Жаңа білім беру бағдарламасы

6B05302 Физика в QYZPU

Пәндер

  • Математикалық талдау және аналитикалық геометрия

    Математикалық талдау негіздері, дифференциалды және интегралды есептеу, өріс теориясының элементтері, дифференциалдық теңдеулер теориясы, қатарлар теориясы, комплексайнымалы функциялар теориясы, оперативті есептеу, екінші ретті сызықтар мен беттер, матрицалар, жалпы сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістері, Евклид кеңістігіндегі сызықтық операторлар, екі сызықтық функциялар және квадраттық формалар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгебра және сандар теориясы

    Курс материалдары практикалық физикалық есептерді шешу үшін қажетті дифференциалдық геометрияны, топологияны, функционалдық талдауды, дифференциалдық теңдеулерді және басқа да көптеген пәндерді оқытуда қолданылады. Бұл оны зерттеудің өзектілігін анықтайды. Курстың жалпы ғылыми және кәсіби бағыты бар. Пәнге логикалық дәлелдемелерді жүргізудің әртүрлі әдістері, сондай-ақ алгебра мен сандар теориясы саласындағы кәсіби есептерді шешу әдістері оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс құқықтық сауатты, заңға бағынатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттерін біледі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытады. Студенттер өз қызметінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларын қолдана алады . Курс қоғамдағы заңның үстемдігі, этикалық принциптері мен сыбайлас жемқорлықпен күресу принциптері туралы түсінік қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эмоционалды интеллект

    Пән педагогтарға Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағыттары мен басым бағыттары контекстінде тьютордың рөлін меңгертуге бағытталған. Студенттер эмоционалды интеллект пен икемді құзыреттіліктердің заманауи мектептің оқу-тәрбие процесіндегі орнын анықтайды. Олар икемді дағдыларды, оның ішінде цифрлық ортада дамытуды ескере отырып, оқу қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады. Әртүрлі жасерекшелік топтарындағы білім алушылардың эмоционалды интеллектін бағалау және дамыту технологияларын меңгерген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және тұрақты даму

    Экология және тұрақты даму курсы студенттердің экологиялық дағдыларын дамытуға, заманауи экологиялық мәселелерді шешуге, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты дамыту жолдарын қалыптастыруға, студенттердің экологиялық санасын және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Нәтижесінде студенттер экологиялық тенденцияларды талдау және басым бағыттарды қалыптастыру, табиғатты қорғау бойынша нақты міндеттерді қою арқылы өмірлік маңызды тұрақтылықты сақтауды үйренеді. Сондай-ақ студенттер қазіргі заманғы экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын, жаһандық, аймақтық және жергілікті деңгейде экологиялық проблемаларды шешудің практикалық тәсілдерін анықтай алады, сонымен қатар тұрақты даму мақсаттарына жету үшін табиғи ортаның сапасын басқарудың әртүрлі құралдарын қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Механика

    Механика кеңістікте уақыт бойынша денелердің өзара қозғалысына байланысты физикалық процестер мен құбылыстарды қарастырады. Пәннің мазмұны кинематиканы, динамиканы, статиканы және сұйықтар мен газдар механикасын қамтиды. Пән қозғалысты сипаттау және дененің кез-келген сәтте орналасуын анықтауға мүмкіндік беретін қозғалыс заңдарын белгілеу, денелердің өзара әрекеттесу заңдарын анықтауды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Математикалық статистика негіздері

    Пәннің мақсаты - студенттерді жүйелі ойлаудың формалары мен заңдылықтарымен таныстыру, студенттерді жүйелі ойлауға үйрету, оларда негізделген дәлелдеу дағдыларын дамытуға көмектесу болып табылады. Студенттер деректерді жинау, өңдеу және идеялар ұсыну процесін түсінеді, қарастырылатын объектінің немесе құбылыстың жағдайын бағалауда деректерді сандық және сапалық талдауды қолдану дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазылым

    Академиялық жазылым пәні білім алушыларды функционалды стиль түрлері мен ғылыми мақала жазу, салалық пәндік терминология, іс-қағаздарын жүргізу, академиялық сауаттылық дағдысын қалыптастырады. Сондай-ақ ғылыми баяндамалар жасауға, мәтіндерді кәсіби тұрғыдан талдай білуге, сыни ойлауға, плагиаттан сақтану жолдарын меңгертеді және ғылыми деректер қорынан ақпаратты табуға, жазба жұмысын жүйеліндіруге машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Молекулалық физика және термодинамика

    Пән зерттелетін жүйелердегі процестер тек молекулалық қозғалыс және молекулааралық әсерлесулермен анықталады. Студенттер курстың бұл бөлімінде бөлшектерден құралатын арнайы ерекшеліктері бар зерттеу кешені және молекулалық физика мен термодинамика заңдарының статистикалық сипаттарын ашуды, қазіргі замаңғы ғылымының даму логикасына және физиканың тарихына сәйкес, тізбекті түрде нақты кезеңде адамзат әрекетінің әртүрлі саласындағы қолданылатын процестерге күй параметрлері мен процестер параметрлерін енгізумен қатар, оларға молекула-кинетикалық түсіндірмелер бере біледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Электр және магнетизм

    Бұл курс студенттердің табиғаттағы негізгі іргелі өзара әсерлесудің бірі болып табылатын электромагниттік құбылыстар негізінде физикалық процестер мен заңдылықтарды зерттеуге бағытталған. Электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрлік тербелістер мен толқындар туралы теориялық білім практикалық және зертханалық сабақтарда есептер шешу және зертханалық жұмыстарды жүргізу арқылы жетілдіріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Оптика

    Пәнді оқытудың мақсаты - ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында кең ауқымды мәселелерді шешу үшін оптикалық заңдарды қолдану бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ оптикалық құбылыстар физикасын бақылауларды, практикалық тәжірибелер мен эксперименттерді жалпылау ретінде ұсыну.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі

    Пән студенттерде ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімн қалыптастырады, кәсіби қызмет саласында ақпарат пен деректерді жинаудың, сақтаудың және өңдеудің заманауи әдістерін меңгертеді, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің оқу, сөйлеу, сөйлеу. жазу, тыңдау сияқты төрт түрі бойынша академиялық байланыс дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Комплекс айнымалы функциялар теориясы

    Пәнді оқу болашақ математиктердің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады. Курс комплексті айнымалы функциялардың теориясы саласында жүйелендірілген білімді қалыптастыру, функция, шек, үзіліссіздік, дифференциалдау, интегралдау сияқты нақты талдауда қолданылатын негізгі ұғымдарды комплексті айнымалы функцияларға кеңейтуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Атомдық физика

    Пән уақыт пен кеңістіктегі физикалық шамалардың циклдік өзгеруімен сипатталатын физикалық құбылыстарды зерттейді. Студенттер механикалық және электромагниттік процестерді қарастырып, тербелістер мен толқындар теориясын, кинематика мен динамика негізінде түсіне алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Пән студенттердің әрбір мүшесі өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін инклюзивті қоғам қағидалары туралы түсінігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияны, анатомияны жақсы біледі, жасерекшелік физиологиясы туралы терең білімге сүйене отырып, танымдық дағдылардың қағидаларын түсінеді, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасай алады, инклюзивті білім беру ортасын құрудың стратегияларын біледі және оны жүзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Физикадан зертханалық практикум

    Мектептегі физикалық эксперименттің маңызы, оның мәні мен түрлері. Мектептегі физикалық эксперимент техникасы және оны жүргізу әдістемесі, олардың айырмашылығы мен байланысы. Мектеп физика кабинетінің Жалпы (Негізгі) жабдығы. Физика бойынша демонстрациялық эксперименттерді жүргізу техникасы мен әдістемесі. Фронтальды Зертханалық жұмыстардың техникасы мен әдістемесі. Мектеп зертханасының типтік зертханалық жабдықтарының жиынтығы. Зертханалық жұмыстарды жүргізу технологиясы. Физикалық семинар жұмысының техникасы мен әдістемесі. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін физикалық экспериментті қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық физиканың әдістері

    Математикалық физика әдістері ұғымына физикалық құбылыстардың үлкен кластарын сипаттайтын математикалық модельдерді құру және зерттеу үшін қолданылатын математикалық әдістерді, арнайы функциялар. Шектік есептер, гиперболалық типті теңдеулер, параболалық типті теңдеулер, эллипс типті теңдеулер. Гельмгольц теңдеуі, Гельмгольц теңдеуінің гиперболалық және параболалық типті теңдеулерін шеше білуге, жалпыланған функциялар теориясының элементтерін анықтай алуға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қатты дене физикасы

