Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02201 Тарих в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

  • Алғашқы қоғам тарихы

    Курстың мақсаты: алғашқы өркениеттердің қалыптасуы, дамуы және өркендеу деңгейі, ежелгі адамдардың шаруашылық қызметі мен әлеуметтік-мәдени, саяси ұйымдасуы туралы білім бере отырып, студенттердің алғашқы қоғамның маңызды оқиғаларын талдау және дереккөздерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәңгілік ел идеясы және рухани модернизациялау

    «Мәңгілік ел» идеясының мазмұнын, оның құндылықтық сипатын, сыртқы қауіп-қатерлер мен дабылдар жағдайындағы маңыздылығын, елді модернизациялаудағы рухани және әлеуметтік бағдарлардың рөлін, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мазмұнын, қазақстандық қоғамның дамуының экономикалық, саяси және әлеуметтік бағдарларын оқып үйрену студенттер бойында құндылықтық бағдарларды және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курсты оқудың басты мақсаты студенттерге жалпы және кәсіби білім беру үшін қажетті жалпы теориялық білім кешенін меңгерту, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша білім жүйесін құру және осы негізде аталған құбылысқа азаматтық көзқарасты қалыптастыру, құқықтық және моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық әдептерін қалыптастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда білім алушылардың сыбайлас жемқорлық проблемаларына көзқарасын анықтау және түзету болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері

    Пәннің мақсаты студенттерде құқықтық мәдениетті қалыптастыру; құқықтың және мемлекеттің құқықтық табиғатының мәнін, қоғамдағы құқықтың қызметін, орны мен рөлін зерттейді; құқықтың негізгі бөлімдерін: әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқық білу; ҚР Конституциясы мен заңнамалық актілерінің мәнін, олардың тіршілік әрекетінің түрлі салаларында туындайтын міндеттерді шешу үшін маңыздылығын білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем халықтарының этнологиясы

    Пәннің мақсаты: әлемді мекендеген халықтардың шығу тегі, этногенезі, этникалық тарихы, шаруашылық салалары, заттай және рухани мәдениеттері, қоғамдық құрылыстары, отбасы және олардың ерекшеліктерін қарастыру. Оқыту барысында әлем халықтары этнологиясының теориялық мәселелеріне айрықша көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, студенттер әлем халықтарының топтарға бөлінуі, олардың тілдері, антропологиялық құрамдары, мәдени ерекшеліктері және оларды зерттеу әдістемесі туралы білім алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Өмір қауіпсіздігінің негіздері

    Пәннің мақсаты қазіргі заманғы адамның ежелгі ата-бабаларының пайда болуынан алғашқы өркениеттердің қалыптасуына дейінгі антропо- әлеуметтік және мәдени генезис процестері мен адамзаттың тарихи дамуының негізгі жолдары туралы тұтас түсінік қалыптастыру, алғашқы қоғам тарихындағы маңызды оқиғаларды аналитикалық талдау, олардың рөлі мен маңыздылығын бағалау, алғашқы қоғам дереккөздерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тұрақты даму

    "Экология және тұрақты даму" пәні экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуының негіздері туралы терең жүйелі білім мен түсініктер беру, табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі заманғы тәсілдері бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерді қалыптастыру мақсатын алға қояды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік құқық

    Республикадағы кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің түрлері және ұйымдық-құқықтық нысандары, шаруашылық серіктестігі мен акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы, аудиторлық қызметті құқықтық реттеу, кәсіпкерлік субъектілерінің дәрменсіздігі (банкроттығы) ұғымын құқықтық реттеу, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік негіздері

    Бұл пәнді меңгеру барысында студенттер бәсекелестік ортада кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын меңгереді. Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, жаңа бизнес-тұжырымдамалардың табиғатын зерттейді, кәсіпкерлік қызметте табысты басқаратын негізгі ингредиенттерді сипаттайды. Топтарда жұмыс істей отырып, студенттер бизнес-жобаларды құрастырады және өз бойларында сыни талдау және жаңа бизнес-жоспарлар құру мүмкіндіктерін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дінтану

