Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01512 География- Биология в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің қоршаған ортаға таралуы, жүйеленуі, эволюциясы және филогенетикалық байланысының принциптерін оқыту үдерісінде қолданады.
  • Адам ағзасының негізгі құрылымын, тарихи дамуын, жас ерекшеліктерін және оның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін талдайды.
  • География ғылымының тарихын, теориялық негіздерін, негізгі мәселелерін, болашағын талқылайды, Жер шарына тән заңдылықтарды, табиғи құбылыстар мен үрдістердің пайда болу себептерін біледі, болжайды, анықтайды, салыстырады, физикалық-географиялық жағдайды, табиғат компоненттерінің өзара байланыстарын түсінеді, сипаттайды, табиғи аумақтық кешендерді және олардың орналасу ерекшеліктерін ажыратады, географиялық нысандар мен рекреациялық орындарды анықтайды.
  • Молекулалық биология, биотехнология, және микробиологиялық зерттеу әдістерін меңгереді, ғылыми жобаларда қолданады.
  • Экономикалық-географиялық жағдайды сипаттайды, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен рекреациялық қызметтің сапасын салыстырады, бағалайды, геоэкономиканың категорияларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын біледі, жіктейді, елдер мен аймақтардың географиялық кеңістіктегі рөлін анықтайды, геоэкономикалық жағдайды талқылайды, бағалайды.
  • Географияны мен биологияны оқытудың инновациялық әдістерін және практикалық іс-әрекет тәсілдерін, критериалды бағалау жүйесін қолдана білуге қабілетті. Педагогикалық және географиялық, биологиялық тәжірибелерді меңгереді, зерттеулер нәтижесін кәсіби қызметінде қолданады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Саяси географияның мәнін, негізгі түрлерін, қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын біледі, сыртқы және ішкі геосаясатты, әкімшілік-аумақтық бөлінуі мен аймақтық саясатын, саяси идеяларды талқылайды. Қалалық агломерацияларды салыстырады, қалалық дамудың стратегиялық бағыттарын, қоршаған орта экологиясының мәселелерін талқылайды, талдайды, тұрақтылығын болжайды.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Географиялық карталар мен пландарды жасайды, талдайды, картографиялық-геодезиялық өлшеу және далалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Географиялық ұғымдар мен терминдерді, географиялық атаулардың мағынасын анықтайды, географияның оқыту құралдарын, топографиялық құралдарды, геодезиялық аспаптарды, геоақпараттық технологияларды, географиялық зерттеу әдістерін біледі, жіктейді, қолданады.
  • Қазіргі заманғы биология ғылымы саласындағы білімдерді меңгереді, жоғары кәсіби оқытушылардың тәжірибесін зерттейді, жинақтайды, қолданады және таратады.
Top