6B06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты IT-технология саласында жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін, практикалық дағдылар мен көсбасшылық қасиеттері бар, техника, білім, ғылым тапсырмаларын шешетін, және ғылыми қызметте оларды жүзеге асыруда кәсіби білімі мен дағдылары бар құзыретті маман кадрларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B057 Ақпараттық технологиялар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
-
Цифрлық схемотехника
Цифрлық деректерді жіберу жүйесінің ғылыми-техникалық мәселелерін шешеді. Цифрлық арналарды стандарттау үшін қабылданған заманауи кодтарды және программалық көпмақсатты декодерлерді жүзеге асырады. Цифрлық схемотехниканың өңдеу әдістерін білу, ақпарат өңдеу, алмастыру, қолдану барысында типтік тапсырмалардың сандық шешімдерін анықтайды. ЭВМ элементтерін құру, кодтарды түрлендіруді, мультиплексорларда комбинациялық схемаларды синтездеуді тәжірибеде жүзеге асыруды тұжырымдайды.
Несиелер - 5
-
Мобильді қосымшаларды құрастыру негіздері
Заманауи мобильді платформалар, мобильді қосымшаларды жобалау және жетілдіру, мобильді қосымшаларды құрастыру негіздерін сипаттайды. Авторлық құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын анықтайды. Мобильді қосымшаларға программалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізу және сапасын қамтамасыз ету, сараптамалық жүйелер мен деректер базасын жетілдіру, клиенттік оңтайландыру алгоритмдерін талдайды.
Несиелер - 5
-
Операцияны зерттеу
Операцияларды зерттеу негіздері пәнін оқыту автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмыс барысында зерттеудің модельдері мен әдістерін игеруге, жүйенің немесе зерттелетін операцияның моделін құруды, зерттеу есебін қоюды және математикалық әдістерді қолдануды үйретеді. Пәнді меңгеру кезінде студенттер пәннің әдістемесін, тәжірибе үшін мәнін, даму болашағын, жүйенің немесе онымен орындалатын операциялардың моделін құруды, зерттеу есептерін қоюды, математикалық әдістерді қолдануды және ізделінді нәтижелерді алу үшін есептеу әдістерін, көрсетілген нәтижелерді талдауды, кейбір операцияларды бір бүтін ретінде зерттеуге баулуды, сондай-ақ басқарылатын операциялардың шешімінің тиімділігін алдын ала сандық түрде негіздеуді меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық талдау
Анализге кіріспе, бір және көп айнымалы функцияларының дифференциалдық есептеулері, бір және көпайнымалы функцияларының интегралдық есептеулері, дифференциалдық теңдеулер, қатарлар теориясы, Фурье қатары және Фурье интегралы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ақпараттық жүйелердегі әкімшілік
Желілік шешімдердің тиімділік деңгейін қарастырады. Клиент-серверлік өзара іс-қимыл және деректерді үлестіру өңдеуді ұйымдастыру үшін клиент-сервер архитектурасында жұмыс істеу үшін өзара іс-қимыл бағдарламасын әзірлейді. Желінің жұмыс қабілеттілігі мен қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды бағалайды. Компьютерлік желілерде адрестеудің әр түрлі тәсілдерін қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Графикалық құралдар
Corel Draw векторлы программасының басты құралдарын, графикалық бейнелерді анықтайды. Adobe PhotoShop программасында бейнелерді өңдеу, графика жүйелерін ұйымдастыру әрекеттерін сипаттайды. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Үшөлшемді модельдеудің күрделі вариантын – физикалық дененің қозғалыстағы кескіндерін құрастыру мәселесін саралайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Алгоритмдеу және бағдарламалау
Алгоритм ұғымы, қасиеттері және негізгі алгоритмдік конструкцияларын түсіндіреді. Бағдарламалау ортасының құрал-саймандарын қолданып іскерлік пен дағдыларын дамытады. Python және Pascal тілдерінде тестілеуге арналған күрделі алгоритмдерді шешеді. Тілдің мәтіндік, графиктік режимде жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексереді. Бағдарламалау парадигмалары туралы жалпы сипаттайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Алгебра және геометрия
