Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06101 Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ойлау қабілетін, азаматтық ұстанымын, мәдениетін қалыптастыру, құқықтық нормаларды өмірде дұрыс қолдану. Болашақ маманның нарықтық қатынастарды түсіну, экономикалық шешім қабылдау қабілетін бағалау. Көптілді ортада еркін тілдесу мен кәсіби коммуникация дағдыларын қолдану. Цифрлық ортада ақпаратты тиімді қолдануға үйрету, әділдік пен жауапкершілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету
  • Математика мен физиканың теориялық және практикалық негіздерін меңгеру, есептерді шешуде ықтималды модельдерді қолдану және статистикалық деректердің сенімділігін бағалау. Дәлдікке, логикаға, жүйелі ойлауға, табиғи құбылыстарды түсіндірудің ғылыми негізін, түрлі функциялар мен құрылымдарды зерттеудің негізгі құралдарын есептеу. Кез-келген ортада физиологиялық ерекшеліктері бар тұлғаларға тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті құру.
  • Бағдарламалау технологиясының негізгі түсініктері мен әдістерін, С, C++ бағдарламалау тілінің құрылымын іске асыру, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу кезінде заманауи бағдарламалау парадигмаларының бірі ретінде объектілер мен кластар арқылы күрделі жобалар мен алгоритмдер құру, деректер құрылымымен жұмыс істеу, кодтың тиімділігін арттыру секілді базалық дағдыларды беру. ЖИ ақпаратты сақтаудың, өңдеудің және барлық кезеңдерінде ақпаратты қорғаудың қолданыстағы әдістері туралы теориялық білімді саралау.
  • Микроконтроллерлер мен бағдарламаларды құру және күйін келтіру құралдарын бағдарламалау негіздерін игеру, инженерлік сызбаларды автоматтандыру және құрылымдық жобалау, сонымен қатар, үш өлшемді кеңістікте модельдеу арқылы микропроцессорлық жүйелерге арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің әдістері мен технологияларын зерттеу.
  • Өндірістік және технологиялық процестерді автоматтандыру мен цифрландыру қазіргі заманғы веб-сайттар, веб-қосымшалар құру, front-end және back-end технологияларын қолдану, серверлік жағын ұйымдастыру мен деректермен жұмыс істеу секілді практикалық дағдыларды меңгеріп, операциялық жүйелермен тікелей жұмыс істеу және жүйелік қосымшалар мен драйверлер жазу дағдыларын үйрету.
  • Жергілікті және жаһандық желілердің негіздерін, маршрутизаторлар мен коммутаторлардың жұмыс істеу принциптерін, IP-адрестеу және желіні жобалау негіздерін заманауи IDE (integrated development environment), кодты автоматтандыру құралдары және бағдарламалық жобаларды басқару технологияларын талдау.
  • Микроконтроллерлер мен бағдарламаларды құру және күйін келтіру құралдарын бағдарламалау негіздерін игеріп, микропроцессорлық жүйелерге арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, робототехникалық құрылғыларды басқару, сенсорлармен өзара әрекеттесу, алгоритмдерді іске асыру және автономды жүйелер құру бағыттарында білім берудегі деректердің сығылуы және әртүрлі құрылғылар мен бағдарламалық платформалардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, интерфейстерді біріктіру.
  • Мобильді қосымшаларды құру және әзірлеуде интерактивті, кросс-платформалық бағдарламалық өнімдер жасау, сондай-ақ креативті ойлау, UI/UX жобалау, кодтау және тестілеу дағдыларын қалыптастырып, мобильді технологиялар мен ойын индустриясында сұранысқа ие болуына, өнімді оңтайландыру және нарыққа шығару процесін үйрету.
Top