Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02106 Театр режиссурасы в Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Пәндер

  • Режиссура негіздері І

    Шығармашылық үдерістегі режиссердің рөлі мен мәні. Режиссерлік техника элементтерін игеру. Театр өнері және оның компоненттері. Режиссер-театр ұжымының жетекшісі және ұйымдастырушысы, спектакльдің түпкі ойын құрастырушы және оны жүзеге асырушы авторы, көрерменнің идеялық-эстетикалық тәрбиешісі. Бейнелік ойлау, елестете алу және қиялдай білу қабілетін тәрбиелеу. Этюдтер және жаттығулармен жұмыс.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Классикалық би негіздері

    Дене аппаратында жұмыс істеудің негізгі ережелері: денені, қолды, аяқты, басты орнату, станоктың және залдың ортасындағы қозғалыстар. Классикалық бидің негізгі элементтерін орындау техникасын іс жүзінде меңгеру. Пән би пәндерінің бүкіл кешенін оқытудың негізі болып табылады, оқушылардың физикалық мәліметтерін дамытуға, қажетті пластикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған және орындаушылық мәдениеттің қайнар көзі болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Классикалық би

    Классикалық бидің негізгі элементтерін орындау техникасын іс жүзінде меңгеру. Денені ырғақты-физикалық бұйрықтарға бағындыра отырып, оқушының дене және психикалық аппаратын дамыту үшін қимылдарды меңгеру. Классикалық бидің бағдарламалық қимылдарын іс жүзінде қолдану. Жаттығуларды музыкалық-ритмикалық меңгеру. Музыкалық және би шығармаларының міндеттерін түсіну және ашу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық режиссура негіздері І

    Музыкалық режиссура тарихы мен теориясының негізгі түсініктері. Музыкалық режиссура техникасының негізгі элементтерін игеру. Музыкалық этюдтер және жаттығулармен жұмыс. Этюдтің негізгі оқиғасын және оның түпкі мақсатын анықтау. Әрекет арқылы талдау негізінде әдеби шығармалармен танысу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Актер шеберлігінің негіздері І

    К.С.Станиславский жүйесі бойынша актер шеберлігінің негізгі элементтерін меңгеру: зейін, қиял мен елестету, қарым-қатынас, сенім мен шындық сезімі, сахналық дәлелдеме, киелі күш «егер де» және ұсынылған тосын жағдай. Көздеген мақсатка жету үшін ұсынылған тосын жағдайда қисынды, бірізді әрекет жасауды меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Актер шеберлігі технологиясы І; Ән салу негіздері І

    Интеграцияланған пән: Белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін ұсынылған тосын жағдайда қисынды, бірізді әрекет жасауды меңгеру (мен не істеймін, не үшін істеймін, қандай ұсынылған шартты жағдайда әрекет етудемін). Дауыс түзу үдерісінің заңдылығы мен ерекшеліктері. Ән салудағы дем тірегі, резонаторлардың функциясы. Ән салу техникасы мен орындаушылық шеберлікті жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Режиссура негіздері ІI

    Әдеби дереккөзді таңдау және игеру. Дереккөздерді игеру, сахнаны талдау. Қажетті компоненттерді қамту арқылы этюдтік көріністі жүзеге асыру (кеңістік шешімі, заттар, костюм детальдары, жарық, музыка). Елестетуді, қиялды, зейінді, байқампаздықты, көру арқылы есте сақтауды, ассоциативті ойлауды, ой қисынын дамытуды жаттығулар арқылы машықтандыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Актер шеберлігінің негіздері ІI

    Ұсынылған тосын жағдайға байланысты әрекеттердің органикалық элементтерін сахнада меңгеруге арналған практикалық жұмыс. Ән салу, би және музыкалық элементтерді пайдалана отырып, жұптық және топтық этюдтармен жұмыс істеу. Серіктеспен жұмыс. Серіктес әрекетін шынайы қабылдау. Ұсынылған тосын жағдайда тебіреніс сезімімен ойлау қабілетін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи-тұрмыстық би

    Курстың мақсаты – әртүрлі тарихи дәуірлердегі тұрмыстық билердің стильдік ерекшеліктерін меңгеру; тарихи бидің би техникасын меңгеру; тарихи билерді оқу барысында орындау мәнері мен мәнері туралы білім алу. Қарапайым халықтың билері мен жоғары сыныптың салон билерінің айырмашылығын түсіну. Минуэт, вальс, полонез би қимылдарын орындауды үйрену.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Музыкалық режиссура негіздері ІI

    Музыкалық театр режиссурасының теориялық және әдістемелік негіздерін игеру; музыкалық театрдың ерекшелігі. Бейнелеу, әдебиет, музыкалық өнер туындылары тақырыбына этюдтер. Әдеби материалдарға этюд құрастыруға арналған дайындық жұмыстары (заманауи проза).

