Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті, бастауыш оқыту саласында сапалы білімі, аналитикалық, зерттеу, этикалық, тіл және икемді дағдылары, көшбасшылық қасиеттері бар жоғары білікті бастауыш сынып мұғалімін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математиканың бастауыш курс негіздері
Мамандыққа кіріспе
Экономика және кәсіпкерлік негіздері модулі (Экономикалық теория негіздері, Кәсіпкерлік негіздері)
Әдебиет теориясы
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерінің модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау)
-
2 Оқу жылы
Дүниетану негіздері
Қазіргі заманғы қазақ тілінің негіздері
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Педагогика
Инклюзивті білім беру
Математиканың есеп шығару практикумы
Қаржылық сауаттылық негіздері
Балалар әдебиеті
Жаратылыстану негіздері
-
3 Оқу жылы
Ынтымақтастық педагогикасы
Дүниетану сабағынан көрнекі құралдар даярлау әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі
Шағын жинакты бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісі
Орфография және пунктуация практикумы
Бастауыш білім педагогикасы
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы
Бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқыту әдістемесі
Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту әдістемесі
Жас ерекшелік психологиясы
Логикалық есептерді оқыту әдістемесі
Әліппені оқыту әдістемесі
Қазіргі балалар әдебиетінің процесі
Әдебиеттік оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
Қазақ тілі және жаңа әліппе емлесі
Даму психологиясы
Педагогикалық шеберлік
-
4 Оқу жылы
Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі
Бастауыш сыныптарда жобаларды құру
Бастауыш білім берудегі тьюторлық
Отбасы педагогикасы
Бастауыш мектептегі еңбекті оқытудың теориясы мен технологиясы
Қазіргі инновациялық технологиялар
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Білім беруді бағалаудың өлшемдік технологиясы
Цифрлық сауаттылықты оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте дидактикалық материалдар жасау және оны пайдалану әдістемесі
Бастауыш мектептегі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
Бастауыш мектептегі дене шынықтыру педагогикасы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Философиялық және әлеуметтік-саяси білімнің негіздерін, Қазақстанның тарихи дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын меңгере отырып, экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалап, қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық, этикалық нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолданып, салауатты өмір салтын, әлеуметтік бейімделу дағдыларын және қаржылық сауаттылықты қалыптастырып, ақпараттық ресурстарды іздеу және бағалауға, жүйелеп талдауға, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті.
- Жеке, қоғамдық, мемлекеттік және қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелі тәсілдерін, ғылыми теорияның құрылымын, зерттеу әдістерінің жүйесін және жобалау технологияларын меңгеріп, биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды зерттеп, педагогикадағы өзекті мәселелерді зерделей отырып, педагогикалық диагностикалау және зерттеу әдістерін тәжірибеде пайдалануға, жобалардың нәтижелерін өңдеуге және рәсімдеуге қабілетті.
- Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен педагогикалық оқытудың теориясы мен әдістемесін меңгере отырып, ерекше балалармен және олардың отбасыларымен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық технологияларын тәжірибеде қолдана алады, жалпы мәдени құндылықтарды, қазіргі заманның оқу-тәрбие процесінің құрылымын және ерекшеліктерін талдай отырып, педагогикалық идеялар мен ережелерді оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға қабілетті.
- Сөйлеуді дұрыс интонациялық және лексикалық рәсімдеу үшін орыс және шет тілдерін, қазақ тілінің грамматикасын меңгеріп, жаңа қазақ әліпбиі мен емле ережелерін біледі; балалар әдебиетінің негізгі тақырыптарын талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларына арналған шығармаларды ұсына алады, әдебиеттің рухани, мәдени, эстетикалық құндылықтарын бағалай отырып, оның білімділік-тәрбиелік және эстетикалық маңызын анықтай алуға қабілетті.
- Адамның қоршаған ортаға әсері туралы, табиғатты зерттеудің жеке әдістерін меңгере отырып, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын зерттеу кезінде ғылыми, диалектика-материалистік көзқарастарды қалыптастырады; математикалық ұғымдардың теориялық негіздерін зерделеп, арифметикалық амалдарды орындағанда қолданатын қасиеттер мен заңдардың мәнін анықтай отырып, жаратылыстану бағытындағы біліктерін қажетті кәсіби деңгейде қолданады.
- Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, ауызша сөйлеуге үйрету әдістемесін, мәнерлеп сөйлеуге үйрету мен оқушыларды көркем, сауатты жазуға жаттықтыру әдістерін меңгеріп, қазақ тілін оқытудың әдіснамасын зерделей отырып, инновациялық әдістерді жүйелеп, ынтымақтастық педагогикасының идеологиясы мен технологиясын қолдана отырып, кәсіби деңгейде білім беруге қабілетті.
- Жалпыадамзаттық, дене шынықтыру және спорт құндылықтарын түсіндіре отырып, жаратылыстану пәнін оқыту технологиясын, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесін және қоршаған орта туралы түсініктерді жеткізу тәсілдерін меңгеріп, дүниетану пәні бойынша көрнекі құралдарды пайдалану ерекшеліктерін зерделей отырып, бастауыш сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын қалыптастыру және логикалық ойлауын дамыту тәсілдерін анықтап, дене тәрбиесі технологиясын қолдануға, шағын жинақты бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қабілетті.
- Бейнелеу өнері, музыка және еңбекті оқытудың мазмұнын, көркемдік-эстетикалық білімнің теориялық негіздерін, оқыту технологияларын меңгеріп, бастауыш сынып оқушыларының қабілетін және отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен педагогикалық ықпалын зерделей отырып, педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдарын анықтап, бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іскерлігін қалыптастырады.
- Қазіргі инновациялық технологияларды, олардың теориялық және әдіснамалық негіздерін, бағалаудың өлшемдік технологиясын меңгеріп, бастауыш сынып мұғалімдерінің тьюторлық қызметінің ерекшелігін анықтап, оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды ұйымдастыру формаларын, бағалау критерилерін, нәтижелерін саралай отырып, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды сауатты қолдану, дидактикалық материалды жасау мен пайдалануға қабілетті.
- Адамның психикалық үдерістері мен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін, психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтарын меңгеріп, жас ерекшелік психологиясының құрылымы, зерттеу әдістерін және даму заңдылықтарын саралай отырып, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты мәселелерді зерттеп, психологиялық қолдау көрсетуге қабілетті.
- Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың, үлгілік оқу жоспарларының құрылымы мен мазмұнын, білім беру менеджері қызметін біле отырып, бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерістерін тиімді ұйымдастыру, әдебиетті оқыту технологияларын және сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен әдіснамасын меңгеріп,оқу стратегиялары мен жоспарларын құру дағдыларын қалыптастырып, нормативтік және ғылыми-әдістемелік құжаттарға талдау жасай отырып,педагогикалық тәжірибе жинақтап, бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби қызметін жүргізуге қабілетті.
Ұқсас БББ
6B01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
6B01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
6B01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті