Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п) в ОАИУ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен академиялық саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес, рухани құндылықтары және адамгершілік қасиеттері жоғары болатын, еліміздің бәсекеге қабілетті, білікті, қоғамның инновациялық, ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ететін, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың философиялық, педагогикалық, әдіснамалық негіздерін, білім берудегі жаңа үрдістерді терең меңгерген жоғары білікті кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Заманауи психологияның ғылыми-теориялық салаларын меңгертеді. Ұлтаралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық құбылысты анықтайды. Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдерін, тәсілдерін сипаттайды. Коммуникативтік технологияларды пайдаланады, диагностикалық коррекция жасайды. Тұлғааралық қарым-қатынасты, сапалы нәтижеге қол жеткізу ұмтылысын, білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Көшбасшылық, жетекшілік қабілеттерге ие болуға дағдыландырады. Жаңа идеялар мен үдерістерді жасауға, ғылыми, кәсіби толықтығын, инновациялығын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі

    Пән қазақ тілі әдіснамасы туралы ғылымның әдістемелік-теориялық негіздерін, зерттеу пәні мен объектісін сипаттайды. Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту формаларын түсіндіреді. Тарихи қалыптасу, қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту жолдары, әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Отандық және шетелдік ғылыми методологияның педагогикалық негізгі мәселелерін сипаттайды. Педагогикалық үдерісте педагогтың кәсіби қызметін қарастырады. Оқу-тәрбие үдерісінде тұлға дамуының қарама-қайшылықтарын талдайды, іс-әрекетін диагностикалайды, зерттеу әдістерін жүргізуді үйретеді. Әдістемелік талаптарды, оқу-тәрбие жұмысының жоспарларын әзірлеу технологияларын жетілдіреді. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылармен кері байланыс орнатады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Тіл мен әдебиеттің әлеуметтік мәнін, қызметін, жүйесі мен құрылымын анықтайды. Хронологиялық кестеге негізделген іргелі зерттеулердің теориялық және әдіснамалық ерекшеліктерін, әдістері мен әдістерін талдайды. Филология теориясы мен тарихының жекелеген салаларындағы тұжырымдарды, әдебиеттану, тіл білімі негіздерін салыстырады. Тіл мен әдебиеттің әлеуметтік маңыздылығын, қызметін, жүйесі мен құрылымын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Кәсіпкерлік және серіктестік келісім-шарт жүргізеді. Ұжымдық жұмыста шеберлікті және коммуникацияны дамытуды ұштастырады. Іскерлік этика, жобаларды басқару, стратегия мәселелерінде ғылыми мақалаларды орындауда көрнекі құралдарға негізделген академиялық мәтіндерді пайдаланады. IT –технология және коммуникация: сайтты ақпаратпен қамтамасыз етеді. Әлеуметтік мәселелер: ақпарат жинайды және ақпарат дайындайды. Ғылыми жұмысына презентация жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясының негізгі мәселелерін анықтайды. Ғылым және өркениеттің даму типтерін талқылайды. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу кезеңіндегі ғылымның дамуын түсіндіреді. Өркениет пен мәдениет аясындағы ғылымды талдайды. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарының философиялық мәселелерін бағалайды. Қазіргі кезеңдегі ғылымдағы жаңа бағыттарды тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сөздің морфологиялық құрылымы

    Морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерің, олардың мағыналары мен қызметтерін талдайды. Түркі тектес тілдердің морфологиялық құрылымы агглютинативті (жалғамалы) тілдері туралы мағлұмат береді. Сөздің құрамы мен құрылымы, морфемалық құрамының бөліктері (түбір морфема мен қосымша морфема) туралы түсінік береді. Түбір морфеманы қолдану әдістері, грамматикалық мағынасын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Әдебиет тарихын дәуірлеу төңірегіндегі дискуссия, қазақ әдебиеті тарихының кезеңдерін, ежелгі дәуір әдебиеті мен қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің ерекшеліктері мен кезеңдерін анықтап, сипаттайды. Қазақ әдебиетінің бастауы – жыраулар поэзиясын, оның әлеуметтік сипатын, басты тақырыптары мен идеясын, мазмұнын әңгімелеу, түсіндіру арқылы салыстыра отырып, талдайды. Қазақ әдебиеті тарихының көркемдік сипатын, ерекшеліктерінің кезеңінің бағыттарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Социолингвистика