Болашақ мамандыққа байланысты қолданбалы есептерді шешуге үйрететін математикалық әдістер мен математикалық интуицияны дамыту үшін байланысты инженерлік пәндер мен арнайы курстарды оқуға қажетті математика бойынша білімді қалыптастырады. Қолданбалы (инженерлік) есептерді шешуге арналған математикалық құралдарды, IT саласындағы есептерді зерттеу мен шешудің математикалық әдістерінің негіздерін зерттейді, дерексіз объектілермен жұмыс істеу дағдыларын игеруге, әртүрлі сандық және сапалық қатынастарды білдіру үшін математикалық ұғымдар мен белгілерді дұрыс қолдану дағдыларын алуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақпарат қауіпсіздік негіздері
Компьютерлік жүйе мен желілерде ақпаратты қорғаудың қазіргі кездегі құралдары мен принциптерін түсіндіреді. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғау жүйелерін қолданудың теориялық негіздерін қалыптастырады. Деректерді қорғауды жүзеге асыру үрдістерін, әдістерін және құралдарын жүйелі көрсетілуін, ақпараттық жүйелерді жобалау мен эксплуатациялау үшін ақпаратты қорғауды жүзеге асыруды жоспарлайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Компьютерлік графика
Компьютерлік графика негіздерін, техникалық құралдарының жүйесін анықтайды. Мультимедиялық қосымшаларды жасауда қазіргі технологияларды қолдануды тексереді. Жазықтықтағы кеңістік фигуралардың бейнелену құрылысының әдістерін дайындау, сызба көмегімен кеңістікті міндеттерді қарастырады. Сызба жасаудың геометриялық негіздері және олардың кешенді, аксонометриялық және перспективалы сызбаларда құрылу тәсілдерін тәжірибеде қолдануға бағыт береді. Компьютерлік графика есептерінің математикалық және алгоритмдік негіздерімен жұмыс жасауға баулиды. Adobe PhotoShop программасында бейнелерді өңдеуді әзірлейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Шифрлау теориясы
Мәліметтерді нақты каналдар бойынша беру, берілген ақпараттың нақтылығын қамтамасыз етуді сипаттайды. Фоно кодын, префикстің қасиетін, кодтау-декодтауды түсіндіреді. Танымал шифрлерді зерттеуді, құпия сөздерді шешетін бағдарлама дайындайды. Кодтау бойынша әдебиеттерді зерттейді. Бір ақпаратты әр түрлі шифрды пайдаланып кодтауды жасауды өңдейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Экономика және құқық
• Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін сақтау, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму үрдістерін білу. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгеру. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйрену. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды қалыптастыру. Өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну; басқа адамдарға қатысты толеранттылықты көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Компьютерлік желілер
Қазіргі заманғы желілік технологиялардың ерекшеліктерін, компьютерлік желілердің классификациясын, желілердің аппараттық және программалық қамтамаларын талқылайды. Локальды желілерді жобалау, ақпаратты жеткізу, сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үрдістерімен байланысты қазіргі кездегі желілік технологиялардың дамуы мен деңгейлерін саралайды. Қазіргі кездегі операциялық жүйелерде желілік, аппаратық жабдықтарды орнатуды және олардың күйлерін өзгерту әдістерін қолдануды меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі бағыттарын анықтайды. Жастардың рухани мәдениетінің даму бағыттарын түсіндіреді. Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтардың даму идеяларын қолданады. Қоғамдық сананы жаңғыртуын және заманауи мәдени құндылықтарды салыстырады. Өзін-өзі ұйымдастыру, бақылау дағдыларын қалыптастыруға үйретеді. Мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауда бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбилеп дайындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Физика
Физиканың келесі бөлімдері қарастырылады: механика, молекулалық физика, электродинамика, оптика және кванттық физика. Қолданбалы есептерді шешу үшін физикалық теориялардың математикалық аппаратын қолдана білу, сапалық және есептік есептерді шешу, өлшеу қателіктерін ескеретін физикалық эксперименттерді жоспарлау және жүргізу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Желілік технологиялар
