Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді) в Болашақ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты − филологиялық мәселелерді талдап шешудің тәжірибелік әдістерін меңгерту; – қазіргі еңбек нарығы талаптарының сұранысына ие жоғары білікті педагогикалық кадрлар даярлау; − оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын меңгерту; − арнайы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. - жалпы тіл мен әдебиеттану біліміндегі осы заманғы ғылыми концепциялар мен жетістіктер туралы құзыреттілікті қалыптастыру; - ұлттық әдебиеттің жалпы даму жолы мен көркемдік эстетикалық танымын қалыптастыру; - қазақ тілінің құрылымы мен теориялық мазмұнын терең меңгерту; - ағымдағы әдеби үдерістің жай-күйінен жаңа мәліметтер беру және қалыптастыру; - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сөз өнері, әдеби шығарма, көркемдік категориялар жөнінде терең теориялық білім беру; - әлемдік әдебиеттің даму жолы мен бүгінгі жай – күйі туралы мәлімет беру;
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Курс психология заңдылықтары тұрғысынан білім беру саласындағы кәсіби қызметті талдау қабілетін қалыптастырудың негізгі аспектілеріне, кәсіби қызметте психологиялық заңдарды қолдану, тұлғаның ұйымдастырушылық мінез-құлқының технологиясы және тұлғааралық қарым-қатынасты орнату, басқарушылық функциялардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау және олардың кәсіби қызметке әсерін анықтауға арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

    Қазақ әдебиетінің теориялық және монографиялық еңбектердегі зерттелу мәселелерін жүйелі түрде меңгереді. Әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңінен бастап, күні бүгінге дейінгі аралықтағы өзекті мәселелерін біледі. Магистранттар әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы пәндерін меңгерген және әдебиеттану ғылымы және оның әдіснамасы, әлемдік әдебиеттанудағы ғылыми мектептер, олардың ғылыми зерттеудегі бағыттары, әдіс-тәсілдері жайлы зерттеушілік дағдысы қалыптасады. Әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы, орыс әдебиетінің тарихы, методологиялық мәселелері жөнінде білімділік құзыретіне ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ прозасының типологиясы

    Қазіргі қазақ прозасының типологиясын тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан топтастыра отырып меңгереді. Қазіргі қазақ прозасындағы ағымдар мен бағыттардың сыр-сипатын танып, білуге үйренеді. Ұлттық прозаның даму

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөліп қарастырудағы алғашқы ізденістер мен ғылыми концепциялар арасындағы қайшылыққа толы белестерді, ғылыми-әдіснамалық, теориялық көзқарастарды, осы бағыттағы жетістіктер мен іркілістерді қазіргі таңдағы басты талап тұрғысынан меңгереді. Әдебиеттанудағы әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздерін қарастыру әдеби мұраны игеру, зерттеу, дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық сынды күрделі ғылыми мәселелерді біліп шығады. Әдебиет тарихын дәуірлеудегі әлемдік ғылыми ізденістермен қатар отандық әдебиеттанудағы осы мәселедегі ғылыми-зерттеушілік ізденістердің тәжірибелерін айырып тануға дағдыланады. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы және әдебиет тарихын дәуірлеу принциптері жөнінде білім алып, аталған мәселелерге орай білімдік құзыреті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    «Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнін оқуда тіл тарихын дәуірге бөліп қарастырудағы алғашқы ізденістер мен ғылыми концепциялар арасындағы қайшылықтарды, теориялық көзқарастарды, осы бағыттағы жетістіктер мен іркілістерді қазіргі таңдағы басты талап тұрғысынан зерделеуді меңгереді. Тіл тарихын дәуірлеуге қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың критерийлерін біледі. Тіл тарихын дәуірлеуге, әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктерінің анықтауға дағдыланады. Тіл тарихын дәууірлеуде келтіріліп жүрген ғылыми-зерттеу ізденістерін тілші маман ретінде саралай алуға, талдай білуге құзыретті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • ХХ-ХХІ ғасырлар межесіндегі қазақ әдебиеті

    Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиетінің жаңа даму бетбұрысын меңгереді. Әдеби ағымдар мен бағытттардың сыр сипатын, қамылып отырған кезеңдегі қаламгерлер шығармаларының поэтикасы мен стиль даралығын біледі. Хронологиялық жүйені сақтай отырып, әдеби-теориялық тұрғыдан ғылыми, жүйелі талдаулар жасауға дағдыланады. Көркем мәтінді әдеби талдаудың тарихын, міндет-мақсаттарын және мазмұн мен эстетикалық тәсілдерді айыра білу, дүниетаным мен эстетизмді тани білу, талдау жасай алу құзыреті кемелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы зерттеу

    Түркі тілдері, оның аясындағы түркі жазба ескерткіштері, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын меңгереді. Тарихи-салыстырмалы зерттеулерге қойылатын талаптар, түркітануға байланысты орта ғасырлардағы зерттеулер, түркітанудың ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы және қазіргі кездегі зерттелуін біледі. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы және ондағы негізгі дәуірлер, түркі тілдеріне жасалған тілдік жіктеулер жөнінде тұжырым жасауға дағдыланады. Жеке түркі тілдерінің зерттелу жайы мен дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылысындағы негізгі белгілері сияқты мәселелерді талдай алу құзыреті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркітану мәселелері

    Түркітану мәселелеріндегі оқылым, тыңдалым, айтылым сөйлеу әрекеттерін меңгерту. Түркітану мәселелерін үйренуге қажетті мәтіндер оқудың, жаттығулар жасаудың, аударма жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыра білу. Түркітану мәселелерінде диалог және монолог түрінде сөйлеудің дағдысын жетілдіріп шығару. Түркітану мәселелеріндегі теориялық білімді іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруда құзыретті болу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдары

    Қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдары жайлы теориялық материалдарды; қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдары туралы; қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдарына қатысты материалдарды талдау дағдысы; меңгерген теориялық білімін іс жүзінде пайдалана білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы

    Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы ғылыми-әдіснамалық, теориялық көзқарастарды, осы бағыттағы жетістіктер мен іркілістерді қазіргі таңдағы басты талап тұрғысынан меңгеру көзделеді. Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы қарастыру әдеби мұраны игеру, зерттеу, дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық сынды күрделі ғылыми мәселелерді біліп шығады. Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы әлемдік ғылыми ізденістермен қатар отандық әдебиеттанудағы осы мәселедегі ғылыми-зерттеушілік ізденістердің тәжірибелерін айырып тануға дағдыланады. Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы тарихы және әдебиет тарихын дәуірлеу принциптері жөнінде білім алып, аталған мәселелерге орай білімдік құзыреті қалыптасады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Түркі тілдерін диахронды, синхронды зерттеу

    «Түркі тілдерін диахронды, синхронды зерттеу» пәнінің мақсаты - түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең меңгерту. Түркі тілдерін диахронды, синхронды зерттеу тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алуларына жағдай туғыза білу. Түркі тілдерін диахронды, синхронды зерттеуді оқыту арқылы болашақтың білімді де, білікті тіл мамандарын ғылыми-теориялық тұрғыдан терең қаралуына дағдылы болу. Түркі тілдерін диахронды, синхронды зерттеудің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең білуге құзыретті болу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар

    Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар еңбектерін жүйелі түрде, жан-жақты меңгереді. Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар шығармаларының теориялық құндылықтары мен қа��шылықтарын білуі керек. Магистранттар қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар еңбектерін теориялық тұрғыдан меңгеріп, әлемдік әдебиеттанудағы ғылыми мектептер, олардың ғылыми зерттеудегі бағыттары, әдіс-тәсілдері жайлы зерттеушілік дағдысларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіліндегі синкретизм құбылысы

    Қазақ тіліндегі синкретизм құбылысы жайлы теориялық білім меңгереді., синкретизм құбылысы жайлы академиялық деңгейде білім алады. синкретизм құбылысына қатысты материалдарды талдауға, тәжірибе жүзінде еркін пайдалануға және оны оқытуға іскерлік жағынан дағдыланады. қазақ тіліндегі синкретизм құбылысы жайлы ғылыми пайым жасауға дағдыланған магистранттардың ғылыми ой қорыту, тұжырым жасау және өзіндік тұжырымға келу машығы артады. Осы арқылы кәсіби құзыреті жағынан жетіле түседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Магистратурада шет тілін оқыту болашақ магистрдің кәсіби қызметінде тілді белсенді меңгеру дағдылары мен іскерлігін одан әрі дамыту негізінде шет тілді білім берудің халықаралық стандарттары шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдетуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Қазақ лингвистикасындағы жаңа бағыттар