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тарихи-тұрмыстық би негіздері

    Тарихи-тұрмыстық би негізіндегі би композициялары. "Тарихи-тұрмыстық би негіздері" пәні көп функциялы және студенттерге орта ғасырлардағы ХХ ғасырдың басына дейінгі би өнерінің тарихи дамуын іс жүзінде меңгеруге мүмкіндік береді. Батыс Еуропа қоғамының тарихи дамуының әртүрлі дәуірлеріне байланысты тарихи билер мен тәжімдерді орындау шеберлігі. Орындау техникасын дамыту. Жұптық, жеке және жаппай билерді зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Актер шеберлігі технологиясы ІI; Ән салу негіздері ІI

    Интеграцияланған пән: Сөздің туындауына этюд құрастыру: әрекет ету, өз денесін, мимикасын, дауысын меңгеру, сахнада еркін қозғала білу, әріптесті көру, есту. Ән салу техникасы мен орындаушылық шеберлікті жетілдіру. Тыныс алу және интонация тазалығымен жұмыс.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Музыкалық театр артисінің сахна тілі негіздері I

    Фонациялық тыныс алу, сөйлеу мен ән салу дауыстарын параллельді дамыту, дауыс диапазонын тұрақтандыру және бекіту, дауыстың әуезділігі мен интонациялық мәдениетін тәрбиелеу. Психологиялық, әрі физикалық қысымнан арылу. Орфоэпиялық дағдыларды жетілдіру. Сөз әрекетінің элементтері. Авторлық сөздің мазмұндық, нақты және стильдік табиғатын меңгеру үдерісі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Халықтық сахналық би

    Дүние жүзі халықтарының әртүрлі халықтық және сахналық билерін, би композицияларын орындауға қажетті білім, білік және дағдылар жиынтығы негізінде білім алушылардың орындаушылық және көркемдік-эстетикалық қабілеттерін дамыту. Түрлі халықтардың мәдениетіне толеранттылыққа тәрбиелеу. Күрделі координациялық қозғалыстарды меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әлем театрының тарихы

    Театр мәдениеті дамуының жалпы заңдылықтары. Әлемдік театр өнерінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуы – көне дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі, көркемдік процестердің алуан түрлілігі. ТМД елдерінің ұлттық театрлары. Қазіргі театр өнерінің стильдері мен даму бағыттары, драма түрлері мен жанрлары, ұлттық және әлемдік театр шеберлерінің шығармашылығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық театр режиссурасы І

    Режиссердің өнер мен шындықты қабылдауының жан-жақты ерекшеліктерін ашу және дамыту. Драматургтің, режиссердің, актердің, көрерменнің пьеса құру процесіндегі өзара әрекеті. Драмалық шығарманы құру заңдылықтары. Режиссерлық этюдтармен жұмыс. Этюдті қою үшін көмекші материалды таңдау және зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Халықтық сахналық би негіздері

    Халықтық сахналық бидің негізгі қимылдары. Халықтық және сахналық би материалдары бойынша дененің пластикасын дамытуға арналған жаттығулар. Ұлттық бейнелік негізі. Әр түрлі халықтардың ұлттық құндылықтарын түсіну. Болашақ режиссерлердің темпераменті мен жеке ерекшелігін аша білу. Халықтық-сахналық биге негізделген би композициялары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Режиссура I

    Сахналық бейнеге лайықты поэтикалық деңгейдегі іс-әрекеттерді таңдау. Режиссердің спектакльмен жұмысының дайындық кезеңі: пьесаны таңдау және игеру, автор шығармашылығымен танысу, дереккөздерді игеру, пьесаны режиссерлік талдау - пьесаның идеялық-тақырыптық талдауы және архитектоникасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сахна тілі негіздері I

    Сөйлеу аппаратының қалыптасуы. Сөйлеу аппаратының анатомиясы мен физиологиясы. Сахна тілінің негізгі ерекшеліктері. Сөз арқылы қарым-қатынас және интонация. Дауысты жаттықтыру әрі дамытуға арналған кешенді жаттығулар. Дикция және орфоэпия. Сөйлеудің әдеби нормалары. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың, етістіктер мен сын есімдердің айтылуы. Сөздің қисындылығы мен сөз арқылы қарым-қатынастың заңдылықтары. Тыныс белгілері мен оның сөйлеу барысындағы атқаратын ролі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Актер шеберлігінің техникасы І

    Әрекет арқылы талдау тәсілін меңгеру. Физикалық әрекет тәсілі. Физикалық әрекет – сөз әрекетінің негізі. Тыңдай және ести білу. Инсценировкалармен және пьесалардан алынған үзінділермен жұмыс. Пьесаның идеясы мен тақырыбын анықтау. Үзіндінің түпкі мақсаты мен әрекет арқауын анықтау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Актер шеберлігі І; Вокалдық ансамбль I

    Интеграцияланған пән: Музыкалық-драмалық шығармалардан алынған үзінділермен жұмыс. Рольдің негізгі мақсаты мен әрекет арқауын анықтау. Композитор мен драматург ұсынған тосын жағдайдағы мінез-құлық органикасын іздеу, таба білу. Шынайы психофизикалық көңіл-күйді таба алу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем музыкалық театрының тарихы

    Музыка көркем мәдениет тарихының феномені ретінде. Музыкалық театрдың синтетикалық табиғаты. Музыкалық театрдың қайнар көзі. Опера, оперетта, музюзикл өнері. Жаңа тенденциялар. Операның қазіргі сахналық интерпретацияларымен танысу (XX ғ. аяғынан бүгінгі күнге дейінгі кезең).