    Тіл мен мәдениеттің, тарихтың, саясаттың, этностың, діннің және білімнің коммуникативтік жүйесін баяндайды. Тіл мен қоғамның қарым-қатынасы мен байланысының табиғатын, қоғамдық қатынастар жүйесінің құбылыстарын түсіндіреді. Қоршаған әлеммен байланысты қамтамасыз ете отырып, белгілі бір тілдік тұлғалардың сөйлеу ерекшеліктерін қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Психолингвистика

    Психология мен лингвистика аралығындағы ғылымның саласын, адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасуын, сөйлеу процесін, мазмұнын, коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысын зерттеп, жан-жақты талдайды. Психологияның танымдық бағытын, субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін қарастырып, талқылайды. Тұлғаның iшкі, көзге көрінбейтін сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерін ажыратып, саралау арқылы тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Когнитивті лингвистика

    Қоршаған әлемді, адами қасиеттерді, әлеуметтік құбылыстар мен табиғатты тіл арқылы танудың ғылыми-теориялық негіздерін талқылайды. Тілдік білімдегі таным теориясының ғылыми негіздерін сипаттау, талдау және салыстыру арқылы анықтайды. Тіл білімі мен когнитивтік лингвистиканы ғылыми тұрғыдан ашады және салыстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің жіктелісі

    Шығыстану ғылымының бір саласы ретінде, қазіргі және көне түркі халықтарының тілін, рухани және материалдық мәдениетін қарастырып, талқылайды. Түркі тілдес халықтардың тарихын, әдебиетін тексеруші дербес ғылымның саласы ретінде салыстыра оқытады. Түркі тілдерін, түркі жазба ескерткіштерін зерттеудегі түркологияның мақсаты мен бағытын бағалап, тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінен жаңартылған білім мазмұнын меңгерту әдістемесі

    Тіл мен әдебиеттің қоғамдық мәні, қызметі, жүйесі мен құрылымын баяндайды. Қазақ тілінен жаңартылған білім мазмұнын меңгерту әдістемесінің ерекшеліктерін айқындайды. Хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану мен тіл ғылымының қол жеткізген табыстарын саралайды. Қазақ тілі салаларының методологиялық ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін игертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық шешендік

    Сөздің мазмұнын, дәлдігін, тілдің тазалығы мен мәнерлілігін түсіндіреді. Шешендік өнерде сөздердің, фразеологиялық бірліктердің, мақал-мәтелдердің, сөзбе-сөз, ауыспалы мағынасы бар сөздердің мағынасын қарастырады. Қазіргі заманауи шешендердің сөйлеу өнерін үйретеді, тілдің тазалығын сақтауды, бос сөйлеуден аулақ болуды, дұрыс тауып, сөйлей білуді насихаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтін және көркем әлем

    Ұлт мәдениетінің көркем әдеби тілін танытады, ондағы шығарма тілі мен автордың айтпақ идеясын, жазушының өрнегін, қолтаңбасын зерттейді. Жазушының сөз өрнегін, қаламгердің даралық стилін, тіл өзгешелігін, шеберлігін суреттеп, салыстырады. Семантикалық категориялардың мағыналық реңктерін орнымен жұмсауды, фразеологизмдерді тақырыптық мағыналық жағынан сұрыптап, суреттеудің тәсілдерін игертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі синтаксисінің коммуникативтік аспектісі

    Қазақ тіл білімінде сөйлемнің функционалды мүмкіндігін коммуникативтік тұрғыдан анықтап, функциональды синтаксисті контекст аясынан баяндайды. Сөйлемнің коммуникативтік сипатын, оны актуальды (коммуникативтік) мүшелеудің, коммуникативтік бөліктерді ерекшелеп жіктеп, саралайды. Тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын айқындап, зерделейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық ілімдер теориясы