    Курстың мақсаты: Дінтану негіздерінің пәні, ұғымдары, құрылымы, тарихы, әлемдік – будда, христиан, ислам діндері оның бағыттары, тәуелсіздік жылдары елімізге таралған жаңа діни қозғалыстарға сараптама жасау, Қазақстандағы діни жағдайдың тарихы, исламның қазақ халқының тұрмысы мен рухани өмірінде алатын орны туралы ғылыми түсініктер беру, Студенттердің бойында гуманистік дүниетанымның негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына ықпал ету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан этнологиясы

    Пәннің мақсаты: қазақ халқының этнологиясы мен Қазақстанның көп ұлтты халқының этнологиясы, табиғи-тарихи процестер негізінде пайда болған әлеуметтік топтардың ерекшеліктері мәелелерін оқыту. Оқыту барысында студенттер Қазақстан этнологиясын зерттеу әдістері мен практикалық жұмыстар, яғни далалық экспедициялар жұмыстарын ұйымдастырудың басты қағидаларын үйренеді. Қазақ халқының және өзге де қазақстандық ұлттардың этникалық ерекшеліктері, географиялық антропологиялық, тілдік және шаруашылық-мәдени топтасуы, этникалық тарихының негізгі кезеңдері, дәстүрлі мәдениеті мен өзара сабақтастықтары туралы білімді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Отан тарихының өзекті мәселелері

    Пәннің мақсаты: отандық және шетелдік тарихнамадағы түрлі дереккөздері мен зерттеулерін пайдалана отырып, отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеу. Оқыту барысында студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, тарихи деректермен жұмыс жасай білу, Отандық тарихтың концептуалды мәселелері бойынша теориялық ережелерді түсіндіру, отандық тарихтың іргелі тақырыптары бойынша білімді тереңдету көзделген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Археология

    Пәннің оқу курсы материалдық дереккөздер негізінде адамзат қоғамының өткенін, оның қалыптасуы мен дамуын көрсетеді. Оқу курсы адамзат мәдениетінің, материалдық өндірістің даму кезеңдері, идеология мен дүниетаным, қоғамдық қатынастар, этнотестарлық құрылым және оның өзгеру динамикасы туралы археологиялық деректер бойынша тарихи процесті қайта құру әдістемесі мен тәжірибесі туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Практикалық және экспериментальдық археология

    Курстың мақсаты - археология саласындағы практикалық және эксперименталды әдісті қолданудың ережелерін меңгерту, студенттерге археологияның аталған бағытытындағы нақты зерттеу мәселелерін өз бетінше құрастыруда қажетті теориялық және әдіснамалық негіз қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ халқының генеалогиясы (шежіресі)

    Курстың мақсаты ұлттық дәстүрдегі-«шежірені» тану негізінде қазақ халқының этногенезінің негізгі кезеңдері, тайпалар мен рулардың түрлері, ерекшеліктері, саны мен қоныс аудару мәселелері туралы білім беру. Пәнді оқу барысында студенттер қазақ халқының ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың тарихын көрсететін - шежіренің негізгі өлшемдері, жеті ата, тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бағытталған бірден-бір қажет дерек ретінде маңызын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Пәнді игеру мақсаты студенттерді қосалқы тарихи пәндердің негіздері болып табылатын палеография, хронология, метрология, нумизматика, сфрагистика, геральдика, шежіре, тарихи ономастика және тарихи этикет жүйелерімен таныстыру және олардың зерттеу әдістері мен сыни талдау, тәжірибеде қолдану принциптерін игеру қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Орта ғасырлар тарихы (жалпы тарих)

    Курс мақсаты ортағасырлардағы Европа және Америка елдерінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму тарихын зерттеу; ортағасырлық мемлекеттердің феодалдық өндіріс әдісі, мемлекеттер формасы мен басқару жүйесі, ішкі-сыртқы саясаты сияқты негізгі мәселелерін айқындап, талдай білу, дереккөздерімен және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дүние тарихы

    Пәннің мақсаты - Шығыстағы алғашқы мемлекеттік құрылымдардың, антикалық қоғамдардың пайда болу тарихын, олардың Батыс Рим империясының құлауына дейінгі дамуын зерттеу. Студенттерде ежелгі әлем тарихындағы жалпы және жеке ерекшеліктерді талдау, ежелгі әлемнің тарихи процестері мен оқиғаларын салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ халқының мәдениетінің тарихы

    Курстың мақсаты: Ежелгі дәуірден бастап қазірге дейінгі Қазақстан аумағындағы жергілікті халықтың рухани және материалдық мәдениетінің даму сатылары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқу барысында студенттер Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетінің негізгі кезеңдері мен өзіндік ерекшелігін, ислам дінінің әсері мен рухани трансформациясын және оның мәдени-өркениеттік мазмұнын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ежелгі Қазақстан тарихы

    Курстың мақсаты: ежелгі заманнан бастап XIII ғасырдың басына дейінгі Қазақстандағы тарихи, этносаяси және мәдени процестердің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін көрсету. Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер тарихының маңызды саяси оқиғаларын қарастырады, аймақтың мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуын, дәстүрлер мен жаңашылдықтың өзара іс-қимылын, өркениеттер мен халықтардың ортақ тарихи кеңістіктегі үстемдігі үшін күресін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ТМД елдерінің тарихы

    Курстың мақсаты: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қалыптасуы және даму процестерін зерттеу, аталған кезеңдегі посткеңестік аймақтардағы дезинтеграциялық және интеграциялық үрдістердің геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени факторларын талдау болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі Қазақстан мәдениеті

    Курстың мақсаты - Қазақстан жерін мекендеген халықтардың ежелгі тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға, жаңғыртуға және тиімді пайдалануға бағытталған маңызды мәселелерді саралау. Оқыту барысында студенттер ежелгі рухани тарихи-мәдени мұраны насихаттау мен зерттеудің ғылыми әдістері мен тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шет елдер тарихы бойынша деректер

    Пәнді меңгерудің мақсаты шет елдер тарихы бойынша тарихи деректердің негізгі түрлері мен олардың классификациялануы бойынша жұмыс істеу, әртүрлі дереккөздері түрлерінің ақпараттық әлеуеті туралы түсініктерді қалыптастыру, шет елдер деректерімен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеру, шет елдер тарихының нақты мәселелерін зерттеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тарихи антропология

    Пәнді игерудің мақсаты: студенттерді адамзаттың пайда болуын зерттеудің заманауи әдістерімен және тәсілдерімен таныстыру, соның ішінде пәнаралық, тарихи зерттеуде, ежелгі дәуірдегі тарихи үрдістің ерекшеліктерін объективті қабылдауға мүмкіндік беретін адам физиологиясын тарихи зерделеудің негіздерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мұрағаттану

    Курстың мақсаты: мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың мұрағат қорын шоғырландыру, сақтау және пайдалану міндеттерін шешуде өзара әрекеттесуі туралы жүйелі түсінік беру. Оқыту барысында мұрағат ісінің ұйымдастырылуы, басқарылуы және мұрағаттық мекемелер жүйесінің ондағы мұрағат қорларының жинақталу тарихы, мұрағаттардағы құжаттарды сақтау, олардың ғылыми құндылығын анықтау мен пайдалану, мұрағатшы маман кадрлар құрамы, материалдық техникалық базасы мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихы бойынша деректер

    Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі және ортағасырлық кезеңнің тарихи жазба деректерімен жұмыс жасау және зерттеу әдістерін меңгерту. Пәнді оқыту барысында болашақ тарихшы мамандар Қазақстан тарихының ежелгі және ортағасырлық кезеңіндегі антик авторларының, қытай, араб, моңғол, үнді деректерінің және ежелгі түркілердің руникалық ескерткіштерінің ерекшеліктерін анықтап, мәтіндері бойынша талдау жасауға, деректерді зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мұражайтану

    Курстың мақсаты: студенттердің бойында мұражай ісі негіздері бойынша базалық білім жүйесін қалыптастыру, оларды мұражай ісі және қолданбалы мұражайтану концепцияларымен, теорияларымен, негізгі анықтамаларымен таныстыру. Оқу барысында студенттер мұражайлардың қоғамдық даму жүйесіндегі орны мен рөлі, мұражайлардың қалыптасуының тарихи тәжірибесі және олардың қызметінің заңдылықтары мен үрдістерін ашудағы рөлі туралы түсінік алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның ортағасырлар тарихы