Желі жұмысын басқарудағы программалар, желіде программалар құру, дайын пакеттер, олардың мақсаттары және мүмкіндіктерін үйренеді. Желінің құрылуының негізгі ұғымдарын, принциптерін, желіні қажеттілігін, блок-схемасын, желі жұмысының ұйымдастырылуын меңгереді. Студенттерге компьютерлік желінің түрлерін, жергілікті желіні, Интернет желісін үйретеді. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологияларды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Микроэлектроника
Электронды техниканы, жартылай өткізгішті аспаптардың жұмысы мен құрастыру принциптерін, электронды схемаларын, құрылысын және қолдану аймағын анықтайды. Жартылай өткізгішті аспаптарды топтастырады. Жартылай өткізгішті диод, құрылысы, вольт-амперлік сипаттамасы, жартылай өткізгішті диодтардың негізгі параметрлерін түсіндіреді. Импульсті сигналдарды түрлендіру: тізбектерді, схемаларды, уақыт диаграммаларын құрастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технология
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар құралдарын жасау мен пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттайды. Мектепте ақпараттық коммуникациялық технологиялар құралдарының даму тарихын анықтайды. Бағдарламалық оқыту және оны АКТ дамуының жаңа сатыларына көшіру, оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері, олардың заңдылықтарын талдайды. Білім беруде АКТ-ны пайдаланудың бағыттары мен болашағы, АКТ дамуының перспективалық бағыттары сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру
Компьютерлік желілерді функционалдық, құрылымдық ұйымдастыру әдістерін, ішкі- сыртқы жад, процессор құрылымын, бағдарламалық компоненттер ұйымдастыруын түсіндіреді. Есептеу машиналарының жүйелерін, тораптарының құрылымын, функционалдық қағидаларын, есептеу жүйелерінің арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздерін тәжірибеде қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Жасанды интеллект
Жасанды интеллект пәні жүйелерінің тарихы мен негізгі тұжырымдамаларын модельдеу мәселелерін, сараптамалық жүйелерді әзірлеу әдістемесін, білімді ұсыну тәсілдерін, нейрондық желілерді терең оқуды үйренеді. Жасанды интеллект арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллектің жеке аспектісін ұдайы өндіретін техникалық жүйелерді меңгеріп, жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салаларын роботтехниканы дамытуды үйренеді. Жасанды интеллект деректерді интеллектуалды өңдеуді және талдаудың заманауи технологиялары мен әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ақпарат теориясы
Ақпарат түрлерін, жүйе және оның қасиеттерін, жүйелік талдауды сипаттайды. Ақпараттық үдерістер, ақпарат теориясын, ақпараттық жүйелердің негізін сараптайды. Цифрлық ақпараттарды сығу әдістерін, тиімді кодтауды практикада қолдануға дағдыландырады. Ақпараттық каналдардың жұмысын жоспарлайды. Сигналдың және каналдың ақпараттық сипаттамалары, деректер беру желісінің және байланыс желісінің өткізу қабілеттілігінің сипаттамаларын, статикалық маршруттау мәселесін шешу әдістерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Операциялық жүйелер
Операциялық жүйелердің кең тараған түрлерін, заманауи өндірістік нақты уақыт жүйелердің сипаттамаларын, операциялық жүйелердің функцияларын анықтайды. Операциялық жүйелердің құрамы және функцияларын түсіндіреді. Ресурстарды және тапсырмаларды басқару әдістерін өндірісте қолдана білудің озық үлгілерін сараптайды. Windows конфигурацияларын орнатуды тәжірибеде үйренеді. Стандартты сервистік бағдарламаларды зерттеуді бағалайды. Басқару жүйелеріндегі детерминделген кездейсоқ құбылыстар талдауға, есептеуге, оңтайландыруға арналған математикалық модельдер мен әдістерді құрастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Эконометрика
