Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06105 Математикалық және компьютерлік моделдеу в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, математикалық және компьютерлік модельдеу әдістері бойынша іргелі білімдері бар, теориялық және қолданбалы зерттеулердің жаңа нәтижелерін меңгерген; жоғары оқу орындарында оқытушы қызметін, жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық және басқа да үрдістерді модельдеу мамандығын, ғылыми-зерттеу жобаларында басшылықты жүзегеа сыруды меңгерген, сондай-ақ жетекші болуға қабілетті; өнімділігі жоғары заманауи компьютерлік технологияларды игерген магистрлерді даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M094 Ақпараттық технологиялар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • өз білімін кәсіптік жетілдіруге, білім берудегі зерттеулерді жалғастыруды және кәсіптік өсуін жобалауға бейімдігі кәсіптік қызметтегі мәселелерді шешу барысында кәсіптік коммуникацияны ауызша және жазба түрлерінде қазақ, орыс және шетел тілдерінде баяндауға дайындығы; білім беру процесі және әлеуметтік серіктестер мен қызметтес болуға, әлеуметік, этноконфессалдық және мәдениеттік әртүрлі болуларын толерантты қабылдап ұжымды басқаруға дайындығы;
  • математикалық модельдеу мен шығару әдістерін жаратылыстану үрдістері есептерін шешуде және тиімді тәжірибе жоспарын құруда қолдану, қарапайым гидродинамикалық процесстерді математикалық модельдеу, аналитикалық және сандық әдістермен оларды шешуді білу, қарапайым дифференциалдық теңдеулер мен дербес туындылы теңдеулер үшін шекаралық есептерді шешуде вариациялық әдістер мен айырымдық схемаларды қолдана білу.
  • Деректерді өңдеу және бизнес үрдістерін талдау, сонымен бірге крипто жүйелерін құру әдістері бойынша теориялық білімін қалыптастыру, кеңістіктік деректер мен беттерді талдап, модельдей білу, ТОФИ технологиясын пайдаланып кез-келген пәндік аймақтың ақпараттық моделін құру мүмкіндіктерін игеру.
  • Математикалық модельдер негізінде жүйелерді қолданбалы басқаруды талдау дағдыларын қолдану, Монте-Карло әдісінің жалпы схемасымен танысу және қателерді бағалау әдістерін меңгеру, жаратылыстану ғылымдарының кесіндісін анықтайтын есептерді зерттеуде қолданылатын математикалық модельдеудің заманауи әдістерін меңгеру. іргелі және қолданбалы ғылымның даму шегі.
  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады
  • заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игере білу
  • Фундаменталді және қолданбалы математиканың өзекті және маңызды мәселелерін анықтау, тұжырымдау және шешуге дайын болу, ықтималдық сипаттамалары және имитациялық модельдерді жүзеге асырудың нақты мысалдары бар күрделі жүйелерді (техникалық жүйелердегі кезек жүйелері, экономика, қызмет құрылымы және т.б.) модельдеуде математикалық әдістерді қолдана білу, үздіксіз сигналдарды дискреттей білу, сигналдарды өңдеудің әдістемелері мен технологияларын меңгеру.
  • математикалық моделдеу нәтижелерін жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері арқылы компьютерлік іске асыруға қажетті алгоритмдерді құруға дағдылану. OpenMP, MPI және Hybrid, Pyton, JavaScript технологияларын пайдалана отырып бағдарламалауды үйрену, PARAM-BILIM мультипроцессорлық суперкомпьютерінде құрылған бағдарламаларды құрастыра білу, графикалық модельдерді жасай білу, ақпараттық жүйелер қауіпсіздігін қарапайым ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
Top