    Пәннің алға қойған мақсатын, тілдік субъектінің дүниетанымы мен оның ерекшеліктерін зерттейді. Лингвистиканың тарихын, шетел және кеңес лингвистикасының дәстүрлі және қазіргі мәселелерін, ҚР тұжырымдамасының тілдік жағдайы мен тілдік саясатын қарастырады. Тілдік құбылыстардың анализіне тілдік үрдіске, әр түрлі негізде құрылған тілдік жіктемеге, лингвистикалық анализдің әдістерін бағалап, тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте қазақ тілін дамыта оқытудың технологиялық болмысы

    Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың парадигмаларын, қағидаларын, педагогикалық, психологиялық, философиялық негіздерін зерттейді. Пәннің әдістемелік жүйесін, оқытудың формаларын, нәтижелерін, осы заманғы жаңа технологиясын салыстырып, тәжірибен өткізе отырып, дамытады. Озық әдістемелік тәсілдерді пайдалану жолдарын, алдыңғы қатарлы әдістемелік үлгілерді тиімді пайдаланудың тәжірибесін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейнелеуіш етістектер

    Бейнелеуіш етістіктер туралы жалпы тіл теориясын, оның қалыптасу тарихын, тілдік кезеңдерін, бағыттарын зерттейді. Табиғатта пайда болатын әртүрлі құбылыстар мен заттарды бір-бірімен түсіндіру нәтижесінде, сондай-ақ әртүрлі тіршілік иелерінің дыбыстық мүшелерінен шығатын әртүрлі дыбыстарға еліктеу нәтижесінде пайда болатын ұғымдарды сипаттайды. Бейнелеуіш етістікті ғылыми дүниетанымда қалыптастырудың тиімділігін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл білімінің өзекті мәселелері

    Тіл мен сөйлеудің, ойлаудың, ақиқат-шындықтың, мағына мәселелерінің арақатынасын анықтайды. Тілдің жүйесі мен құрылымы түсінігін, заманауи лингвистикалық ғылым парадигмасындағы қазақ тіл білімінің салаларын саралап, ара-жігін ашып, талқылап, қарастырады. Қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық бағыттарын, қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үрдістерін, тілдегі норма және тіл бірліктерінің вариациясын, қазақ тілінде сөйлеу кезіндегі өзгерістерді саралап, тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ прозасы

    Қазақстандағы тарихи-әдеби процестің ерекшеліктерін қарастырады. Қазақ жазушыларының шығармашылық мұрасының өзіндік ерекшелігі мен маңыздылығын зерттейді. Қазақстанның жекелеген көрнекті жазушыларының шығармашылығын талдайды. Оқушыларды көркем әдебиет және сыни әдебиет мәтіндерімен жұмыс істеуге және қазақ әдеби мұрасының алуан түрлілігіне бағдарлауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әуезов және әлем әдебиеті

    Пән М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге, оның шығармашылығымен жан-жақты танысуға, басқа халықтардың әдебиетіне деген көзқарасына, шетелдік жазушылармен рухани байланысына бағытталған. Жазушының шығармашылығының негізгі кезеңдерін қарастырады. М. О. Әуезов шығармаларының негізгі мәселелерін түсіндіреді. М. Әуезовтің көркем шығармаларын зерделеу мен талдаудың ең тиімді әдістерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби сын және баспасөз

    Әдеби сынның қоғамдық ой-пікірдегі алатын орнын, қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздерін зерттейді. Ізденушінің талғамын қалыптастырып, көркем шығарманы жете түсінуге жетелейді. Әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, түсіну, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетінен жаңартылған білім мазмұнын меңгерту әдістемесі

