Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04112 HR-менеджмент в Esil University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті, басқарушылық шешімдерді өз бетінше қабылдауға қабілетті, ұйымдастырушылық жұмыс дағдыларын меңгерген, негізгі кәсіби функцияларды іске асыруға әзірліктің жоғары деңгейіне ие HR-Менеджмент саласының мамандарын даярлау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • ЖОО атауы Esil University
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Нақты ұйымның мақсаттары мен міндеттері контексінде бизнесті басқарудың негізгі құқықтық, ұйымдастырушылық және жоспарлы элементтерін талдау.
  • Ұйымның стратегиялық жоспарларына сәйкес ұйымның персоналға қажеттілігін, персоналдың саны мен кәсіби құрамын айқындау; өтемақылар мен жеңілдіктердің тиімді жүйесін, еңбекке ақы төлеудің әртүрлі нысандары мен әдістерін анықтау.
  • Ұйымның стратегиясын іске асыруда олардың қолданылуын негіздеу үшін басқарушылық шешімдер қабылдау процесінің негізгі теориялары мен құралдарына сыни бағалау жүргізу; персоналды басқару жүйесі мен кадрлық процестерге кешенді талдау және аудит жүргізу.
  • Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін коммуникация дағдыларын, оның ішінде қазақ, орыс және шет тілдерінде академиялық мәтіндерді оқу, жазу және әзірлеу дағдыларын көрсету.
  • ҚР еңбек заңнамасының нормаларын және кәсіби қызметте кадрлық іс жүргізу принциптерін, ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес персоналды қабылдау, жұмыстан шығару, ауыстыру рәсімдерін ресімдеу дағдыларын қолдану.
  • Персоналды оқытудың, мансапты басқарудың және қызметтік-кәсіптік ілгерілетудің, кадр резервімен жұмысты ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның ішінде персоналды оқытудың түрлерін, нысандары мен әдістерін практикада қолдануға міндетті.
  • Қызметтің әртүрлі салаларында құқықтық, экономикалық білім негіздерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға, төтенше жағдайлар кезінде қорғау әдістерін пайдалануға, өз бетінше білім алуға және өзін-өзі ұйымдастыруға дайындығын көрсетуге міндетті.
  • Адам ресурстарын басқару саласындағы негізгі теориялар мен ұғымдарды адам ресурстарын басқару саласында тиімді бизнес-шешімдер қабылдау үшін нақты практикалық жағдайлармен байланыстыру.
  • Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың негізгі элементтерін түсіндіру негізінде өзіндік дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру үшін этикалық және әлеуметтік құндылықтарды басшылыққа алу.
  • Лауазымдарға қойылатын талаптарды, құзыреттердің модельдері мен бейіндерін, рекрутинг, персоналды орналастыру бағдарламалары мен рәсімдерін әзірлеу және енгізу дағдыларын, персоналды іскерлік бағалау және аттестаттау тиімділігі дағдыларын көрсету.
  • Ұйымның даму стратегиясымен интеграциялауда еңбек ресурстарын жоспарлауды қамтамасыз ету, ұйымның зияткерлік капиталын дамыту, персоналдың және жұмыс берушінің имиджін қалыптастыру, адами ресурстарды дағдарысқа қарсы және стратегиялық басқару дағдыларын көрсету.
Top