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық театр режиссурасы ІІ

    Музыкалық-драмалық шығарманың тақырыбын, идеяларын және жанрын анықтау. Либретто және клавирмен (партитурамен) жұмыс. Әр кейіпкердің драматургиясын құру. Музыкалық спектакльдің драматургиялық композициясын құрастыру. Шығармамен өз бетінше жұмыс жасау (әдеби және музыкалық негізге оқиғалық талдау жасау). Көлемді сахналық көріністі әрекет арқылы талдау (хор мен хореографияны қосу арқылы).

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Актер шеберлігі ІІ; Вокалдық ансамбль II

    Интеграцияланған пән: Классикалық опера, оперетта, музыкалық-драмалық шығармалар үзінділерімен жұмыс істеу. Музыкалық-драмалық шығармалар міндеттері бойынша үзінділерді әрекет арқылы талдау. Музыкалық-әншілік мәдениет, вокалдық-ансамбльдік дағдылар мен біліктіліктерін қалыптастыру. Ансамбль үндестігі, унисондық топтың үйлесімділігі, интонациялық, динамикалық, ырғақтық, орындаушылық мәдениет.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Музыкалық театр артисінің сахна тілі негіздері II

    Фонациалық тыныс алу, сөйлеу мен ән салу дауыстарын параллелді дамыту, дауыс диапазонын тұрақтандыру және бекіту, әуезділік пен интонациялық мәдениетті тәрбиелеу. Мәтінді орфоэпиялық талдау. Сөйлеу мүшелерін басқаратын бұлшық ет қысылысын босату. Тыныс алу және дауыс тірегі бұлшық еттерін анықтау, бекіту және белсенділігін арттыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ би негіздері

    Қазақ биі – жоғары орындаушылық мәдениеттің қайнар көзі, оны зерделеу оқушылардың көркемдік қабілетін дамытады, бидің техникалық ерекшеліктерін, оның ұлттық мәнерлі орындау тәсілін меңгеруге көмектеседі. Бастың, қолдың, дененің және аяқтың орналасуы. Бас, қол, дене, аяқтарды негізгі дұрыс қою. Қолдың негізгі позициялары мен қалыптары. Ауыспалы, бүйірлік өкшелі қозғалыстар. Қазақ биінің қимылдары: сырғанау, секіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна тілі негіздері II

    Тіл техникасын дамыту. Нақты сахналық жағдайларға байланысты актердің дауысы мен тілін тәрбиелеуге арналған жаттығулар. Автордың стилі. Сөйлеу барысында кездесетін интонациялар заңдылықтары. Әдеби-көркем мәтінмен жұмыс істеу әдісі. Бейне сомдау кезінде сахна тілімен дұрыс жұмыс істеу дағдысын тәрбиелеу. Сөз саптау мен бейне сомдау табиғатын аша білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Режиссура IІ

    Классикалық драматургия материалын таңдау, әрекет арқылы талдау, шығарманың тақырыбын, идеялары мен жанрын анықтау. Драматургияны талдаудан режиссердің қойылым жоспарын шешуіне көшу. Қақтығыстарды, негізгі оқиғаларды, жанама әрекеттер мен атмосферасын анықтау. Әрекет пен контрәрекеттің дамуы. Прозалық және поэзиялық инсценировкалармен жұмыс жасау. Өзбетінше таңдаған пьеса тақырыбына композиция құрастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Драматургия (либретто)

    Драматургия мен либретто құрастырылу жолдарын игеру, музыкалық-образдық қатар, режиссерлік жоспар құрастыру үшін қажетті идеялық мазмұн. Шығармаларды инсценировкалау -режиссер мен актер жұмысының маңызды кезеңдерінің бірі. Режиссердің музыкалық спектакль либреттосымен жұмысы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Актер шеберлігінің техникасы ІІ

    Сахналық бейненің өмір сүру желісін құру, кейіпкердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін қалыптастыратын әлеуметтік және басқа да себептерді анықтау жолдарын игеру. Психо-эмоциялық және психофизикалық көңіл-күйді меңгеру және басқара білуге арналған тренингтер. Көркем шығармашылық үдерісінде табиғи түрде пайда болатын кейіпкермәнділік еркіндігі. Сезімді сана астары арқылы басқару техникасын тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Драматургия (сценариялық шеберлік)

    Драматургия мен инсценировканың құрастырылу жолдарын игеру, бейнелік қатар, режиссерлік жоспар құрастыру үшін қажетті идеялық мазмұн. Проза немесе поэзия туындыларын сахналау-режиссер мен актер жұмысының маңызды кезеңдерінің бірі. Әдеби талғамды анықтау және тәрбиелеу үдерісі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ биі