Экономикалық және құқықтық заңдарды, категорияларды және қызметтерін түсіндіреді. Экономиканың негізін сипаттап, топтау арқылы айқындайды. Экономикалық құқықтық актілерді тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Талданатын жүйенің даму жағдайын сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді болжайды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі мүмкін сценарийлерін модельдейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология
Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгереді, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданауды қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілетін меңгереді. Өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен жұмыс әдістерін сыни тұрғыдан бағалайды. Өзінің педагогикалық тұрақты дамуын (экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі), ұйымшылдығы мен кәсіби әл-ауқатының дамуы үшін жаңа мақсаттар қоя алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дифференциалдық теңдеулер
Дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдарын түсіндіреді. Тәуелсіз айнымалыны, ізделінетін функцияны және оның бірінші ретті туындысын байланыстыратын теңдеуді зерттейді. Дифференциалдық теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін анықтап, дербес, жалпы шешімдерін табу алгоритмін құрады. Тұрақты коэффициентті сызықтық дифференциалдық теңдеулердің жалпы, дербес шешімдерін кесте арқылы саралайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіби бағытталған шет тілі
Кәсіби және ғылыми мақсаттарға қажетті және болашақта тиісті салада жұмыс істеуге жеткілікті ағылшын тілінің білімі мен дағдыларын қалыптастырады. Кәсіби шет тіліндегі әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретеді. Кәсіби ортада қолданылатын ағылшын тілін меңгереді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тіл лексикасы мен терминологиясын қолданады, тілдік материалды ауызша және жазбаша түрде қолданады. Шетелдік көздерден ақпарат алу үшін шет тілін қолдануды және өз көзқарасын дәлелді баяндауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Обьектіге бағытталған программалау
Объектіге бағытталған программалаудың негізгі ұғымдарын меңгереді. Delphi программалау тілін қалыптастырады. Объектіге негізделген программалаудың негізгі тәсілдерін сипаттайды. Обьектіге бағытталған программалаудың ортасында бағдарлама құрып, бағдарламаға эксперимент жүргізуге бағыт береді. Объектіге бағдарланған тілдерде программаларды жазуды, өңдеуді, тестілеуді, толықтыруды, талдауды, қауіпсіздікті және программалардың сенімділігін қамтамасыз етуді жобалайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
C++ негіздері
С++тілінде программа құру және оны түзетудің техникалық тәсілдеріне баулу; оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде сонымен бірге кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Қойылған есепті шешу жолын дұрыс таңдай білуге, сол әдіс бойынша тиімді алгоритм құра білуге, есептеу жұмыстарында ағымдық нәтижені оңды бағалай біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік жүйелер интерфейстері
Қазіргі компьютерлік жүйелердің аппараты программалық интерфейстерін жұмыс жасауда ұйымдастыру үрдістерін анықтайды. Компьютерлік жүйелердің интерфейстерін қазіргі кездегі даму тенденцияларының перспективалары туралы тәжірибеде сипаттайды. Компьютерлік тораптардың аппараттық, программалық қамтамаларын әзірлеуді талдайды. Адам-есептеу ортасындағы өзара байланыс интерфейстерінің жалпы жүйелік жобалау әдісін жүзеге асыруға дағдылайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бағдарламаны өңдеудің құрал-жабдықтары
Мәліметтерді игеру, құрал-жабдықтарды өңдеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді құруды жобалайды. Программалаудың қазіргі тәсілдерін зерттеу, объектіге бағытталған тілдерде программаларды өңдеуді толықтырады. ІТ-технологияларын зерттеу басқа да аралас салаларда сарапшылармен қажетті байланыстарды орнатуға, аппараттық құралдарды жетілдіріп, жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
UML тілінің негіздері
UML тілінің жалпы механизмдерін саралайды. UML тілінде құрылымдық түрдегі CASE-жүйелер: BRWin, ERWin, Model Mart ортасын пайдалана отырып жобалайды. Аспаптық құралдар классификациясы, әдістер және аспаптар, жобалау әдістері, унифицирленген моделдеу тілі, программалық қамтамаларды өңдеудегі өмірлік циклді қолдаудың аспаптық құралдарын, программа интерфейсін талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік жүйелер
