Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01405 Көркем еңбек және жобалау в Шымкент университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Коммуникативтік дағдыларын ауызша-жазбаша, цифрлық формаларда қолданады, қоғамдық қатынастарда қазақ, орыс, шетел тілін (ағылшын) қолданады.
  • Мақсаттылық, коммуникациялық, жауапкершілік және көшбасшылық қабілеттерін өз бетінше жетілдіре алады.
  • Арнаулы шеберханаларда оқыту шығармашылық үдерістерін ұйымдастырады, қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
  • Ұжымда жұмыс жасауда әлеуметтік, ұлттық, діни және мәдени ерекшеліктерге төзімділік көрсетеді.
  • Білім беруде педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін біледі, оқыту мазмұны мен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра алады.
  • Жеке дүниетанымдық ұстанымын қалыптастырады және оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданады.
  • Оқу - өндірістік жұмыстардың құрылымы мен мазмұнын жобалау әдістерін, сабақты дидактикалық құралдармен жабдықтау тәсілдерін меңгереді.
  • Қоршаған ортаға көрсетілген әсерді бағалаудың әдістемелік, экономикалық, құқықтық негіздері жайында білімін қолданады.
  • Білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді мектеп және орта арнаулы білім беру мекемелерінде зерттейді, бағалайды.
  • Оқу – тәрбие үдерісін жоспарлайды, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады.
  • Жеке тұлғалық тұрғыда жетілуде өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларын қолданады.
  • Білім беруге қатысты әдістемелік және анықтамалық материалдарды даярлайды.
  • Заманауи бағдарламалық өнімдер, техникалық құралдарды және технологияларды кәсіби салада қолданады.
Top