Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05210 Гидрология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Гидрология ғылымында іргелі біліміге ие, қазіргі заманауи инеженерлік гидрологияның жаңа бағыттары туралы көзқарастары бар және алынған білімді кәсіби гидрологиялық қызметте қолдана алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B052 Жер туралы ғылым
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B052 Қоршаған орта
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Гидрография
Гидрологиялық білімдердің негіздері
Мамандыққа кіріспе
Суағарлар және тоғандар
Гидрогеология геология негіздерімен
Жоғарғы математика
Гидрологиялық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз ету
Математика
Су-техникалық ізденістер
Жер асты суларының динамикасы
-
2 Оқу жылы
Геохимия
Физикалық метеорология
Құрлық гидрологиясы
Гидрометрия негіздері
Гидрохимия
Климатология негіздері
Өзен гидрологиясы
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Қаржылық сауаттылық негіздері
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Өзен гидрометриясы
Ғылыми зерттеу негіздері
Гидрофизика
Су-теңдестік зерттеулер
Кәсіпкерлік және бизнес
Қоршаған ортаның физика-химиялық процестері
-
3 Оқу жылы
Гидроинформатика
Гидротехника негіздері
ГАЖ негіздері
Гидрологиялық есептеулер
Өзендердің гидродинамикасы
Гидротехникалық имараттарды жобалау
Жалпы және өзен гидравликасы
Гидрологиялық ақпараттарды математикалық әдістермен өңдеу
Ағын динамикасы және арналық процестер
Гидрологияда ГАЖ технологиясын қолдану
Су шаруашылығы және су шаруашылық есептеулер
Қысқамерзімді гидрологиялық болжамдар
-
4 Оқу жылы
Гидрологиялық процесстерді моделдеу
Гидросфераның геоэкологиясы
Өзен ағынындысына антропогендік ластанудың әсері
Трансшекаралық өзендер проблемасы
Гидроэкология
Көктемгі су тасқынының болжамы
Өзен алабын басқарудың геоморфологиялық тәсілдері
Ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар
Гидрологиядағы халықаралық байланыстар
Гидрологияда ЖҚЗ және ғарыштық суреттерді қолдану
Гидрологиялық ақпараттарды заманауи статистикалық әдістермен өңдеу
Суды бұру және сарқынды суларды тазарту
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
- Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
- Күнделікті жағдаяттарда өндірістік тапсырмалардың шешімінде математикалық ойлау дағдысын (ойлау және кеңістікте пайымдау) және презентацияларда (формулалар, модельдер, құрастырмалар, сызбалар мен кестелер) өз кәсіби деңгейінде дамыту және қолдану. Негізгі білімі мен әдістемелерін, кездесетін мәселелер мен түйіндемелерін, негізгі дәлелдемелерін өз кәсіби деңгейіндегі тапсырмалардың шешімін табуда пайдалана білу.
- Жергілікті жердегі геодезиялық аспаптармен өлшеу жүргізу, өлшеу нәтижелерін өңдеу, геодезиялық сызбаларды құрастыру және арнайы гидрологиялық міндеттерді шешу білігі мен дағдыларын қалыптастырады. Картада өзен алабының су айрығы сызықтарын жүргізуді, өзен алаптарының карталарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды, өзен жүйелерінің морфометриялық сипаттамаларын анықтауды, өзендердің жылдық ағындыларының сипаттамаларын есептеуді, бір сипаттамадан басқа сипаттамаларға көшуді меңгереді, атмосфераның құрылымы мен құрылысын, атмосфераның радиациялық тәртібін, атмосфераның жылу режимімен төселме беткеймен әрекеттесуін, атмосферадағы судың трансформациясын біледі; гидрологиялық бақылауларды әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүргізу.
- Минералдар мен тау жыныстары, жер асты суларын қалыптастырушы геологиялық процестерді, табиғи сулардың химиялық құрамын қалыптастыруға әсер ететін факторларды, әр түрлі табиғи сулардың химиялық құрамының ерекшеліктерін және оларды топтастыруды, сынама алу, табиғи суларды сынама алуға дайындау әдістері туралы білімді көрсетеді. Су деңгейінің бетін карталау, жер асты суларының табиғи ресурстарын есептеу үшін қажетті негізгі параметрлерді анықтау, жер асты суларының динамикасын есептеу, судың физикалық-химиялық талдауын жүзеге асыру, гидрохимиялық талдау нәтижелерін өңдеу және ұсыну әдістерін практика жүзінде меңгеру.
- Бақылаулар мен өлшемдерді ұйымдастыруда, негізгі құралдарды орналастыруда практикалық дағдыларды көрсету; гидрометеорологиялық элементтердің гидрологиялық бақылауларын қамтамасыз ету әдістемесін, барлық гидрометеорологиялық бақылау пункттерін жабдықтауды меңгеру; табиғи және жасанды су айдындарындағы гидрологиялық бақылаулар мен гидрофизикалық үрдістер мен құбылыстардың толықтығы мен сапасын талдау. Әдістемелік тұрғыдан дұрыс және заманауи ғылыми-өндірістік деңгейде гидрологиялық құралдар, жабдықтар мен құрылыстардың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
- Гидротехникалық құрылымдардың мақсаты, конструкциясы, қағидаттары мен пайдалану шарттарын; су шаруашылығының салаларын, өзен ағынының қозғалысының негізгі заңдылықтарын; динамика негіздері мен арналық процестерді білу. Өзендер мен каналдардағы, сондай-ақ өзен гидротехникалық құрылымдағы су ағынының параметрлерін анықтау үшін гидравликалық есептеулер жүргізу; жиынтық көрсеткіштер бойынша экономика салаларының суға қажеттілігін анықтау; арналық процестерді анықтау және болжауды орындай білу. Өзен гидротехникалық құрылымдар, су шаруашылығы секторлары туралы білімерді; гидравликалық және су шаруашылығы есептерінің әдістемесі мен әдістерін меңгеру.
- Ғылыми-зерттеу дағдыларын меңгере отырып құрлық суларының су сапасын бағалау мен су қоймаларының экологиялық жағдайы туралы қолданбалы білімді пайдалануды, негізгі гидрологиялық сипаттамаларға есептеулер жүргізу үшін негізгі статистикалық әдістемелерді қолдануды; су-мұз режимінің элементтеріне қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар жасауды, құрлық суларына антропогенді әсерді бағалауды; гидрометеорологиялық бақылаулар сапасын талдау; сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғаудың ұсыныстарын беруді меңгереді. Гидрометеорологиялық деректердің үлкен көлемін талдау кезінде су ресурстарын болжау модельдерін оңтайландыру үшін ЖИ пайдалану әдістерін енгізу.
- Су нысандарының гидрологиялық пен гидрометеорологиялық сипаттамаларын зерттеуде статистикалық аппаратты пайдалануды, гидрологиялық сипаттамалар арасында статистикалық байланысты анықтауды, уақытша гидрологиялық қатарларға талдау жасауды, геоақпараттық жүйелер туралы түсініктерді қалыптстыруды, кеңістік нысандар мен құбылыстарды сандық өңдеуді, негізгі гидрологиялық процестерді ГАЖ бағдарламаларын пайдалана отырып модельдеуді меңгереді. Теорияға сәйкестігі мен маңыздылығын ескере отырып, өлшеу деректерін дұрыс интерпретациялау және өңдеуге, мемлекеттік су кадастрын дұрыс жүргізуді ұйымдастыру.