Электронды есептеуіш машиналарын, жүйелерін, есептеу тораптарын құру және ұйымдастыру принциптерін, қазіргі ЭЕМ жүйелерін, кешендерін құру принциптерін сипаттайды. ЭЕМ сұлбатехникалық негіздері, ЭЕМ логикалық, жады элементтері, ЭЕМ түйіндері мәселелерін тексеру дағдысын сыни талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Электроника
Пән электронды құрылғылардың, жартылай өткізгіш энергия түрлендіргіштерінің әрекет ету принциптерінің негізгі теориялық заңдылықтарын зерттейді. Пәннің мақсаты: электроника құрылғыларында өтетін процестерді талдау, электрондық құрылғыларда болатын процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін жасау, электронды схемаларын, құрылысын және қолдану саласын электрондық жабдықтармен және жартылай өткізгіштермен жұмыс жасауда практикалық тәжірибе алу дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
SQL Server ортасындағы программалау
SQLServerортасындағы программалау тілдерінің қазіргі кездегі даму бағыттарымен танысады. Жоғары деңгейлі тілдерінің құрылымын оқып-үйрену, олардың қолдануы техникасымен және ерекшелігімен танысады. Қолданбалы есептерді бағдарламалауда айтылған тілдерді пайдалану тәжірибесін ұлғайтуға мүмкіндік алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Нақты уақыттың операциялық жүйесі
Нақты уақыттың операциялық жүйесі компоненттерін, операциялық жүйе ядросы түрлерін, MS DOS, UNIX, Windows операциялық жүйелерін, Операциялық жүйелердің функциялары және қызметтерін зерттейтін пән.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Программалау негіздері
Программалау парадигмалары туралы түсініктерді, программа құрастыру технологиялардың негізгі түсініктері, анықтамалар және әдістерін сипаттайды. Базалық программалау тілдерінің алфавитін, синтаксисін, семантикасын талқылайды. Базалық программалау тілдерін үйреніп, тәжірибеде қолдануын талдайды. Базалық программалау тілдерінің құрал-саймандарымен жұмыс істеу іскерліктерін дәлелдеп, көрсетеді. Қандайда бір есептерді практикалық жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларын жасауды жобалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағдарламамен қамтамасыз ету
ЭЕМ-нің құрылу ерекшеліктерін анықтайды. Компьютерлік жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету түрлері мен мүмкіндіктерін сипаттайды. Қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің бағдарламамен қамтамасыз ету ерекшеліктерін саралайды. Компьютерді бағдарламамен қамтамасыз етудің барлық деңгейінде қазіргі заманғы компьютерлік жүйелерді, ақпаратты өңдеу процестерін ұйымдастыру дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық физика теңдеуі
Физикалық құбылыстардың математикалық модельдерінің теориясын сипаттайды. Штурм-Лиувилль есебінің шешімін табу әдісін таңдайды. Пуассон теңдеуінің шешімін құру тиімділігін саралайды. Есептер шығару жолдарын өзіндік сыни көзқарасына сәйкес таңдайды. Дирихле есебі үшін Грин функциясының мазмұнын ашып, оны есептер шығаруда тиімді қолдануға бағыттайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
WEB дизайн
WEB –технологияны қолдану ортасын жетік меңгеру. Интернет иерархия желісі ретінде. Клиент-Интернеттегі серверлік жоба. Компьютерлік желілермен жұмыс жасауды үйрену. Интернеттегі иерархия. Әртүрлі деңгейдегі WEB-технология. Желілер провайдер желісін біріктіру. ISP, POP, NAP түсініктері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару модельдері мен әдістері
Басқару мәселелері бойынша есептерді қоюды, әртүрлі есептердің математикалық модельдерін құрастыруды, оларды шешудің әдістерін және оларға қажетті программалық жабдықты сипаттайды. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмыс барысында зерттеудің модельдерін баяндайды. Жүйенің немесе зерттелетін операцияның моделін құруды, зерттеу есебін қоюды және математикалық әдістерді қолдануды өңдейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жүйелік бағдарламалау
