Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01510 География-Тарих в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

  • Жалпы жертану және геология негіздері

    Географиялық қабықтың құрылысын, құрамдас бөліктерін, шекарасын, өзіне тән сапалық ерекшеліктерін, қалыптасу кезеңдерін, құрылымы мен кеңістіктік жіктелуін, негізін заңдылықтарын, тау жыныстарын және оларды түзетін басты минералдарды оқытады, Жер қыртысындағы тау жыныстарының әр түрлі жатыс бағыттары мен геологиялық қималар бар геологиялық карталарды оқу тәсілдерін меңгертеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Мақсаты – білім алушыларды құқықтың негізгі салалары мен институттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтарымен таныстыру. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дағдыларын және мемлекет пен қоғамдағы құқықтың негізгі функциялары, оның құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның дамуына әсері туралы теориялық білімнің жоғары деңгейін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Курс жеке қаржыны басқару саласында білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Жалпы функционалдық экономикалық және қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, практикалық мәселелерді шешу үшін экономикалық және қаржылық есептеулердің әдістерімен құралдарын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Топырақ географиясы және ландшафттану негіздері

    Топырақтың түзілу заңдылықтарын, механикалық құрамын, табиғат жағдайларының өзгеруіне байланысты әр түрлі топырақ типтерінің кеңістіктік таралуын оқытады. Ақпараттық фактор ретінде педасфераның әр түрлі деңгейдегі географиялық зерттеулердегі маңызын, қоршаған ортаның антропогендік өзгеруінің топырақ жамылғысының жағдайына әсерін қарастырады. Табиғи және табиғи-антропогендік ландшафттардың, аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуы мен дамуын, шағын аумақтық деңгейдегі ландшафттарды оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Алғашқы қауымдық қоғам тарихы

    Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жасерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Мақсаты - ғалымдардың қазіргі жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулерді жүргізудің принциптері, технологиялары, практикалық әдістері мен тәсілдері туралы білімді қалыптастыру. Ғылыми мәдениет пен этиканың базалық негіздерін, ғылыми мәтіндерді икемді қабылдауды, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде алған білімдерін тиімді қолдану дағдыларын, зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Биогеография

    Жердегі тіршіліктің өмір сүру ареалының бөліну заңдылықтарын, қазіргі флора мен фаунаның шығу тегі мен пайда болу тарихын, тірі ағзалардың географиялық таралуы мен олардың себептерін қарастырады. Ареалдар туралы ілім негіздерін, құрылықтың флоралық, фауналық патшалықтарға зоналық биомдарға бөлінуін оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    Жаңартылған орта білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңаша әдістері мен технологиясын қарастырады. Педагогикалық үдерісті болжау, жоспарлау және басқару, ғылыми талдау әдістерін зерттейді. Педагогиканың гуманитарлық білім және білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекетінің саласы ретіндегі теориялық түсініктерін және қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әлемнің географиялық мәліметтер базасы (ағылшынша)

    Географиялық карталарда географиялық нысандардың негізгі номенклатуралық тізімін зерттеу арқылы материктер мен мұхиттардың табиғи кешендеріне тұтас көріністі қалыптастыруға бағытталған, сонымен қатар Географиялық ақпаратты бейнелеуге және басқаруға арналған кешенді ақпараттық модельді қарастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Археология

    Адам қоғамының дамуы мен өткен тарихыныңтарихи заттық дерктері бойынша оқытады, археоллогиялық кезеңдеуді, ежелгі қоғамның материалдық-рухани құндылықтардың тарихи маңызын түсіндіреді; арқеологиялық заттардың жасалған кезеңдерін анықтау, археологиялық ескерткіштер бойынша ежелгі тарихты кезеңдерге бөлу мәселелерін қарастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Ілиястану

    Пәннің мақсаты Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын терең әрі жан-жақты зерделеу арқылы қазақ халқының әдебиетін, өнерін, дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары терең ойлы тұлғаны дамыту болып табылады. Ілияс Жансүгіров шығармаларының қазақ әдеби тілін дамытудағы маңыздылығын түсінуді; зияткерлік-шығармашылық ойлау дағдыларын, ұлттық-рухани мұра құндылықтарын бағалай білуді қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Мақсаты – экологиялық процестерді талдауға, антропогендік қызметтің әлеуметтік-экологиялық салдарын, төтенше жағдайларда қорғау әдістері мен технологияларын бағалауға мүмкіндік беретін Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері бойынша білім қалыптастыру. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін бағалау дағдыларын қалыптастырады; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру үшін экологиялық процестерді болжау; авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың ықтимал салдарын ескере отырып, қолайсыз экологиялық және төтенше жағдайларда шешімдер қабылдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Картография және топография негіздері