    Қазақ биінің орындау техникасын меңгеру. Күрделірек қозғалыстарды меңгеру. Қазақ биінің негізгі қимылдарын меңгеру және техникалық дағдыларын дамыту, қазақ халқының ұлттық мәдениетіне баулу, әдет-ғұрыптың мәдени-рухани жүйесіне құндылық көзқарасын қалыптастыру, би композициясын құрастыру және оның мағыналық мәнін түсіну дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құқық негіздері

    Курс мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы білімді қалыптастырады. Бұл курстың оқу пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары, Негізгі Заң туралы ұғымдардың анықтамасы, сондай-ақ конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сияқты қазақстандық құқықтың базалық салаларының негізгі ережелері кіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Зияткерлік меншік

    Зияткерлік меншік құқығы пәні, оның негізгі принциптері мен ұғымдары туралы жалпы түсінік береді. Курста авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік құқығы - өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, фирмалық атауына, тауарлық белгілерге, компьютерлік бағдарламаларға қатысты осы меншік нысандарын құқықтық қорғау мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелері

    «Қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелері» біріктірілген курсы төтенше жағдайларда адамның қауіпсіздігі мен қорғалуын қарастырады; салауатты өмір салтының негіздері; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері; экологиялық проблемаларды, тірі организмдердің, оның ішінде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын, адам қоғамының қоршаған ортаға әсерінің ауқымы мен рұқсат етілген шектерін, осы әсерлерді азайту немесе оларды толық бейтараптандыру мүмкіндігін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Сахна тілі техникасы I

    Фонациялық дем алу машығының ерекшелігі, қимыл-әрекет кезіндегі дем алу координациясы үйлесімі. Дикция анықтығы, сөздің орфоэпиялық заңдылықтары. Көркем мәтіндермен жұмыс: прозалық шығармалардан алынған үзінділер, поэтикалық композициялар. Дыбыс биіктігі және динамикалық диапазонды сөйлеу екпіні және ырғағына байланысты дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ театрының тарихы

    Қазақ театры дамуының эволюциясы, оның қалыптасуы мен қазіргі кезеңдегі жағдайы. Халықтық деңгейден кәсібилікке дейінгі даму жолдары. Театр қалыптасу кезеңдері тарихының негізгі мен оның жанрлары негізгі кезеңдері. Кәсіби актерлердің, режиссерлердің, драматургтердің, театр суретшілерінің шығармашылығы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жекпе-жек

    Көркем және шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру; студенттерді түрлі суық қарудың шығыс жекпе-жегінің қауіпсіз ұрыс тәсілдеріне үйрету, актерге қажетті дене және психофизикалық қасиеттерді дамыту: мәнерлі форманы сезіну; актердің шығармашылық әлеуеті. Жекпе-жек - шығыс елдерінің жауынгерлік өнері ретінде. Физикалық және психофизикалық қасиеттер: белсенді күрес сезімін, батылдық және табандылық, зейін, реакция, шапшаңдық, ептілік, икемділік, ырғақтықты жетілдіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сөз сөйлеу техникасы I

    Сөздік материалды тілдің интонациялық формасына байланысты талдау, сөйлеу тыныс белгілері мен мазмұндық екпінді белгілеу. Сөйлеу тіліндегі жеке кемшіліктерді түзету жұмысы. Таңдап алынған материал бойынша дауыс күші деңгейінің орташа үнділігін қолдана білуге тәрбиелеу. Мәтіннің қисынын ауызекі дұрыс сөйлеу орфоэпиясымен сабақтастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Режиссура шеберлігі І

    Режиссерлік ойтүйін және спектакль мәселелерін шешуді меңгеру. Пьесаның көрінісін және қойылым жоспарын құрастыру үдерісін теориялық және практикалық тұрғыда бейнелі көре білу. Дайындық кезеңінің бөлімдері: режиссерлік ойтүйін, қойылымдық жоспар, шығармашылық ұжым құру, спектакль экспозициясы. Пьесаны таңдау және семестр бойы режиссерлік идея мен спектакльдің шешімі бойынша өзіндік жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Музыкалық театр режиссурасының шеберлігі І

    Спектакльдің музыкалық драматургиясындағы композиторлық-режиссерлік интерпретацияны жүзеге асыру тәсілін анықтау. Мәтін және музыкалық драматургия. Речитативтер драматургиясы. Музыкалық интонациядағы мәтін және сөз астары (жеткізу бір бөлек - ойлау басқа). Мәтін мен музыканың ішкі мазмұнының байланысы. Поэтикалық және прозалық либретто. Жетілдірілген формалар мен күрделі музыкалық құрылымдардың драматургиясы. Ансамбльдер мен хорлардың музыкалық-драматургиялық рөлі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Курс шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйренеді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру бойынша практикалық дағдыларға ие болады, қаржылық ақпаратты талдауды және барабар инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржы өнімдерінде бағдарлауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік негіздері