Жүйелік бағдарламалау ұғымы мен түсініктерін анықтайды. Жүйелік бағдарламалаудың функцияларын қарастыру мәселесін сипаттайды. Delphi ортасында программалаудың негізгі құрал-жабдықтарын түсіндіреді. Жүйелік бағдарламалаудың архитектурасын және жүйелік бағдарламалаудың үйлесімділігін, үрдісті басқару және ұйымдастыру, үрдіс және ядро ұғымын, үрдістің виртуалдық мекенжайлық кеңістігін сегментациялау жүйесін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Интернет технологиясы
Интернет технологияларын, ұйымдастыру және қызмет ету қызмет ету принциптерін түсіндіреді. Интернет ортасындағы қосымшаларды жобалау, әдістерін иллюстрациялайды. Ақпаратты жіберу және өнеудің интернет туралы түсінігін анықтайды. НТML тілінде Web сайттар құрады. Интернет технология пәні халық шаруашылығы кәсіпорындарында автоматтандырылған басқару жүйесін құрастырады. Ғылыми және техникалық сферада кеңінен енгізілетін, ақпараттық технологияның аспектілерін зерттеп, өңдейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық қолданбалы программалар пакеті
Жүйелерді модельдеудің типтік математикалық схемаларын айқындайды. MATLAB (Simulink) ортасында технологиялық үрдістерде және автоматтандырудың техникалық құралдарында басқарудың физикалық үрдістерін ұқсас моделдеудің замануи әдістерін сыни талдайды. MATLAB (Simulink) ортасының жұмысын сараптайды. Автоматтандыру жүйелері және құрылғыларды жобалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Сараптау жүйесі
Логикалық программалау тілінің түрлі салалардағы есептер бойынша сараптаушы программа құрудағы мүмкіндіктерін сипаттайды. Адамның ойлауын формальдандыру, информатикалық технологияны интеллектендіруді түсіндіреді. PROLOG және LISP жасанды интеллект проблемаларының есептерін шешіп, тәжірибе жүзінде қолдануға бағыттайды. Lisp тілінің бір ерекшелігі динамикалық жаңа объектілерді құрастырады. Бағдарламалық өнімдерді жасауда қазіргі заманғы істерді, стильдерді және аспаптарды қолдану дағдыларын түсіндіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы курс «Программа құрастырудағы құрал жабдықтары»
Бағдарламалық жасақтама жүйелерінің өмірлік циклын құру және қолдау саласындағы теориялық білім, сонымен қатар бизнес-процестерді модельдеуге және CASE-технологияларын жобалауға бағытталған жаңа технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын игеру (ComputerAidedSoftware / SystemEngineering, CASE)
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақпараттық жүйелер жобаларын басқару негіздері
Деректердің тұтастығы – ақпаратты жоғалтуға әкелетін сәтсіздіктерден қорғау, сондай-ақ деректерді рұқсатсыз жасау немесе жоюдан қорғау; Ақпараттың құпиялылығы; Барлық тіркелген қолданушыларға арналған ақпараттың болуы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Java бағдарламалау тілі
Веб-қосымшаларды құру технологияларымен және құралдарын сипаттайды. Тегтердің қызметін, Web-беттерді жазуды, JavaScript тілінің негізін, Java бағдарламалар құруды, Java ортасында қосымшалар құруды, Java ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеуді, тесттерді құру және бағдарламаларды тестілеуді және мүмкіндіктерін баяндайды. Түрлі деңгейдегі Веб-технологияларды талқылайды. Веб-парақтарын жасау үшін програмалаудың тиімді әдістер мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Есептеу технологиясы арқылы Java, JavaScript тілдерін қолдану көмегімен интернетте программалауды ұйымдастыруға бағыттайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жүйелік программалауға кіріспе
Программалаудың теориялық және тәжірибелік аспектілерін сипаттайды. Заманауи операциялық жүйелермен бағдарламалық қамтамасыз ету принциптерін түсінуді, автоматтандыру шешімдерін зияткерлік міндеттерін таңдай білуді үйретеді. Жүйелік бағдарламалау арқылы программаларды өңдеуді қолдануға бейімдейді. Қазіргі заман талаптарына сай қиын логикалық құрылымды программаларды құрастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті түсінеді, жаңа білімді синтездеу және заманауи технологияларды маңызды түрінде ұсына алады.
