Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Информатика в БҚИТУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстанның тарихи және экономикалық даму заңдылықтары туралы білімдері мен түсініктерін көрсету; өткенді және қазіргі заманды сыни тұрғыдан түсіне білу; философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық ғылымдар тұрғысынан қоршаған шындықты бағалау; тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникацияға кіру.
  • кәсіптік қызметтің құқықтық, экономикалық, тәрбиелік, педагогикалық, этикалық және мәдени аспектілерін білуді, денсаулықты сақтап қорғау және қауіпсіздік мәселелерін, ғылыми зерттеулер мен басқару әдістерін білуді көрсету, оларды оқу саласында қолдану, тұрақты даму қағидаларын қолдану, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну, қаржы нарығының әртүрлі құралдарына ақша активтерін инвестициялау ерекшеліктерін түсіну.
  • кәсіби қызметте информатиканы оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану; оқу-тәрбие жұмысында инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін білу және білім алушының жеке қажеттіліктерін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере білу; интернет желісінде ақпарат іздеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану,компьютерлік құралдардың көмегімен объектілерді сипаттау үшін әртүрлі ақпараттық құрылымдар құру, ақпаратты жинақтау және өңдеу.
  • теориялық және қолданбалы есептерді шешуде математикалық аппаратты пайдалану; математикалық логика мен жиындар теориясының әдістерін қолдану; бағдарламалау тілінің нормативтік талаптарына сәйкес бағдарламалар жасау және ресімдеу; web-сервистер, сайттар, порталдар құру; компьютерлік геометрия, растрлық және векторлық графика әдістерін білу, ғылыми зерттеу әдістерін білу.
  • ақпаратты өңдеу мәселелерін шешу үшін тиімді алгоритмдерді қолдану және құру; ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету әдістері мен құралдарын қолдану; оқытудың дәстүрлі әдістерін жаңа ақпараттық технологиялармен біріктіру; заманауи ақпараттық технологиялар мен желілік ресурстар негізінде қолданбалы бағдарламалық құралдарды құру; критериалды бағалауды қоса алғанда, бағалаудың заманауи әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, білім беру жетістіктерін мониторингілеу мен бағалауды жүргізу,
  • желілік архитектураның даму тенденциялары туралы білімді көрсету; жергілікті және ғаламдық компьютерлік желілердің архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін білу; заманауи есептеу жүйелерін құрудың теориялық негіздерін; процессордың, жадтың, енгізу-шығару құрылғыларының, перифериялық жабдықтардың жұмысын бағдарламалық басқару әдістерін білу.
  • мехатронды және роботтандырылған жүйелерді пайдалану; деректердің құпиялылығы, алгоритмдердің ашықтығы және қоғамға ықтимал әсер ету мәселелерін білу; белсенді агенттерді классикалық жоспарлаудың ерекшеліктерін түсіну; робототехникалық және мехатрондық жүйелерді құру принциптерін білу; Web-құжаттарды жасау үшін гипермәтіндік белгілеулер мен CSS тілдерін пайдалану; навигацияларды әзірлеу; эргономиканы( web-usability) ескере отырып, сайтты макеттеу; динамикалық элементтер; интерактивті веб-қосымшалар жасау білу.
  • тілдік құралдарды пайдалана отырып, заманауи жоғары деңгейлі деректер құрылымдарын қолдану үшін бағдарламалау дағдыларын көрсету; мобильді қосымшаларды әзірлеу үшін пайдаланылатын бағдарламалау тілінің негізгі конструкцияларын қолдану; серверде желіні конфигурациялау және негізгі қызметтерді басқару.
  • операциялық жүйелердің қасиеттері мен біліктілігін білу; ақпараттық жүйелер мен компьютерлік желілердің бағдарламалық жасақтамасының перспективаларын білу; ұйымдастырушылық басқару міндеттерін тұжырымдау және олардың оңтайлы шешімдерін табу үшін математикалық модельдер құру; пәндік саланың қолданбалы және ақпараттық процестерін модельдеу құралдарымен жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • информатика сабақтарын өткізу әдістерін білу; мектепте информатика сабақтарын оқыту аспектілерін білу; оқытудың әртүрлі деңгейлерінде информатиканы жоспарлау және оқыту, ақпаратты іздеу және сақтау үшін желілік және бұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалану, компьютерлік графика мен мультимедияны өңдеу үшін АКТ пайдалану; оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.
  • SMART технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарын жоспарлау және өткізу; оқу бейне компоненттерін дайындауда бейне өңдеу бағдарламаларын қолдану; заманауи цифрлық құралдар мен қызметтерді пайдалана отырып, білім беруді цифрландыруды ұйымдастыру; жасанды интеллекттің негізгі принциптерін түсіну.
Top