креативті ойлау дағдыларын қалыптастырады ;
- Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.