Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01702 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан тарихының және философияның, ұлттық және жеке қорларының, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, меңгереді. Қаржыны тиімді басқару дағдыларын меңгереді. Нақты өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларды дұрыс қолдана алады. ЖИ модельдерін құрастырып, оларды нақты мәселелерде қолдана алады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әртүрлі саладағы кәсіби қызметте пайдалана алады.
  • Тіл мен әдебиеттің теориялық негіздерін, тілдік және әдеби фактілерді жинау мен талдаудың негізгі дағдыларын игере отырып, әртүрлі жанрдағы көркем мәтіндерді талдай алады.
  • Қазіргі орыс тілінің теориясын біле және түсіне отырып, орыс тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесінің ерекшеліктерін талдай алады, тілдік бірліктерді талдау дағдыларын көрсете алады.
  • Әдебиеттану және лингвистика саласында дәстүрлі және жаңа ұғымдарды қолдана алады, теориялық әдебиеттану және тіл білімі терминологиясын біледі.
  • Қоғамға кірігу ерекшеліктерін және арнайы көмекке мұқтаж балаларды түзете-дамыта оқытуды пайдалана отырып, өзінің кәсіби қызметінде педагогика саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қолдануға қабілетті
  • Сыни ойлауды дамыту технологиясын, оқу және жазу арқылы функционалдық сауаттылықты есепке ала отырып, оқытудың белсенді әдістерін пайдалана отырып жұмысты ұйымдастыра алады. Білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізе алады.
  • Орыс әдебиеті мен әдеби сынының дамуының негізгі кезеңдерін, негізгі әдеби ағымдар мен бағыттарды біледі, орыс әдебиетінің әдеби жанрларын ажыратады, оқытуда көркем мәтінге әдеби талдауды қолданады
  • Білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, орыс тілі мен әдебиетін кіріктіре оқыту жағдайында инновациялық әдістер мен технологияларды практикада қолдана алады және тәжірибені зерттеу негізінде оқу процесін жобалай алады.
  • Көптілді ортада орыс және қазақ тілдерінің грамматикаларының ерекшеліктерін оларды салыстыруда қолдана алады, салыстырылатын тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіре алады, өз көзқарасын білдіре, дәлелді қорғай алады, екі тілде көпшілік алдында сөйлеудің негізгі тәсілдерін, қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана алады.
  • Шетел және қазақ әдебиетінің дамуының негізгі кезеңдерін, негізгі әдеби ағымдар мен бағыттарды біле отырып, қазақ және шетел әдебиетінің әдеби жанрларын ажырата алады, оқытуда көркем мәтінге әдеби талдауды қолдана алады
Top