Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B11301 Көлік қызметтері в Satbayev University
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығын логистика және көлік қызметін ұйымдастыру саласындағы білікті мамандармен қамтамасыз ету, кәсіби ортада тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін білім, білік қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B095 Көлік қызметтері
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B113 Көлік қызметтері
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика
Мамандыққа кіріспе
Ықтималдық теориясы және математикалық статистика
Көліктегі менеджмент және маркетинг
Жүктану
Көлік-логистикалық инфрақұрылым
-
2 Оқу жылы
Ғылыми зерттеу әдістерінің негіздері
Көлік инфрақұрылымы
Көліктегі математикалық статистика
Логистика: ақпараттық технологиялар және жүйелер
Зияткерлік меншікті құқықтық реттеу
Келісім-шарт логистикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқық негіздері
Логистикадағы экономикалық-математикалық модельдер мен әдістер
Қаржылық сауаттылық негіздері
Өндірісті және логистиканы үлгілеу
Логисткадағы шешімді қабылдау әдістері
Көлік желісі және оның экономикадағы рөлі
Жүк тасымалдау жүйелері
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Көлік логистикасы
-
3 Оқу жылы
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі
Логистикадағы имитациялық ойын
Excel-де деректерді талдау
Коммерциялық логистика
Логистикадағы менеджмент тәуекелі (риск)
Өнеркәсіптік көліктің логистикалық технологиялары
Жүктік және коммерциялық жұмыстарды басқару
Мультимодальды көлік технологиялары
Тасмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Сатып алу логистикасы
Қоймалық логистика
Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті басқарудың экономикасы
Жасанды интеллект негіздері
Жеткізу логистикасындағы тасымалдау
Кедендік логистика
Логистикадағы іскери ойындар
Логистикалық жүйелерді модельдеу
Көліктік жүйелер
Логистика үрдісін басқару
Кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау (ERP жүйелері)
Өндірістік үрдістер негіздері
Көлік-логистикалық процестердің қауіпсіздігі
Логистикада деректерді басқару
Қазақстандағы тұрақты даму негіздері және ESG жобалары
Жүк тасымалдауды контейнеризациялау
Жүкті тасымалдау ережесі
-
4 Оқу жылы
Командалық жұмыс және іскерлік коммуникациялар
Өндірістік логистика
Зерттеу жұмысының негіздері
Көліктік-экспедициялық қызмет логистикасы
Логистикада ақпараттық жүйелер және технологиялар
Зияткерлік көлік жүйелері
Халықаралық тасымалдауды реттестіру ережесі және СЭҚ негізі
Көлік экономикасы
Жүктерді тасымалдауда автокөлік жүйелерін жобалау негіздері
Эмоционалды интеллект
WMS (Қойманы басқару жүйесі)
Логистикалық жүйеде қорларды басқару
Жабдық тізбегін басқару
Логистикадағы жаңа зерттеу бағыттары
Логистикалық жүйелерді бақылау
Логистикалық жүйелерді жобалау
Логистикадағы аутсорсинг
Жүк тасымалдауды ұйымдастырудағы инновациялық бағыттар
Логистикадағы жобаларды басқару
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Көлік инфрақұрылымы, қойма логистикасы, ел ішінде де, шетелде де жүк тасымалдау саласындағы күрделі міндеттерді қоюды, шешуді және шешу нәтижелерін талдауды жүзеге асырады.
- Интеллектуалды жүйелерді жобалауға арналған білімдер жиынтығын құрастырады, көлік және логистикадағы қолданбалы есептерді шешу үшін заманауи зияткерлік көлік жүйелерін қолданады
- Есептерді шешуде математикалық терминдердің қолданылуын дәлелдейді.
- Математикалық және статистикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдана отырып, тасымалдау, қойма саласындағы әртүрлі қолданбалы мәселелерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кәсіби қызметте қолданады
- Кең ауқымды іргелі және қолданбалы білім негізінде көлік қызметтерін ұсыну және логистикалық функцияларды орындау саласында басқарушылық шешімдерді әзірлейді.
- Көлік-логистикалық объектілер мен процестердің қызметіне техникалық-экономикалық талдау жүргізеді, талдау нәтижелерін бағалайды және оңтайлы шешімдер қабылдайды.
- Жеке көшбасшылық қасиеттер, кәсіпкерлік дағдылар, қаржылық сауаттылық, тұрақты даму қағидаттарын білу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ережелері негізінде бизнес-процестерді шешеді және басқарады.
- Көлік объектілері мен құралдарын жобалау үшін автоматты жобалау бағдарламаларын, логистикалық процестерді, қоймаларды әзірлеу және көлік инфрақұрылымы объектілеріндегі материалдық ағынның қозғалысын басқару үшін жобалық басқару құралдары мен әдістерін қолданады
- Логистикалық процестерді бақылайды, логистикалық тәуекелдерді талдайды және бағалайды, тәуекелдерді болдырмау және азайту үшін тиісті шешімдер қабылдайды.
- Техникалық жағдайларды және көліктік және көліктік-технологиялық машиналар мен жабдықтарды ұтымды пайдалану ережелері туралы білімді қолданады.
- Персоналдың тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалдау процесі, көлік құралдарын пайдалану және жүктерді сақтау қызметтері туралы шешім қабылдайды.
- Нормативтік құжаттарды, теориялық және қолданбалы негіздерді қолдана отырып, кәсіби қызметте шешім қабылдайды.
- Тауарларды жеткізудің тиімді және тұрақты сызбаларын құрады, көліктік-логистикалық объектілердің технологиялық процестерін талдайды, жоспарлайды және бақылайды, тиісті көлік құжаттамасын жасайды
- Математикалық модельдерді құру және математикалық әдістерді қолдану негізінде логистикадағы есептерді шешеді.
- Логистикалық тәсіл, ақпараттық технологияны және тұрақты даму мақсаттарын қолдана отырып, өндірістік кәсіпорындарда материалдық ресурстарды басқаруда шешім қабылдайды.