Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01601 Тарих в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Ғылыми зерттеу әдістері

    «Ғылыми зерттеулердің әдістері» пәнінің мазмұны педагогикалық зерттеулерді жүргізудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастырады. Курс бағдарламасы докторанттарды ғылым мен білім философиясының заманауи мәселеріне бағыттайды. Зерттеу жүргізудің әдіснамалық негіздерін, зерттеудің логикалық құрылымын, теориялық, эмпирикалық математикалық - статистикалық әдістерін практикалық жолмен игертуді, зерттеу нәтижелерінің шынайлығын дәйектеуге дағыдаландыруды, зерттеушінің әдеп қағидаларын меңгертуді, мәселенің өзектілігін дәлелдеуге, үздіксіз кәсіби өсу, өзін-өзі дамыту және өзінің ғылыми идеяларын генерациялау қабілетін қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ зияткерлік элитасының шығармашылық мұрасы: деректер, материалдар, әдістеме

    Деректерді, құжаттық материалдар мәтіндерін және зерттеу әдіснамасын талдау арқылы зиялылардың шығармашылық мұрасын зерттеу құзыреттерін дамыту. Зияткерлік тарих дәстүрлері қарастырылады, мәтіндермен және шығармашылық мұра деректерімен жұмыс жүргізіледі, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ элитасының идеялары мен тәжірибелері талданады. Интеллектуалды тарих әдіснамасына, сондай-ақ мәтіндерді түсіндіру және талдау дағдыларына ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазылым

    Пәнді оқу барысында докторанттар академиялық мәтіндер ұғымдарымен, жанрларымен, қызметтерімен және мәтіндерді безендіру түрлерімен, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен танысады. Академиялық мәтіндер құру, зерттеу нәтижелерін жазбаша баяндау, ғылыми мақалаларды, диссертацияларды жазу және эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну, ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Академиялық адалдық саясатын ұстану және плагиатқа төзбеушілік қасиеттері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әлемдегі тарих ғылымы мен білімі: тұжырымдамалар, теория және практика

    Курс тарих ғылымындағы қазіргі теориялық және әдістемелік ұстанымдарды қарастырады және цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін интеграциялау жолдарын іздестіреді. Докторанттар деректану мен тарихнаманың заманауи әдістерін зерттейді, тарихи деректерді талдауға арналған цифрлық құралдар мен AI технологияларын меңгереді, оқытудың инновациялық әдістері мен қоғамдық тарих мәселелерін талдайды. Докторанттар ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін академиялық және білім беру ортасында сәтті қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы сталинизм тарихы: деректер, әдістер, дискуссиялар

    Мақсаты: Қазақстандағы сталинизм тарихының даулы мәселелері және оның жаңаша түсінігін беру. Мазмұны: Сталинизм тарихын өзектілендірудің методологиялық мәселелері. Қазақстандағы сталиндік режимнің репрессиялық саясаты мен тәжірибесі. Сталин туралы халық естелігі. Ауызша тарихи деректер, құпиядан шығарылған құжаттарды талдау тәжірибесі. Қалыптастыратын дағдылар: Кәсіби мәселелерді шешуде гуманитарлық ғылымдар бойынша алған теориялық және практикалық білімдерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тарихи білім беру саласы жайлы жүйелі түсінігін көрсетеді, қазіргі ғылыми парадигма қағидаттарын ескеріп және пәнаралық зерттеулердің жаңа әдістерін, тарихи зерттеулердің дағдылары мен әдістерін қолданады;
  • Студенттер мен зерттеушілердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру үшін инновациялық технологиялармен интеграциялай отырып тарихи білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу процесін жобалайды, енгізеді және бейімдейді;
  • Ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайықты, тарихи ғылымның шекарасын кеңейтуде, ерекше өзіндік зерттеулерімен үлес қосады;
  • «Тарих» саласы мен кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістері саласындағы жаңа білімдерді дамытады; жаңа және күрделі идеяларды талдайды, бағалайды және синтездейді;
  • Ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда өз білімдері мен жетістіктерін ауызша және ғылыми жазба түрінде баяндайды; ғылыми байланыстар қалыптастырады;
  • Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын (АКТ, мультимедиялық бағдарламалар,Интернет ресурстарын) ақпарат жинау және ғылыми нәтижелерді апробациялау үшін белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданады;
  • Сыни және шығармашылық ойлауды, жеке білімпаздылық пен кәсіби өсуге ықпал ететін оқыту және бағалау стратегияларын қолдана отырып, білім беру ресурстарына талдау жасайды;
  • Қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының рөлін, олардың экономикалық және мәдени құрылымдар мен процестердегі қатынастарын, олардың Қазақстанның тарихи даму барысына әсерін анықтай алады;
  • Арнайы ақпаратты талдайды және тиісті тұжырымдар мен қорытындыларды жасайды және білімге негізделген қоғамның прогресі үшін, технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуға үлес қосады.
Top