    Пән Қазақстанның ортағасырлық кезеңіндегі тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді тұтас түрде зерттейді және орта ғасырларда Қазақстан аумағында орын алған тарихи заңдылықтарды анықтайды. Курс студенттердің ортағасырлық Қазақстанда қалыптасқан этникалық топтардың (рулар мен тайпалар) және ортағасырлық мемлекеттерінің пайда болуы, тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи өлкетану

    Курстың мақсаты: студенттердің жергілікті тарихты зерттеудің теориялық-әдістемелік базасы мен ерекшеліктері туралы толық түсінігін қалыптастыру, табиғи және мәдени мұраны сақтау және анықтау саласында тарихи өлкетанудың маңыздылығын ашу. Пәнді меңгеру барысында студенттер өлке тарихы бойынша материалдарды жинаудың негізгі принциптері мен әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің тарихы

    Курстың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ортағасырлық тарихи ескерткіштерді – сәулет ескерткіштерін, мәдени-діни кешендерді, құлпытастар, тастардағы таңбалар мен кешенді қалалық қоныстар құрылыстарын зерттеу және сараптау. Пәнді оқыту барысында тарихшы-студенттер Қазақстандағы ежелгі және ортағасырлардағы сәулет ескерткіштерінің тарихи-мәдени маңызын, құндылығын, ұлттық тарихты танудағы рөлін, олардың деректік ерекшелігін сараптап, зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістемесін игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мұрағат - мұражайдың ақпараттық қызметі және іс-жүргізу

    Пәннің мақсаты: мұрағат және мұражайда құжаттардың мәні, ақпараттық әлеуметтік саладағы рөлі, оларды жасау, өңдеу, сақтау және пайдалануға байланысты үдерістер туралы түсінік беру. Оқыту барысында студенттер құжаттарды біріздендіру және стандарттау әдістерін, құжаттама жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, құжаттардың деңгейін, күрделілігін анықтау принциптерін, олардың түрлері мен мазмұнын зерттеу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тарихи демография

    Пәннің мақсаты – тарихи демография пәнін, зерттеу әдістерін, көздері мен негізгі бағыттарын көрсету. Курсты меңгеру барысында студенттер халықтың өсу динамикасын, көші-қон үрдісінің теориясын, сонымен қатар Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық жағдайды талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы оқу-ағарту саясатының тарихы

    Курстың мақсаты: зерттелетін кезеңдегі Қазақстандағы оқу және ағарту тарихының негізгі кезеңдерін зерделеу, әлеуметтік даму және білім саласындағы мемлекеттік саясат туралы негізгі ақпаратты қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан қалаларының тарихы

    Курстың мақсаты: отырықшы қалалық мәдениеттің пайда болуы, ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанда қалалық өркениеттің қалыптасуы, ортағасырлық қалалардың жылнамалары, әкімшілік, сауда, экономикалық, саяси және мәдени даму және мемлекеттер астаналары ретінде қызмет еткен қалалардың тарихы, олардың маңызы туралы жүйелі білім қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студенттер Қазақстандағы қалалардың тарихын зерттейді, сол арқылы олардың мәдени және тарихи әлеуетін туризмнің даму шарты ретінде талдауға үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шығыс елдері мәдениетінің тарихы

    Курс Қытай, Жапония, Үндістанда ерте орта ғасырлардағы мәдени қатынастардың қалыптасуын зерттейді. Сондай-ақ ежелгі әлемнен орта ғасырға, дәстүрлі қоғамның тұрақты экономикалық, саяси және мәдени-діни жүйелері қалыптасқан кезде мәдениеттің осы елдердің болашақ дамуын айқындайтын қазіргі уақытқа дейінгі өту ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Топонимика және тарихи география

    Курстың мақсаты: студенттерде топонимика мен тарихи географияның мәні туралы білімді қалыптастыру. Оқыту барысында топонимикадағы - ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын, мағынасын, құрылымының дамуы, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін, сонымен бірге географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай бөлінуі мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұрағаттардағы құжаттарды сақтау және сараптау

    Курстың мақсаты: мұрағаттардағы құжаттардың сақталуын және ғылыми ақпараттық аппаратын құруды, мемлекеттік мұрағаттарда құжаттарды жинақтау және құндылығына сараптама жасау жұмыстарын жүргізу, саралау мен мемлекеттік мұрағат қорлары бойынша құжаттарды сипаттау мәселелеріне үйретеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы

