Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01511 География-Тарих в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан мен әлем елдерінің мәдениеті мен өркениетін, этнологиясын, тарихнамасын зерделей отырып, археологиялық зерттеулер жүргізеді. Ғылыми әдебиеттерді, библиографиялық және басқа да ақпарат көздерін кәсіби қолдана алады, тарихи процестердің барысын біледі. Мұрағат және мұражай мекемелерінің жұмысын ғылыми ұйымдастыруды меңгереді.
  • Тарихи процестегі себеп-салдарлық байланыстарды түсіне отырып, мемлекеттік құрылым нысандарының елеулі белгілеріне сыни талдау жүргізеді. Дүниежүзілік және еуразиялық тарихи үдеріс контекстінде тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи негіздері мен кезеңдерін талдайды, тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі проблемаларды, оқиғаларды, идеялар мен теорияларды сыни бағалайды және түсіндіреді.
  • География және тарих пәндері бойынша оқыту мен білім берудің педагогикалық инновациялық әдістері мен тәсілдерін меңгереді. Кәсіби қызмет саласында заманауи ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдаланады. Кәсіби этикасы қалыптасып, кәсіби саласын сәйкестендіреді және өзінің кәсіби дамуын жоспарлайды.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы тарихи құбылыстар мен оқиғаларды талдай отырып, тарихтың одан әрі дамуын болжайды. Салыстырмалы-тарихи, ретроспективті және ғылыми зерттеудің басқа әдістері арқылы Қазақстан мен дүние жүзі елдерінің тарихын саралайды.
  • Физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің ағымдағы жай-күйіне аналитикалық шолу жүргізеді, жаһандық проблемаларды географиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Қазақстан мен дүниежүзі елдерінің геосаяси және геоэкономикалық жағдайын сыни талдай алады.
  • Педагогикалық, географиялық және тарихи зерттеу әдістерін меңгереді. Теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қолдана отырып, география мен тарих ғылымдарының саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.
  • География ғылымының дамуының негізгі кезендерін біле отырып, кәсіби міндеттерді шешу үшін қазіргі заманауи географияның әдістемелік мәселелерін бағалайды және саралайды. ГАЖ технологияларын пайдалана отырып географиялық ақпаратты өңдеудің заманауи инновациялық әдістерін қолдана алады. Қазақстан аумағы мен дүниежүзі елдерінің физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және геоэкологиялық жағдайын анықтайды және салыстырады.
  • Географиялық ұғымдар мен терминдерді, атауларды, география ғылымының салаларын меңгереді. Географиялық карталар мен басқа да картографиялық туындылармен жұмыс жүргізе отырып далалық бақылаулар мен зерттеулерді ұйымдастырады. Географиялық процестер мен құбылыстарды бақылау, талдау, бағалау үшін ГАЖ технологияларын қолданады.
  • Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдануға, ғылыми әдебиеттерді талдауға және деректерді өңдеуге қабілетті. Педагогикалық зерттеу саласында зерттеушілік дағдыларын дамытады. Географиялық зерттеулер бойынша бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін талдайды.
Top