    Картография пәні мен құрылымын, географиялық картаның элементтерін, жіктелуін, топографиялық, топографиялық шолу және ұсақ масштабты карталардың мазмұнын бейнелеу әдістерін оқытады. Электронды тахометр мен GPS/Глонассғарыштық қабылдауыштарының негізінде аумақты картаға түсірудің заманауи технологияларын, картографиялық географиялық ақпараттық жүйелерді қарастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Геодезия негіздері

    Аумақты жоспарлаудағы геодезия мен картографияның маңызын қарастырады және геодезиялық приборларды пайдаланудың заманауи технологияларын мен жер бетіндегі нүктелердің орынын, географиялық және тік бұрышты координаттар жүйелерін мен нүктенің биіктігігн анықтау әдістерін оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

    Мақсаты – білім алушыларды құқықтың негізгі салалары мен институттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтарымен таныстыру. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дағдыларын және мемлекет пен қоғамдағы құқықтың негізгі функциялары, оның құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның дамуына әсері туралы теориялық білімнің жоғары деңгейін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Оқушылар дамуының физиологиясы

    Балалар мен жас өспірімдердің өсуі мен дамуының жас ерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жалпы экономикалық география және геоэкономика негіздері

    Дүниежүзінің жеке елдері мен аймақтарының шаруашылығының салалық құрамы, әлеуметтік-экономикалық үрдістердің кеңістіктік факторлары туралы білім жүйелерін қалыптастырады және сол факторлардың дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы рөлін талдау дағдыларын қалыптастырады. Дүниежүзілік шаруашылықтың кеңістіктік құрылымын, олардың дүниежүзінің жеке елдері мен аймақтарда даму үдерістерінің ерекшеліктерін, геоэкономикалық кеңістіктің негізгі сипаттарын, ҚР геоэкономикалық орны мен әлеуетін қарастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дүние тарихы

    Адамзат дамуы тарихының ең маңызды деген кезеңдерін қамтиды: ежелгі өркениеттердің қалыптасуы, құлиеленушілік мемлекеттердің пайда болуы мен дамуы, Шығыстағы тарихи үрдістің ерекше сипаты, олардың даму жолдарының ерекшеліктері Ежелгі дүниенің дамуындағы маңызды үрдістер мен заңдылықтарды, Шығыстағы, Греция мен Римдегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің құлдырауының ғылыми негізін зерттейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Оқу-тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру әдістемесін қарастырады және тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын, мәні мен мазмұнын қарастырады, жаңартылған орта білім мазмұны аясында тәрбиелеу қағидаларын зерттейді. Болашақ педагогтың өз бетімен білім алу және кәсіби тұрғыда өз-өзін жетілдіруге мүдделілігін қалыптастыруға бағытталған

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, инклюзия дамуының тарихи аспектілерін, инклюзивті білім беру модельдерін қарастырады. Инклюзивті білім беру технологиясын, жеке білім беру маршрутын құруды, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқу үдерісін жоспарлауды, инклюзивті оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыруды зерттейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Дүниежүзінің жалпы физикалық географиясы

    Жеке материктер мен мұхиттардың жер бедерінің, климатының, ішкі суларының, топырағының, өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын, адамның шаруашылық әрекетінен қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты қазіргі экологиялық мәселелері, оларды шешу жолдарын оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Ежелгі Шығыс мемлекеттері

    Ежелгі өркениеттер мен құл иеленуші мемлекеттер пайда болуы мен өркендеуіне негіз болған адамзаттың даму тарихының маңызды кезеңдерін, Ежелгі Шығыстағы алғашқы мемлекеттердің өркендеуіне әсер еткен факторлар тарихи үрдістердің басты ерекшеліктерін, шаруашылығын, мәдениетін, басқару жүйелерін оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Теориялық деректану

    Тарихи таным жолдарын, прогресс деңгейі мен тарихи ғылымның регресін қарастырады, тарихи танымның негізгі кезеңдерін, тарихшылар қалыптасырған объективті шындықтың деңгейі мен олардың осы уақыттағы маңызын анықтайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Мұражайтану және мұрағаттану

