Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08602 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми жаратылыстану пәндері саласындағы негізгі академиялық адалдық қағидаларын, этикалық және құқықтық нормаларды анықтау.
  • Қоршаған ортаның құбылыстары мен процестерін, физикалық өзін-өзі жетілдіру негіздерін, экономикалық, экологиялық заңдылықтар мен ғылыми ойларды қалыптастыру үшін ақпараттар жинау және жүзеге асыру.
  • Компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, гидрохимия және техникалық механиканың экспериментальды зерттеу әдістерін, математикалық талдаудың негізгі ұғымдарын талқылау.
  • Сызба геометриясы мен инженерлік графика бойынша тапсырмалар, жобалау жұмыстарының ақпараттарын өңдеу, топографиялық түсірілімдердің мысалын келтіру.
  • Зерттелетін салада заманауи компьютерлік бағдарламаларды (AutoCAD, GIS және т.б.) қолдана отырып, жер асты суларын іздеу мен барлауда гидравликалық есептеулер туралы білім мен фактілерді түсіну.
  • Құрылыс машиналары мен конструкцияларын қолдана отырып ауыл шаруашылығы мен гидромелиоративтік жұмыстарда өндірістік технологияны және ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану.
  • Гидрология және ағынды реттеу мен гидрометриялық жұмыстарды, геология және гидрогеология негіздерін, топырақ-климаттық факторларды бағалау.
  • Әр түрлі мақсаттағы жерлерді қорғау үшін жерді мелиорациялау және баптаудың экологиялық қауіпсіздігі, суару мелиорациясын сипаттау.
  • Теориялық және практикалық білімдерді қолдана отырып сорғы станцияларын, гидрокүштік қондырғыларды, гидромелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша эксперимент жүргізу.
  • Гидротехникалық құрылымдарды жобалау, ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру, сондай-ақ мелиоративтік жүйелердің есептеулерін дәлелдеу.
  • Мелиоративтік жүйелерді автоматтандыру және пайдалану, табиғи және техногендік кешендерді басқару және инженерлік-мелиоративтік құрылымдардың жоспарын ұсыну.
  • Жерді баптау және қорғаудың мәселелерін шешу, мелиорациядағы инженерлік шешімдерді экологиялық негіздеудің жүйесін жасау.
  • Жер және су ресурстарын ұтымды пайдалану мен басқаруды, табиғатты үйлестіру және табиғатты пайдалану, ландшафттануды жоспарлау.
  • Басқару қызметінде алған білімі мен дағдыларын шығару.
Top