Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Дене шынықтыру және спорт (2 жыл) в Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеу әдістерін, педагогикалық- психологиялық қызмет негіздерін және кәсіби салада өзін-өзі жетілдіру үшін шет тілді білім берудің тереңдетілген коммуникативтік дағдыларын меңгеру
  • Дайындық бейіні бойынша өзекті ғылыми-педагогикалық мәселелерді анықтау және оларды анатамо-физиологиялық, медициналық-биологиялық, педагогикалық-психологиялық құралдар мен бақылау әдістерін пайдалана отырып шешу
  • Қазіргі білім берудегі инновациялар мен реформалар, кадрларды даярлаудың көп сатылы үздіксіз жүйесі, жоғары білім беруді және инновациялық жобаларды интеграциялау жөніндегі білімін көрсету
  • ЖОО-да таңдалған спорт түрінің теориясы, әдістемесі, практикасы және дене шынықтыруды басқару әдістемесі саласында білімдерін меңгеру. Ғылыми ұғымдарды дұрыс қолданып, спорттың қазіргі проблемаларын талдап, шет елдердегі дене шынықтыру және спорт туралы білімдерін біліп, физикалық қасиеттерді дамытып, сабақтарды өткізудің және ұйымдастырудың әртүрлі формаларын білу. Спортқа қатысатын адамдарды сауықтырып, оқыту, адамның физикалық жағдайын, қабілеттерін бағалап, басқару
  • Педагогикалық және зерттеу жұмыстардың мақсаты, мазмұны мен бағыты туралы білімді игеру. Ғылыми зерттеулерді талдап, өткізіп, жоспарлап және ұйымдастыру. Дене шынықтырудағы ғылыми зерттеулердің технологиясын біліп, зерттеуде математикалық статистика мен аспаптық әдістерді қолдану. Педагогикалық, ғылыми-зерттеу қызметін берілген бағытта және көлемде бағалауын білу
  • Жас спортшылардың жас ерекшеліктері мен дайындығын ескере отырып, жаттығу бағдарламасын әзірлеу және спортшыларды даярлау үрдісінде стандартты емес мәселелерді шешу
  • Басқару психологиясын, дене шынықтыру және спорт менеджментін, дене тәрбиесін басқарудағы мәселелерінің теориясы мен әдістемесі саласында білімді игеру. Дене тәрбиесі саласында маркетингтік зерттеулер жүргізу, басқару шешімдерін қабылдау, әлеуметтік процестерді басқару және ұйымдастыру. Дене шынықтыру және спорт саласында бизнес-жоспар құру, спорттық ғимараттардың экономикалық тиімділігін есептеу дағдыларын игеру
  • ЖОО-да таңдаған спорт түрі бойынша білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызмет негіздерін, жоспарлау және құжат айналымы әдістерін меңгеру
  • Кәсіби қызметте оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың әртүрлі теорияларын, негізгі білім беру бағдарламаларын пайдалануға дайын болу. Кәсіби этика қағидаларын сақтай отырып, кәсіптің жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсіне алу, кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен және сапалы орындай алу. Дене шынықтыру және спорт ерекшелігіне негізделген педагогика проблемаларына бағдарлана білу. Педагогикалық зерттеулердің принциптерін, әдістерін және логикасын меңгеру.
  • Дене шынықтыру мен спорттағы өлшеулердің теориясы мен техникасының метрологиялық негіздерін, спорттағы дене, психологиялық және техникалық – тактикалық дайындықты өлшеу әдістері туралы білімді меңгеру. Дене шынықтыру мен спортта өлшеу нәтижелерін сапалық және сандық бағалай білу. Өлшеу және тестілеу дағдыларын игеру.
Top