Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01139 Терапия в Астана медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи талаптарға сай келетін, жоғары білім деңгейіне ие, бәсекеге қабілетті, білікті терапевт-дәрігерді даярлау, оны дербес кәсіби қызметке қабілетті және дайын етіп шығару.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R039 Терапия
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • ОН -1 Терапиялық бағыттағы аурулар мен жағдайларды диагностикалауда ауру белгілерін талдау, объективті тексеру деректерін бағалау, зертханалық, функционалдық және басқа да зерттеу әдістерінің нәтижелерін түсіндіруде кәсіби білімді қолдану.
  • ОН -2 Терапиялық бағыттағы аурулары және (немесе) жағдайлары бар науқастарға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету, ем тағайындау, оның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау, стационарлық және амбулаторлық кезеңдерде дәлелді тәжірибеге негізделе отырып, дәрілік емес, дәрілік және арнайы емдеу әдістерін қолдану.
  • ОН -3 Терапиялық бағыттағы науқастарға медициналық оңалтуды жүргізу және оның тиімділігін бақылау, соның ішінде жеке оңалту бағдарламаларын іске асыру немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту, сондай-ақ аурулары және (немесе) жағдайлары бар науқастарға медициналық сараптама жүргізу.
  • ОН -4 Терапиялық бағыттағы аурулары және (немесе) жағдайлары бар науқастарға алдын алу шараларын өткізу және бақылау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, санитарлық-гигиеналық ағарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ микробқа қарсы төзімділіктің пайда болуының алдын алу.
  • ОН -5 Науқаспен, оның айналасындағы адамдармен және денсаулық сақтау саласының мамандарымен стационарлық және амбулаторлық деңгейде тиімді өзара әрекеттесу және коммуникативтік дағдыларды қолдану арқылы пациент үшін ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу
  • ОН -6 «Терапия» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық шеңберінде дәрігерлік көмек көрсету, медициналық құжаттаманы, оның ішінде электрондық форматтағы медициналық-статистикалық ақпаратты басқаруға қатысу.
  • ОН -7 Зерттеу сұрақтарын дұрыс құрастыру, ішкі аурулар бойынша кәсіби әдебиетті сыни тұрғыдан бағалай алу, халықаралық дерекқорларды күнделікті қызметінде тиімді пайдалу, зерттеу тобының жұмысына қатысу.
  • ОН -8 «Терапия» мамандығы аясында өз бетімен білім алу және кәсіби оқыту іс-шараларына, соның ішінде пәнаралық конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға белсенді қатысу арқылы үздіксіз кәсіби дамуды жүзеге асыру.
Top