Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01505 Физика ағылшын тілінде в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгере отырып, әрі қарай білімін өз бетінше жалғастыру дағдыларын қолданады, сондай-ақ педагогикалық және қоғамдық қызметте кәсіби қарым-қатынасты қалыптастырып, кәсіби қызмет барысында денсаулықты сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты түрде пайдалана алады.
  • Қазақ халқының тарихының негізгі кезеңдерін, мемлекеттіліктің және өркениеттің эволюциясын жан-жақты және объективті түрде сипаттай алады, ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларын меңгереді, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді.
  • Кәсіби білімді қалыптастыру үшін ақпарат жинау және оны интерпретациялау, өздерінің әлеуметтік, этикалық, ғылыми құндылықтарын, ұстанымдарын, оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау негізінде жаңа мақсаттар қоюға және тұлғалық-педагогикалық дамуға ұмтылады.
  • Оқыту мен ұлттық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мәселелерін, оның ішінде инклюзивті білім беру жағдайында түсінеді, білім алушылардың оқу процесінде әртүрлі қабілеттерін ескереді, олардың психологиялық әл-ауқатын өмірлік және оқу контекстінде этикалық тұрғыдан қолданады;
  • Оқытудағы озық тұжырымдамаларға негізделген теориялық білімдерді сыни тұрғыдан іріктейді, әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллекті пайдаланады және алынған білімді оқыту процесін жетілдіру мен өзінің кәсіби дамуына қолданады.
  • Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін біледі және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда орынды қолданады;
  • Өзінің болашақ кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын мойындайды, кәсіби қызметті жүзеге асыруға уәждемесі бар, кәсіби этика мен сөйлеу мәдениетінің негіздерін біледі;
  • Физиканың іргелі заңдарын жан-жақты түсінігін көрсетеді, ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін біледі, оларды оқу іс-әрекетінде қолданады.
  • Физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыдан модельдейді және экспериментальды түрде жүргізеді, әртүрлі фактілерге ауызша, көрнекі және жазбаша форматтар арқылы ғылыми фактілер мен зерттеу нәтижелерін тиімді жеткізеді;
  • Командада жұмыс істейді, ғылыми қарым-қатынастың күшті жақтарын пайдаланады, білім мен тәжірибенің ағымдағы жағдайын сыни бағалайды, нақты кәсіби мақсаттар үшін жаңа білім мен дағдыларды игеру жоспарын әзірлеуге, енгізуге және жетілдіруге қабілетті, әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгерген;
  • Физика мен физиканы оқыту технологиясының теориялық және эксперименттік негіздері туралы білімдерін қолданады, мектеп оқушыларының пәндік дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру әдістеріне, сонымен қатар физикаға қызығушылықты қалыптастыру және физика саласындағы білімді күнделікті өмірде қолдану әдістеріне ие.
  • Физикалық мазмұндағы ақпаратпен жұмыс істеу әдістемесін меңгереді, соның ішінде физиканың заманауи жетістіктері туралы ақпаратты, ақпаратты талдайды және сыни бағалау.
Top