Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Кез-келген ғылыми зерттеу нақты ережелер бойынша белгілі бір әдістермен жүзеге асырылады. Пән докторанттарды оқытуды жаңғыру және ақпараттандыру жағдайында жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу мүмкіндіктерін негізге алып, ғылыми зерттеудің әдістері туралы жан-жақты мәлімет береді. Пәннің мақсаты - докторанттарды ғылыми зерттеудің әдістерімен таныстыру, жасанды интеллектінің ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізудегі әлеуетін пайдалана отырып, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    Пәнді оқу барысында докторанттар ғылыми зерттеулер нәтижелерін ресімдеу, статистикалық және эксперименттік деректерді сипаттау стилистикасын сақтау саласында білім мен іскерлікке ие болады. Ғылыми мақаланың құрылымымен, әдебиеттер тізімін, аннотацияларды рәсімдеу ережелерімен танысады. Курстың мазмұнына мақалаларды, монографияларды, оқу құралдарын рецензиялау кіреді. Research Proposal-дан бастап диссертацияны жазуға көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика философиясы және әдіснамасы

    «Педагогика философиясы және әдіснамасы» пәні докторанттарды ғылыми және практикалық зерттеу қызметінде педагогика философиясы мен әдіснамалық білімдер негіздерімен қаруландырады. Докторанттар ғылым философиясы және әдіснамасын, педагогика әдіснамасын, педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесінің ұғымдық-категориялық аппаратын, педагогикалық зерттеу мен жобалаудың құралдарын қолданып, педагогикалық зерттеу үдерістерінің мәні, мазмұны және құрылымы жайлы білімдер жүйесін жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бүгінгі білім мен ғылымдағы академиялық адалдық қағидасы

    Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет, тарихи шындықпен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Академиялық адалдық – шынайылық, сенімділік, құрмет, әділеттілік, жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыру. Әрбір оқу орны педагогикалық мораль мен этикалық норма тұрғысынан негізделген шешімдерді орындауға мүмкіндік беретін өзіндік академиялық адалдық қағидаларын айындайды. Пәннің мақсаты - докторанттарды аталмыш мәселе бойынша ғылыми-теориялық ізденістердегі негізгі мәселелермен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи қоғамдағы тәрбие және рухани құндылықтар

    Қазіргі таңда дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау және жаңғырту қажеттілігі педагогикалық теория мен практика міндеттерінің басым бағыты және ұлттың рухани егемендігінің басты факторы ретінде өзекті мәселе болып отыр. Рухани негіз адамға өз өміріндегі және қоғам өміріндегі оқиғаларды дұрыс түсінуге, дұрыс шешім қабылдауға және әртүрлі жағдайларда әрекет етуге, мінез-құлқын өз халқының адамгершілік құндылықтары мен тәжірибесіне сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы ретте жеке тұлғаның мінез-құлқын реттейтін ең маңызды фактор тәрбие екенін атап айту керек. Докторанттарға ұсынылып отырған «Заманауи қоғамдағы тәрбие және рухани құндылықтар» пәнінің мақсаты - өз халқының және адамзаттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген, адамгершілігі жоғары, жауапкершілікті сезіне білетін, шығармашыл, белсенді, құзыретті маман-педагогты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасауға жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ЖОО-нда кәсіби пәндерді оқытудың әдістемесі

    "ЖОО-нда кәсіби пәндерді оқытудың әдістемесі" курсы жоғары оқу орындарында кәсіби пәндерді оқытудың теориялық және практикалық негіздерін меңгертеді, МЖБС талаптарына сәйкес олардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырады. Жоғары мектеп жағдайында кәсіби пәндерді оқытудың әдістемесін меңгерте отырып, докторанттарды кәсіби құзыретті тұлға ретінде қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Курс докторанттың кәсіби дамуына жауапкершілігін арттырып, болашағын анықтауға көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-педагогикалық қызметтегі кәсіби этика

    Курстың мақсаты-студенттердің бойында мұғалімдердің кәсіби моральының ерекшеліктері туралы тұтас, жүйелі түсінік қалыптастыру, кәсіби педагогикалық қызметті ұйымдастыруға этикалық және аксиологиялық көзқарастың мәнін ашу. Педагогикалық қызметтегі кәсіби-маңызды моральдық құндылықтардың орны мен рөлін зерттеу мен педагогтердің кәсіби моралының құрылымын анықтау курстың міндеттері болып табылады. Коммуникациялық мәдениетті және конфликтологиялық құзыреттілікті дамыту мен кәсіби қызметте әлеуметтік-коммуникативтік функцияларды іске асыруға дайындық әлеуметтік-әріптестік қарым-қатынастарды дамытуды меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан Республикасы дамуының басты бағыттарына сай ғылыми-педагогикалық қызметтің стратегиясын анықтайды, ақпараттық ағынның өсуі мен тез жаңғыруы жағдайында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметті академиялық адалдық қағидасы негізінде жүзеге асырады.
  • Бастауыш білім мен дидактика салаларындағы білімдерді интеграциялау негізінде қазіргі заманғы ақпараттық және инновациялық технологияларды қолданып, ЖОО-нда сабақ жүргізеді; жоғары мектеп дидактикасының қағидаларына сай оқытудың заманауи әдістері мен формаларын, студент жастарды оқытудың қазіргі заманғы теориясы мен практикасын меңгереді.
  • Өзінің кәсіби дамуын жетілдіреді, заманауи қоғамда жастарға тәрбие беру мен олардың бойында рухани құндылықтар қалыптастыру бағытында жаңа білімдерді игереді, рухани құндылықтардың маңызын жобалау жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Жаңа педагогикалық мектептер, олардың теориялық және практикалық нұсқаулықтары, сәйкес сала бойынша әлемдік және қазақстандық ғылымдағы ғылыми концепциялар туралы біледі, қазіргі заманғы білім беру саласындағы әлемдік және отандық ғылым дамуының негізгі тенденцияларын, бағыттарын біледі, бастауыш білім беру саласындағы заңнамаларды меңгереді.
  • Білім бағдарламасының мақсатына сәйкес жаңа курстарды оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ғылыми-зерттеу нәтижелерін оқу пәнінің мазмұнында жобалайды.
  • Арнаулы салаларда теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады, зерттеу әдістерін кешенді пайдаланып, педагогикалық тәжірибелер жүргізеді,оқытуды модернизациялау және ақпараттандыру жағдайында жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу мүмкіндіктерін негізге алып, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асырады.
  • Зерттеу нәтижелерін жоспарлау, үйлестіру, жүзеге асыру және жобалау дағдылары қалыптасады; ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдауға, бағалауға және салыстыруға дағдыланады,академиялық тұтастықты сипаттайтын ғылыми зерттеулер жүргізеді; жасанды интеллектінің ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізудегі әлеуетін пайдаланады.
  • Ғылыми таным шеңберін кеңейте отырып, өзінің білімі мен идеяларын ғылыми қауымдастыққа хабарлайды, ғылыми шараларға, жобаларға қатысады, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарларда топ алдында сөйлеу дағдысы қалыптасып, ғылыми ақпарат беруге дағдыланады.
  • Ғылыми сипаттағы жұмыстарды рецензиялайды, ғылыми зерттеу нәтижесін дұрыс ресімдейді, академиялық жазу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру моделін меңгереді.
  • Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми зерттеулеріне жетекшілік етеді, ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жасайды.
Top