    Пән бөлшектер мен симметрия заңдарын пайдаланып, қатты денелердің қасиетін анықтайды. Пән бойынша денелердің құрылысы, кристал материалдардың атомдық-электрондық құрылымын зерттеу, олардың құрамының, құрылымы мен әртүрлі физикалық қасиеттерінің арасындағы тәуелділіктер оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық теңдеулер

    Курс практикалық есептерді математикалық модельдеу саласында жүйелендірілген білімді қалыптастыруға және оларды классикалық әдістер мен дифференциалдық теңдеулерді шешудің тәсілдері негізінде шешуге бағытталған; қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдары, дифференциалдық теңдеулерді шешуде қолданылатын математикалық аппарат туралы түсінік қалыптастыруға негізделген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физикалық эксперимент әдістері

    Пән студенттердің болашақ кәсіби қызметі үшін физикалық экспериментті әдістемелік дұрыс ұйымдастыру, физикалық шамаларды өлшеу, эксперименттің алынған нәтижелерін өңдеу және оларды дұрыс талдау дағдыларын, сондай-ақ физикалық аспаптар мен жабдықтарды жинауды тиімді ұйымдастыру әдістерін біліктілігін (аспаптарды құрастыру, қолдан жасалған аспаптар және т.б.) қалыптастырады. Осылайша, жаңартылған мектеп физика курсы аясында студенттер шығармашылық және сыни ойлауды талап ететін, теориялық білімді практикалық қолдана отырып, әртүрлі нақты мәселелерді шеше отырып жүзеге асырды, одан әрі кәсіби қызмет үшін қажетті құзыреттерді дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Бұл пәнді оқудың мақсаты жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы теориялық білім мен дағдыларды және жасанды интеллекттің заманауи құралдары мен әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.Студенттер AI туралы негізгі түсініктермен танысады; негізгі AI тұжырымдамалары мен әдістерін үйренеді; негізгі интеллектуалды бағдарламалық жүйелерде ЖИ ұсынылған теорияларын, әдістері мен принциптерін қолдану қабілетін алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кинетикалық теория негіздері

    Термодинамикалық жүйелердегі қайтымсыз процестер. Статистикалық әдіс. Кинетикалық теорияның даму кезеңдері. Молекулалық жүйелердің тепе-теңдік қасиеттері. Макропараметрлердің кең ауқымында тасымалду құбылыстарының ерекшеліктері. Газдардағы тасымалдау процестерінің элементар кинетикалық теориясы. Кинетикалық теңдеулер. Больцман теңдеуі. Газдардың кластерлік моделі. Газ қоспаларында процестердің кластерлік моделі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Статистикалық физика және термодинамика

    Студенттерге макроскопиялык жүйелердің негізгі термодинамикалык және статистикалық зандылықтары туралы терең және мығым білім берумен бірге ол білімдерді қолданбалы мәселелерге пайдалануды үйрету. Қойылған мәселелерді шешу кезінде термодинамикалық және статистикалық теорияларға тән түрлі әдістерге айрықша көңіл бөлуді үйретеді. Студенттер термодинамика мен статистикалық физиканың негізгі үғымдары мен негізгі зандарын білуі тиіс, термодинамика мен статистикалык физикада шешілетін мәселелерді қоя біліп, шешу әдістерін үйренуі керек, әрбір жеке физикалық жүйелер параметрлерінің гаусстык және халыкаралық бірлік жүйесі бойыпша алынған сан мәндерін таба біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Электродинамика және АСТ

    Материяның құрылымы және табиғаттың заңдарымен білімгерлерді таныстырып, физика ғылымының және арнайы физиқалық теориялардың әдістерін пайдалануын қалыптастырады. Теориялық физиканын негізгі әдістері арқылы әдістемелік жалпылау тәсілдерін физиқалық ұғымдар мен принциптер қолдануын, олардың қазіргі ғылым және техникамен байланысын көрсетеді. Арнайы салыстырмалық теориясы релятивистік механика негіздері мен электродинамиканы оқу классикалық және релятивистік концепциясы арасындағы қатынастарды терең түсінуге көмектеседі. Екінші жағынан электродинамиканы түсіндіруге релятивистік концепцияны қолдануға жағдай жасайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби этика және сәйкестік

    Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби педагогикалық ортада қабылданған көзқарастармен, құндылықтармен, білімдермен, сенімдермен және дағдылармен таныстыру. Студенттер педагогикалық немесе басқа да қызмет аясында көшбасшылық және белсенділік дағдыларын, Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілігін дамытады, кәсіби этикамен танысады, оны құндылық ретінде қабылдай отырып, қатаң сақтауды үйренеді. Студенттер мансап жолын жоспарлай отырып, өзін-өзі талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ядролық физика

    Бұл курста студенттер атом ядроларының құрылымы мен қасиеттерін және олардың соқтығысуын қарастырады. Сондай-ақ курс барысында альфа-, бета- және гамма ыдыраулары, кванттық сандар, симметриялар және сақталу заңдары, ядролық изотоптар және ыдырау заңдары, ядролық және термоядролық реакторлар оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Векторлық және тензорлық талдаудың негіздері

    Векторлық және тензорлық талдау негіздері курсы үш өлшемді евклид кеңістігіндегі классикалық векторлық талдаудың теориялық негіздерін, сонымен қатар өлшемдердің ерікті саны кеңістігіндегі заманауи векторлық және тензорлық талдауды зерттеуге арналған. Бұл курс екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөлімде векторлық талдау негіздері, ал екінші бөлімде тензорлық талдау негіздері мазмұндалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қолданбалы электродинамика

    Курста электродинамиканың әртүрлі фундаменталды және қолданбалы аспектілері зерттеледі. Теориялық және қолданбалы есептер шешіліп, оларды трансформаторлар, электр қозғалтқыштары және т.б. сияқты электр және электр қондырғыларындағы процестерді талдау және модельдеу үшін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Теориялық физиканың таңдаулы тараулары

    Пәннің мақсаты теориямен айналысатын студенттердің кәсіби бағдарлануына жағдай жасау, термодинамика, кванттық механика және статистикалық физика негіздері бөлімдерімен тереңірек таныстыру Теориялық физиканың таңдаулы тараулары пәні студенттерді теориялық физикаға қызығушылық танытып, физиканың әртүрлі салаларында салыстырмалы түрде қолданылатын қарапайым және жиі қарастырылатын теориялық мәселелермен таныстыруға арналған

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электромагниттік сәулеленудің теориясы

    Пәнде студенттер электромагниттік сәулеленудің оптикалық және толқындық компоненттерін, олардың электромагниттік сәулеленуді анықтайтын және қолданатын аспаптар мен құрылғыларды жобалауда практикалық қолдануын, сонымен қатар әр түрлі технологиялар мен күнделікті объектілерде жарықтың толқындық және оптикалық табиғатын, оның ішінде айналар, линзалар, телескоптар, микроскоптар, лазерлер және талшықты оптикада практикалық түрде қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Кванттық механика

    Курс микрообъектілер туралы кванттық-механикалық түсінікті қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі физиканың дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын курста микроскопиялық масштабтағы микро әлем процестері және микробөлшектердің қасиеттері, олардың қозғалысы мен өзара әрекеттесу заңдылықтары кванттық шамалардың дискреттілігі, толқындық сипаты және объектілерді сипаттаудың ықтималды (статистикалық) әдісі туралы түсініктеріне сүйене отырып зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Физикадан есептер шығару негіздері

    Жалпы физика курсы бойынша алған білімдерді практикалық тұрғыдан жетілдіруді көздейді. Пәнді оқытудың басында студенттер есеп ұғымымен, олардың жіктелуімен және оларды шешудің негізгі тәсілдерімен танысады. Басты назар ойлау әрекеттерін қалыптастыратын әрекеттер: есептің шартын талдау, болжау, гипотеза ұсыну (шешуін ұсыну), тұжырым сияқты кезеңдерге аударылады. Курс бағдарламасы бойынша есептерді шешуде физикалық құбылысты талдауға, шешімді ауызша баяндауға, алынған жауапты талдаудың ерекшеліктеріне тоқталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Физикалық есептерді шығарудың теориясы мен әдістемесі

    Курста физикадағы есептерді шешудің маңыздылығы және оның оқу үрдісіндегі рөлі, физикалық есептерді шешудің психологиялық ерекшеліктері мен физикалық есептерді шешу процесін дидактикалық талдау, есептерді шешу жолдары мен әдістері қарастырыады. Есептерді шешу үшін пайдаланылатын математикалық аппарат, физикалық есептердің шешу алгоритмі, физикалық есептерді шешу алгоритмі, сапалы есептерді шешу әдістемесі, эксперименталды есептер, тест тапсырмалары, графиктік есептер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шешуге арналған практикум

