Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01511 Информатика в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Информатика пәнінің мазмұнын игере алатын, АКТ құзіреттілік деңгейін жалпы пайдаланатын; оқу-тірбиелеу үрдісін ұйымдастыру дағдыларын меңгерген, оқыту мен бағалау әдістерін білетін, білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыруды білетін; білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып білім беру мен оқытуда жеке және дифференциалды тәсілдерді жүзеге асыру; студенттердің ғылыми-зерттеу және ғылыми жобалау саласындағы біліктілігін арттыру; білім беру ресурстарын өңдеу әдісін игере алатын бакалавр даярлау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау; кәсіби қызметінде экология мен тіршілік қауіпсіздігі саласындағы білімін қолдана біледі. Қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйренеді.
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, ғылыми зерттеу әдістерін, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу;
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі;
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету;
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау;
  • Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдау дағдыларын меңгеру, болашақ мамандығы бойынша оқу үдерісінде критериалды бағалау дағдыларын меңгеру
  • Оқу процесін студенттердің арнайы білім беру, әлеуметтік, жас, психофизикалық және жеке қажеттіліктерін ескере отырып, ұйымдастыруға қабілетті;
  • Физика-математика аппаратын қолдана отырып кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын пайдалану дағдыларын меңгеру;
  • Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды кәсіптік салада қолдану, білім алушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыру, әртүрлі инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану, информатикадан есептерді шешу әдістерін анықтау, заманауи ақпараттық технологиялар құралдарын тиімді пайдалану;
  • Алгоритмдік тіл негіздерін меңгеру, қойылған тапсырманы шешуге арналған алгоритм құру, есептерді шешуде бағдарламалау дағдыларын игеру, үлкен деректерді өңдеу және таратылған деректер қорын құруды білу;
  • АКТ негізгі архитектуралық құрылымының концепциясын, функционалды ұйымдастыру модельдерін, компьютердің техникалық және логикалық негіздерін игеру; бұлттық ортада жұмыс істеу, көп ядролы кластермен жұмыс жасауды ұйымдастыру дағдыларын меңгеру және желілердің қауіпсіздігін ұйымдастыру;
  • Заманауи интеллектуалды технологиялар туралы білімнің болуы, білім беру үрдісінде робототехника мен бағдарламалау дағдыларын қолдану, роботтарды басқару алгоритмін құру және өңдеу, виртуалды және кеңейтілген шындық технологияларын білім жүйесінде қолдану, ақпараттық объектілерді модельдей алу және түрлендіре білу, жасанды интеллекттің алгоритмдік, технологиялық негіздерін практикада қолдану, веб-бағдарламалау мен мобильді қосымшаларды құру дағдыларына ие болу, қосымшалардың интерфейсі мен дизайнын әзірлеу, микроэлектроника мен схемотехникадағы жұмыстарды ұйымдастыруды игеру;
Top