    Пән қоғамдық ақпараттың көп қызметті институты ретіндегі мұражайтану мен мұрағаттанудың базалық түсініктері мен астарларын, сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраларды сақтайтын, зерттеулердің көзі болып табылатын мұражайлар мен мұрағаттардың заманауи ақпараттық технологияларын, мұрағаттар мен мұражайлардағы материалдық мұраларды қорғау, сақтау әдістерін қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • География мен тарихты оқытуда АКТ пайдалануәдістері

    Мектеп оқушыларына география мен тарих пәндерін оқуға деген ынтасын арттыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен қосымша техникалық құралдарды қолдануды зерттейді, олардың география пәнін оқуға деген ынтасын арттырады және интеллектуалдық белсенділіктің артуына ықпал етеді. Ұйымдастырылған және педагогикалық негізделген оқу мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы АКТ оқу үдерісіне қосуды қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Жетісу тарихы

    Ежелгі заманнан бергі Жетісудің негізіг тарихи кезеңдері туралы дүниетанымды қалыптастырады, аймақтың дамуының аса бай мұрасы мен заңдылықтарын түйсіну жолдарын талдайды. Жетісудың саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының ортақ және айрықша ерекшеліктерін қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Географиядағы есептеу және жобалау әдістері

    Географиялық математикалық есептерді шешу әдістерін, географиялық процестер мен құбылыстарды жобалау және болжау әдістерін, математикалық-географиялық үлгілерді жасау үшін географиялық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және интерпретациялау әдістерін меңгертеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқыту әдістемесі

    Қазіргі мектеп талаптарын, жан-жақты дамыған саналы тұлғаларды дайындау міндеттерін назарға ала отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әдістерін, мазмұнын және ұйымдастырылуын ашып көрсетеді. Тарих пәні мұғалімі қызметінің теориялық және практикалық негіздерін оқытады, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оған дайындықты және оқытушының тұлғалық, кәсіби қаситеттерін көрсететін орта дайындайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Тарихнама

    Тарихи ғылымның тарихын, зерттеулердің негізгі аспектілерін, әртүрлі кезеңдердегі тарихи ғылымының дамуының қоғамдық жағдайларын оқытады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Палеография, геральдика, сфрагистика, хронология, метрология, генеалогия, сыяқты қосалқы тарихи пәндерді оқыту тарихи даму үрдісінің заңдылықтарын ашуға, тарихи материалдардың негізінде қоғам өміріндегі дәйектер мен тарихи оқиғаларды салыстырмалы талдау жасау өткенді оқып-үйреніп түсінуге, дерек көзінің қандай тарихи кезеңдерге жатарынын анықтауға, жіктеуге, оқуға мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Тұрғындар географиясы және әлеуметтік география негіздері

    Халықтың қалыптасу үрдісін, динамикасы мен санын, құрылымын, ұдайы өсудің типтерін, миграциясын, қоғамның аумақтық ұйымдасуынқоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытады; еңбек ресурстары географиясын, әлеуметтік құрамы мен білім деңгейлерін, қоныстану формаларын, қазіргі демографиялық мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Жаратылыстануды оқыту әдістемесі

    Білімгерлердің қазіргі жаратылыстану ғылыми білім берудің теориялық, әдіснамалық негіздерін меңгертуге бағытталған; қазіргі жаратылыстанудың ғылыми бейнесін, жартылыстану ғылымдарының зерттеу әдістерін оқытады; жаратылыстанудың біршама маңызды жетістіктері мен идеяларын; ғылым мен ғылыми білімнің адамзат қоғамының түйінді мәселелерін шешу мүмкіндіктерін қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Саяси география және геосаяси негіздері

    Геосаясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекарасын, геосаяси үрдістердің негізгі түрлерін, дүниежүзілік шаруашылықтың еңістіктік құрылымын, оның дүние жүзінің жеке елдері мен аймақтарда даму үдерістерінің ерекшеліктерін, оқытады; геосаяси кеңістіктің негізгі сипаттарын, Қазақстан Республикасының геосаяси орны мен жеке өңірлерінің әлеуеттерін қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ортағасырлар тарихы

    Экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдің жаңа формаларының пайда болуы мен дамуын ашады, ортағасырлық мемлекеттердің аумағында өзара байланыста және өзара байланыста болған тарихи оқиғаларды көрсетеді. Орта ғасырлардағы елдер тарихының негізгі процестерін, феодализмнің қалыптасуын, оның белгілері мен мәнін; ұлтты жинау процесі, ортағасырлық мемлекеттердің құлдырау себептерін зерттейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық жазу

