Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07501 Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Техникалық реттеу жүйесінің, оның ішінде стандартау, сертификаттау және аккредиттеу салаларына қатысты өзекті мәселелері бойынша тереңдетілген, жүйелі теориялық білімі мол және тәжірибелік дағдысы бар педагогикалық, аналитикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарда өз-өзін көрсете білетін, ұдайы өз-өзін дамытуға қабілетті техника ғылымдарының магистрін дайындап шығару. Сонымен қатар магистрдың бойында рухани құндылықтарды, қоғам мүшесі ретінде жеке тұлғаның адамгершілік-этикалық мінез-құлқының нормаларын дамыту, Қазақстан Республикасының, жоғары деңгейдегі құқықтық және заңнамалық жүйесінің азаматтық позициясына сәйкес кәсіби мәдениетін дамыту, сондай-ақ өндірістегі метрологиялық қамтамасыз ету және өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылау үшін өлшеу, бақылау және сынау техникаларын қолданудың практикалық дағдыларын меңгеру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өнімді сәйкестендіру және сенсорлық талдау

    Пән тағамның сенсорлық сипаттамасын зерттеп, өнімнің сапасын анықтауды үйретеді. Сондай-ақ өнімдердің негізгі компоненттері мен сенсорлық қасиеттерін, органолептиканың психофизиологиялық негіздерін, дәмдік талдау әдістерін, дәмдік талдаудағы сараптамалық әдістемелерін оқытады. Бұл курс органолептикалық және аспаптық сапа көрсеткіштерінің өзара байланысын, сондай-ақ заманауи дәмдік талдауды ұйымдастыруды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заманғы стандарттау және сертификаттау дамыуның аспектілері (салалар бойынша)

    Пән заманауи стандарттау әдістерін, нормативтік-техникалық құжаттаманы біріздендіруді, стандарттаудың кешенді жүйесін, сондай-ақ сертификаттаудың заманауи әдістерін оқытады. Сондай-ақ, пән курсы халықаралық деңгейде (Америка, Франция, Германия) түрлі салаларда стандарттау мен сертификаттауды, оның дамуын және әлемдік саудаға қосқан үлесін қозғайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың бойында ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Метрологиялық кадағалау

    Пән метрологиялық қадағалаудың объектілерін, тәртібін зерттейді. Сондай-ақ өлшеу құралдарын калибрлеу үшін қолданылатын өлшем әдістемелерін, шама бірліктерінің эталондарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін метрологиялық қадағалауын зерттейді. Сонымен қатар метрологиялық ережелер мен нормалардың, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың сақталуын метрологиялық қадағалау жүргізу тәртібін, метрологиялық қадағалау нәтижелерін ресімдеуді үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау

    Пән қазіргі кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында және жобалық-конструкторлық ұйымдарда ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау ролі мен мәнін оқытады. Сонымен қатар ғылыми-педагогикалық және инновациялық қызметті жоспарлау және ұйымдастыру теориясы облысынан негізгі ұғымдар мен анықтамалар туралы тереңдетілген білім береді. Отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи инновациялық тұжырымдамалары мен ғылыми жаңалықтарын зерттеп оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тағам өнімдерінің химиялық ластануын анықтау

    Пән курсы Қазақстандағы тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің нормативтік-заңнамалық негізін оқытады. Сынамаларды дайындау мен химиялық талдаулардың жалпы қағидаларын. Хроматографиялық талдау үшін сынамаларды дайындау қағидаларын. Азық-түліктегі ветеринарлық препараттарды, антибиотиктерді және өсу стимуляторларын анықтау әдістерін. Микотоксиндерді анықтау әдістерін. Тамақ өнімдерінің улы металдармен ластануын. Тағамдағы пестицидтерді анықтауын. Тағам өнімдерінің азотты қосылыстармен ластануын. Тағамдағы полициклді хош иісті көмірсутектерді, өнімдердегі нитрозаминдерді сонымен қатар, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің радиоактивті ластағыштарын сәйкестендіруді үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тамақ өнімдерінің ксенобиотиктермен ластануы