    Курс барысында білім алушылар өздерінің қабілеттерін іске асыруға және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған инновациялық тәсіл негізінде өндіріс факторларын ұтымды біріктіруде көрінетін жеке тұлғаның қабілеттерін іске асыру ретінде кәсіпкерлік қызметті зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс

    Еуропа, Шығыс, Ресей, Канада және Америка заманауи театрының негізгі даму үрдістері. Қазіргі заманауи әлемдік театр өнері (драматургия, актерлік және режиссерлік өнер, сценография) мәселелері. Қазіргі Шығыс театры (Жапония) дәстүрлері мен жаңашылдығы. Заманауи спектакльдер мен театр жобаларын талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Өнер саласындағы менеджмент

    Курс өнер саласындағы басқару негіздерін және менеджмент жүйесінің жалпы принциптерін, мәдениет саласындағы ұйымдарды басқарудың практикалық дағдыларын, мәдени қызметтің қазіргі жағдайларымен танысуды, сонымен қатар өнер индустриясының негізгі басқару ерекшеліктерін зерттеуге арналған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сахна сайысы

    Сахналық жекпе-жек техникасының негізгі элементтері. Тарихи және қазіргі тақырыптағы қойылымдардағы сахналық шайқастың негізгі әдістері. Әртүрлі суық қару-жарақпен қауіпсіз жекпе-жек жүргізу техникасы. Ұлттық қаруды қолданып күресу. Қорғаныстың сегіз түрі. Қауіпсіз ұрыс техникасын оқып үйрену.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Драма теориясы

    Драма теориясы бойынша жүйелі білімдерді қалыптастыру барлық сахналық өнердің негізі ретінде. Қазіргі драматургия ғылымының заманауи концепцияларымен, драмалық мәтінді талдау әдістерімен танысу. Эстетикалық және жалпы мәдени түсініктердің трансформациялануына өзгеруіне байланысты драмалық формалар эволюциясын талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық театр режиссурасының шеберлігі ІІ

    Авторлық мәтінді өз бетінше мұқият игеру дағдыларын қалыптастыру және оның негізінде музыкалық спектакльдің өзіндік сахналық көрінісін жасау. Қазақ операларының партитурасын талдау. Шығарманың стилі мен жанрын анықтау. Композитордың музыкалық тілі мен музыкалық мәнерлік құралдарының ерекшеліктері. Музыкалық формалар мен жанрлар арасындағы байланыс. Авторлық стиль және оны музыкалық шығармада жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Спорттық семсерлеу

    Спорттық семсерлесудің пайда болуы және дамуы. Спорттық семсерлесудің ерекшеліктері. Тұрыс, позициялар, қадамдар, техникалар, қорғаныс позициялары. Спорттық семсерлесу бойынша білім, дағды және ережелерді меңгеру. Семсерлесуде спорттық шеберлік техникасын жетілдіру; «шабуылға» және «қорғанысқа» жылдам реакцияны дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі режиссура

    Қазіргі режиссураның негізгі бағыттары. Қазақстан жас буын режиссерлерінің шығармашылық ойлау және стильдік ерекшеліктерін игеру. Жаңа буын режиссерлері және олардың театрлық ізденістері. Драма және музыкалық театр режиссурасының заманауи тенденцияларының жалпы сипаттамасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Бейнелеу өнерінің тарихы

    Пәнді игеру барысында білім алушы бейнелеу өнерінің сәулет, мүсін, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер түрлерін көркем стильдердің және бағыттардың хронологиялық шеңбердегі даму барысымен тығыз байланыста қарастырады. Бейнелеу өнері тарихының әлемдік шеңбердегі даму сипатын игеру арқылы алған теориялық білімін, көркем туындыларға және көркемдік процестерге талдау жасау барысында қолдана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна тілі техникасы IІ

    Дем алу мен қимыл-әрекет координациясы. Авторлық мәтінмен жұмыс. Шығарманың жанры, оның мазмұны және автордың ой-түйіні. Баяндаушының мәнерлігі және әсер ете білушілігі. Жұмыс материалдарын қисынды-грамматикалық талдау. Сөз әуезділігінің жалпы заңдылықтары. Сөз арқылы әрекет ету және қисын заңдылығы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Режиссердің актермен жұмысы I

    Классикалық режиссураның теориялық негіздері. Режиссердің кәсіби этикасы. Режиссер мен актердің шығармашылық қарым-қатынас формалары. Режиссердің шығарма ой-түйінін жүзеге асыру жұмысы. Роль бейнесін сомдаудағы режиссердің актермен жұмысы. Режиссердің кәсіби дағдыларын меңгеру және дамыту. Режиссердің драмалық үзіндіге немесе бір актілі пьесаға ой-түйіні.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Театрлық-декорациялық өнер тарихы

    Театрлық көріністің пайда болуының алғы шарттары. Театрлы-сәндік өнер тарихын, әлемдік театрдың көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі дамуының эволюциялық концепциясы контекстінде игеру. Театр кеңістігінің құрылымы. Қойылым бөлімі, театрлық киімдер, маскалар және театр архитектурасы. Әлемдік театр сценографиясының тенденциялары мен кезеңдері. Түрлер мен жанрлардың классификациясы. Өткен ғасырлар және қазіргі кезеңдегі белгілі театр суретшілерінің шығармашылык жетістіктерін білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Семсерлесу