    Студенттердің академиялық жазу теориясы мен практикасын игеруге, академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттіліктерді дамытуға, академиялық және ғылыми мәтін жазуға, сонымен қатар студенттерде ғылыми мәдениетті дамытуға, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы құзыреттер жүйесі, жұмыс, алғашқы мәліметтерді жинау, ғылыми зерттеу және деректерді өңдеу әдістерін қолдану, зерттеу нәтижелерін апробациялау, тіркеу және тәжірибеге енгізуге бағытталған

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Жасанды интеллект негіздері

    Жасанды интеллект жүйесінің теориялық негіздерін тереңдете оқыту арқылы студенттердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыруға, зияткерлік жүйелерді құрудың жаңа заманауи технологияларын меңгеруге және алынған білімдер мен

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Тарихи демография

    Қазіргі демография мен тарихи демографияның теориялық және әдіснамалық аппаратын, тарихи демографиялық деректердің ерешеліктерін және олармен жұмыс істеу әдістерін; тарихи демографияның негізгі даму кезеңдерін,, қазіргі демографияның зерттеу бағыттарын қарастырады. Белгілі әр түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде жүрген әр түрлі әлеуметтік-экономикалық үрдістердің ерекшеліктерін, Қазақстаннң қазіргі демографиялық мәселелерін оқытады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Гидрометеорология негіздері

    Атмосфера жүретін біздің ғаламшардың ауа райы мен климатын қалыптастыратын физикалық химиялық үрдістері туралы білімді қалыптастырады; метеорологиялық, климаттық карталарды, су нысандарының (өзен алаптары, көлдердің, батпақтардың) еререкшеліктерін талдау дағдыларын меңгертуді көздейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Мектептегі оқыту мен бағалаудың жаңа тұрғылары

    Білім беру нәтижелерін білім беру жаңарту жағдайында өлшемдік бағалаудың теориясы мен технологиясы туралы білімді меңгертуге бағытталған; оқушылардың оқу нәтижелерін өлшемдік бағалаудың негізгі ережелерін, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін ақытады; бағалау тетіктері мен өзін өзі бағалау, түйінді құзіреттілікті қалыптастыру тетіктерін анықтайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Этнология

    Этнологияның негізгі теориялары мен тұжырымнамаларын қарастырып, оның түсініктерінің, санаттарының,зерттеу әістерінің, сонымен қатар, оларды дүние жүзі халықтарының этнографиясын, Қазақстанды қоса алғандағы дүние жүзінің және этникалық бейнесін, антропологиялық, тілдік және шаруашылық-мәдени жіктелуін оқып-үйренуде пайдаланудың мәнін ашады. Этногегез үодісі мен этникалық тарихты оқытып, дүниежүзі халықтарының дәстүрлі және қазіргі мәдениетін сипаттайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Географияны оқыту әдістемесі

    Қазіргі мектеп талаптарын, жан-жақты дамыған саналы тұлғаларды дайындау міндеттерін назарға ала отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әдістерін, мазмұнын және ұйымдастырылуын ашып көрсетеді. География пәні мұғалімі қызметінің теориялық және практикалық негіздерін оқытады, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оған дайындықты және оқытушының тұлғалық, кәсіби қаситеттерін көрсететін орта дайындайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қашықтықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы

    Қашықтықтан оқыту және электрондық оқыту әдістерінің әдістемелік мәселелері қарастырылады, қазіргі заманғы білім беру тәжірибесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, ғылымның жетістіктерін ескеріп, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін игереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Геоурбанистика

    Қала құрылысы, қала құрылысы қала жүйелерін оқып-үйренудің тарихи-географиялық, әлеуметтік, экономикалық-географиялық және басқа астарларын оқытады. Кенттенудің ғаламдық сипат алған күрделі үрдістерін, қоныстану жүйесі мен қала дамуының стратегиясының күрделі географиялық тұрғылары, қалаларды жобалау негіздері қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Қазіргі заман тарихы

    Қазіргі кезеңдегі елдердің даму проблемаларын қарастыруға бағытталған; қоғамдық-саяси және мәдени даму тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, демократиялық қайта құрулар деңгейін, ашып көрсетеді; биполярлық жүйенің құлдырау себептерін, қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарды, постиндустриалды өндіріске өту мен ақпараттық қоғамның қалыптасуын көрсетеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы

    Қазақстанның ХVІІІ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын, Қазақстанды отарлаудның бастапқы кезеңіндегі патшалық Ресей саясаты, Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси жағдай мен қоғамның әлеуметтік құрылымы қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның физикаық географиясы

