Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01902 Логопедия в Қызылорда "Болашақ" университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Арнайы психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында жалпы мәдени, түйінді, жалпы кәсіби құзыреттеріне, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу үшін педагог-логопед кәсіби құзыреттеріне ие кәсіби өсуге және кәсіби ұтқырлыққа қабілетті білікті тұлғаны қалыптастыру
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B020 Арнайы педагогика
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
  • Дайындық бағыты 6B019 Арнайы педагогика

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан тарихының және философияның, ұлттық және жеке қорларының, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады.
  • Балалардың психофизиологиялық және жеке-типологиялық ерекшеліктерін және орнын толтырушы қабілеттерін ескере отырып дамыту ортасын құру үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана біледі, сөйлеу бұзылыстарының жіктелуін, сөйлеу бұзылыстарын түзетудің принциптерін, әдістері мен құралдарын меңгереді, қазіргі заманғы түзету технологиялары мен диагностикалық және алдын алу жұмыстарын меңгереді. Ғылым мен практика талаптарына сәйкес білім беру мекемелерінде оқу-түзету процесін, консультативтік-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады, дефектология және педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін саралап, дамыта оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын меңгереді.
  • Тәрбие және оқыту процестерінің нормаларымен танысады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы біледі. Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің құрлысын зерттеп, даму барысын қарастырады және әр түрлі сезім мүшелерінде кемістігі бар балалардың патологиялық ауруларын, себептерін, клиникалық ерекшеліктерін меңгереді.
  • Арнайы логопедиялық ойындар мен психологиялық аурулардың түрлерімен танысады. Білім беру жүйесінде кәсіби теориялық және практикалық білімді жетілдіреді. Жаңа технологиялық тәсілдерді және критериалды бағалауды үйренеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар баларды қол еңбегіне оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін жүзеге асырады.
  • Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті проблемалары бойынша жүйелі тәсіл тұжырымдамаларын, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады; жоғары мектептің қазіргі заманғы педагогикасының педагогикалық теориясы мен әдіснамасы және оларға сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеу технологиялары мен әдістері саласындағы білім жүйесі негізінде педагогикалық процесті жоспарлайды, жобалайды және іске асырады, арнайы пәндерді оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен әдістемелерін қолданады,оқу бағдарламалары мен тиісті әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлейді, оқу процесінде қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды қолданады.
  • Балалардағы дыбысты айтуды түзеу кезінде түзету жұмыстарының кезеңдерін құру және модельдеу, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар тобында логопедиялық ырғақты, дыбыстарды қою әдістері мен тәсілдерін қолдану.
  • Логопедиялық сараптаманың классификациясы, технологиясы, сөйлеу бұзылыстарының дифференциациясы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қолданады, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзетудің заманауи логопедиялық технологияларын меңгереді.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды жоспарлау, дамыту және ұйымдастырудағы оқу, практикалық және кәсіби міндеттерді шешеді.
Top