    Сахналық семсерлесу техникасын меңгеру. Зейінді, реакция жылдамдығын, икемділікті, ептілікті, ырғақты, «мүсіндік қалыптарды», «сахналық ұрыс ережесін», «қозғалыстың мәнерлі формасын сезінуді» дамыту; арнайы кезеңдік жауынгерлік позициялар, техника және қорғаныс негіздерімен таныстыру. Семсерлесу мәдениетін меңгеру. Әртүрлі кеңістіктерде бір немесе бірнеше қарсыластармен жұмыс істеу мүмкіндігі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Актердің режиссермен жұмысы I

    Заманауи музыкалық театрдағы режиссер және актер: вокалды-сахналық бейне бойынша бірлескен жұмыс. Музыкалық қойылымның көркемдік әлемін игеру барысында музыкалық театр артисі мен режиссердің шығармашылық ынтымақтастығы. Актерлік ансамбль – қойылымдағы актер-әншілердің өзара сабақтастығының ерекше шығармашылық көрінісі ретіндегі оның көркемдік тұтастығының элементі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Сөз сөйлеу техникасы IІ

    Прозалық, музыкалық-драмалық шығармалардың үзінділерімен жұмыс. Дауыстың күші, жеңілдігі, төзімділігі. Сөйлеу тілінің өзіндік техникалық сипаттамасын жетілдіру. Драматургиялық және әдеби шығармалардағы әрекеттік сөз дағдыларын пайдалану жұмысы. Баяндамашының көрермендермен қарым-қатынасының нюанстері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна құрылымы

    Сахналық жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді сауатты және қауіпсіз пайдалануды практикалық тұрғыда зерделеу, оларды спектакльді көркем безендіруде пайдаланудың техникалық мүмкіндіктерін түсіну. Спектакль құрылымын дайындау үдерісі. Сахнаның және электрлі жарықтандыру жабдықтары құрылысының жалпы сипаттамасы. Заманауи спектакльді жарықпен безендіру әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Режиссура шеберлігі ІІ

    Драмалық материалдың шешімін табу жұмысы. Үзіндімен жұмыс барысындағы музыка мен драматургиялық әрекеттің синтезі. Бейне сомдау: мәнер, этикет, костюм. Көпшілік және хор, би сахналарын әзірлеу жұмысы. Серіктестермен, заттармен өзара әрекеттесу. Спектакльдің қойылымдық жоспары: эскиздер, макеттер. Спектакльдің музыкалық, жарық және дыбыстық партитурасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Режиссура тарихы

    XIX ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басындағы режиссерлік театр тарихының негізгі кезеңдерін талдау. Режиссура саласындағы теориялық білімді, практикалық біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру. Қойылым арасында режиссердің ойтүйіні мен қойылымдық жоспарын құрудағы әдіс-тәсілдерін игеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Театрлық жарықтандыру

    Жарық жабдықтарының жұмыс істеу принциптері және сахналық жарықтандыру жүйесінің құрылымы туралы практикалық білім қалыптастыру. Жарықтандыру құрылғыларының негізгі түрлері. Негізгі жарықтандыру құрылғыларының жұмыс схемалары. Сахналық эффектілердің негізгі түрлері. Театр шеберханаларының негізгі өндірістік бөлімшелері. Планшеттің сахналық құрылғысы. Сахнаның жоғарғы жабдықтарының негізгі түрлері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Драмалық және музыкалық қойылымдарды бейнелеу шешімдері

    Театр режиссері мен суретшісінің кәсіби қызметін үйлестіру ерекшеліктерін игеру. Түрлі жанрдағы, стильдегі, дәуірдегі спектакльдерде сахналық кеңістікті ұйымдастыру ерекшеліктері, спектакльдің сахналық безендірілуінің көрерменге әсер ету жолдары. Режиссермен, суретшілермен, сахна техниктері, костюмдер дизайнерлері және орындаушылық ұжыммен жұмыс істеу жолдары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Спектакльдегі музыка

    Спектакльді музыкалық безендіру теориясы мен техникасын меңгеру. Театр қойылымдарында әр түрлі жанрдағы музыканы қолдану, спектакльдің музыкалық бейнесін шешу жолдары. Спектакльдің музыкалық драматургиясының негіздерімен танысу. Театрда қолданылатын әр түрлі дыбыстық эффектілерді меңгеру. Музыка мен сахналық әрекеттің стильдік бірлестігі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әрлеу

    Гримнің теориялық негіздерін зерттеу және игеру, мысалы: гигиена; қауіпсіздік техникасы; гримге арналған материалдардың түрлері; жанрлық саралау. Өз бетінше жұмыс істеу үшін гримнің практикалық дағдыларын игеру. Театр қойылымдары мен сахналық образдарды көркемдік безендіруде гримнің басқа компоненттермен өзара байланысын өткізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Линеарлық әрлеу