- Іскерлік этика нормаларын сақтайды, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын, формальды логика, аргументация теориясы мен практикасы, риторика қағидаларын біледі, кәсіпкерлік қызмет негіздерін біледі.
- Жаңа ақпараттық жүйе саласындағы білімдерді меңгереді, әлемдегі кәсіби жоғары бағдарламалаушылар тәжірибесін зерттейді, ортақтандырады, таратады және қолданады, кәсіби қызметте жоғары дәлелдемелерге ие бола алады, өзіндік білім алу және өзіндік танымға талпыну қабілеттерін игереді.
- Жасанды интеллект жүйесін енгізе және сүйемелдей алады, символдық ақпаратты өңдеуге бағытталған арнайы бағдарламалау тілдерін, логикалық бағдарламалау тілдерін, интеграцияланған бағдарламалық ортаны, зияткерлік және сараптамалық жүйелердің қабықтарын қолдана алады
- Кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолданады, дәлелдерді қалыптастырады және оқытылатын саладағы мәселелерді шешеді. Қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдаланады.
- Жеке іс-әрекеттерінде түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды: интернет-ресурстары, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтерді қолдана біледі; математиканы оқытудың инновациялық технологияларын қолдана алады, пәндік дағдыларды қалыптастырады, мектеп оқушылары арасында математикаға қызығушылық туғызу әдіс тәсілдерін меңгереді.
- Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын түсінеді. Әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық құбылыстарға жеке баға береді, Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолдана біледі.
- Компьютерлік графика жүйелерінің ұйымдастыру үрдістері, техникалық және бағдарламалық құрылымдарын, бейнені қалыптастырады және түрлендірудің негізгі әдістері мен алгоритмдерін, графикалық сұхбаттасу әдістерін, графикалық контроллерлер мен процессорлардың қызметтерін біледі;
- Ғылыми және философиялық таным әдістерін түсіндіреді. Зерттеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға береді. Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұнын және ерекшеліктерін интерпретациялайды.
- Бағдарламалық қамтамасыз ету саласында оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады, осы салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары, фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі және түсінеді, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады..
- Грамматикалық білімдер жүйесін, белгілі бір тілде тиісті ниет білдірудің прагматикалық құралдарын жеткілікті көлемде түсіну негізінде лингвистикалық және сөйлеу ресурстарын дұрыс пайдалана біледі.
- Оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешеді, теориялық және практикалық білімді қолдана алады.
- Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін түсінеді және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын қолдана алады.
- Әлеуметтік этикалық, және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыра алады, тұлғаралық, мәдениетаралық және өндірістік кәсіби қарым-қатынас мәселелрін шешу мақсатында қазақ, орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай біледі.
- Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсінеді. Ғылымның біртұтастығы идеясын түсіндіру үшін адам өмірінде болып жатқан құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылайды және талдайды. Тұрақты даму мақсатындағы жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайтайтады және жұмысты жандандырады.