Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Дене шынықтыру және спорт в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • ғылым философиясы мен тарихи білімнің негізгі ұғымдарын, ережелері мен категорияларын қолдану, оларды кәсіби қызметте және ғылыми зерттеу саласында өткен және қазіргі оқиғалардан алынған әртүрлі фактілер мен құбылыстарды талдау және бағалау үшін пайдалану;
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық, жаттықтырушылық, сауықтыру және ұйымдастыру-басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін қолдану;
  • білім беру ұйымдарында және спорт мектептерінде білім алуышларға дене шынықтыруды оқытудың теориялық негіздері мен технологияларын тәжірибеде пайдалану, сондай-ақ оқу-тәрбие процесінде теория, ғылыми-әдістемелік негіздері және оқыту технологиялары бойынша білімдерін кәсіби қызметте қолдану;
  • қаржылық-шаруашылық құжаттамамен жұмыс істеу дағдыларын кәсіби қызметте қолдана отырып, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауды көрсету, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдау, тиімді іскерлік шешімдердің нұсқаларын әзірлеу және негіздеу;
  • физиологиялық, медициналық механизмдердің мәнін, жеке ерекшеліктерін және субъектілердің жеке дамуын білу негізінде кәсіби қызметін жетілдіру;
  • басқару процесінің мәнін түсіну, инновациялық технологиялар, басқару әдістері мен құралдары туралы білімдерін кәсіби қызметте қолдану;
  • психологиялық механизмдердің мәнін, субъектілердің тұлғалық ерекшеліктерін, көзқарастары мен бағдарларын, олардың эмоционалдық жағдайын білу негізінде өзара әрекеттесу кезінде субъектілердің кәсіби және басқа да қызметін жетілдіру;
  • кәсіби қызметтің мақсаттары мен міндеттеріне, ерекшеліктеріне, субъектілеріне сәйкес өзінің өнімді бағдарламасын, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес кәсіби қызметтің технологиялық құжаттамасы мен экономикалық негіздемесін әзірлеу;
  • зерттеу қызметі барысында жүйелік тәсіл мен жүйелік талдау, логика, ғылымдардың өзара әрекеттесуі мен интеграциясы мәселелерінің негіздерін қолдану;
  • кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру және жетілдіру үшін қажетті психологиялық-педагогикалық әдістердің, әдістемелердің және құралдардың жүйесін игеру;
  • қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып, кәсіптік қызметте спортшылармен дене шынықтыру бойынша жоғары сапалы оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін қажетті дағдыларды пайдалана отырып, жоғары білікті спортшыларды оқытудың мақсатты бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеу.
  • нарықтық ортаның жай-күйін экономикалық талдаудың және бағалаудың негізгі әдістерін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында бизнес-процестерді қайта құру және олардың тиімділігін бағалау әдістемелерін қолдану;
Top