    Гримдегі линия композициясы. Гримдегі көлденең немесе тік линия көмегімен бейне жасау. Симметриялық композиция. Симметриялық өрнектің көмегі арқылы бетке грим жасау. Асимметриялық композиция. Құрамдастырылған композиция.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Театр костюмінің тарихы

    Костюм тарихының ерекшеліктерін терең зерттеу шығармашылық мамандарды кәсіби даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Киім-бұл адамзат мәдениетінің ең дара туындысы. Тарихи костюм сахна шеберлері шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі болып табылады, көркем образды ашуға және жасауға көмектеседі. Курс өткен мен қазіргі тарихи және халық костюмдерінің ажырамас байланысын көрсетіп, Еуропа мен Азияның тарихи қалыптасқан мәдениеттерінде стильдердің дамуы туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Режиссердің балетмейстермен жұмысы

    Актерлік ойын міндеттерін жүзеге асыру және хореографиялық мәнерлі құралдары арқылы образды бейнелеу негізінде, шығарма идеясының іске асуы және режиссердің ой-түйін міндеттерінің орындалуы. Хореографиялық композиция құрудың негізгі заңдылықтарын түсіну және меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Режиссердің қойылыммен жұмысы І

    Қойылымды режиссерлік көре білу негіздерін меңгеру (пьесадан спектакльге дейінгі жолдарды жүзеге асыру). Режиссерлік ойды сахнада іске асыруға байланысты проблемаларды қоя білу және шеше алу; Меңгерілген білім мен дағдыларды актер шеберлігіне және режиссураға байланысты жұмыста пайдалану. Режиссердің қойылым барысындағы және дайындық кезеңдеріндегі міндеті. Көркемдік шешімге қол жеткізу тәсілдері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Спектакльдердегі би пластикасының қойылымы

    Би және сахналық қимылдар арқылы қойылым кейіпкерлерінің бейнесін аша білу. Дипломдық қойылымдардың хореографиялық композициясын жүзеге асыру. Өз денесінің еркін қимылы, музыка мен биді эмоционалды түрде қабылдау, сахнада еркін қимылдау, би пластикалық шешімі арқылы режиссер ойын аша білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Режиссердің суретшімен жұмысы

    Режиссердің суретшімен жұмысының жалпы принциптері. Спектакльдің жанрлық және стильдік сипатын талдау. Спектакль безендірілуінің сахналық конвенциясының сипатын анықтау. Тарихи, иконографиялық, этнографиялық және жұмысқа қажетті басқа көмекші материалды іздеу. Спектакльдің безендіру фактурасын анықтау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Режиссердің актермен жұмысы IІ

    Болашақ актердің серіктеске әсер ету деңгейін, өзара қарым-қатынасын, әрекет ету себептерімен, кейіпкерлік мінез-құлықтарды жеткізе білуі үшін дауыс мәнерлілігімен жұмыс. Көрерменмен қарым-қатынас жасау нюанстарі. Режиссер тапсырмасы бойынша рольмен өздігінен үй жұмысы. Сахна алаңындағы өзінің және серіктестерінің жұмысын талдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Актердің режиссермен жұмысы II

    Актердің сахналық өмірге эмоционалды көзқарасының мәні. Аудиториямен қарым-қатынас жүйесі және режиссер шешімі. Спектакльдегі актерліқ импровизацияның рөлі мен орны. Спектакльдің көркемдік тұтастығын, жанрды және екпін-ырғақты, тәсілдер мен техниканы ансамбльдік тұрғыда сезіне білу түсінігін жетілдіру. Музыкалық тақырыпқа байланысты сахна кейіпкерінің жағдайы мен көңіл – күйін жеткізе білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Спектакльдегі жарық

    Кез-келген конфигурациялы сахналық алаңды жарықтандыру техникасы. Сахнаны жарықтандыру принциптері: тұрақты және импульсті жарық. Спектакльді рәсімдеу технологиясы: дайындық барысы және оның негізгі кезеңдері; спектакльді сахнаға шығару жоспары; көркемдік - қойылымдық бөлім құрылымы. Театр шымылдығының негізгі функциялары және сахнаны ашу тәсілдері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Режиссердің музыкалық қойылыммен жұмысы І

    Білім алушылардың музыкалық спектакль қою саласындағы білімі мен дағдыларын қалыптастыру. Дипломдық спектакльдер материалында режиссерлік түпкі ойды жүзеге асыру. Спектакльдің композициясы, жанры, дәуірі, авторлық стилі. Режиссердің музыкалық-драмалық шығарманы жүзеге асырудағы жұмысының негізгі кезеңдері. Дипломалды қойылым материалдарын дайындау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Режиссердің либреттомен және клавирмен жұмысы

    Музыкалық-сахналық тәрбие, аналитикалық қабілеттерді, шығармашылық бастаманы үйлесімді дамыту. Музыкалық драматургия негіздері. Симфониялық оркестр, партитура туралы жалпы мәліметтер. Әнші-актер партиясы мен оркестр партиясының теңдес екі серіктес ретіндегі өзара әрекеттесетін арақатынасы музыкалық драматургияның ең маңызды тәсілдерінің бірі. Оркестр сахналық әрекеттің екінші планы ретінде.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық спектакльді театрда қою