    Функционалды тіл білімінің өркендеуіне орай тіл білімі ғылымында қалыптасқан жаңа бағыттар жөнінде жан-жақты мәлімет меңгереді. Қазақ лингвистикасында қалыптасқан бағыттар туралы ғылыми пайымдаулармен танысып, олар жөніндегі теориялық тұжырымдарды біледі. Қазіргі қалыптасып отырған жаңа бағыттарға байланысты әдебиеттерді оқуға және өздігінен ізденуге дағдыланады. Қазақ лингвистикасында қалыптасып отырған жаңа бағыттар жөнінде, атап айтқанда, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, прагмалингвистика туралы ой қорытуға құзыретті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы

    Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы ғылыми-әдіснамалық, теориялық көзқарастарды, осы бағыттағы жетістіктер мен іркілістерді жан-жақты зерделеніп, меңгертіледі. Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы әдеби мұраны игеру, зерттеу, дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық сынды күрделі ғылыми мәселелерді меңгертуге негізделеді. Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы, арғы-бергі әдебиет үлгілері, Отандық әдебиеттанудың тарихының тәжірибелерін білуге, өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тәуелсіз жылдардағы қазақ романы

    Ұлттық әдебиеттегі роман жанрының қалыптасуы, тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетпен өзара сабақтастығын меңгереді. Проза жанрының дамуындағы іркілістер мен ізденістердің сыр-сипатын танып біледі. Тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттің даму жолдарын бағамдау, әдеби-теориялық талдау жасауды меңгеру. Прозалық туындыларды әдеби талдау жолын игеру, әдебиеттің ұлттық сипатын танып, білу негізінде талдау жасай алу құзыреті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттары

    Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттарынан жан-жақты хабардар болып, сыни көзқарастарын қалыптастырады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттарын айқынбап, оның ұлттық әдебиеттану ғылымынан алар орнын анықтап, өзіндік теориялық тұжырымдарын қалыптастырады. Магистранттар қазақ әдебиеті тарихындағы тәуелсіздік тұсында жазылған прозалық, поэзиялық, драмалық туындыларды талдап, таразылай алатын дағдыға ие болады. Тәуелсіздік тұсында жазылған көркем шығармалардың табиғатын танып, өз бетінше теориялық тұрғыдан талдай алатын білімділік құзыретіне ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент

    Бұл курс бөлімшенің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыру, ұйымның мотивациялық саясатын әзірлеу білігін қарастырады. Кәсіби қызметте іскерлік және басқарушылық қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу, басқару әдістерінің жүйесін пайдалана отырып, тиімді шешімдер қабылдау, менеджмент ерекшеліктерін ескеру (салалар бойынша).