    Пән білім алушыларды жаңартылған оқыту мазмұны әдістемесінің негізгі аспектілерімен, оның мақсаттарымен, құрылымымен, оны білім беру процесіне енгізу және пайдалану ерекшеліктерімен таныстыруды көздейді. Жаңартылған білім беру мазмұнын жаңғыртудың ғылыми-әдістемелік негіздерін, әдебиетті оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістемелерінің негізгі ұғымдары мен терминдерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Жалпы ғылыми ұғымдарды және философияның негізгі категорияларын талдайды. Теориялық білімді жинақтап, ғылыми идеяларды сыни тұрғыдан бағалайды. Ғылыми зерттеулер жасауға және жоғары оқу орнында арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгереді.
  • Әлеуметтік лингвистиканың өзге тіл туралы ғылымдармен байланысын, айырмашылағын таба біледі. Тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік мәні, тілдің әлеуметтік қызметі, тілдік болмыстың формалары, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, билингвизм, пиджинизация және креолизация процестерін саралап, қолдана біледі. Когнитивті лингвистика, психолингвистикалық білімнің негізгі мәні, білім мен мән-мағынаның арақатынасы, тілдесімдік қызметпен байланысты мәселелерді тұжырымдайды.
  • Ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн білімін қолдана біледі. Ғылыми-зерттеушілік және талдау жұмыстарын ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарында жариялай алады. Диссертация, ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыс нәтижелерін жалпылайды және ғылыми-зерттеу әрекеттерін іске асыра алады, қалыпты ғылыми мәселелерді шеше біледі және рәсімдей алады.
  • Іздеу-зерттеу, ғылыми ойлау және инновациялық - педагогикалық қызметтің бірлігінде қазақ тілі мен әдебиетін дамыта оқыту әдістерін зерттейді. Қазіргі лингвистикалық ғылым парадигмасындағы, еуропалық, американдық, орыс және қазақ тілдеріндегі лингвистикалық бағыттарды сыни тұрғыдан талдайды. Қазіргі қазақ тіліндегі процестерді, нормалар мен тілдік бірліктердің өзгеруін, қазақ тіліндегі сөйлеудегі өзгерістерді саралайды. Лексика, фразеология, сөзжасам жүйесі, морфология және синтаксистің дамуындағы негізгі тенденцияларды тұжырымдайды.
  • Оқытуды ұйымдастырудың мәселелері, принциптері,құрылымы мен қызметі, дамуының басты бағыттарын сипаттайды. Өзіндік көзқарасы жағынан білім берудің практикалық және теориялық жағынан шығармашылық шыңдалудың аспектілерін меңгеріп, теориялық білімін бағалап, кәсібінде дәлелдей біледі.
  • Тіл мен әдебиеттің тарихын дәуірлеудің негізгі аспетілерін саралап, қолданады. Ғылымда бар концепция, теория мен бағыттарға сыни тұрғыдан қарап, құбылыстар мен үдерістерге талдау жасай алады, әр түрлі ғылым шеңберінде алған білімдерін кіріктіріп, зерттеушілік ұстанымдарын жүзеге асыруда пайдалана біледі.
  • Әрбір тарихи кезеңдерде жалпы түркі тілдерінде болған фонетикалық және грамматикалық өзгерістердің түрлері, тілдік жаңалықтардың қалыптасу кезеңі және олардың тіл құрылымын қамту дәрежесі, тілдік өзгерістердің этно-географиялық таралу шегі туралы өз көзқарасын көрсете алады. Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан талдау жасап, ғылыми түрде негіздей алады.
  • Жоғары мектеп педагогикасын, психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіреді, заңдылықтарын ашып, олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтап, басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдап, жоспарлайды. Студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау принциптерін ескере отырып, оқу сабақтарын ұйымдастырады және өткізеді.
  • Ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы мәліметтермен қаруланып, әдебиеттанудың өзекті мәселелерін қарастырған ғылыми еңбектерге талдау жасай алады, әдебиеттің әр түрлі жанрларын: проза, әдеби сын, шешендік мәселелерін зерттеудің теориялық және қолданбалық деңгейлерінде сандық және сапалық талдау жасай отырып, ғылыми зерттеушілік және шығармашылық әрекеті қалыптасады.
  • Жоғары мектеп оқытушысының кәсiби құзыреттілігін, филологиялық мамандықтың әлеуметтік мәнін түсінеді, педагогтың кәсіби тұлғалық қасиетін жетілдіре біледі. Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында, қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мәселелерде ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда бiлiмдi үнемі жаңартып, кәсiптік дағдылар мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ете алады.

Ұқсас БББ

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Торайгыров университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

Top