    Режиссерлік түпкі ойды кәсіби театрда жүзеге асыру. Либретто мен музыканың органикалық үйлесімі, қойылыммен жұмыс барысында музыкалық спектакльдің нақты образын іздеу. Көпшілік сахнасымен жұмыс жүргізу әдістерін меңгеру. Хореография, вокалдық және драмалық өнердің өзара байланысы. Режиссердің заманауи және классикалық музыкалық материалдармен заманауи технологиялар бойынша жұмыс жүргізу ерекшеліктері, шығармашылық міндеттердің жаңа шешімдерін іздеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Бұқаралық қойылымдар режиссурасы

    Бұқаралық қойылымдардың ерекшеліктерін игеру. Театрландырудың театрландырылған көріністегі және жаппай бұқаралық мерекедегі маңызын, оның драматургиясы табиғатының және деректілігінің мәні; театрландырылған көрініс пен бұқаралық мерекелердегі иллюстрация мен театрландыруды қабылдау шеңберін анықтай алу. Көркем көріністердің түрлері мен формалары. Мерекелік-алаңдық театрдың негізгі түрлері және оларды қазіргі заманғы мерекелік мәдениетте пайдалану. Режиссерлік сценарий.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Театрландырылған концерт режиссурасы

    Театрландырылған концерт режиссурасының ерекшеліктерін игеру. Режиссерлік түпкі ойды құру және жүзеге асыру; режиссердің актермен жұмысы; режиссердің суретшімен, композитормен, хореографпен жұмысы; көрерменмен жұмыс; сценарий жазу, нөмірлерді реттеу. Театрландырылған концерттің құрастыру бойынша жұмыс үдерісі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Режиссердің музыкалық қойылыммен жұмысы ІІ

    Режиссерлік-қойылымдық топпен, суретшімен, музыкант-безендірушімен, жарық-дыбыс операторымен жұмыс істеу әдістемесін меңгеру. Режиссерлік-қойылымдық монтаждық бетті әзірлеу әдістемесі. Монтаждық бетті құрастыру. Режиссерлік-қойылымдық топтың дайындық үдерісін ұйымдастыру әдістемесі. Қойылымды сахналауға дайындық кестесін құру. Режиссердің түпкі ойына сәйкес көпшілік сахналарының мизансценаларымен жұмыс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Режиссердің қойылыммен жұмысы ІІ

    Дипломдық спектакльді жүзеге асыру. Студенттердің кәсіби театрда жұмыс істеуге дайындығын тексеру. Дипломды қорғау - жазбаша дипломдық жұмыс, пьесаның режиссерлік экземпляры, мінездемелер, пікірлер, рецензиялар, макет, эскиздер, афишалар; дыбыстық, жарық және музыкалық безендіру партитуралары. Спектакльдің ауызша экспозициясы, бейнематериал.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Театрда спектакль қою

    Пьесаны немесе музыкалық-драмалық шығарманы таңдау мен бейімдеуден бастап, көрерменге қойылымды көрсетуге дейінгі спектакль жасау үдерісін игеру. Рольдерді бөлу, режиссердің актерлермен жұмысы, дайындық үдерісі. Декорациялық, музыкалық және жарықтық безендіруді пайдалану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 8

Оқыту нәтижелері

  • Жеке және кәсіби қызмет мәселелерін шешуге қажетті әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық және заң ғылымдарының категориялары мен әдістерін меңгерген.
  • Жаңа қойылымға дайындық үдерісін ұйымдастыра алады.
  • Драмалық, музыкалық театрлардың актерлік өнерін шығармашылық тұрғыда көрсете алады.
  • Қойылымның әдеби, музыкалық негіздерімен және режиссерлік ой түйінмен жұмыс жүргізу дағдысын меңгерген.
  • Актерлермен, әнші-актерлермен дайындық жұмысы барысында шығармашылық ізденісті жүзеге асыра алады.
  • Артистер, вокалистер құрамын қалыптастыра біледі және рольмен, роль-партиялармен жұмыс істеу барысында актерлік құраммен ынтымақтастықта әрекет ете алады.
  • Қойылымның кеңістік шешімін, декорациялық және аудиовизуальдық безендіруді, музыкалық және шулы партитураларды композитор, дирижер, хормейстер, концертмейстерлермен келісе отырып, бір жүйеге келтіре біледі.
  • Қойылымның пластикалық партитурасын құрастыра алады.
  • Кәсіби қызметінде өзінің өнер саласындағы теориялық және тарихи білімін қолдана біледі.
  • Заманауи ақпараттық технологиялар қағидаларын кәсіби қызмет барысындағы міндеттерді шешу үшін пайдалана алады.
  • Шығармашылық ұжымды басқаруды, кезекті репертуарды, шығармашылық жобаларды жоспарлауды және жүзеге асыруды біледі.
Top