    Физикалық оқу эксперименті және көрнекіліктер технологиясы болашақ физика мұғалімдерінің эксперименттерді жүргізу техникасының жүйелі білім мен біліктерін қарастырады. Студенттерге эксперименттер мен көрнекіліктер технологиясының оқыту мүмкіндіктерін кеңейтіп көрсету. Тәжірибе дайындауға және көрсетуге студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу; физикалық эксперимент теориясы мәселелеріне студенттердің назарын аудару.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Механикалық қондырғылар

    Механикалық қондырғылар көптеген өндірістік технологиялардың, қуатты жел электр генераторларының, күн электр станцияларының, гидроэлектрстанцияларының және т.б. негізін құрайды. Қазақстандағы жаңарып тұратын энергия көздерінің ресурстары, механикалық қондырғылардың негізгі түрлері мен қолдану тәсілдері, парниктік әсер және оның салдарлары талданады, жел турбиналарының аэродинамикалық сипаттамалары аналитикалық жолмен анықталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Астрофизика

    Пәнді оқытуда аспан денелерінің және олардың жүйелерінің (жұлдыздар, жұлдызаралық және галактикалық орта және т. б.) физикалық-химиялық сипаттамалары және оларды зерттеудің эксперименттік әдістері бойынша теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру болып табылады. Астрофизиканың негізгі тәжірибелік әдістері болып табылатын спектрлік талдау, астрофотометрия әдістерін, радиотелескопты, фотографиялық және электрлік бақылауларды қолдана отырып зерттеу әдістерін меңгеру оптика, электр және магнетизм және атом физикасы бойынша практикалық дағдыларды жетілдіреді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеулер негіздері

    Пән болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары аясында зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер зерттеудің негізгі сапалық және сандық әдістерін біледі, ғылыми әдебиеттерді талдай алады, қажетті құралдарды пайдалана отырып, өздерінің шағын көлемді (small-scale) зерттеулерін жобалауға және жүзеге асыруға қабілетті. Студенттер деректерді өңдей алады және көпшілікке ұсыну үшін зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде құрастыра алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Физикадағы ғылыми мәліметтерді компьютерлік өңдеу

    Пән мақсаты физика бойынша алынған эксперименттік нәтижелерді сандық есептеу негізінде компьютерде өңдеу болып табылады. Студенттер компьютерлік бағдарламалар пакетін пайдаланып, физиканың негізгі тараулары бойынша және физикадан арнайы курстардың эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне орай график салуды, мониторинг жасауды және нәтижелерді цифрлық талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Жалпы, теориялық және заманауи физика салаларында іргелі білімдерге, практикалық біліктерге мен дағдыларға ие.
  • Тиісті математикалық аппаратты, сандық әдістерді, компьютерлік модельдеуді, заманауи бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып, іргелі және қолданбалы физикадан алған білімдерін қолдана отырып, теориялық, эксперименттік және сандық сипаттағы мәселелерді шешеді.
  • Заманауи бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып, типтік кәсіби есептердің физикалық, математикалық және компьютерлік модельдерін құрастырады және алынған нәтижелерді модельдердің қолдану шекараларын ескере отырып түсіндіреді.
  • Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен компьютерлік технологиялардың, эксперименттік ғылыми-зерттеу, өлшеу-аналитикалық және технологиялық жабдықтардың көмегімен, аналитикалық және сандық есептеулердің деректерін, эксперименттік деректерді, оның ішінде шет тілінде өңдейді, талдайды және ұсынады.
  • Заманауи аспаптар базасының көмегімен, теориялық және эксперименттік физикадан физикалық объектілерге, жүйелер мен процестерге ғылыми зерттеулер, әртүрлі практикумдар мен эксперименттер, оның ішінде виртуалды эксперименттерді жүргізеді.
  • Болашақ кәсіби қызметінде жоғары математика, фундаментальды және қолданбалы физика, оқытудың әр түрлі әдістері, технологиялары және тәсілдері, заманауи ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету салаларындағы білімдерін, біліктерін және практикалық дағдыларын, оның ішінде шет тілінде тұжырымдайды және жүйелейді.
Top