    Пән негізгі заңнаманы және нормативтік құжаттарды, терминдер мен анықтамаларды, мемлекеттік азық – түлік қауіпсіздігінің түрлерін, шикізат пен өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын, ксенобиотиктердің түрлерін, шикізат пен тамақ өнімдерінің ксенобиотиктермен ластану көздерін, тағамдық қоспалардың қауіпсіздігін бағалау қағидаларын, шикізат пен дайын өнімдердің қауіпсіздігін бақылаудың қазіргі заманғы әдістерін зерделуді оқиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Курс педагогикалық ғылымды және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орнын, білім берудің қазіргі парадигмасы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, маман тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, білім берудегі менеджмент қарастырады. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы, оқытудың әдістері мен түрлері туралы түсінік беріледі. Оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін ашуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару

    "Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару" курсы магистранттарды агроөнеркәсіптік кешен саласында нарықтық жағдайда оқытуға арналған. Ол жобаны басқару әдістерінің даму тарихын, жоба тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешім қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін, сондай-ақ жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі жоба менеджерінің рөлі мен қызметін игеруді қамтиды. Магистранттар агроөнеркәсіптік кешен саласында өз бизнесін табысты жүргізу үшін қажетті дағдыларды игере отырып, жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандарын және оларды әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін зерделейді. Курс сонымен қатар білім алушылардың экономикалық ойлауы мен кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыруға, оларға нарықта өз орнын табуға, өз ісін ашуға, өз кәсіпорнын ұйымдастыруға және тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стандарттау және сәйкестікті растау ғылыми зерттеулер әдістемесі

    Пән педагогикалық қызмет саласында, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуде білім мен дағдыларды беретін стандарттаудың теориялық және әдіснамалық негіздерін оқытады. Нормативтік құжаттардың жіктелуі, каталогталуы зерттеледі. Сондай-ақ стандарттау және сертификаттау саласындағы прогрессивті технологиялар мен техниканы қолдана отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін болжау, бағдарламалау әдістерін оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Техникалық регламенттер

    Пән ҚР нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілері туралы оқытады. Сондай-ақ бекітілген Кеден Одағының техникалық регламенттерін, оларды әзірлеудің негізгі мақсатын зерттейді. Сондай-ақ, әзірлеу кезінде қойылатын негізгі талаптар, оларды бекіту тәртібін және оларды кез-келген өнімді өндіру кезінде қолдануын үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Денсаулық пен кәсіби қауісіздікті баскару жүйесінің стандарттары

    Пән кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты басқару жүйесі теориясының принциптері мен заманауи тұжырымдамаларын зерттеп оқытады. Сондай-ақ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесін енгізу мен сертификаттаудың, өндірістік қызмет процесінде туындайтын тәуекелдерді басқара білудің, инциденттердің, авариялардың, жазатайым оқиғалардың туындауын болдырмаудың негізгі артықшылықтарын қарастырып оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Басқару психологиясы

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тағам өнеркәсібіндегі сәйкестікті растау

    Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ұлттық және халықаралық талаптарға өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібіне оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тағам қауіпсіздік жүйесіндегі тәуекелдікті басқару

    Пән тәжірибеде сапаны басқару жүйесін талдау мен бағалауды, сондай-ақ кәсіпорындарда сапаны жүйелі басқарудың халықаралық стандарттарын әзірлеу мен енгізуді оқытады. Сондай-ақ заманауи әдіснама мен бағалауды пайдалана отырып, тамақ өнімдерін өндіру және сату кезінде тәуекелдерді басқаруды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шет елдердегі сертификаттау

    Пән шетелдік сертификаттарды тану тәртібін, міндетті сертификаттауға жататын тауарларды әкелу тәртібін, халықаралық сертификаттауды зерделеп оқытады. Сондай-ақ, ХЭК электротехникалық бұйымдарды сертификаттаудың халықаралық жүйесін (ХЭКС), Еуропа, Азия елдерінде, АҚШ, Қытайда сертификаттау жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, Кеден одағы жағдайында және ЕО сәйкес сәйкестікті декларациялау тәртібін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Экологиялық аудит жүйесі

    Негізгі талаптарға сәйкес экологиялық жүйе мен экологиялық аспектілерді зерттеу. Білім алушыларды басшылық тарапынан талдау жүргізуге, кәсіпорындарда тексерулер мен түзету іс-қимылдарын жүргізуге, сондай-ақ экологиялық менеджменттің халықаралық стандарттарымен жұмыс жүргізуін үйрету. Экологиялық аудиттің барлық кезеңдерінде аудиторлық органдардың функциялары мен міндеттерін іске асыру процесінде қолданылатын аудиторлық-талдамалық рәсімдерге бірыңғай талаптарды белгілеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Конфликтология

