Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01503 Математика-Информатика в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Студенттер математика мен геометрия саласындағы іргелі білімді қолдана отырып, математикалық тұжырымдарды дәлелдейді және математикалық есептерді шешеді, математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша күрделілігі жоғары есептерді, олимпиадалық есептерді шығарудың әдістерін талдай отырып, тиімдісін таңдайды.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Студенттер программалаудың негізгі технологияларын қолданады, алгоритмдерді әзірлеудің әртүрлі әдістерін пайдалана отырып және есептерді қоюға байланысты ең қолайлы алгоритмдер мен оларды іске асыру құралдарын таңдай отырып, есептерді шеше алады, программаларды әзірлеудің әдістері мен аспаптық құралдарын меңгерген.
  • Студенттер математикалық және қолданбалы есептерді шешу үшін дайын компьютерлік бағдарламаларды, бағдарламалау тілдерін қолдану, гипотезаны қалыптастыру, математикалық модельдерді құру, есептеу және графикалық дағдыларын қалыптастырады.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Студент қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, интеграция қағидаттарын ескере отырып, математика және информатика сабақтарының қысқа мерзімді жоспарларын әзірлейді және критериалды бағалаудың әртүрлі нысандарын қолданады.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Студенттер математикалық білім беруді құру моделін әзірлейді, математика мен информатиканы оқытудың принциптерін, әдістері мен технологияларын бағалайды. Әр түрлі есептерді шешу әдістемесін біледі, оқу жұмысында пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асырады, логикалық пайымдаулар жүргізуге қабілетті, көптілді ортада ауызша және жазбаша түрде математикалық білімдерді дәйекті негіздеуге және дұрыс ұсынуға қабілетті.
  • Студенттер роботтардың механикалық құрылымдарын жобалау әдістері, робототехникалық жүйелерді бағдарламалау принциптері мен арнайы тілдері туралы жалпы түсінікке ие.
Top