Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04101 Менеджмент в Esil University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық және әлемдік экономиканың жұмыс істеуі саласында білімі бар, менеджмент теориясы мен тәжірибесін білетін; шаруашылық жүргізуші субъектілердің жай-күйін талдау және бағалау, бизнес-процестерді қайта ұйымдастыру, Инвестициялық-инновациялық жобаларды басқару құралдарын меңгерген; персоналды басқарудың қазіргі заманғы технологияларын қолдана алатын, сыртқы ортада серпінді өзгеретін тәуекел және белгісіздік жағдайында басқарушылық шешімдерді әзірлей алатын мамандарды даярлау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский
  • ЖОО атауы Esil University
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ұлттық экономиканы тиімді басқару мақсатында шаруашылық субъектілердің түрлі деңгейлерінде қаржы ресурстарын зерттеу, қалыптастыру, болжау үшін экономикалық-математикалық, бухгалтерлік әдістерін қолдана білу.
  • Еңбек нарығының әр түрлі деңгейіндегі жұмыспен қамтуды басқарудың маңызды әдістерін қолдана білу.
  • Тәжірибеде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде, кәсіпкерліктің маркетингтік қызметінің тиімділігін бағалауда өз дағдыларын интерпретациялай білу.
  • Басқарудың заманауи әдістерін басшылыққа ала отырып, ұйым құрылымының негізгі түрлерін басқару бойынша жедел, тактикалық және стратегиялық әдіс-тәсілдерді көрсете білу.
  • Өз елінің патриоты ретінде саяси және әлеуметтік философиялық ұстанымды және ұлттық мәдени құндылықтарды сақтай отырып, құқық салаларында және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялар жүйесі туралы білімін кеңейте келе сыни тұрғыдан ойлау қабілетін көрсете білу.
  • Кәсіби іс-әрекет пен салада барабар кәсіби қарым-қатынас жасауға дағдылану, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ресми-іскерлік стиль нормаларын меңгеру, белсенді іскерлік лексика мен терминологияны меңгеру, әртүрлі коммуникативтік және бизнес салаларында және қарым-қатынас жағдайларында ауызша сөйлеуді және жазбаша жазуды меңгеру.
  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын ұсынуда, жасыл экономиканы дамытуда инновациялық заманауи технологияларды қолданда білу.
  • Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және экономиканы мемлекеттік реттеуде өз үлесін қоса білу.
  • Ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында көшбасшылық қасиетін көрсете келе, басқарушылық шешімдерін әзірлей, моделдей, жоспарлай білу.
  • Кәсіби менеджер ретінде ұйымдағы этикалық нормалар мен қағидаттарды сақтай отырып, жанжалдық жағдайлардан шыға білу.
  • Кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық белсенділік деңгейін анықтап, инновациялық жобаның тиімділігін бағалап, басқара білу.
  • Дағдарыс жағдайында ұйымның персоналын тиімді басқаруда халықаралық үлгіні қолдана білу.
Top