    Пән конфликтологияның негізгі категорияларын, жанжалдардың типологиясын, жанжалдарды басқару технологиясын қарастырады. Тұлғаның қақтығыстағы мінез-құлық теориясын, тиімді қарым-қатынас технологиясын және қақтығыстағы ұтымды мінез-құлықты зерттейді. Жанжалды шешу бойынша келіссөз процесінің психологиясы, дауды реттеу технологиясы ретінде Медиация туралы түсінік қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бизнес шешімдерді модельдеу

    Пән шешім қабылдау процестерін зерттейді, бастапқы мәселені формализациялаудан бастап, компьютерде математикалық модель құру және шешу арқылы шешімді талдауға және басқару шешімін қалыптастыруға дейін. Басқарушылық шешімдерді таңдау үшін міндеттердің өндірістік, көлік және қаржылық модельдерін қарастырады. Математикалық модельдерді құру және шешу және осы шешімдерді компьютерде талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сала бойынша СРО және СЗ аккредиттеу

    Пән аккредиттеудің теориялық негіздерін, аккредиттеу саласындағы терминологияны, аккредиттеу жүйесінің негізгі мақсаттарын, қағидаттары мен объектілерін, аккредиттеу жүйесіндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, аккредиттеу жөніндегі органның құқықтары мен міндеттерін, халықаралық деңгейде аккредиттеу саласындағы нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді оқытады. Сондай-ақ аккредиттеу рәсімдерін, оның негізгі талаптарын, кезеңдерін, аккредиттеу объектілеріне тексеру жүргізуді, тағам және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін сынау жөніндегі зертхананы аккредиттеуді үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Техникалық реттеу жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету

    Курс стандарттау жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді, сәйкестікті растауды және метрологияны оқытады. Сондай-ақ "Стандартинформ" функциялары, Республикалық ғылыми-техникалық ақпараттық орталықтың функцияларын зерттейді. Стандарттардың бірыңғай мемлекеттік қоры, "Қазақ стандарттар институты" (ҚазСтИн), республикалық ғылыми - техникалық кітапхана функциялары, яғни құжаттардың арнайы түрлерін, Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін, каталогтау жүйесін зерттейді. Сондай-ақ тауарларды кодтау, республикалық ақпараттық Қорға кіретін нормативтік құжаттарды сақтау мен таратудың кешенді автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен таныстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Кең ой-өрісі мен дамуы бар тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін ғылыми, әлеуметтік – гуманитарлық, инженерлік пәндердің негіздерін сипаттау.
  • Техникалық реттеу және тағам қауіпсізідігі саласындағы білімді кәсіби деңгейде қолдану.
  • Техникалық реттеу саласындағы мәселелерді шешу және дәлелдерді тұжырымдау.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін техникалық реттеу саласындағы ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру.
  • Мамандарға техникалық реттеу саласындағы ақпаратты, идеяларды, проблемалар мен шешімдерді хабарлау.
  • Сынақ жабдығын аттестаттауды қоса алғанда, өлшеу функцияларын орындайтын өлшеу құралдары мен техникалық құрылғыларды сынау, сәйкестендіру, тексеру және калибрлеуді жүргізу.
  • Стандарттау саласындағы жұмыстарды орындау қабілеті: стандарттар жобаларын, әдістемелік және нормативтік материалдарды, техникалық құжаттарды жасау және белгіленген талаптарды, қолданыстағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтау үшін техникалық құжаттаманы нормалық бақылауды жүзеге асыру.
  • Кәсіпорында қолданылатын стандарттардың, нормалар мен басқа да құжаттардың қолданыстағы құқықтық актілерге және техникалық реттеуді дамытудың озық үрдістеріне сәйкестігін тексеру.
  • Заманауи білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өз бетінше жаңа білім алу, ғылыми-техникалық техникалық реттеу саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе компьютермен жұмыс істеу дағдысын және кәсіби міндеттерді шешу үшін әртүрлі көздерден алынған ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын пайдалана отырып, реттеу.
  • Зерттеу жүргізу үшін теориялық және практикалық білімді қолдануға, ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін зерттеу деректерін түсіндіруге қабілетті, жобаларды басқару процестерін бағалау, ұйымдық құрылымды жобалау, жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, өнімнің сапасы мен еңбекті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, қаржылық ағындарды оңтайландыру және жоба тәуекелдерін жүйелік талдау.
Top