Жаңа білім беру бағдарламасы

6B06114 Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Компьютерлік желіні жобалау негіздерін пайдалану, жүйелер мен желілердің жұмысын жақсарту бойынша нәтижелерді талдау және ұсыныстар беру; мемлекеттік басқаруда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; үлкен деректер массивтерін анықтау және талдау, үлкен деректерді құру және қызмет көрсетудің заманауи технологияларын меңгеру.
  • Информатика және есептеу техникасы саласында базалық және арнайы математикалық білімді қолдану, сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия әдістерін, дифференциалды және интегралдық есептеу әдістерін кешенді инженерлік қызмет үшін пайдалану; әртүрлі физикалық ұғымдардың қолданылу шектері туралы түсінік алу.
  • IT пәндерін оқыту әдістемесін қолдану; тақырыптық және сабақ жоспарларды құру; педагогикалық шеберлік дағдыларын меңгеру, әртүрлі ақпараттық ресурстармен, дайын бағдарламалық-әдістемелік кешендермен жұмыс істеу; педагогикалық қызметтегі практикалық міндеттерді шешу.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату
  • Бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу және кәсіпорынның АТ сервистерін әзірлеу үшін қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін пайдалану; жасалатын бағдарламалық кешендерге қойылатын талаптарды тұжырымдау және бизнес процестер мен оны модельдеудің математикалық негіздерін пайдалану; клиент-серверлік өзара іс-әрекеттің функционалын іске асыратын мобильді қосымшаларды әзірлеу.Бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу және кәсіпорынның АТ сервистерін әзірлеу үшін қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін пайдалану; жасалатын бағдарламалық кешендерге қойылатын талаптарды тұжырымдау және бизнес процестер мен оны модельдеудің математикалық негіздерін пайдалану; клиент-серверлік өзара іс-әрекеттің функционалын іске асыратын мобильді қосымшаларды әзірлеу.
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
  • Бағдарламалау тілдерінде алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеу және жазу; жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің құралдарын қолдану қабілеті мен дайындығын көрсету; визуалды және компоненттік-бағытталған бағдарламалау парадигмасына негізделген нақты және тұжырымдамалық жүйелердің компьютерлік модельдерін жасау.
  • Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда дамыту.
  • Жобаланатын ДҚБЖ-ның қажетті функционалдық мүмкіндіктерін айқындау, ДҚБЖ-ны іске асыру және басқару бойынша қазіргі заманғы технологиялық әдістер мен құралдарды пайдалану; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын, ақпараттық массивтерді құру және сығу әдістерін қолдану, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ДҚБЖ мониторингін және ДҚ резервтік көшірмесін жүзеге асыру.
Top