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2

Оқыту нәтижелері

  • Шет тілінде коммуникативті қарым-қатынас жасау арқылы тіл ерекшелігін дамытуға, танымына және есте сақтауына ықпал етеді. Тілдің түрлі функционалды стилдердегі мәтіндерді стилистикалық тұрғыдан талдай алады.
  • ММенеджменттің қалыптасу кезеңдерін, басқарушылық шешім қабылдау мәселелерін, олардың функциялары мен қағидаларын қарастырады. Менеджменттік ұғымдарды үйренудің тәсілдері мен әдістерін және теориялық негіздерін үйретеді. Басқару психологиясы пәнінде психологиялық ақпараттарды қандай ауқымда болмасын дәл қолдана біледі және психолог ретінде тәрбиеші, мұғалім, ата-аналарды баланың психикалық даму шарттарымен және заңдылықтарымен танысады.
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, оның ішінде, қазақ тіл білімінің тарихи даму кезеңдерін қарастыра отырып, тіліміздің даму жолдарын, тарихи ескерткіштер тілін, олардың қазіргі қазақ тілімен байланысын білуге көмектеседі. Тілдің тарихи даму процесіндегі өзара алыс-жақындықтарына, тілдік заңдылықтарына қатысты тарихи мәліметтерді меңгереді.
  • Түркі тілдерін салыстырмалы зерттеу арқылы тілдердің фонетикасы мен сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы жөнінде мағлұмат береді, олардың тектестігін дәлелдейтін ұқсастықпен қатар өзгешеліктерін де көрсетеді. Түркі тілдері мен жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты қарастырып, ғылыми-теориялық тұрғыдан терең қаралуына мүмкіндік береді. Ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалардың негізінде түркі тілдерін зерттеу – сол халықтардың тарихымен тығыз байланыста жүргізілгендіктен, тілдерді салыстыра отырып, танып білуге үйретеді. Түркітану мәселелерінде үйренуге қажетті мәтіндер оқудың, жаттығулар орындаудың, аударма жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыра біледі.
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері курсы ұлттық сөз өнері кезеңдерін теориялық жағынан сипаттайды. Осы мақсатты орындау үшін әдебиеттану ғылымындағы ең басты екі тарауы әдебиет тарихы мен әдебиет теориясы қисындарының тұтаса қолданылу ерекшеліктерін жүйелеп таныту міндеті көзделеді. Әдебиет тарихын дәуірлеуге байланысты жазылған іргелі зерттеулердің теориялық-методологиялық ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, олардың әдебиеттану ғылымын дамытудағы ықпалы туралы кең көлемді мәліметтер беріледі. Ұлттық әдебиет теориясының қалыптасу тарихы әлемдік деңгейдегі әдеби ізденістердің тәжірибесіне сүйене отырып, қазақ әдебиетінің теориясын соның негізінде талдап түсіндіреді. Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы заманауи үрдістегі жетістіктер мен іркілістер ғылыми талдау барысында жан-жақты кешенді түрде меңгереді. Көркем шығармашылықты талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдауды үйренеді. Әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретінде ерекшелігін аша білуге жаттығады.
  • Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері- көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым екенін түсіндіреді. Сөз өнерінің түп-төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар шығармашылығын меңгереді. Сол арқылы ұлттық әдебиет тарихындағы өнерге деген қоғамдық көзқарасты және тоталитарлық тәртіп аясындағы түрлі жайттарды ашуға себепкер болған алғышарттармен танысады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттарынан жан-жақты хабардар болып, сыни көзқарастарын қалыптастырады. Аталмыш кезең аясындағы ұлттық әдебиеттің әлемдік мәдениет пен өнер контекстіндегі орны, маңызы, даму бағыттары мен бағдарларының өзіндік сипаты, типологиялық ерекшеліктері жайлы кешенді мағлұмат алады.
  • ХХ-ХХІ ғасырлар межесіндегі қазақ әдебиеті қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Қос ғасыр аясындағы ұлттық құндылықтарды қаламгер, сана, шығармашылық еркіндік тұрғысынан пайымдауға тірек болатын алғышарттармен кешенді түрде танысады. Тәуелсіз жылдардағы қазақ романы әдебиеттің даму процесін бағамдап және әдеби-теориялық талдау жасауды үйретеді. Тәуелсіздік және ұлттық әдебиетке деген негізгі ұстанымды пайымдай білуге, негізгі сипаттарын дербестік тұрғысынан саралауға жан-жақты мүмкіндік алады. Қазіргі қазақ прозасындағы ағымдар мен бағыттардың сыр-сипатын тануға дағдыланады. Көркем өнердегі әдеби ағымдар, бағыттар әдебиеттің даму бағдарына алғышарттар жасайтындығы туралы пайымдауларға Тәуелсіздік биігінен ден қоя алады.
  • Қазақ лингвистикасындағы жаңа бағыттар психолингвистика, когнитивтік лингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, прагмалингвистика туралы ой-тұжырым жасай алады. Теориялық мағлұматтар, деректер, ғалымдардың көзқарастарын ескеріп, бейвербал амалдардың тілдік қатынастың ажырамас құралы екендігін ажырата отырып, көркем шығармадан алынған деректермен дәлелдеуге бейімделеді. Қазақ этнолингвистикасының даму жолдары жайлы теориялық материалдармен танысады. Өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылады. Қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму жолдарының өзіндік ерекшеліктерін игереді. Қазақ тіліндегі синкретизм құбылысына қатысты материалдарды талдауға, тәжірибе жүзінде еркін пайдалануға және оны оқытуға іскерлік жағынан дағдыланады. Синкретизм құбылысы арқылы кең мағынада мәдени шығармашылық түрлерінің, өнердегі тек пен түр, жанрлардың ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді.

Ұқсас БББ

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Торайгыров университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

Top