    Қазақстанның табиғаты, геологиялық құрылысы жер бедері, климаты мен ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғатының адамдардың шаруашылық әрекетінен өзгеруі, табиғат қорғау шаралары, ірі физикалық-географиялық аймақтары қалыптастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

    Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуетін, халқын, шаруашылығыың құрылымын, өндіргіш күштерді орналастыру қағидаларын, дүние жүзі елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарын оқытады экономикалық-географиялық аудандастыру және оның дамуын болжау, өндіргіш күштердің орналастыру ерекшеліктерін салыстыры және талдау мәселелерін қарастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Далалық және қашықтықтан зерттеу әдістері

    Білімерлердің зерттелетін жергілікті жерде далалық зерттеулер жүргізу әдістерімен кезеңдері; жиналған мәліметтерді өңдеу және аумақтың ірі масштабты пландарын құру әдістері; аумақты қашықтықтан зерттеу әдістері, әуеғарыштық түсірілімдерді талдау негізінде тақырыптық карталарды құру әдістері туралы білім негіздерін меңгертуге бағытталған

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 7
  • Сандық картографиялық ресурстарды пайдалану әдістері

    Білімгерлерге электронды картографиялық ресурстарды (сандық карталарды оқып, олардың орналасқан жерін, географиялық нысандар мен аумақтардың сандық және сапалық көрсеткіштерін, олардың сипаттамалары мен талдауларын анықтау) пайдалану мүмкіндерін меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 7
  • Жаңа заман тарихы

    Жаңа дәуір тарихы дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі ретінде капиталистік қатынастар генезисі мен орнығу кезеңін,ерте буржуазиялық революциялардың заңдылықтарын, Европа және Америка елдеріндегі мемлекеттіліктің қалыптасуы мен отарлау кезеңінің, ұлт-азаттық қозғалыстардың, Батыс мемлекеттердің әсерімен тронсформацияға ұшыраған шығыс қоғамдарын, егеменді мемлекеттердің құрылуын ашып көрсетеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Геоглобалистика және табиғатты пайдалану негіздері

    Геоглобалистиканың құрылымы мен қызметін, ғаламдық келелі мәселелердің туу себептері мен шешу жолдарын, табиғат пен қоғам даму заңдылықтарын оқытады; табиғатты пайдаланудың негізгі түрлерін, табиғатты пайдалануды басқаруды, қоршаған ортаны жақсартумен табиғатты тиімді пайдаланудың стратегиялық бағыттарын қарастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • географиялық пәндер тарауларының жалпы теориялық ережелерін түсіндіру
  • құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық, мәдениет орталардағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу
  • білім алушылардың физиологиялық және функционалдық ерекшеліктері мен жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отыріп, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
  • өздері оқыған әртүрлі қосалқы тарихи пәндер мен деректердің ерекшеліктерін сипаттай алады; тәжірибелік жұмыста дәстүрлі және инновациялық әдістерді қолдана отырып, қажетті құжаттарды іздеуде мұрағат және мұражайдың ғылыми-анықтамалық аппаратымен жұмыс істеу барысындағы дағдыларды қолдана алады
  • ГАЖ технологияларын, географиялық ақпаратты өңдеудің статистикалық, математикалық, картографиялық әдістерін қолдана отырып, жалпы географиялық, далалық зерттеулер жүргізу
  • тарихилық принципті қолдану арқылы тарихи дамудағы адамның ролі мен орнын анықтай отырып, әртүрлі кезеңдерде теориялық білімдерін кәсіби қызметте пайдалану барысында халықаралық қатынастардағы үрдістерді бағалай отырып, тарихи құбылыстар мен фактілерді талдай алады
  • мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының жалпы және айрықша белгілеріне салыстырмалы талдау жүргізе отырып, орта ғасырлардағы батыс және шығыс өркениеттері мен мемлекеттерінің тарихи дамуындағы себептік қатынастарды орнату
  • академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып, зерттеу нәтижелерін әзірлеу және енгізу үшін ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолданып, география ғылымының қазіргі жағдайын, проблемалары мен даму болашағын бағалау
  • әр түрлі деңгейдегі табиғи-экономикалық және аумақтық, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің дамуын, қоршаған орта мен халықтың өзара әрекетін бағалап, әлеуметтік-экономикалық, физикалық-географиялық және саяси процестердің ағымдағы жағдайына аналитикалық шолу жасау
  • география мен тарихты оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын қолдана отырып, география мен тарихқа арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу
Top