    Мақсаты - дамудың әр түрлі кезеңдеріндегі Ресей және кеңес тарихының әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерінің негізгі кезеңдерін, маңызды фактілер мен оқиғаларды, тарихи даму үрдістері мен заңдылықтарын зерттеу. Оқыту студенттердің жинақталған материал негізінде зерттелетін мәселе бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік беретін тарихи зерттеудің ғылыми әдістерін меңгеруіне бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі халықтарының тарихы

    Курстың мақсаты: Еуразияны мекендеген түркі халықтары тарихының негізгі кезеңдері мен мәдениеті туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер көне және ортағасырлар кезеңінде жазылған түркі әдебиеті негізінде түркі тілдері мен халықтары туралы, түркітану тарихы, олардың ұлттық әлеуметтік – мәдени мәселелерін жан-жақты қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі сандық технологиялар

    Пәнді оқыту барысында студенттер білім беруді цифрландыру үрдістері, оқу үдерісін цифрландырудың жалпы әдістері, оқу нәтижелерін бақылау және өлшеу, оқу орындарының оқудан тыс, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру-басқару қызметі туралы түсінік алады. Студенттер білім беруде сандық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы

    Курс мақсаты Азия және Африка елдерінің ортағасырлардағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық даму тарихын зерттеу; ортағасырлық Азия-Африка мемлекеттерінің негізгі мәселелерін, азиялық феодалдық өндіріс әдістерін айқындап, талдай білу, дереккөздерімен және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Теориялық деректану

    Курстың мақсаты - тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда нақты тарихи үрдістің көрсетілуін, ондағы ақпараттың құрылымы мен маңызын зерттеу, тарихи зерттеулердің жалпы және жеке сыныптық дереккөздердің түрлеріне қатысты әдістемесін әзірлеу. Курсты игеру кезінде студенттер құжаттармен жұмыс істеуге қажетті арнайы білімді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Практикалық мұрағаттану және істердің номенклатурасы

    Пәннің мақсаты: мұрағат ісінің теориялық және әдістемелік бағыттары, әртүрлі тарихи кезеңдерде отандық іс жүргізудің тарихы туралы түсінік беру. Оқыту барысында болашақ мамандар мұрағат ісін жүргізудің тарихы мен тәжірибесімен, істер номенклатурасымен, қазіргі кезеңдегі мемлекеттік іс жүргізудің мәселелерімен танысады, құжат айналымы мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шығыс пен Батыстың жаңа және қазіргі заман тарихы

    Курстың мақсаты: Батыс пен Шығыстың қазіргі саяси-экономикалық бағыты, жекелеген елдер мен өңірлердің қалыптасуы, олардың дамуының маңызды үдерістері мен заңдылықтарын қарастыру. Курсты меңгеру барысында студенттер шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихының басты оқиғалары туралы материалдарды қолдана отырып, әлеуметтік-маңызды үдерістер мен мәселелерді талдау дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми–ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері

    Пәннің мақсаты: тарих және саяси-гуманитарлық пәндер бойынша студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін арттыру, ғылыми іздену әдістеріне үйрету, мемлекеттік бағдарламаларға, ұлттық басымдылықтарға сәйкес ғылыми жобаларды дайындау әдістемесін меңгеру. Пәнді оқыту барысында студенттер өзекті тақырыпты таңдау алгоритмін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау және жобалау, шығармашылық дағдыларды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақстанның тарихи тұлғалары

    Курстың мақсаты: Қазақстан тарихында осы күнге дейін күрделі кезеңдерде маңызды рөл атқарған қоғамдық-саяси және мәдени қайраткерлердің өмірлік жолы мен қызметінің негізгі кезеңдерін объективті тарихи ұстанымдардан зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақстанның жаңа тарихы

    Курстың мақсаты: объективті тарихи ұстанымдар негізінде Қазақ хандығының Ресей империясының құрамындағы кезеңін, саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму процесін зерттеу. Курс тарихи оқиғаларды, олардың заңдылықтарын анықтай отырып, талдау қабілетін қалыптастырады. Пән Қазақстанның одан әрі дамуына әсер еткен жаңа дәуірдің тарихи оқиғаларын жан-жақты қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы

    Курстың мақсаты: Қазақстан тарихы бойынша тарихнамалық еңбектерді және зерттеулерді талдау әдістерін меңгерту. Оқыту процесінде Қазақстан тарихының хронологиялық және мазмұндық шеңберінде кезеңдеу, отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі ғылыми еңбектерін жан-жақты талдау және зерттеу жүргізіледі. Негізінен тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихының ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихы

    Курстың мақсаты - студенттердің Қазақстандағы мемлекет пен құқықтың пайда болу, қалыптасу және даму тарихы туралы, Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың эволюциясының жалпы және ерекше заңдылықтары туралы толық түсінігін қалыптастыру, республиканың өткені, қазіргі және болашақтағы саяси бағыты мәселелерін бағдарлау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Еуропа мен Америка елдерінің жаңа заман тарихы

    Пәннің мақсаты білім алушылар бойында жаңа замандағы Европа және Америка елдерінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін зерттеу үрдісіндегі батыс елдердегі тарихи оқиғалар, негізгі тенденциялар мен даму заңдылықтарын бағалау және талдау дағдыларын қалыптастыру. Тарихи құжаттармен жұмыс кезінде проблемалық оқытуды қолдану, Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар, салыстырмалы әдіс жоспарланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мәдени қауымдастықтағы Шығыс пен Батыстың үндестігі

    Мақсаты - Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін, тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің өзара ықпалы және бірін-бірі өзара байыту процесінің тарихи тамыры мен табиғатын зерттеу. Курс тарихи зерттеулердің ғылыми әдістерін, салыстырмалы талдаудың әдістерін игеру, зерттелетін мәселелер бойынша жалпы қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР сыртқы саясаты мен дипломатиясы

    Курстың мақсаты - студенттерге сыртқы саясатты бағалау бойынша саяси сарапшылардың негізгі қорытындыларын, Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастықтағы тәуелсіздік алғаннан кейінгі рөлін және дипломатиялық ой-пікірлерді беру. Пәнді оқу барысында білім алушылар ҚР сыртқы саясатының ерекшеліктерін талдау негізінде көп векторлы және теңдестірілген саясат принциптері негізінде елдің сыртқы саясатының негізгі кезеңдері мен бағыттарын ғылыми талдау әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Европа және Американың қазіргі заман тарихы

    Пәннің мақсаты қазіргі заманғы Европа және Америка қоғамының әлеуметтік құрылымының экономикалық, саяси даму мәселелерін зерттеу үрдісінде 1918-2018 жж. батыс елдерінің даму заңдылықтарын, тенденциялары мен тарихи оқиғаларды бағалау және талдау дағдыларын қалыптастыру. Тарихи құжаттармен жұмыс кезінде проблемалық оқытуды қолдану, Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар, салыстырмалы әдіс жоспарланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ диаспорасының тарихы

    Курстың мақсаты: студенттерді қазақ диаспорасы тарихының негізгі ұғымдарымен таныстыру; - студенттерді белгілі теориялық бағыттармен, мектептермен, концепциялармен және олардың өкілдерімен таныстыру. Курсты меңгеру барысында студенттер тарихи нақты материалдар көмегімен шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен дамуын зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

    Курс мақсаты Азия және Африка елдерінің ХҮІІ ғ. ІІ жартысы мен ХХІ ғ. басындағы тарихының әлеуметтік-экономикалық процестері мен қоғамдық қозғалыстарын зерттеу; дамыған европалық мемлекеттердің отарлық иеліктерінің пайда болу мәселелері мен зардаптарын қарастыру, жекелеген елдердің жалпы тарихи дамуға қосқан үлесін айқындап, талдай білу, дереккөздерімен және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның Кеңестік және тәуелсіздік кезеңінің тарихы

    Курстың мақсаты: Қазақстандағы кеңестік коммунистік жүйенің дағдарысы мен ыдырау процесін, қалыптасуын оқып үйрену, тәуелсіз Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін және оның әлемдік қауымдастықтағы орнын білу. Сондай-ақ отандық және шетелдік тарихнаманың теориялық тұжырымдамалары негізінде тәуелсіздік кезеңдегі отандық тарихтың тарихи процестерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта

    Курстың мақсаты: Қазақстандағы Кеңестік жүйенің дағдарысы, әлем елдерімен дипломатиялық байланысқа жол ашу, Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтағы байланысының қалыптасу процесі, дамуы мен нығаюы, жетістіктері мен орны туралы мәселелерді зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарихты оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарихты оқыту әдістемесін меңгеру. Оқыту барысында болашақ мамандар тарихты оқытудағы педагогикалық үдерістің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық тиімділігін арттырудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін зерделейді, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақтарда оқытудың заманауи әдістерін әзірлеу бойынша біліктері мен дағдыларын кеңейтеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлемдік саясат

    Пәннің мақсаты гуманитарлық бағыттағы мамандардың әлемдік мемлекеттердің саяси мәртебесі туралы негізгі және кешенді түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету. Пәнді оқу барысында студенттер халықаралық аренадағы мемлекеттердің іс-әрекеттерінің алуан түрлілігін, олардың арасында қалыптасқан мәдени қатынастардың, өзара іс-қимылдың және қазіргі жағдайлардың жиынтығын талдауға және салыстыруға үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Батыс Қазақстан тарихы

    Батыс Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін және оның саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін зерттейді.Студенттерді қазіргі Батыс Қазақстан облысында болған негізгі тарихи оқиғалар мен үрдістермен таныстыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • ҚР саяси жүйесі

    Курстың мақсаты: нормативтік құжаттар мен Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес саяси жүйенің, мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктерін объективті қабылдауға мүмкіндік беретін саяси ойлау негіздерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақстан мұражайларының тарихы

    Курстың мақсаты - Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы мұражай ісін дамытудағы жетістіктерін көрсету. Оқыту барысында мұражай саласының болашақ мамандарына экспозицияны, көрмені жобалау, мұражай мекемелерін басқаруы және маркетингі, отандық мұражай ісінің қалыптасу тарихы мен қазіргі жағдайы, ерекшеліктері мен перспективалық жоспарлары, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі нақты іс-қимылдар туралы жан-жақты білім береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақстандағы мұрағат ісінің тарихы

    Пәннің мақсаты – Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасу тарихы туралы білім беру. Пәнді оқу барысында Қазақстандағы алғашқы мұрағат ісін ұйымдастыру, мұрағат ісін басқару органдарының құрылу тарихы және мұрағат мекемелері жүйесі, ондағы мұрағат қорлары, құжаттарды сақтау, анықтау және пайдалану, бірінші мамандардың құрамы, материалдық-техникалық база мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Тарихи зерттеулердің инновациялық тәсілдері мен нәтижелерін түсіндіру негізінде тарихнама, деректану, тарихи кезеңдер мен үдерістерді сараптау бойынша сыни талдауды жүзеге асырады.
  • Қосалқы тарихи пәндерді игеру арқылы дүниежүзілік тарих контекстіндегі тарихи оқиғалар мен құбылыстар бойынша өз көзқарасын дәлелдейді.
  • Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы, қазақ қоғамының құқықтық мәдениетінің ерекшеліктері, қазіргі саяси және құқықтық институттар мен нормаларда бағдарланған білімді қолдану.
  • Зерттеудің тәжірибелік және эксперименттік әдістерін қолдана отырып, археология, этнология саласында өзіндік кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті.
  • Әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени айырмашылықтарға төзімділік танытуда көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерді, коммуникативтілікті қалыптастырады.
  • Қазақстанның, түркі халықтарының ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихы саласындағы заманауи әдістер негізінде дербес зерттеу жүргізеді және осы іргелі қағидаларды практикада қолдана отырып, жалпы тарихпен өзара пәнаралық байланысты орнатады.
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде қарым-қатынаста коммуникативтік дағдыларды қолданады.
  • Заманауи ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, тарихи ғылыми ақпаратты өңдеу әдістерін қолданады.
  • Мұрағаттар мен мұражайлардағы ғылыми-анықтамалық әдебиеттерді талдау бойынша жұмыста, одан әрі кәсіби қызметте тарихи проблемаға негізделген және тарихи ақпараттық базаны құру мен жобалау бойынша алынған дағдыны пайдаланады.
  • Мұрағат ісі және мұражай саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды қарастырып, іс жүргізу номенклатурасын құрай алады.
Top